https://vm.tiktok.com/ZNddbyaBH/
Мен сені Үлкен Алматы көліне алып барар едім, суының мөлдірлігіне қарап, аспанмен таласқан тауларын тамашалау үшін.
Мен сені Көк Жайлауға алып барар едім, еркін самалын сезініп, көз жетпес көк шалғынын көру үшін.
Мен сені Букреев шыңына алып барар едім, биіктен қалаға көз тастап, өзіңді әлемнің төбесінде тұрғандай сезіну үшін.

❤7💔3🕊1
- Сен Көлсайға бара бермейтін едің ғой
- Осы көріністі іздеп қайта-қайта баратын болыппын

❤17👍1🕊1
Тауда қонатын уақыт та жақындап қалыпты. Кино кеші, палаткада түнеу, түнгі әңгімелер, ойындар, күннің батуы мен таңның атуын қарсы алу, таудағы ыстық шай…
Бұйырса осындай жайлы сапарлар жасаймыз.
Маған тур болатын кезде мінсіз ауа-райына қарағанда, аяқ асты жаңбыр н/е бұршақ жауып кеткені, тұманның келе салуы, желдің тұра салғаны, аспан бұлттанып найзағай ойнап кететіні ұнайды. Турда осындай табиғи құбылыстың болуы адамдарды жақындастыратындай көрінеді.

❤17💊3