ХИМИЯ | ҰБТ | JUZ40
8.18K subscribers
1.19K photos
220 videos
247 files
204 links
Курсқа тіркелу/толық ақпарат алу үшін: 👉 clck.ru/3VmCwR
Download Telegram
Назарларыңа рахмеет оқушылар🦋💙

Қалаған мамандықтарыңа грантқа түсулеріңе тілектеспін💌 (мәліметтер ұнаса,реакция қойып отырайық🌟)
❤26👍1🍓1
Қайырлы күн химиктееер!❤️‍🔥
Қал-жағдайларың қалаай?

Сендермен байланыста Расул ағай мен Айәсем апайларың
🫶🏻
❤18❤‍🔥3
Сәлем сәлем телеграмдық үздіктер қалдарың қалай ?
сабақтарың аяқталып ,демалысқа жетіп бір жеңілдеп қалдық па 👀
👍6❤4
Бүгін медициналық университеттер жайлы сөйлессек қалай?💫

Кім қай университетке түскісі келеді?😍
❤6
Астана Медицина Университеті сендерді күтеді!🩵

ең алдымен универіме тоқталсақ
🥰
❤22🔥5
Астана Медицина Университеті💙

Құрылды: 1964 жылы💙
Қала: Астана

3 оқу корпусы бар. Бейбітшілік, Сарыарқа, Абай даңғылы мекенжайларында орналасқан.

Жатақхана 🏠
• Университеттің студенттер үйі 1177 орынға есептелген, 2 блоктан тұрады.
• Тек 1 курс студенттеріне арналған бөлек жатақхана да бар😍
• 2026–2027 оқу жылына құны — 225 000 тг / 9 ай

МУА-ның қандай плюстары бар? 💙

• Астанада орналасқан ірі медициналық университеттердің бірі.
• Медицина, Педиатрия, Стоматология, Фармация, Мейіргер ісі, Қоғамдық денсаулық сақтау сияқты бағыттар бар.
• Өзінің симуляциялық орталығы бар - студенттер практикалық дағдыларын арнайы медициналық тренажерларда үйренеді.
• Университетте кітапхана, зертханалар, медициналық орталық және спорттық инфрақұрылым қарастырылған.
• Студенттік өмір де белсенді: 18 студенттік ұйым, 14 спорт секциясы және 16 спорттық команда бар.
• Әскери кафедра да бар

Егер Астанада медицинада оқығың келсе, МУА - оқу, практика және студенттік өмірді бірге алып жүруге болатын университеттердің бірі.🩺💙
❤25❤‍🔥1
БІТІМБАЕВА АЙӘСЕМ l ХИМИЯ КУРАТОРЫ
Астана Медицина Университеті💙 Құрылды: 1964 жылы💙 Қала: Астана 3 оқу корпусы бар. Бейбітшілік, Сарыарқа, Абай даңғылы мекенжайларында орналасқан. Жатақхана 🏠 • Университеттің студенттер үйі 1177 орынға есептелген, 2 блоктан тұрады. • Тек 1 курс студенттеріне…
Қызықты🔍

МУА-ның өз музейі бар, онда университеттің тарихы, алғашқы студенттік газеті «Ad Astra», оқытушылар мен түлектердің марапаттары және тарихи фотосуреттер сақталған. Музей 2012 жылы ашылған✨
❤13
Келесі кезектее Расул ағайдың универімен таныстырайын🫶🏻
❤1
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті (ҚазҰМУ) 🩺🩷

Құрылды: 1930 жылы🏛️

Қай қалада: Алматы📍

Оқу корпустары: университеттің 9 оқу және ғылыми корпусы бар.

Жатақхана 🏠
• Университетте 9 жатақхана бар.
• №1-6 жатақханалар
- 180 000 тг / 9 ай.
• №7 - шетелдік студенттерге арналған, 225 000 тг / 9 ай.
• №8
- 225 000 тг / 9 ай.
• №9
- 40 000–60 000 тг / ай.

ҚазҰМУ-дың қандай плюстары бар? 💙

• Қазақстандағы ең көне медициналық университеттердің бірі
- тарихы 1930 жылдан басталады.
• Заманауи симуляциялық орталығы бар: студенттер фантомдар, виртуалды және роботтандырылған манекендер арқылы практикалық дағдыларын пысықтайды.
• Университетте кітапхана, ғылыми орталықтар, клиникалар мен клиникалық базалар бар.
• Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуына мүмкіндік беретін Студенттердің ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

ҚазҰМУ - тарихы терең, Алматының ортасында орналасқан, оқу корпустары мен жатақхана жүйесі қалыптасқан ірі медициналық университет. 🩺💙
🔥19❤6
Қарағанды медицина университеті (ҚМУ) 🩺💜

Құрылды: 1950 жылы🏛️
Қай қалада: Қарағанды 📍
Университеттің 7 оқу корпусы бар.

Жатақхана 🏠
• 7 жатақханасы бар.
• 2026–2027 оқу жылында жатақхана бағасы 30 000–45 000 тг / ай аралығында.

ҚМУ-дың қандай плюстары бар?💜

• Университеттің өз клиникалары бар
- студенттер медициналық практиканы университеттің клиникалық базаларында меңгереді.
• Симуляциялық және білім беру технологиялары орталығы жұмыс істейді: студенттер практикалық дағдыларын заманауи тренажерлар мен манекендер арқылы үйренеді.
• Университетте молекулалық-генетикалық және санитарлық-эпидемиологиялық зертханалар бар.
• Үлкен кітапхана және оқу зертханалары бар.
• Университетте ғылыми-зерттеу бағыттарына да көңіл бөлінеді: студенттер ғылыми жобалар мен зерттеулерге қатыса алады.

ҚМУ - өз клиникалары, симуляциялық орталығы, зертханалары мен жатақханалары бар заманауи медициналық университет.📚
❤11👍1
Ал ендігі кезектее, Батыстағы номері 1 мед университет😍
❤5
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті 🩺❤️

Құрылды: 1957 жылы
Қай қалада: Ақтөбе📍

Университетте 5 оқу-зертханалық корпус бар. Сонымен қатар заманауи ғылыми кітапхана, конференц-холл және зертханалар жұмыс істейді.

Жатақхана 🏠
• 5 студенттік жатақхана бар.
• Жалпы сыйымдылығы — 2100 орын.
• Жатақханалар Пацаев, Тургенев, Маресьев және А. Досжанова көшелерінде орналасқан.

Қандай плюстары бар? 💙

• Университеттің өз клиникалары бар: медициналық орталық, стоматологиялық және отбасылық медицина клиникасы.
• Практикалық дағдылар орталығы арқылы студенттер клиникалық дағдыларын симуляция форматында үйренеді.
• Ғылыми зертханалары мен ғылыми-практикалық орталығы бар.
• Әскери кафедра жұмыс істейді.
• Студенттерге арналған 700 орындық конференц-холл және заманауи ғылыми кітапхана бар.


Марат Оспанов атындағы БҚМУ - 5 оқу корпусы, 5 жатақханасы, өз клиникалары мен практикалық дағдылар орталығы бар медициналық университет❤️‍🔥
❤11
Семей медицина университеті (СМУ)💫

Құрылды: 1953 жылы
Қай қалада: Семей

Университеттің оқу базасында заманауи зертханалар, оқу кабинеттері және практикалық сабақтарға арналған орталықтар бар.

Жатақхана 🏠
• Университетте 5 студенттер үйі бар: №1, №2, №3, шетелдік студенттерге арналған және ПФ жатақханасы.
• №2 студенттер үйі 200 орынға арналған, бөлмелер 2–4 адамға есептелген.
• Бөлмелерде жиһаз, санитарлық торап және Wi-Fi бар, әр қабатта ас үй мен оқу залы орналасқан.

Қандай плюстары бар? 💙

• Университеттің өз Университеттік госпиталі бар - 465 орындық көпсалалы клиникалық база.
• Госпитальда кардиохирургия, нейрохирургия, интервенциялық кардиология және ангиохирургия бағыттары бар🫀
• Павлодар және Өскемен қалаларында университет филиалдары бар.
• Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысуына мүмкіндік бар.
• Академиялық мобильдік бағдарламалары да қарастырылған.

СМУ - өз госпиталі, зертханалары және бірнеше жатақханасы бар медициналық университет. 🩺💙
❤7
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы (ОҚМА)📚

Құрылды: 1994 жылы
Қай қалада: Шымкент

Оқу корпустарында дәрісханалар, зертханалар, симуляциялық орталықтар және практикалық сабақтарға арналған кабинеттер бар.

Жатақхана 🏠
• Академияда студенттерге арналған жатақханалар бар.
• Шетелдік студенттерге арналған жеке жатақхана жұмыс істейді.
• Жатақханада оқу, демалыс және тұрмысқа қажетті жағдайлар қарастырылған.

Қандай плюстары бар? 💙

• 45-тен астам клиникалық базасы бар - студенттер практикасын түрлі медициналық ұйымдарда өтеді.
• Симуляциялық орталықтары бар - практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
• Клиникаға дейінгі және клиникалық бағыттағы зертханалар жұмыс істейді.
• Кітапханалық-ақпараттық орталығы бар.
• Студенттік өмірге арналған жастар ұйымдары мен студенттік кеңестер жұмыс істейді.

ОҚМА - 45+ клиникалық базасы, симуляциялық орталықтары, зертханалары және жатақханалары бар медициналық академия❤️‍🔥
❤7
Өздерің қалаған универлерің бойынша сұрақтарыңды қоя берсеңдер болады🌷
❤4
Қазақстан-Ресей медициналық университеті (ҚРМУ) ❤️‍🔥

Құрылды: 1992 жыл 🏛️

Қай қалада: Алматы 📍

Оқу корпустары: университеттің 3 оқу ғимараты бар. Негізгі ғимараттары Абылай хан, Төреқұлов және Қарасай батыр көшелерінде орналасқан.

Жатақхана 🏠
• Студенттерге арналған жатақхана қарастырылған.
• Университеттің негізгі оқу ғимараттары Алматының орталық бөлігінде орналасқан.

Қандай плюстары бар? 💙

• Қазақстандағы алғашқы жекеменшік медициналық ЖОО-лардың бірі.
• Университеттің өз оқу-клиникалық және медициналық орталықтары бар.
• 100-ден астам жетекші клиникалармен клиникалық база ретінде жұмыс істейді.
• Симуляциялық оқу-клиникалық орталығы бар - студенттер хирургия, реанимация, акушерия, урология және басқа бағыттар бойынша практикалық дағдыларын шыңдайды.
• Заманауи зертханалық база және практикалық оқуға арналған жабдықтары бар.

Қысқасы:
ҚРМУ - тарихы 1992 жылдан басталатын, клиникалық базасы кең, өз оқу-клиникалық орталығы бар медициналық университет. 🩺💙
❤8
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті📚

Құрылды: 1991 жыл 🏛️
Қай қалада: Түркістан

Медицина факультеті: 1991 жылы құрылған. Қазір факультетте шамамен 1000 студент бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларында білім алады. Практика Түркістан және Кентау қалаларындағы клиникалық базаларда өтеді.

Жатақхана 🏠
• Университетте 7 студенттік жатақхана бар.
• Жатақхана ақысы шамамен 130 000 тг / жыл деп көрсетілген.

Қандай плюстары бар?🤍

• Медицина факультетінің тарихы университеттің ашылған жылынан басталады.
• Клиника-диагностикалық орталығы мен симуляциялық орталығы бар.
• Практикалық сабақтарға арналған заманауи зертханалар жұмыс істейді.
• Түркістан мен Кентауда клиникалық базалары бар.
• Түркиямен тығыз байланыстағы халықаралық университет болғандықтан, студенттерге халықаралық білім беру мүмкіндіктері қарастырылған.

Ясауи университеті - медицина факультеті, өз клиникасы, симуляциялық орталығы және клиникалық базалары бар халықаралық университет✨
❤10❤‍🔥1
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ) 🩺💙

Құрылғаны: 1934 жыл 🏛️
Қай қалада: Алматы 📍

Медицина факультеті 🩺
ҚазҰУ-да Медицина және денсаулық сақтау факультеті жұмыс істейді. Мұнда «Медицина» білім беру бағдарламасы бойынша дәрігерлер даярланады.

• Клиникалық симуляциялық орталығы бар🏥
• Студенттер клиникалық базаларда практикадан өтеді.
• Фундаменталды және клиникалық медицина бағыттары қамтылған.
• Ғылыми-зерттеу жұмыстарына мүмкіндік бар.

Жатақхана 🏠
• ҚазҰУ кампусында 16 жатақхана бар.
• Кампуста асхана, кафе, Wi-Fi және спорттық инфрақұрылым қарастырылған.
• Медицина факультетінің студенттеріне де жатақхана беріледі.

Қандай плюстары бар? 💙

• Алматыдағы клиникалық базаларда тәжірибе жинауға болады.
• Үлкен кампус пен дамыған студенттік инфрақұрылым.
• Медицинаны ғылыммен қатар алып жүруге мүмкіндік береді. 🧬

ҚазҰУ - медицина факультеті, клиникалық базалары, симуляциялық орталығы және үлкен студенттік кампусы бар ірі университет💖
❤‍🔥3
“Академиялық мобильділік” туралы сөз қозғасақ…
❤3