ХИМИЯ | ҰБТ | JUZ40
8.16K subscribers
1.19K photos
219 videos
247 files
204 links
Курсқа тіркелу/толық ақпарат алу үшін: 👉 clck.ru/3VmCwR
Download Telegram
Кеш жарық химиктер!
Өмір ағысы,жүрек қағысы қалай?
Шаршамай жүрміз бе?
❤5
Сәл шыдаңдар.1-ші тоқсан аяқталып қалды ғой😍
❤9
Демалысты босқа өткізбей,барынша өнімді өткізсек иә.
❤8
Реакция тегін ғой,белсенді болып отырайық 🥰
🤝10
ААААААЛ БІЗ БАСТАЙМЫЫЫЗ😍🔥

🚨 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР! ҚҰПИЯ ІС АШЫЛДЫ! 🚨

🕵️‍♀️ ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №1 ІС

Бүгін химия зертханасынан бір белгісіз зат табылды! 😱🧪

Біздің міндетіміз — оның кім екенін анықтау!
❤8
📁 ҚҰПИЯ ДЕРЕКТЕР:

🔍 1-белгі: Мен — металлмын.

🔍 2-белгі: Менің түсім қызғылт-қоңыр.

🔍 3-белгі: Мен электр тогын жақсы өткіземін.

🔍 4-белгі: Менің таңбам екі әріптен тұрады.

🔐 ҚҰПИЯ СҰРАҚ:
Мен қай химиялық элементпін?

⏳ Ойлануға 3 минут!

🏆 Бірінші дұрыс жауап берген оқушыға — 3 ҰПАЙ!

😈 Ал, детективтер, кім бірінші болып құпияны ашады?

👇 ЖАУАПТАРДЫ КОММЕНТАРИЙГЕ ЖАЗАМЫЗ!
❤3
Химиядан 50/50 жинағырлар,теория оқимыз ба?
❤8
ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №2 ІС

Зертханада жұмбақ газ бөлінді!

1-белгі: Мен түссіз газбын.

2-белгі: Мен жануды қолдамаймын.

3-белгі: Әк суын лайландырамын.

4-белгі: Менің молекулам үш атомнан тұрады.

Бұл қандай газ? Формуласы қандай?

Алғашқы дұрыс жауап — 3 ұпай!
Вайй,мегамозг болып тұр ғой оқушылар😍
🧪 ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №3 ІС

Бір белгісіз қышқылдың құпиясын ашу керек! 🕵️

🔍 1-белгі: Мен күшті қышқылмын.

🔍 2-белгі: Құрамымда үш түрлі химиялық элемент бар.

🔍 3-белгі: Менің қышқыл қалдығым — SO₄²⁻.

🔍 4-белгі: Концентрлі ерітіндім суды өзіне күшті тартады.

🔐 Мен қай қышқылмын?

💥 Атауын және формуласын жаз!
Cәл күрделендірейік иә,шемішке шаққандай шашып тастап жатыр ғой
❤2👍1
ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №4 ІС

Екі түссіз ерітіндіні араластырғанда ақ тұнба пайда болды!

1-белгі: Бірінші ерітінді — BaCl₂.

2-белгі: Екінші ерітінді — Na₂SO₄.

3-белгі: Түзілген тұнба суда іс жүзінде ерімейді.

ДЕТЕКТИВКЕ ТАПСЫРМА:

Қандай тұнба түзілді?

Оның формуласын жаз.

Реакция теңдеуін құрастыр.

Үш тапсырманы да дұрыс орындағанға — 5 ұпай!
🕵️‍♀️ ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №5 ІС

Белгісіз X металы CuSO₄ ерітіндісіне салынды.

Біраз уақыттан кейін металл бетінде қызғылт-қоңыр қабат пайда болды! 😱

🔍 1-белгі: X — темір.

🔍 2-белгі: Ерітіндідегі мыс иондары тотықсызданады.

🔍 3-белгі: X металының тотығу дәрежесі 0-ден +2-ге өзгереді.

🔐 ТАПСЫРМА:

⚡ Қандай реакция жүрді?

⚡ Түзілген екі заттың формуласын жаз.

⚡ Реакцияның түрін анықта.

👇 Жауаптарды күтеміз!
ХИМИЯЛЫҚ ДЕТЕКТИВ | №6 ІС

Зертханаға жұмбақ X оксиді жеткізілді!

1-белгі: Мен — қышқылдық оксидпін.

2-белгі: Құрамымда фосфор бар.

3-белгі: Сумен әрекеттескенде ортофосфор қышқылы түзіледі.

4-белгі: Мектеп химиясында мені P₂O₅ формуласымен көрсетеді.

ҚҰПИЯ ТАПСЫРМА:

Оксидтің атауын анықта.

Сумен реакция теңдеуін жаз.

Коэффициенттер қосындысын тап.

Кім 3/3 жинайды?