Тарқатылмай тоғыз тарам, жас түйін,
Ел сезінді теңізінің аш күйін.
Балығыңды ауласақ та қанша рет,
Халығымды ауламашы, Каспийім…
Ел сезінді теңізінің аш күйін.
Балығыңды ауласақ та қанша рет,
Халығымды ауламашы, Каспийім…
💔119❤33😭17❤🔥5👍1🔥1
– Жо-жоқ, сіз мүлдем сағыныш дегеннің не екенін білмейсіз-ау!
– Сағыныш… Айға қарап оның сырғасын, күнге қарап сұлбасын, жұлдызға қарап тұлғасын көру болмаса, өкпек жел кеп өпкенде ол да мұндай суыққа төтеп беріп жүр ме деп ойлау болмаса, салқын күздің жапырақтарынан тамған тамшыдан оның жанарын көріп, құшақтап жылытуды аңсау болмаса… Онда мен сағынышты расымен де білмейді екенмін.
#қысқаәңгіме

❤75💘10💔7👍6🔥2❤🔥1
Көңілдің қорғанышы - алданыш. Адам армандаймын деп жүріп алданумен болады, алданып жүріп-ақ талайды бітіреді.
❤49💘7🔥2👌2
Сарғайып үзілу де – бір бақыт қой,
Сарғаймай үзілгендер бар емес пе?!🍁
Алтынбек Ибрагим
❤43💔10😭6🤯2🕊2❤🔥1👍1🔥1
Тынымбайдың шығармаларына есіл-дертіммен батып барамын. Құтқарып алатын қай жазушы бар?
❤27🔥3🕊3🙈2💘2
«Сағындым» дей алмауым – сағынғаным,
Сенделіп, сағыныштан сабылғаным.
Бір сен деп соғып тұрған тас жүректің
Тек үнсіз күтіп жүрмін жарылғанын.
Сенделіп, сағыныштан сабылғаным.
Бір сен деп соғып тұрған тас жүректің
Тек үнсіз күтіп жүрмін жарылғанын.
❤58😍14❤🔥3😭3🔥2🙈2👍1
Кеше “Oyan” театрының ұйымдастыруымен алғашқы студенттік театрлар арасындағы «IZ» фестивалі өтті. Көзі ашық, көкірегі ояу, театр деген мөлдір өнерге махаббатпен қараған замандастарды көріп жаным жылыды. Қойылымдарды қарап отырып, кішігірім талдау жасап едім, осында қалсын✨📌
1. Шерхан атамыздың “Ай мен Айшасы” әдебиетіміздің нағыз маржаны. Ал оны сахналау оңай емес. Жүрек керек. Жігермен ойнап берген “Үркер” театры бір сағаттан аса уақыт қойып шықты. Актерлік шеберліктері мықты. Алайда сюжет бойынша Барысханның болмысы ашылмады. Шешесінің де. Сахналық ауысуларды жүйелеу керек екен. Хор сезілмеді. “Самалтаумен” алып шықты. Сол жағы көбіне ұнаса керек. Менің берем бағам 10/7.
2. Мүлде көріспеген қос көрші арқылы махаббатты суреттеуге тырысқан «Шаңырақ» театры музыкалық тұрғыдан мықты болды. Шырқалған әндер тербеді! Алайда олқылықтар да аз емес. Атап айтқанда, жарықтың қолданылмауы, көріністің аздығы, кейіпкерлердің жетіспеушілігі білінді. Екінші құрамын жібергендері байқалып қалды. Менің берер бағам 10/6.

❤23⚡3🔥3💘2