KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.18K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
1. Мурасаки Сибу.
2. Жоғарыдан төменге қарай: кандзи, манъёгана, хирагана.
3. 「ねこや」— хираганамен жазылған «нэкоя» (мысық кафесі) маңдайша жазуы.
—
1. Мурасаки Сибу.
2. Сверху вниз: кандзи, манъёгана, хирагана
3. 「ねこや」— вывеска с надписью “нэкоя” (котокафе) на хирагане.
👍7❤3🔥2😍1
⚡️Бүгін 14.03 немесе американша 03.14, яғни бүгін Халықаралық пи саны күні! 🥧

π – шеңбер ұзындығының оның диаметріне қатынасын білдіретін тұрақты (≈ 3,14159).

Сандар туралы айтатын болсақ, ең көп таралған санау жүйесі ондық жүйе екенін білесіз бе? Бұл жүйенің негізі – 10. Қарапайым тілмен айтқанда, біз «2024» санын 2, 0, 2, 4 цифрларының жиынтығы ретінде емес, біртұтас бүтін ретінде оқимыз, онда әрбір цифр белгілі бір дәрежеде ондық санын білдіреді:
екі мыңдық (10^3) — екі мың
нөл жүздік (10^2) —
екі ондық (10^1) — жиырма
төрт бірлік (10^0) — төрт

0️⃣1️⃣ Екінші ең танымал жүйе — информатикада қолданылатын екілік санау жүйесі. Оның негізі – 2. Оны алғаш рет 1703 жылы неміс ғалымы Вильгельм Лейбниц сипаттаған! Бұл жүйеде барлық сандар нөл мен бірлердің тізбегі ретінде жазылады (2024 = 11111101000).

Әлемдік тілдерде ондық санау жүйесінің басым болуы адам қолындағы саусақтардың санына байланысты болуы мүмкін👐, ал компьютерде жартылай өткізгіштердің физикалық қасиеттеріне байланысты екінің дәрежелеріне негізделген жүйелерді пайдалану ыңғайлы.

Қазақ тілінің жүйесі — ондық, сонымен бірге көптеген екі таңбалы сандардың атауларының бірлік атауларына қатысы жоқ сияқты: қараңыз, «жиырма» және «екі» сөздері — туыс сөздер емес. Бірақ кейбіреулерінің әлі де қатысы бар: алпыс = алты + -пыс; сексен = сегіз + он. Ал орыс тілінде ерекшеліктер азырақ. Двадцать (20) «екі есе онды» білдіреді, ал пятьдесят (50) «бес есе он» дегенді білдіреді. Бірақ сорок (40) пен девяносто (90) сияқты сандардың этимологиясы онша анық емес.

🗺Әлемнің басқа тілдерінде негіздер өте әртүрлі болуы мүмкін: 5, 12, 20 және тіпті 60. Қызықты дерек: 1 сағат ішінде 60 минут болғанның, ал шеңбердің 360 градусқа (360° = 2π радиан) айналатынының себебі ежелгі шумерлер мен кейінгі вавилондықтардың алпыстық жүйені қолданғаны деп есептеледі!
🔥4😍3❤2❤‍🔥1
⚡️Сегодня 14.03 или 03.14 по-американски, а значит, что сегодня Международный день числа пи! 🥧

π — постоянная, равная отношению длины окружности к её диаметру (≈ 3,14159).

Говоря о числах, знаете ли вы, что самой распространённой системой счисления является десятеричная? Основа такой системы — 10. Проще говоря, мы читаем “2024” не как набор цифр 2, 0, 2, 4, а как единое целое, каждая цифра в котором обозначает количество десяток в определённой степени:
две тысячи (10^3) — две тысячи
ноль сотен (10^2) —
два десятка (10^1) — двадцать
четыре единицы (10^0) — четыре

0️⃣1️⃣ Вторая по популярности система — двоичная. Она используется в информатике и была описана немецким учёным Вильгельмом Лейбницем ещё в 1703 году! В такой системе все числа записываются последовательностью из нулей и единиц (2024 = 11111101000).

Скорее всего, преобладание десятеричной системы в языках мира связано с количеством пальцев на руках человека 👐, в то время как в компьютерах удобнее использовать системы, основанные на степенях двойки, из-за физических свойств полупроводников.

В русском языке числительные основаны на счёте десятками. “Двадцать” значит “два раза по десять,” а “двенадцать” — “два и десять.” Но такие числа как “сорок” и “девяносто” имеют менее ясную этимологию. А в казахском, названия многих двузначных чисел выглядят не связанными с классом единиц: ср. жиырма (20) и екі (2). Но некоторые всё же производны от них: алпыс (60) = алты + -пыс, сексен (80) = сегіз + он.

🗺В других языках мира основания могут быть самыми разными: 5, 12, 20 и даже 60. Интересный факт: причиной того, что в часе ровно 60 минут, а при полном обороте окружность вращается на 360 градусов (360° = 2π радианов), считается, что в древности шумеры, а после них вавилонцы использовали шестидесятиричную систему!
🔥10❤2⚡2👍2👨‍💻2
اضافه 🌱‎
Азияның кей тілдерінде изафет деп аталатын ерекше тіркес түрі бар. Изафет (парсыша اضافه‎ ezāfe — «қосымша») екі зат есімнен тұрады және бір зат есім екіншісін анықтаса да, ілік септігін қабылдамайды.

Бұл қалай?

Орыс тілінде, мысалы, весна («көктем») сөзі день («күн») сөзін анықтаған кезде бұны осылай жазамыз:

день весн-ы — көктем-нің күн

Сонда весна көргеніңіздей септеліп тұр. Алайда иран, түркі (әрине қазақшаны қосқанда!) және албан не фин-угор тілдері секілді тағы басқа тілдерде жағдай сәл басқаша.

Анықталушы сөзге (день) біз ІІІ жақтың тәуелдік жалғауын қосамыз, ал анықтауыш мүлде өзгермейді. Сөйтсек «көктемнің күн»-нің орнына «көктем күн-і» шығады. Айта кетейік, изафет тіркесінің нақты түрі әр тіл үшін ерекше.

Изафет бүгін жаңа жылын қарсы алатын халықтардың тілдерінде таралған екен.

Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! 🌸💛
❤8
اضافه‎ 🌱
В некоторых азиатских языках есть особенная грамматическая конструкция, называемая изафетом. Изафет (от перс. اضافه‎ ezāfe — “дополнительный”) представляет собой сочетание существительных, при котором одно определяет другое, при этом зачастую не склоняясь по родительному падежу.

Как это проявляется?

В русском языке, например, “день,” который определяется существительным “весна,” мы бы представили так:

день весн-ы

Слово “весна” у нас весьма наглядно в родительном падеже. Но дела обстоят иначе во многих иранских, тюрских (конечно, включая казахский!) и многих других языках, как например, албанский или некоторые финно-угорские языки.

К определяемому слову (“день”) у нас может прибавиться притяжательное окончание 3-го лица, а определитель вовсе не меняется. В итоге мы получаем не “день весны,” а скорее “весна день-её.” Однако, важно отметить, что изафет — наша конструкция — может выражаться по-разному в разных языках, в каждом со своей спецификой.

Так получилось, что изафет распространён в тех языках, носители которого встречают сегодня новый год.

Поздравляем вас с Наурызом, дорогие друзья! 🌸💛
❤10🐳1
1. Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — «ноқат наны») – парсының дәстүрлі ноқат піспенаны. Ирандықтардың Наурыз кезінде дайындайтын «Жеті тәттісінің» бірі.
—
1. Перекрёсток улицы Кенесары и проспекта Республики, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — “нутовый хлеб”) – традиционное персидское печенье из нута. Является одной из “Семи сладостей,” которые иранцы готовят на Наурыз.
❤14
Біз соңғы есептің шешімімен оралдық! Қатты оңай болған жоқ па, достар? ⚗
—
Мы вернулись с решением последней задачи! Не было ли слишком легко, друзья? ⚗

#есептер #задачи
❤7
Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

Осы бейсенбі республикалық резервтің жиындары басталған! Оқушылар ертең, 7 сәуір күні өтетін және Халықаралық олимпиадаға іріктеу қызметін атқаратын АТЛО-ға ынтамен дайындалып жатыр. Балаларға сәттілік тілейік! 🔥🏅
—
Здравствуйте, дорогие друзья!

Уже в четверг начались сборы республиканского резерва по лингвистике! Ребята усердно готовятся к АТОЛ, которая пройдёт завтра, 7 апреля, и станет отборочной на Международную олимпиаду. Пожелаем ребятам удачи! 🔥🏅
🔥12❤3👍1
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Осы аптада Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы жарияланғанын хабарлауға асығамыз. Қазақстан құрамасы күміс және қола медальдарға, әрі алты құрмет хатқа ие болып, үздік нәтижемен дебютке шықты!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

Нәтижелердің толық нұсқасын мына сілтемеден табуға болады: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/
—
Здравствуйте, дорогие читатели!

Спешим вам сообщить, что на этой неделе были оглашены результаты Азиатско-тихоокеанской олимпиады по лингвистике. Сборная Казахстана дебютировала с отличным результатом, завоевав серебряную и бронзовую медали, а также шесть почётных грамот!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

С полной версией результатов можно ознакомиться по данной ссылке: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/

#aplo #олимпиада
❤15🔥7👍2
Құрметті достар! ✨
Үзілісімізден оралып, сіздерге Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысатын ұлттық құрамамызды таныстырғымыз келеді:

1) Егор Глухих, СҚО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбыл облысы
3) Елизар Есенкулов, Алматы қ. РФММ
4) Дархан Поезканов, НЗМ ДББҰ

—

Дорогие друзья! ✨
Мы возвращаемся с нашего перерыва и хотим представить вам нашу национальную сборную, которая будет участвовать на Международной лингвистической олимпиаде:

1) Егор Глухих, СКО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбылская область
3) Елизар Есенкулов, РФМШ г. Алматы
4) Дархан Поезканов, АОО НИШ
🔥21❤‍🔥6❤5
Баршаңызға сәлем!

Бүгін біз жасанды тілдер сияқты қызықты құбылыс туралы айтқымыз келеді. Біз сіздермен сөйлесетін қазақ және орыс тілдері ұзақ жылдар бойы қалыптасып, бізге таныс түрге келген табиғи тілдер. Жасанды тілдерге адамдар әр түрлі мақсатта жасаған тілдер жатады.

Бұл топтың ең танымал мысалы ретінде эсперанто тілін атауға болады. Оны XIX ғасырдың аяғында Лазарь Заменгоф өзінің «Халықаралық тіл. Алғы сөз және толық оқулық» кітабында ұсынған. Тіл өз атауын лингвисттің өз лақап атынан алды — «доктор Эсперанто», аударғанда «доктор Үміттенуші». Автордың идеясы — кез келген адам сөйлесе алатын қарапайым әрі әмбебап тіл жасау болды.

Аты аңызға айналған жазушы және лингвист — Дж. Р. Р. Толкиенді айтпай кету мүмкін емес. Балалық шағында ол достарымен бірге бір-бірімен сөйлесу үшін тілдер ойлап табумен айналысатын, ал уақыт өте келе оған деген құштарлығы күшейе түсті. «Сақиналар әміршісі» трилогиясында Толкиен квенья және синдарин — эльф тілдерін көрсетті. Бұл тілдер олардың дүниетанымын көрсетіп, кітап оқу барысында ерекше ахуал тудырады.

Поп-мәдениеттегі ең жетілдірілген жасанды тіл клингон тілі екені сөзсіз. Бұл «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық хикаясының әлемінде клингон нәсілі сөйлейтін тіл. Ол Марк Окрандтың тапсырысы бойынша жасалған және осы күнге дейін өмір сүріп келеді. АҚШ-та «Клингон тілі институты» бар, ал Интернетте тіпті клингон тілінде жазылған Уикипедия мақалалары да бар.

Ал сіздер қандай жасанды тілдер туралы білесіздер?
👍4