KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.18K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
اضافه 🌱‎
Азияның кей тілдерінде изафет деп аталатын ерекше тіркес түрі бар. Изафет (парсыша اضافه‎ ezāfe — «қосымша») екі зат есімнен тұрады және бір зат есім екіншісін анықтаса да, ілік септігін қабылдамайды.

Бұл қалай?

Орыс тілінде, мысалы, весна («көктем») сөзі день («күн») сөзін анықтаған кезде бұны осылай жазамыз:

день весн-ы — көктем-нің күн

Сонда весна көргеніңіздей септеліп тұр. Алайда иран, түркі (әрине қазақшаны қосқанда!) және албан не фин-угор тілдері секілді тағы басқа тілдерде жағдай сәл басқаша.

Анықталушы сөзге (день) біз ІІІ жақтың тәуелдік жалғауын қосамыз, ал анықтауыш мүлде өзгермейді. Сөйтсек «көктемнің күн»-нің орнына «көктем күн-і» шығады. Айта кетейік, изафет тіркесінің нақты түрі әр тіл үшін ерекше.

Изафет бүгін жаңа жылын қарсы алатын халықтардың тілдерінде таралған екен.

Ұлыстың ұлы күні, Наурыз мейрамы құтты болсын, қымбатты достар! 🌸💛
❤8
اضافه‎ 🌱
В некоторых азиатских языках есть особенная грамматическая конструкция, называемая изафетом. Изафет (от перс. اضافه‎ ezāfe — “дополнительный”) представляет собой сочетание существительных, при котором одно определяет другое, при этом зачастую не склоняясь по родительному падежу.

Как это проявляется?

В русском языке, например, “день,” который определяется существительным “весна,” мы бы представили так:

день весн-ы

Слово “весна” у нас весьма наглядно в родительном падеже. Но дела обстоят иначе во многих иранских, тюрских (конечно, включая казахский!) и многих других языках, как например, албанский или некоторые финно-угорские языки.

К определяемому слову (“день”) у нас может прибавиться притяжательное окончание 3-го лица, а определитель вовсе не меняется. В итоге мы получаем не “день весны,” а скорее “весна день-её.” Однако, важно отметить, что изафет — наша конструкция — может выражаться по-разному в разных языках, в каждом со своей спецификой.

Так получилось, что изафет распространён в тех языках, носители которого встречают сегодня новый год.

Поздравляем вас с Наурызом, дорогие друзья! 🌸💛
❤10🐳1
1. Кенесары көшесі мен Республика даңғылының қиылысы, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — «ноқат наны») – парсының дәстүрлі ноқат піспенаны. Ирандықтардың Наурыз кезінде дайындайтын «Жеті тәттісінің» бірі.
—
1. Перекрёсток улицы Кенесары и проспекта Республики, Астана. Изафет!
2. Нан-е ноходчи (نان نخودچی — “нутовый хлеб”) – традиционное персидское печенье из нута. Является одной из “Семи сладостей,” которые иранцы готовят на Наурыз.
❤14
Біз соңғы есептің шешімімен оралдық! Қатты оңай болған жоқ па, достар? ⚗
—
Мы вернулись с решением последней задачи! Не было ли слишком легко, друзья? ⚗

#есептер #задачи
❤7
Сәлеметсіздер ме, құрметті достар!

Осы бейсенбі республикалық резервтің жиындары басталған! Оқушылар ертең, 7 сәуір күні өтетін және Халықаралық олимпиадаға іріктеу қызметін атқаратын АТЛО-ға ынтамен дайындалып жатыр. Балаларға сәттілік тілейік! 🔥🏅
—
Здравствуйте, дорогие друзья!

Уже в четверг начались сборы республиканского резерва по лингвистике! Ребята усердно готовятся к АТОЛ, которая пройдёт завтра, 7 апреля, и станет отборочной на Международную олимпиаду. Пожелаем ребятам удачи! 🔥🏅
🔥12❤3👍1
Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырмандар!

Осы аптада Азия-Тынық мұхиты лингвистикалық олимпиадасының қорытындысы жарияланғанын хабарлауға асығамыз. Қазақстан құрамасы күміс және қола медальдарға, әрі алты құрмет хатқа ие болып, үздік нәтижемен дебютке шықты!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

Нәтижелердің толық нұсқасын мына сілтемеден табуға болады: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/
—
Здравствуйте, дорогие читатели!

Спешим вам сообщить, что на этой неделе были оглашены результаты Азиатско-тихоокеанской олимпиады по лингвистике. Сборная Казахстана дебютировала с отличным результатом, завоевав серебряную и бронзовую медали, а также шесть почётных грамот!

🥈 Глухих Егор
🥉 Ким Кирилл
🌟 Ғалымжанқызы Амина
🌟 Есенкулов Елизар
🌟 Поезканов Дархан
🌟 Әбдікеш Мирас
🌟 Алексанова Ангелина
🌟 Бутантаев Рамазан

С полной версией результатов можно ознакомиться по данной ссылке: https://aplo.asia/results/aplo-2024-results/

#aplo #олимпиада
❤15🔥7👍2
Құрметті достар! ✨
Үзілісімізден оралып, сіздерге Халықаралық лингвистикалық олимпиадаға қатысатын ұлттық құрамамызды таныстырғымыз келеді:

1) Егор Глухих, СҚО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбыл облысы
3) Елизар Есенкулов, Алматы қ. РФММ
4) Дархан Поезканов, НЗМ ДББҰ

—

Дорогие друзья! ✨
Мы возвращаемся с нашего перерыва и хотим представить вам нашу национальную сборную, которая будет участвовать на Международной лингвистической олимпиаде:

1) Егор Глухих, СКО
2) Әмина Ғалымжанқызы, Жамбылская область
3) Елизар Есенкулов, РФМШ г. Алматы
4) Дархан Поезканов, АОО НИШ
🔥21❤‍🔥6❤5
Баршаңызға сәлем!

Бүгін біз жасанды тілдер сияқты қызықты құбылыс туралы айтқымыз келеді. Біз сіздермен сөйлесетін қазақ және орыс тілдері ұзақ жылдар бойы қалыптасып, бізге таныс түрге келген табиғи тілдер. Жасанды тілдерге адамдар әр түрлі мақсатта жасаған тілдер жатады.

Бұл топтың ең танымал мысалы ретінде эсперанто тілін атауға болады. Оны XIX ғасырдың аяғында Лазарь Заменгоф өзінің «Халықаралық тіл. Алғы сөз және толық оқулық» кітабында ұсынған. Тіл өз атауын лингвисттің өз лақап атынан алды — «доктор Эсперанто», аударғанда «доктор Үміттенуші». Автордың идеясы — кез келген адам сөйлесе алатын қарапайым әрі әмбебап тіл жасау болды.

Аты аңызға айналған жазушы және лингвист — Дж. Р. Р. Толкиенді айтпай кету мүмкін емес. Балалық шағында ол достарымен бірге бір-бірімен сөйлесу үшін тілдер ойлап табумен айналысатын, ал уақыт өте келе оған деген құштарлығы күшейе түсті. «Сақиналар әміршісі» трилогиясында Толкиен квенья және синдарин — эльф тілдерін көрсетті. Бұл тілдер олардың дүниетанымын көрсетіп, кітап оқу барысында ерекше ахуал тудырады.

Поп-мәдениеттегі ең жетілдірілген жасанды тіл клингон тілі екені сөзсіз. Бұл «Жұлдызды жол» ғылыми-фантастикалық хикаясының әлемінде клингон нәсілі сөйлейтін тіл. Ол Марк Окрандтың тапсырысы бойынша жасалған және осы күнге дейін өмір сүріп келеді. АҚШ-та «Клингон тілі институты» бар, ал Интернетте тіпті клингон тілінде жазылған Уикипедия мақалалары да бар.

Ал сіздер қандай жасанды тілдер туралы білесіздер?
👍4
Всем привет! 

Сегодня хотелось бы рассказать о таком интересном явлении, как искусственные языки. Казахский и русский, на которых мы с вами разговариваем — естественные языки, которые долгие годы формировались и изменялись, чтобы прийти к известному нам виду. К искусственным же относятся языки, созданные человеком с разными целями.

Одним из наиболее известных языков этой группы можно назвать эсперанто. Его в конце XIX века представил Лазарь Заменгоф в своей книге «Международный язык. Предисловие и полный учебник». Название язык получил от псевдонима, который взял себе лингвист — доктор Эсперанто, в переводе — «доктор Надеющийся». Идеей автора было создать универсальный язык, на котором все смогли бы общаться благодаря его простоте.

Невозможно не упомянуть легендарного писателя и лингвиста — Дж. Р. Р. Толкина. Еще в детстве он со своими приятелями создавал языки, чтобы общаться друг с другом, и со временем страсть к этому только усилилась. В трилогии «Властелин колец» Толкин показал квенья и синдарин — языки эльфов. Они отражают их мировоззрение и создают особую атмосферу при прочтении книг. 

Самым развитым искусственным языком в поп-культуре наверняка является клингонский. Это язык из вселенной научно-фантастического сериала «Звёздный путь», на котором разговаривает раса клингонов. Создан он был по заказу Марком Окрандом и продолжает жить по сей день. В США существует «Институт клингонского языка», в Интернете даже есть статьи Википедии, написанные на клингонском.

А о каких искусственных языках знаете вы?
❤9👍1
Құрметті достар!
Қазір Бразилиа қаласында XXI Халықаралық лингвистикалық олимпиаданың ашылу салтанаты басталуда! 🇧🇷

Трансляцияға сілтеме: https://youtube.com/live/CxyIWeyxr98?feature=share

—
Дорогие друзья!
Сейчас в городе Бразилиа начинается церемония открытия XXI Международной олимпиады по лингвистике! 🇧🇷

Ссылка на трансляцию: https://youtube.com/live/CxyIWeyxr98?feature=share
❤7🔥2
Кеше олимпиаданың тұңғыш күні аяқталды және әртүрлі елдердің құрамалары интеграциялық ойындарға қатысып өз мемлекеттерінің/аумақтардың өкілдіктерімен кездесті!

🇰🇿 Суретте біздің балаларымыз – Егор, Елизар, Дархан және Әминамен – «Дарын» РҒПО-ның директор орынбасары, Айгуль Каркулова, және орталықтың әдіскері, Гүлсара Муқашпен бірге ҚР-ның Бразилиядағы елшісінің хатшысы Алия Каирлиева және ерікті әрі KazLing тобымыздың қадірлі мүшесі Дана Оспанова.

Құрамамызға сәттілік тілейік 💛✨
—
Вчера закончился первый день олимпиады, и команды разных стран приняли участие в интеграционных играх, а также встретились с представительствами своих государств/территорий!

🇰🇿 На фотографии наши ребята – Егор, Елизар, Дархан и Амина – в сопровождении заместительницы директора РНПЦ «Дарын» Айгуль Каркуловой и методистом центра Гульсары Мукаш в посольстве Казахстана, вместе с секретарём посла РК в Бразилии Алиёй Каирлиевой и Даной Оспановой, волонтёром и почётным членом команды KazLing.

Пожелаем нашей команде удачи 💛✨

#iol2024
🔥11❤‍🔥3❤2👍1
Достар! 4 сағаттан кейін IOL 2024 жабылу салтанаты басталады. Трансляцияны сілтеме арқылы көруге болады.
—
Друзья! Уже через 4 часа начнётся церемония закрытия IOL 2024. Трансляцию можно смотреть по ссылке.
❤10