KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.35K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
Бір лингвистикалық есеп қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бірден бесеуі ше? 🤔

Лингвистикадан дүниедегі ең ауқымды олимпиаданың – I ! O ! L ! – тапсырмаларын қарап шығуды ұсынамыз!

IOL, яғни International Olympiad in Linguistics, яғни Халықаралық лингвистикалық олимпиада – 2003-тен бері жылда өтетін, ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Олимпиаданың жеке және топтық кезеңдерінде қатысушылар түрлі тілдерге шытырман есеп шығарып логика мен интуициядан жарысады.

Дәл IOL-ға әрқайсысыңыз қатысып, ең көп ұпай жинасаңыз мүмкін тіпті жүлделі орын ала аласыздар. Бірақ та олимпиаданың мәні медальда емес – ұмытылмас тәжірибеде, ойөріс кеңейтуінде және, әрине, жас лингвистердің тату қауымын құруда. ХЛО-ға дайындық арқылы өз өмірін бұл ғылыммен байланыстырамын деп шешкендер көп, ал университеттер бұрынғы қатысушыларын жылы жүзбен қарсы алады!

Айтпақшы, Қазақстан құрамасы IOL-ға 2015 жылдан бері қатысып тұр және сол кезден 5 қола жүлде мен 5 құрмет грамотасын әкелген 🏅
_
Насколько сложной может быть одна лингвистическая задача? А что насчёт пяти за раз? 🤔

Предлагаем вам взглянуть на задания самой масштабной олимпиады по лингвистике – I ! O ! L !

IOL, она же International Olympiad in Linguistics, она же Международная олимпиада по лингвистике – одна из престижнейших международных олимпиад школьников, проходящая ежегодно с 2003. В двух турах олимпиады – индивидуальном и командном – участники со всего мира состязаются в логике и интуиции, решая каверзные задачи на разные языки.

Именно на IOL может попасть каждый из вас, а может и получить призовое место, собрав как можно больше баллов. Суть олимпиады, однако, не в медали, а в незабываемом опыте, расширении кругозора, и конечно формировании дружного сообщества молодых лингвистов. Немало тех, кто после подготовки к “межнару” решил связать жизнь с этой наукой, а многие университеты тепло принимают бывших участников!

Сборная Казахстана, кстати, участвует на IOL с 2015, и с тех пор привезла 5 бронзовых медалей и 5 почётных грамот 🏅

#олимпиада
❤2🔥1
Дыбыстық сәйкестік туралы есептер👂
Сондай есептер әдетте келесідей көрінеді: бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген және сөздердің шығу тегі ортақ. Бұлар не туыстас тілдердің сөздері, не бір тілден екінші тілге ауысқан кірме сөздер болуы мүмкін. Шешушінің мақсаты — әр түрлі тілдердің сөздері арасында қандай дыбыстық сәйкестіктер байқалатынын түсіну және осы тілдердің басқа да сөздерінің қандай екенін болжауға мүмкіндік беретін жүйені құру.

Айта кететіні, егер тапсырма материалына сүйеніп, біз А тілінің сөздерін Б тілінің сөздерінен құрастыра алсақ, бұл А тілінің шынымен де Б тілінен шыққанын білдірмейді: олар бір ата тілден шығып, кейін әр түрлі бағытта дамыған тілдер де болуы мүмкін. Бұл жағдайда да олардың арасында жүйелі айырмашылықтар байқалады.

Міне, осындай есептің мысалы:
_
Задачи на звуковые соответствия👂
Задачи такого рода обычно выглядят так: дан список слов из нескольких языков, причём слова имеют общее происхождение. Это могут быть слова из родственных языков, а могут быть и заимствования одного языка из другого. Задача решающего — понять, какие звуковые соответствия наблюдаются между словами из разных языков, и выстроить систему, по которой можно предсказать, как выглядят и другие их слова.

Кстати, если на материале задачи мы можем получить слова языка А из слов языка Б, это совсем не означает, что язык А действительно произошёл от Б: речь может идти о языках, которые развивались из общего языка-предка параллельно, но в разных направлениях, и в таком случае тоже наблюдаются систематические различия.

Вот пример такой задачи:

📝 #есептер #задачи
🤩4❤1
Бүгін сағат 17:00-де лекцияда тілдік туыстық туралы айтатын боламыз! Келіңіздер, сілтеме басталардан 10 минут бұрын жарияланады😌
-
Сегодня в 17:00 на лекции поговорим о языковом родстве! Приходите, ссылка будет опубликована за 10 минут до начала🙌🏼
❤7🤔3
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз, енді сіз келесі дәріс тақырыбы бойынша өз қалауларыңызды көрсете аласыз және біз оларды ескереміз! 💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи, теперь вы можете указать в ней свои предпочтения по теме следующей лекции и мы их учтём! 💛

#дәрістер #лекции
❤5
Іріктеу 4 кезеңде өтеді: мектепішілік, аудандық, облыстық және республикалық тур. Финалға 17 облыс, 3 республикалық маңызы бар қала мен НЗМ, екі РФММ және мамандырылған мектептердің әрқайсысынан екі оқушы қатысады. Соңғы кезеңге былтырғы құраманың мүшелері квотадан тыс шығып, 48 адам арасындағы сайысқа қосылады.

Айтпақшы! География я химия сияқты жалпы білім беру пәндерден РО-ға қарағанда, лингвистикада сынып бойынша бөліну жоқ. Иә, жорамалдағы 9-сынып оқушысы 11 не тіпті 12 сынып оқушыларымен жарысуы мүмкін.

Барлық кезеңдер күзде өтеді және РО нәтижесі бойынша ұпайлары ең жоғары ~12 оқушы резервтің қысқы (әдетте желтоқсанда) және көктемгі оқу-жаттығу жиындарына (ОЖЖ) шақырылады. Жиындардың нәтижелеріне қарай IOL-да Қазақстан атынан өкілдік ету үшін ұлттық құрамаға 4 мүше іріктеледі. Олимпиаданың өзіне дайындалу мақсатымен сол 4-іне жиындар шілдеде өткізіледі.

Ынтамен дайындалсаңыздар сіздер де осы төртеудің ішіне кіре аласыздар😉
—
Отбор проходит в 4 тура: школьный, районный, областной и республиканский. В финале принимают участие по два школьника из 17 областей, 3 городов республиканского значения, а также НИШ, две РФМШ и других специализированных школ. Вне квоты на заключительный этап проходят участники прошлогодней сборной, прибавляясь к конкурсу из 48 человек.

Кстати! В отличие от РО по общеобразовательным предметам по типу географии или химии, по лингвистике нет деления на классы. Да, условная 9-классница может соревноваться с 11- или даже 12-классниками.

Все этапы проходят осенью, и по результатам РО, ~12 учеников с наивысшими баллами приглашаются на учебно-тренировочные сборы (УТС) резерва зимой (обычно в декабре) и весной. По результатам сборов отбираются 4 участников в состав национальной сборной, чтобы представлять Казахстан на IOL. Для этих 4-х также проводятся сборы в июле для подготовки к самой олимпиаде.

Если усердно готовиться, возможно и вам удастся попасть в эту четвёрку😉

#олимпиада
❤12🔥4👍1
Адамның сөйлеуді қалай жасайтынын білесіз бе? Дыбыс пен әріптің айырмашылығы неде? Мінсіз транскрипция деген нәрсе бар ма? Есептерде қандай фонетикалық құбылыстар кездесуі мүмкін?🤓
Бүгін сағат 17:00-де лекцияда осы сұрақтарға жауап беріп, фонетика туралы сөйлесеміз!
Келіңіздер, сілтеме басталардан 10 минут бұрын жарияланады😌

-
Знаете ли вы, как человек порождает речь? Чем отличается звук от буквы? Бывает ли идеальная транскрипция? Какие фонетические явления могут встретиться в задачах?🤩
Сегодня в 17:00 на лекции ответим на эти вопросы и поговорим о фонетике! Приходите, ссылка будет опубликована за 10 минут до начала🙌🏼
❤9
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! 💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи💛

#дәрістер #лекции
❤1🔥1
🔖 Полинезия тілдері бойынша есептің шешімін жібереміз (спойлермен жабылған):
_
🔖 Присылаем решение задачи на полинезийские языки (скрыто под спойлером):

#есептер #задачи
👍4
Фонетика бойынша дәріске қосымша: 🗣
Дәрісте біз фонетикалық транскрипциялар туралы айттық. Әр түрлі тілдер ауызша сөйлеуді жеткізу үшін әр түрлі жазуды қолданатындықтан, тіпті бір тілдің ішінде айтылуында айырмашылықтар болуы мүмкін болғандықтан, Халықаралық фонетикалық әліпби (ХФӘ) бар. Бұл сіздерге жазуға қарамастан барлық дыбыстарды сипаттауға мүмкіндік береді. Сіздер шет тілдерін үйренуге арналған оқулықтарда ХФӘ транскрипциясын көрген боларсыздар.

Оны шарлау үшін ең бастысы — артикуляцияның орны мен тәсілін түсіну. Біз сіздерге ХФӘ-нің негізгі схемасын дайындадық. Осы немесе басқа дыбыстардың қалай естілетінін жақсы түсіну үшін біз ағылшын тілінде сайтты қалдырамыз, оларды тыңдауға болады және сонымен бірге МРТ және УДЗ скандарында көруге болады: seeingspeech.ac.uk/ipa-charts/
_
Дополнение к лекции по фонетике: 🗣
На лекции мы упомянули фонетические транскрипции. Так как разные языки используют разные письменности для передачи устной речи и даже внутри одного языка могут быть различия в произношении, существует Международный фонетический алфавит (МФА). Он позволяет описывать всевозможные звуки вне зависимости от письма. Вы, возможно, видели транскрипции МФА в учебниках по изучению иностранных языков.

Чтобы ориентироваться в нём, важно понимать место и способ артикуляции. Мы подготовили вам базовую схему МФА. А чтобы лучше понять, как звучат те или иные звуки, мы оставляем англоязычный сайт, где их можно послушать и за одно увидеть на сканах МРТ и УЗИ: seeingspeech.ac.uk/ipa-charts/

#лингвистика #дәрістер #лекции
❤4👍2
Шатастырылған сәйкестік есептері 🔄
Бұл есептерде шет тіліндегі сөздер мен олардың аудармалары өзгеше ретпен берілген. Сөздер әр түрлі болуы мүмкін: етістік формалары, есімдіктер, күрделі сөздер (яғни бірнеше түбірден тұратын сөздер), сандар, тіпті басқа жазумен жазылған сөздер. Егер бұл, айталық, күрделі сөздер туралы есеп болса, онда шетел сөзінің және оның аудармасының түбірлерінің саны әртүрлі болуы мүмкін немесе олардың семантикалық (яғни мағыналық) құрылымы әдеттегіден тыс болуы мүмкін: мысалы, «байсалды» сөзі орыс тілінен сөзбе-сөз «суық қанды» («хладнокровный») деп аударылады.
_
Задачи с перепутанными соответствиями 🔄
Это задачи, где даны слова на иностранном языке и их переводы, но в изменённом порядке. Слова могут быть самые разные: формы глаголов, местоимения, сложные слова (т.е. слова, в которые входит несколько корней), числительные, и даже выражения, записанные другой письменностью. Если это задача, скажем, на сложные слова, то часто встречаются ситуации, когда иностранное слово и его перевод состоят из разного количества корней или имеют необычную семантическую (т.е. смысловую) структуру: как, например, то, что “перчатка” по-казахски будет буквально “ручной чехол” (“қолғап”).

🔎 #есептер #задачи
❤3👍1