KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.39K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! Шатастырмайсыздар деп үміттенеміз💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи! Надеемся, что вы не запутались💛

#дәрістер #лекции
❤7👍1
🇳🇨 Иаи тілі туралы есептің дұрыс жауаптарын жариялаймыз.
—
🇳🇨 Публикуем правильные ответы к задаче на язык иаи.

#есептер #задачи
❤5
Марқылды көрбікші лермелік жітешікті алтып сауқарды да үмгір баңғышты лапыртқан деген сөйлемнен не түсінуіміз керек еді? 🎣

Жауап: қазақ тілінің өзімізге таныс грамматикасына сүйене отырып, бір сөздің мағынасын түсінбей-ақ болып жатқан оқиғаның суретін елестете аламыз. Бұған морфология – сөз таптары, олардың категориялары мен сөз тұлғаларын зерттейтін тіл білімінің саласы – себепті.

Дәрістің негізгі тұстарын қайталайық:
1️⃣ Тілдер грамматикалық мағыналарды аффикстер арқылы білдіре алады, онда оларды синтетикалық және полисинтетикалық деп атаймыз. Сондай-ақ мағыналар функционалдық сөздер арқылы берілуі мүмкін, онда оларды аналитикалық және оқшаулау деп атаймыз.
2️⃣ Тілдегі морфологияның көлемін Гринберг индексі арқылы өлшеуге болады
3️⃣ Бір аффикс бірнеше мағынаны білдіре алады
4️⃣ Әр тілде грамматикалық мағыналардың бірегей жиынтығы бар, сондықтан белгісіз тілді талдағанда тек таныс грамматикалық категорияларға ғана сене алмайсыз.
—
Что же мы должны были понять из предложения Марқылды көрбікші лермелік жітешікті алтып сауқарды да үмгір баңғышты лапыртқан? 🎣

Ответ следующий: мы можем представить картину происходящего, не понимая значения ни одного слова, опираясь на знакомую нам грамматику казахского языка. Это происходит благодаря морфологии – разделе лингвистики, изучающего части речи, их категории и формы слов.

Повторим ключевые моменты лекции:
1️⃣ Языки могут выражать грамматические значения при помощи аффиксов, тогда мы называем их синтетическими и полисинтетическими. Также значения могут быть выражены служебными словами, тогда мы называем их аналитическими и изолирующими.
2️⃣ Количество морфологии в языке можно измерить с помощью индекса Гринберга
3️⃣ Один аффикс может выражать несколько значений
4️⃣ Набор грамматических значений у каждого языка уникален, поэтому нельзя полагаться только на знакомые грамматические категории при анализе неизвестного языка

#лингвистика #дәрістер #лекции
❤3👍2🥰1
Жазу жүйелеріне қатысты есептер ✍️
Басқаша айтқанда, бұл шифр ашуға қатысты есептер. Біздің алғашқы дәрісімізде біз әлемде қандай жазу жүйелері бар екендігі туралы айттық, енді біз сізге осы тақырыптағы есептің мысалын ұсынуға қуаныштымыз. Мұндай есептердің жиі кездесетін бір ерекшелігі бар: кейде белгісіз жазумен берілген сөздерді өзіміз аударуымыз керек. Мұндай ерекшелік төмендегі есепте де бар. Дегенмен, барлық лингвистикалық есептердегідей, сізден тілді білу қажет етілмейді.
—
Задачи на системы письма ✍️
Иначе говоря, это задачи на дешифровку. На нашей первой лекции мы уже говорили о том, какие системы письма существуют в мире, и сейчас мы рады представить вам пример задачи на эту тему. В таких задачах часто можно встретить одну интересную деталь: иногда слова, данные неизвестным нам письмом, нужно перевести самостоятельно. Такая деталь как раз присутствует в задаче ниже. Однако, как и во всех лингвистических задачах, знание языка вам не понадобится.

#есептер #задачи
👍5
🤖Бүгінгі дәрісте біз есептеуіш лингвистикамен танысамыз! Дәріс сағат 18:00-де басталады.
-
🤖Сегодня на лекции мы расскажем о компьютерной лингвистике! Лекция начнется в 18:00.

#дәрістер #лекции
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! 💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи! 💛

#дәрістер #лекции
❤4
🌳 Бүгінгі дәрісте біз лингвистиканың күрделі, бірақ қызықты бір бөлімін талқылаймыз! Дәріс сағат 17:00-де басталады.
–
🌳 На сегодняшней лекции мы поговорим об одном сложном, но не менее интересном разделе лингвистики! Лекция начнется в 17:00.

#дәрістер #лекции
😍7🔥1
Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! 💛
_
Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи! 💛

#дәрістер #лекции
🇲🇳 Моңғол тілі туралы есептің дұрыс жауаптарын жариялаймыз.
—
🇲🇳 Публикуем правильные ответы к задаче на монгольский язык.

#есептер #задачи
❤1
Пуризм туралы 🧼
Жаңа сөздер немесе неологизмдер көбінесе басқа тілдерден енген. Оларды кірме сөздер деп атайды. (Назар аударыңыз, бұл ұрлық емес!) Кірме сөздерді алу тілді «кірлетеді» деп санайтын адамдар, тіпті тұтас тіл институттары бар. Сондықтан олар не жаңа кірме сөздердің пайда болуын шектеуге, не тіпті бұрыннан бар кірме сөздерді ауыстыруға тырысады. Бұл прескриптивизмнің белгілі бір түрі.

Сөздердің шығу тегі, әрине, оларды «жаман» немесе «жақсы» етпейді. Қазақ тілінде «нетворкинг» немесе «кринж» сияқты кірме сөздердің жаңа үлгілері бар. Бірақ кейбір кірме сөздер соншама ескі болғандықтан, олар тіпті кірме ретінде мойындалмайды: «шын» орталық қытай тілінен шықса, «аспан» және «нан» сөздері парсы тілінен алынған.

❗️Тілдің өзгеретінін және бұл қалыпты жағдай екенін есте сақтайық. Ешбір неологизм тілді «нашар» ете алмайды. Тілде олардың аналогтары бар болса да, кірме сөздерді пайдалану — қалыпты жағдай. Бүгін жат болып көрінетін сөздер ертең төл сөздер болып көрінуі мүмкін.
—
Про пуризм 🧼
Новые слова, или неологизмы, часто происходят из других языков. Про такие слова говорят, что они были заимствованы. (Внимание, это именно заимствование, а никакая ни кража.) Есть люди и даже целые языковые институты, для которых заимствования “засоряют” язык. Поэтому они пытаются или ограничивать появление новых заимствований, или даже заменять уже сложившиеся заимствования. Это определённый вид прескриптивизма.

Происхождение слов, конечно, не делает их “плохими” или “хорошими”. В русском языке есть более новые примеры заимствований, как “нетворкинг” или “кринж”. Но также есть такие давние заимствования, что они даже таковыми не воспринимаются: “небо” и “истина” восходят к церковнославянскому (родственник русского, но вовсе не предок), а слово “хлеб” настолько древнее заимствование, что было взято ещё праславянским из прагерманского.

❗️Ещё раз повторим, что язык имеет свойство меняться и это нормально. Никакие неологизмы не могут сделать язык “хуже”. Использовать заимствования нормально, даже если в языке уже есть их аналоги. Слова, которые сегодня смотрятся чужеродными, завтра могут уже быть как родные.

#лингвистика
🔥7👍2👎1
Туыстық атаулары туралы есептер 👨‍👩‍👧‍👦

Бұл есептерде әр түрлі туыстар берілген тілде қалай аталатынын түсіну керек. Бұл тақырып өте қызық: мысалы, қазақ тілінің «тәте» сөзі аймаққа байланысты әпкені, апайды, ағаны немесе тіпті әкені де білдіруі мүмкін. Немесе орыс тілінде біреудің қызының күйеуі де, әпкесінің күйеуі де «зять» сөзімен аталатынын еске түсірейік. Назар аударарлық тағы бір нәрсе — орыс тілінің «младшая сестра» деген ұғымы қазақтың бірден екі сөзіне, атап айтқанда «сіңлі» және «қарындас» сөздеріне сәйкес келеді; сөз сөйлеушінің жынысына байланысты таңдалады.
—
Задачи на термины родства 👨‍👩‍👧‍👦

Это задачи, в которых надо разобраться, как на данном языке называют разных родственников. Это достаточно интересная тема: вспомним хотя бы то, что, например, в казахском слово “тәте” может обозначать тётю, сестру, дядю или даже отца в зависимости от региона, или то, что в русском “зятем” можно назвать и мужа дочери, и мужа сестры. Внимания стоит и тот факт, что русское понятие “младшая сестра” соответствует сразу двум казахским словам, а именно “сіңлі” и “қарындас”; выбор слова при этом зависит от того, какого пола говорящий.

#есептер #задачи
❤‍🔥3❤1
Қайырлы күн, достар!

Лингвистикалық есеп шығару – тиімді тәсілдеме де, жауаптың дұрыс дайындауын да талап ететін үрдіс. Логикасы тамаша қатысушы да қарапайым қате жіберіп, сайыстарда ұпайлардан айырылуы мүмкін.

Ертең біз олимпиадалық есеп шешу жайындағы көптен күткен соңғы дәрісімізді өткіземіз! 17:00-де Алматы уақыты бойынша (Сейсенбі, 17 қазан) сілтемеден қосылыңыздар!

Баршаңызды күтеміз 🥰
—
Добрый день, друзья!

Решение лингвистической задачи – процесс, требующий как эффективного подхода, так и правильного оформления ответов. Даже участник с прекрасной логикой может допустить простые ошибки, которые стоят баллов на соревнованиях.

Завтра мы проведём нашу последнюю и долгожданную лекцию о решении олимпиадных задач. Подключайтесь по ссылке в 17:00 по времени г. Алматы (Вторник, 17 октября)!

Будем всех ждать 🥰

#дәрістер #лекции
🔥5❤1👍1