KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.18K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
Құрметті оқырмандар,

арнаға бірнеше күн ішінде өте көп адам келгендіктен, біз адамдарды олимпиадаға тіркемейтінімізді хабарлаймыз. Тіркеумен мектептер ғана айналысады, сондықтан егер сіз олимпиадаға қатысқыңыз келсе, тіркелу жөнінде мектеп әкімшілігіне өтініш білдіруіңіз қажет. Мектептерге ақпарат РҒПО «Дарын» аймақтық орталықтарынан келіп түседі (мұнда орталықтар және олармен байланысу жолдарының тізбесі орналасқан).

Бұл арнаның мақсаты — Қазақстанда лингвистиканы көпшілікке тарату, қызықты фактілермен бөлісу, оқыту семинарларын өткізу және лингвистикалық есептер туралы баяндау.

Біз олимпиадаға тапсырмалар дайындаймыз, республикалық кезеңді тексерумен айналысамыз, оқу-жаттығу жиындарын өткіземіз және халықаралық олимпиадаға үміткерлерді іріктейміз, алайда біз олимпиадаларды тікелей ұйымдастырумен айналыспаймыз.
—
Уважаемые читатели,

в связи с тем, что в канал за пару дней пришло очень много людей, хотим вас проинформировать: мы не регистрируем людей на олимпиаду. Регистрацией занимаются школы, и поэтому, если вы хотите участвовать на олимпиаде, вам следует обратиться в администрацию школы с просьбой записать вас. Информация в школы поступает из региональных центров РНПЦ “Дарын” (здесь находится перечень центров и контакты).

Цель этого канала — популяризировать лингвистику в Казахстане, делиться интересными фактами, проводить обучающие семинары и рассказывать про лингвистические задачи.

Мы готовим задачи на олимпиаду, занимаемся проверкой республиканского тура, проводим учебно-тренировочные сборы и отбираем кандидатов на международную олимпиаду, однако мы не занимаемся непосредственной организацией олимпиад.

#kazling
❤25👍10
♟ Соңғы есептің жауаптары:
—
♟ Ответы к последней задаче:

#есептер #задачи
🤯7😱3👍2🔥1
🏛 Лингвистикалық олимпиадалардың пәлсапасы

Құрметті оқырмандар,
Ертең РО-ның I кезеңі өтеді. Сәттілік тілегеннен басқа біз бұны себеп қылып, «Лингвистикадан олимпиада не үшін керек?» деген сұрақ қойып, оған жауап бергіміз келеді.

Басқа пәндермен салыстырғанда лингвистика мектеп бағдарламасында жоқ, сонымен қатар теорияны білу сайыстарда қажет емес. «Бұл жай сауық үшін конкурс па сонда?» деп ойлап қалсаңыз, аздап қателесерсіз.

Сонымен, лингвистикадан олимпиадалардың бірнеше мақсатын атап шыққымыз келеді:

• Лингвистикаға қызығушылық арттыру
Лингвистика – қызық және жан-жақты ғылым екенін үнемі айтып тұрамыз. Осындай іс-шаралар арқылы оған көңіл аудара отырып, біз оның дамуына жағдай жасаймыз.

• Тіл алуантүрлілігіне назар аудару
Әрбір тіл – бірегей жүйе және мәдениетке «терезе». Мысалы, мүлдем басқа координаттар жүйесі туралы есеп шығарған кезде үстелдің басынан тұрмай-ақ ойлауды кеңейтуге болады. Шағын тілдердің жойылуы да – олимпиадалар ойландыратын мәселе.

• Оқушылар қауымдастығын құру
Көбіміз республикалық және халықаралық кезеңдерден кейін жақын достар тапқанбыз. Жаңа байланыстар мен пікірлес адамдардың болуы әрқашан құнды.

• Болашақ мамандарды ашу
Олимпиадалық лингвистика тексеретін және дамытатын логика, ойдың икемділігі мен ыждағат секілді қабілеттер ынталандыруға лайық. Бұған қоса, IT не криминалистика болсын, олар көптеген салаларда талап етіледі.

• ЖОО-ға түсу
Алдыңғы ойды жалғастырсақ, IOL сияқты олимпиададағы жетістіктер беделді университеттерде бағаланады. Мысалы, ол MIT сайтында танылған сайыстардың қатарында көрсетілген, ал кейбір университеттер бұрынғы медаль иегерлері мен қатысушыларына тіпті бөлек гранттар да береді.

• Рақат алу
Олимпиадалардың пайдасын қозғасақ, ойжұмбақтарды шешуден ләззат алу туралы айтпай кете алмаймыз. Бұл – ең маңыздысы.
–
🏛 Философия лингвистических олимпиад

Дорогие подписчики,
Уже завтра пройдёт I тур РО. Помимо пожелания удачи, мы бы хотели воспользоваться этим поводом, чтобы задать и ответить на вопрос: “Зачем нужны олимпиады по лингвистике?”

В отличие от других предметов лингвистики нет в школьной программе, а знание теории не требуется в состязаниях. “Так это просто конкурс ради забавы?” — подумаете вы, но почти ошибётесь.

Так, мы хотим отметить несколько целей олимпиад по лингвистике:

• Повысить интерес к лингвистике
Лингвистика – интересная и разнообразная наука, о чём мы неустанно говорим. Привлекая к ней внимание через такие мероприятия, мы способствуем её развитию.

• Обратить внимание на разнообразие языков
Каждый язык – уникальная система и окно в культуру. Не выходя из-за стола, можно расширить свое мышление за задачей, где, например, совершенно иная система координат. Исчезновение малых языков – также проблема, о который олимпиады дают нам задуматься.

• Создать сообщество школьников
Многие из нас нашли близких друзей после республиканских и международных этапов. Новые связи и единомышленники – всегда ценно.

• Раскрыть будущих специалистов
Навыки, которые проверяет и стимулирует олимпиадная лингвистика – логика, гибкость ума, усердие – заслуживают поощрения. Более того, они востребованы во многих областях, будь то IT или криминалистика.

• Поступление в вуз
Продолжая предыдущую мысль: достижения в олимпиадах по типу IOL ценятся многими престижными университетами. Она, например, указана среди признанных состязаний на сайте MIT, а некоторые университеты вовсе выдают отдельные гранты бывшим медалистам и участникам.

• Удовольствие
Говоря о всей пользе олимпиад, нельзя забывать, что от решения головоломок можно просто получать удовольствие. Это – самое важное.

#олимпиада
👍25❤11
Достар,
Астана уақыты бойынша сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін ақпаратты мерзімінен бұрын таратпау үшін пікір жазу мүмкіндігі уақытша тоқтатылады.

Барлығыңа сәттілік! 😉
—
Друзья,
с 8:00 до 20:00 по Астанинскому времени комментарии будут временно отключены, чтобы избежать преждевременного распространения информации.

Всем удачи! 😉
❤26🍓8👍7🏆2💋1
Қай есеп ең көп ұнаған? | Какая задача понравилась больше всего? 🖊
Anonymous Poll
28%
1 🇲🇽🏠
39%
2 🇳🇬🇨🇲
33%
3 🇵🇷🇧🇷
👍14👎7❤3
Осы жазбаның астында бүгінгі есептер мен олардың жауаптарын жариялаймыз ⬇️
—
Публикуем сегодняшние задачи и ответы на них под этим постом ⬇️
👍15❤4🤩1💋1
Құрметті оқырмандар,
Облыстық кезеңге өткендерді құттықтаймыз! Сонымен бірге біз нәтижелерді жариялауға жауапты емес екенімізді еске саламыз. Келесі кезеңге өткеніңізге әлі де сенімді болмасаңыз, мектебіңізбен немесе жергілікті білім беру ұйымымен хабарласыңыз.
—
Дорогие читатели,
Поздравляем всех тех, кто прошёл на областной этап! Одновременно с этим, мы напоминаем, что не отвечаем за объявление результатов. Если вы до сих пор не знаете, прошли ли вы на следующий этап, то, пожалуйста, уточните у своей школы или местной организации образования.

#олимпиада
❤8❤‍🔥1👍1
Достар,
Астана уақыты бойынша сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін ақпаратты мерзімінен бұрын таратпау үшін пікір жазу мүмкіндігі уақытша тоқтатылады.

Барлығыңа сәттілік! 😉
—
Друзья,
с 8:00 до 20:00 по Астанинскому времени комментарии будут временно отключены, чтобы избежать преждевременного распространения информации.

Всем удачи! 😉
❤20👍7🤯4🕊2🖕2
Қай есеп ең көп ұнаған? | Какая задача понравилась больше всего?
Anonymous Poll
22%
1 🥥🎋
51%
2 👁🗣
27%
3 🧮💯
🕊7
Келесі кезеңге өтпедіңіз бе? Ештеңе етпес! ❤️‍🔥

Құрметті достар! Кейбіреулеріңіз әзірше қорытынды кезең туралы жаңалықтарды күтіп отырсаңыз, біз арнамыздың РО-мен шектелмейтінін естеріңізге саламыз (қазір жай уақытша үзілістеміз). Мәскеудегі әріптестеріміз ұйымдастыратын Лингвистикадан LIV дәстүрлі олимпиадаға қатыса аласыз, оны біз осы жазбада атап өттік.

Тілі: орыс тілінде
Форматы: онлайн

Күндері
Іріктеу кезеңі: 8-11 желтоқсан
I мен II кезең: 11 және 24 наурыз 2024 ж.
Тіркелу үшін келесі жазбада берілген нұсқаулықпен танысыңыз.

Басқа олимпиадалар туралы жаңалықтар үшін байланыста болыңыз!
—
Не прошли на следующий этап? Не всё потеряно! ❤️‍🔥

Дорогие друзья! Пока одни из вас ждут новостей о заключительном туре, мы хотим напомнить, что наш канал не ограничен РО (у нас просто временный перерыв из-за неё). У вас есть шанс поучаствовать на LIV Традиционной олимпиаде по лингвистике, которую организуют наши московские коллеги, её мы упоминали в этом посте.

Язык: русский
Формат: онлайн

Даты
Отборочный тур: 8-11 декабря
I и II туры: 11 и 24 марта 2024 г.
Для регистрации ознакомьтесь с инструкцией в следующем посте.

Оставайтесь на связи для новостей о других олимпиадах!

#kazling
❤9👍2
Республикалық олимпиада

Құрметті оқушылар мен ұстаздар.

Ауа райының қолайсыздығына орай Республикалық олимпиаданың соңғы кезеңі белгісіз күндерге қалады. Кезеңінің нақты күнін алғашқы мүмкіндікте-ақ жариялаймыз. Түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.

—
Республиканская олимпиада

Дорогие участники и педагоги.

Заключительный этап Республиканской олимпиады переносится на неопределённые даты ввиду ухудшения погодных условий. Точную дату тура мы опубликуем при ближайшей возможности. Надеемся на ваше понимание.
👍10🍾5❤2😢2