KazLing | Олимпиадная лингвистика в Казахстане 🇰🇿
2.22K subscribers
97 photos
1 video
45 files
48 links
Лингвистикадан республикалық олимпиаданың (РО) ұйымдастыру комитетінің ресми Телеграм-арнасы
_
Официальный Телеграм-канал оргкомитета республиканской олимпиады (РО) по лингвистике
Download Telegram
Біз алдыңғы постқа қосымша постер жасадық, ал ертең лингвистикалық есептер туралы сөз болады!
_
Мы сделали постер в дополнение к предыдущему посту, а завтра поговорим о лингвистических задачах!

#лингвистика
🔥24👍4
Лингвистикалық есеп дегеніміз не? 📝

Бұл лингвистердің жұмысын қарапайым түрде көрсететін есеп. Лингвистикалық есепте бейтаныс тілде материал ұсынылады. Шешуші оған сүйене отырып тілдің заңдылықтарын тауып, артынша олардың көмегімен бірнеше тапсырманы шешуі қажет. Мұндай есеп өз-өзіне жеткілікті: оны шешу үшін әдетте арнайы білім қажет емес, себебі барлық қажетті ақпарат есептің ішінде көрсетілген. Яғни, ол логиканың көмегімен шешіледі ⚙

Лингвистикалық есептердің түр-түрі бар. Осы және келесі жазбаларда #есептер тегінің астында біз сізге олардың қандай бола алатынын көрсетеміз.

🔁 Бүгін біз билингвалардан бастаймыз — бұл есептер бейтаныс тілдегі сөздерді, сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді аударуға бағытталған. Билингвалар әдетте грамматикалық құбылыстарды бейнелейді. Міне, осындай есептің мысалы (шешімі кейінірек жарияланады):
_
Что такое лингвистическая задача? 📝

Это такая задача, которая в упрощённом виде показывает, чем занимаются лингвисты. Решающему предлагается материал на неизвестном ему языке, на основе которого нужно найти закономерности и с их помощью решить несколько заданий. Такая задача самодостаточна: для её решения, как правило, не нужны специальные знания, так как вся нужная информация содержится в условии задачи. То есть, она решается с помощью логики ⚙

Лингвистические задачи бывают очень, очень разными. В этом и следующих постах под тегом #задачи мы будем показывать вам, какими они бывают.

🔁 Сегодня мы начнём с билингв — это такие классические задачи на перевод слов, словосочетаний или предложений на незнакомом языке. Билингва обычно иллюстрирует какие-то грамматические явления. Вот пример такой задачи (решение будет опубликовано позже):
👍11🔥3❤2🥰1🕊1
Лингвистика туралы аңыздар 🙅:
• Лингвистен көптеген шет тілдерін білу талап етілмейді. Бұл арнада ешбір тіл үйретпейміз. Арнаны қосымша тілдерді білмей-ақ бақылауға болады.

• Лингвист филолог емес. Филология әдетте белгілі бір халықтың тілі мен мәдениетін, көбінесе әдебиет арқылы зерттейді. Лингвист тілді жалпы және ең алдымен бақылау, эксперимент және деректерді талдау арқылы зерттейді.

• Тіл «бұзыла» алмайды. Ондағы кез келген өзгерістер табиғи. «Дұрыс сөйлеуді» үйретпейміз. Қазіргі лингвистика үшін тілдің кез келген көріністері тең.

• Сондай-ақ ең «үйренуге оңай», «әдемі» немесе «бай» тіл жоқ. Лингвистің алдында әлемнің кез келген тілдері тең.
_
Мифы про лингвистику 🙅:
• Лингвисты не обязаны знать много иностранных языков. На этом канале мы также не будем учить никаким языкам. За каналом можно следить без знаний дополнительных языков.

• Лингвисты не филологи. Филология обычно изучает язык и культуру определённого народа, чаще всего через литературу. Лингвисты изучают язык в общем и прежде всего через наблюдения, эксперименты и анализ данных.

• Язык не может “портиться.” Любые изменения в нём естественны. И мы не будем учить “говорить правильно.” Для современной лингвистики любые проявления языка равны.

• Также нет самого “лёгкого для изучения,” “красивого,” и “богатого” языка. Любые языки мира в глазах лингвистов равны.

#лингвистика
👍15❤8🔥5
Оқушылардың назарына!
Биыл лингвистикалық олимпиадаларға қатысуды жоспарлап, дайындық материалдарын іздеп жүрсеңіз, ертең біз онлайн дәрістердің күзгі курсын бастайтынымызды қуана хабарлаймыз!🤩

📍Өтетін орны мен уақыты: GoogleMeet платформасы, Алматы уақыты бойынша сағат 17:00, әр сейсенбі және бейсенбі күндері (дәрістің басталуына 10 минут қалғанда сілтемесі арнамызда жарияланады)

⏰Формат: Сабақтың алғашқы 30 минутын теорияға арнаймыз, ал 10 минуттық үзілістен кейін 40 минут ойын форматында тақырып бойынша есептер шығарамыз. ⚠️ Дәрістер орыс тілінде өтеді, бірақ уақыт өте келе біз оларды барлығына бейімдейтін боламыз.

👩‍💻Курс ұзақтығы: 8 дәріс, 4 және 5 дәрістер арасында бір апталық үзіліс. Содан кейін Олимпиада маусымы басталатындықтан өзге нәрселер келетін болады🙇‍♀️

💸Бағасы: курс барлығына тегін!

—
Внимание школьникам!
Если вы собираетесь участвовать в лингвистических олимпиадах в этом году и ищете материалы для подготовки, то мы рады сообщить, что завтра мы начинаем наш осенний курс онлайн-лекций!🤩

📍Место и время проведения: платформа GoogleMeet, 17:00 по Алматы, каждый вторник и четверг (Ссылка на лекцию будет публиковаться на канале за 10 минут до ее начала)

⏰Формат проведения: Первые 30 минут занятия посвящаем теории, а после 10-минутного перерыва 40 минут решаем задачи по теме в игровом формате. ⚠️ Лекции будут проводиться на русском языке, но со временем адаптируем их для всех.

👩‍💻Длительность курса: 8 лекций, неделя перерыва между 4 и 5 лекцией. Затем начнется сезон олимпиад, так что будет что-то новое🙇‍♀️

💸Цена: курс полностью бесплатный для всех желающих!

#дәрістер #лекции
🔥25👍6❤3💘1
Ертеңгі дәрісте жазу жүйесінің қандай түрлері бар және әліпбидің бүгінгі түрінің қалай қалыптасқаны туралы айтатын боламыз😍 Таймерді орнатыңыз да, келіңіз, барлығын күтеміз!!!
—
На завтрашней лекции мы поговорим о том, какие бывают системы письма и как алфавит стал таким, каким мы видим его сейчас😍 Ставьте таймер и приходите, будем очень ждать всех!!!

#дәрістер #лекции
🔥11
Техникалық ақаулар үшін кешірім сұраймыз! 17:20-да кіріңіздер.
_
Просим прощения за технические неполадки! Заходите в 17:20.
😢10
Келгендеріңізге рахмет! Мұнда бүгінгі дәрістің бейнежазбасы жатыр, сонымен қатар біз ары қарай дамуымыз үшін кері байланыс формасын толтыруға шақырамыз! 💛
Дәрістегі есеп пен оның шешімін кейін арнамызда жариялайтын боламыз.
_
Спасибо всем, что пришли! Здесь находится запись сегодняшней лекции, а также предлагаем вам заполнить форму обратной связи, чтобы мы могли развиваться дальше! 💛
Задачу с лекции и её решение опубликуем позже на канале.

#дәрістер #лекции
🔥8❤4🥰2👍1
📝 Міне, біз дүйсенбіде жіберген есептің шешімі (спойлермен жабылған):
_
📝 А вот решение задачи, которую мы присылали в понедельник (скрыто под спойлером):

#есептер #задачи
Бір лингвистикалық есеп қаншалықты қиын болуы мүмкін? Бірден бесеуі ше? 🤔

Лингвистикадан дүниедегі ең ауқымды олимпиаданың – I ! O ! L ! – тапсырмаларын қарап шығуды ұсынамыз!

IOL, яғни International Olympiad in Linguistics, яғни Халықаралық лингвистикалық олимпиада – 2003-тен бері жылда өтетін, ең беделді халықаралық олимпиадалардың бірі. Олимпиаданың жеке және топтық кезеңдерінде қатысушылар түрлі тілдерге шытырман есеп шығарып логика мен интуициядан жарысады.

Дәл IOL-ға әрқайсысыңыз қатысып, ең көп ұпай жинасаңыз мүмкін тіпті жүлделі орын ала аласыздар. Бірақ та олимпиаданың мәні медальда емес – ұмытылмас тәжірибеде, ойөріс кеңейтуінде және, әрине, жас лингвистердің тату қауымын құруда. ХЛО-ға дайындық арқылы өз өмірін бұл ғылыммен байланыстырамын деп шешкендер көп, ал университеттер бұрынғы қатысушыларын жылы жүзбен қарсы алады!

Айтпақшы, Қазақстан құрамасы IOL-ға 2015 жылдан бері қатысып тұр және сол кезден 5 қола жүлде мен 5 құрмет грамотасын әкелген 🏅
_
Насколько сложной может быть одна лингвистическая задача? А что насчёт пяти за раз? 🤔

Предлагаем вам взглянуть на задания самой масштабной олимпиады по лингвистике – I ! O ! L !

IOL, она же International Olympiad in Linguistics, она же Международная олимпиада по лингвистике – одна из престижнейших международных олимпиад школьников, проходящая ежегодно с 2003. В двух турах олимпиады – индивидуальном и командном – участники со всего мира состязаются в логике и интуиции, решая каверзные задачи на разные языки.

Именно на IOL может попасть каждый из вас, а может и получить призовое место, собрав как можно больше баллов. Суть олимпиады, однако, не в медали, а в незабываемом опыте, расширении кругозора, и конечно формировании дружного сообщества молодых лингвистов. Немало тех, кто после подготовки к “межнару” решил связать жизнь с этой наукой, а многие университеты тепло принимают бывших участников!

Сборная Казахстана, кстати, участвует на IOL с 2015, и с тех пор привезла 5 бронзовых медалей и 5 почётных грамот 🏅

#олимпиада
❤2🔥1
Дыбыстық сәйкестік туралы есептер👂
Сондай есептер әдетте келесідей көрінеді: бірнеше тілдегі сөздердің тізімі берілген және сөздердің шығу тегі ортақ. Бұлар не туыстас тілдердің сөздері, не бір тілден екінші тілге ауысқан кірме сөздер болуы мүмкін. Шешушінің мақсаты — әр түрлі тілдердің сөздері арасында қандай дыбыстық сәйкестіктер байқалатынын түсіну және осы тілдердің басқа да сөздерінің қандай екенін болжауға мүмкіндік беретін жүйені құру.

Айта кететіні, егер тапсырма материалына сүйеніп, біз А тілінің сөздерін Б тілінің сөздерінен құрастыра алсақ, бұл А тілінің шынымен де Б тілінен шыққанын білдірмейді: олар бір ата тілден шығып, кейін әр түрлі бағытта дамыған тілдер де болуы мүмкін. Бұл жағдайда да олардың арасында жүйелі айырмашылықтар байқалады.

Міне, осындай есептің мысалы:
_
Задачи на звуковые соответствия👂
Задачи такого рода обычно выглядят так: дан список слов из нескольких языков, причём слова имеют общее происхождение. Это могут быть слова из родственных языков, а могут быть и заимствования одного языка из другого. Задача решающего — понять, какие звуковые соответствия наблюдаются между словами из разных языков, и выстроить систему, по которой можно предсказать, как выглядят и другие их слова.

Кстати, если на материале задачи мы можем получить слова языка А из слов языка Б, это совсем не означает, что язык А действительно произошёл от Б: речь может идти о языках, которые развивались из общего языка-предка параллельно, но в разных направлениях, и в таком случае тоже наблюдаются систематические различия.

Вот пример такой задачи:

📝 #есептер #задачи
🤩4❤1