FARABI UNIVERSITY
8.85K subscribers
13.2K photos
1.54K videos
30 files
5.86K links
QAZAQ ULTTYQ ÝNIVERSITETI
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 РЕКТОР МЕДИЦИНА ФАКУЛЬТЕТІНЕ ЖАҢА МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев медицина және денсаулық сақтау факультетінің қызметімен танысып, оқытушы-ғалымдармен кездесті.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101705?lang=kz

📌 РЕКТОР ПОСТАВИЛ НОВЫЕ ЗАДАЧИ МЕДИЦИНСКОМУ ФАКУЛЬТЕТУ

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101705?lang=ru

📌 THE RECTOR HAS SET NEW TASKS FOR THE FACULTY OF MEDICINE

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101705?lang=en
❤9🔥5
📌 ЭТНОЛОГТАРДЫҢ ҚЫСҚЫ МЕКТЕБІ БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Этнологияның өзекті мәселелері (әлеуметтік-мәдени антропология): тарих және қазіргі заман» тақырыбындағы этнологтардың қысқы мектебі өз жұмысын бастады.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101715?lang=kz

📌 СТАРТОВАЛА ЗИМНЯЯ ШКОЛА ЭТНОЛОГОВ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби начала свою работу зимняя школа этнологов на тему «Актуальные проблемы этнологии (социально-культурная антропология): история и современность».

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101715?lang=ru

📌 The winter school of ethnologists has started

The Winter School of Ethnologists on the topic ‘Current Issues in Ethnology (Socio-Cultural Anthropology): History and Modernity’ has begun its work at Al-Farabi Kazakh National University

🔗 More detailed: https://farabi.university/news/101715?lang=en
❤7👍4🔥2
📌 ҚАЗҰУ-ДА ЗАҢГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ОНЛАЙН-КУРС БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «2027 жылғы конституциялық реформа аясында Қазақстан Республикасының конституциялық және әкімшілік заңнамасын дамытудың проблемалары мен перспективалары» тақырыбында сыртқы тыңдаушыларға арналған сертификатталған онлайн-курс басталды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101719?lang=kz

📌 КАЗНУ ПРОВОДИТ ОНЛАЙН-КУРС ДЛЯ ЮРИСТОВ

В КазНУ имени аль-Фараби стартовал сертифицированный онлайн-курс для внешних слушателей на тему «Проблемы и перспективы развития конституционного и административного законодательства Республики Казахстан в свете конституционной реформы 2027 года».

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101719?lang=ru

📌 KazNU conducts an online course for lawyers

🔗 More detailed: https://farabi.university/news/101719?lang=en
❤6🔥6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 АКАДЕМИК КҮРДЕЛІ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДА ҚАЗҰУ СУПЕРКОМПЬЮТЕРІН ПАЙДАЛАНУДА

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдалануда.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101722?lang=kz

📌 АКАДЕМИК ИСПОЛЬЗУЕТ СУПЕРКОМПЬЮТЕР КАЗНУ ДЛЯ РЕШЕНИЯ СЛОЖНЫХ ЗАДАЧ

Вице-президент Национальной академии наук при Президенте Республики Казахстан, известный казахстанский учёный и общественный деятель, академик Аскар Жумадилдаев для решения сложных математических задач использует мощности суперкомпьютера Казахского национального университета имени аль-Фараби.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101722?lang=ru

📌 THE ACADEMICIAN USES THE KAZNU SUPERCOMPUTER TO SOLVE COMPLEX PROBLEMS

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101722?lang=en
❤7👏6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💠 Академик күрделі есептерді шығаруда ҚазҰУ суперкомпьютерін пайдаланады

ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, белгілі қазақстандық ғалым және қоғам қайраткері, академик Асқар Жұмаділдаев күрделі математикалық есептерді шешуде ҚазҰУ суперкомпьютерінің қуатын пайдаланады.

🔗 Толығырақ: gov.kz

***

💠 Академик использует суперкомпьютер КазНУ для решения сложных задач

Вице-президент Национальной академии наук при Президенте РК, известный казахстанский ученый и общественный деятель, академик Аскар Жумадилдаев для решения сложных математических задач использует мощности суперкомпьютера КазНУ имени аль-Фараби.

🔗 Подробнее: gov.kz
👏8👍3❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 РЕКТОР ЖАС ҒАЛЫМДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев аға оқытушы, жас ғалым Айжамал Байсейітованы қабылдады.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101728?lang=kz

📌 РЕКТОР ПРИНЯЛ МОЛОДОГО УЧЕНОГО

Председатель Правления – Ректор Казахского национального университета имени аль-Фараби Жансеит Туймебаев принял старшего преподавателя, молодого ученого Айжамал Байсеитову

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101728?lang=ru
👏9❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ FARABI HUB МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кәсіподақ белсенділері қысқы демалыс кезінде Farabi HUB инновациялық орталығына барды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101732?lang=kz

📌 ПРОФСОЮЗНЫЙ АКТИВ ОЗНАКОМИЛСЯ С ВОЗМОЖНОСТЯМИ FARABI HUB

В период зимних каникул активисты профсоюза КазНУ имени аль-Фараби посетили инновационный центр Farabi HUB.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101732?lang=ru
❤5🔥5
15 ҚАҢТАР – ҚАЗҰУ-ДЫҢ ҚҰРЫЛҒАН КҮНІ
❤18👍11🔥5
Құрметті әріптестер, оқытушы-ғалымдар,
университет түлектері, білім алушы жастар!


Сіздерді еліміздің ғылымы мен білімінің қара шаңырағы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің құрылған күнімен шын жүректен құттықтаймын!
ҚазҰУ – бұл жай ғана жоғары оқу орны емес, бұл – ұлттың зияткерлік әлеуетін қалыптастырған, мемлекетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан бірегей ғылыми-білім беру орталығы.
Университет құрылған сәттен бастап академиялық еркіндікке, іргелі білімге, ғылым мен инновацияның үйлесімді дамуына берік негіз қалады.
Өткен жылдар ішінде ҚазҰУ мыңдаған білікті мамандарды, көрнекті ғалымдарды, қоғам және мемлекет қайраткерлерін тәрбиелеп шығарды.
Университет қабырғасында қалыптасқан ғылыми мектептер мен дәстүрлер бүгінгі күні де өз жалғастығын тауып, заманауи зерттеулермен, халықаралық серіктестіктермен және технологиялық жаңашылдықтармен толықтырылып келеді.
Бүгінде Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігінде лайықты орны бар, әлемдік рейтингтерде мойындалған, инновациялық инфрақұрылымы дамыған жетекші университет.
Жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеу, цифрлық технологиялар мен пәнаралық зерттеулерді дамыту арқылы университет ғылым мен білімнің жаңа сапалық деңгейіне көтерілуде.
Тоқсан жылдан астам тарихы бар еліміздегі көшбасшы жоғары оқу орны бүгінде дүниежүзіндегі үздік 200 университеттің қатарында тұр.
Алғашқы кезеңде 54 студентпен ашылған университетте қазіргі таңда 30 мыңға жуық білім алушы бар.
92 жыл бұрын физика-математика және биология факультеттері ғана жұмыс істесе, қазір олардың саны 16-ға жетті.
1941 жылға дейін 14 білім беру бағдарламасы бекітілсе, қазіргі таңда олардың саны 550-ден асты.
Университетте әлемнің 54 елінен келген 7000-нан астам шетелдік студент білім алуда.
Әлемнің 700-ден астам жетекші жоғары оқу орнымен серіктестік байланыс орнатылған.
2022 жылы Мемлекет басшысының Түркия мен Қырғызстанға ресми сапары аясында Ыстамбұл мен Бішкек қалаларында ҚазҰУ филиалдары ашылды.
2025 жылы ҚазҰУ филиалы Омбы қаласында құрылды.
Сондай-ақ университет базасында Ресейдің МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің және Қытайдың Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалдары жұмыс істейді.
Бүгінгі күні ҚазҰУ QS әлемдік рейтингінде 166-орында тұр және Азиядағы үздік 40 жоғары оқу орнының санатына енген.
Білім ордасы студенттер үшін 120 мамандық бойынша Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламаларын жүзеге асырып келеді.
Оқу орны халықаралық байланыстарды, университеттік ғылымды және заманауи инфрақұрылымды дамытуға ерекше мән береді.
Соңғы екі жылда 50 заманауи зертхана іске қосылып, 80 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-білім беру және инновациялық экожүйенің флагманы ретінде дамып, цифрландыру мен жасанды интеллект саласындағы ұлттық басымдықтарды іске асыруға белсенді түрде қатысып отыр.
Соның ішінде ірі мәліметтерді талдау, қолданбалы математика, биоинформатика, климаттық модельдеу және инженерлік ғылымдар бойынша көпсалалы зерттеулер жүргізілуде.
❤20👍1
ҚазҰУ суперкомпьютері білім беру мен ғылыми зерттеулерге енгізіліп, тілдік модельдер әзірлеу, генетикалық деректерді өңдеу, климаттық болжамдар жасау және инженерлік шешімдер дайындау сияқты фундаменталды және қолданбалы зерттеулерде қолданыла бастады.
FARABI HUB инновациялық-технологиялық хабы, Farabi Robotics орталығы, Халықаралық цифрлық технологиялар және робототехника институты, «Қашықтықтан зондтау және қолдану технологиясы», «Тұрақты даму және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану» ғылыми орталығы, Farabi Chem Science кластері, 3 Тесла МРТ аппараты бар Ми институты, сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттары және заң шығару процесінде жасанды интеллектіні енгізу саласындағы зерттеу және өндірістік алаңдар сәтті жұмыс істеуде.
Құрылған база университетке білім мен технологиялық шешімдердің негізгі орталығы болуға мүмкіндік береді.
Бұл жетістіктер, ең алдымен, университет ұжымының табанды еңбегінің, профессор-оқытушылар мен ғалымдардың кәсіби шеберлігінің, студенттердің білімге деген құштарлығының нәтижесі.
Сіздердің әрқайсыңыз ҚазҰУ-дың бүгінгі биігі мен ертеңгі болашағын бірге жасап келесіздер.
Тарихқа көз жүгіртсек, 1966 жылы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың шешімімен арнайы жер телімі бөлініп, 1972 жылы ҚазҰУ қалашығындағы алғашқы құрылыс жұмыстары басталды.
2022 жылы білім ордасына «зерттеу университеті» мәртебесі беріліп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен ҚазҰУ қалашығы құрылысының екінші кезеңі басталды.
Биыл жыл басында ҚазҰУ қалашығында әрқайсысы 1000 орынға есептелген тоғыз қабатты бес жатақхананың құрылысын бастауға байланысты естелік капсула салу рәсімі өтті.
Бұдан бөлек, оқу корпустары, спорттық-сауықтыру орталығы, қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер, инновациялық орталық, ғылыми-зерттеу орталығы және технопарк салу жоспарланған.
Біз ҚазҰУ-ды дамыту мен жаңғыртудың жаңа дәуірінің табалдырығында тұрмыз.
Бұл – сапалы білім алуға, ғылыми қызметті дамытуға және студенттік өмірді жаңа деңгейге көтеруге тың мүмкіндіктер ашатын тарихи кезең.
Көшбасшы университетіміздің абыройын бірге көтеріп, жаңа белестерді бірге бағындыру жолында бірлесе еңбек етуге шақырамын.
Осы мерейлі күні баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, ғылым жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
❤24👏4
«QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ КЕЗЕКТІ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
❤10👍1
Құрметті оқырман!
«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №1 (2004) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
https://farabi.university/newspaper

Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

* Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры, «Жауапты мемлекет арқылы саналы қоғам қалыптасады»
* Ақмарал СМАНОВА, «Нақты үлес қосу маңызды»
* Руслан АҚМАҒАНБЕТ, «Орта дәліздің» мүмкіндіктері»
* Нәзия ТАСИЛОВА, «Өзгеріс өзегі білім мен ғылымда»
* Жәнібек ҒАЛЫМ, «Газет-журналдар қайта өрлеу дәуірінде не істей алады?»
* Нұрхалық АБДЫРАҚЫН, «Еліміз жаңғыру жолын таңдады»
* Баян ЖОЛДАСБЕКОВА, Жайна САТКЕНОВА, «Ұлттық құндылықтарды ұлықтаймыз»
* Гаухар ДАТХАБАЕВА, «Зерттеу орталықтары зерделі білім алушыларға қызмет етеді»
* Неля РУШАНОВА, «Жаңартылған телестудия іске қосылды»
* Нұрбол БЕЙСОВ, «Жасанды интеллект – ел дамуының тетігі»
* Сауле МАУСУМБЕКОВА, «Казахстанский ученый почетный доктор РАН»
* Радмила МУРАТОВА, «Благотворительная акция к Новому году»
* Фатима КАНАПИЕВА, «Благодарственное письмо от министра энергетики»
* Дархан БАЙДАЛИЕВ, «Халықтық педагогикалық мұраларды жаңғыртты»
* Гүлия ИЛЯШОВА, Айжаным ТЕМІРХАНҚЫЗЫ, «Білікті кадрдың бәсі жоғары»
* Ақмарал БАЛХАШЕВА, «Адал еңбек жемісі»
* Серғазы ҚҰДАЙБЕРГЕНОВ, «Әл-Фараби идеялары заманауи форматта»
* Райхан ДҮЙСЕНБАЕВА, Гүлбағиза МҰСАЕВА, «Шапағат» – мейірім мекені»
👏10❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 СТУДЕНТТЕРГЕ ИМИДЖДІК КИІМДЕР СЫЙҒА ТАРТЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың тапсырмасымен белсенді студенттерге оқу ордасының брендтік имиджін айқындайтын арнайы киімдер табысталды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101732?lang=kz

📌 СТУДЕНТАМ ВРУЧИЛИ ИМИДЖЕВУЮ ОДЕЖДУ

По поручению Председателя Правления – Ректора Казахского национального университета имени аль-Фараби Жансеита Туймебаева активным студентам были вручены специальные имиджевые брендированные комплекты одежды, отражающие корпоративный стиль университета.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101742?lang=ru
❤12👍1
📌 СЯМЫНЬ УНИВЕРСИТЕТІМЕН БІРЛЕСКЕН ҚЫСҚЫ МЕКТЕП БАСТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасының ұйымдастыруымен Сямынь университетімен (ҚХР) бірлескен қысқы мектеп өз жұмысын бастады.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101749?lang=kz

📌 ЗИМНЯЯ ШКОЛА С УНИВЕРСИТЕТОМ СЯМЫНЬ НАЧАЛА СВОЮ РАБОТУ

По инициативе кафедры китаеведения факультета востоковедения КазНУ имени аль-Фараби начала свою работу совместная зимняя школа с Университетом Сямынь (КНР).

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101749?lang=ru
❤6🔥6