FARABI UNIVERSITY
8.84K subscribers
13.2K photos
1.54K videos
30 files
5.86K links
QAZAQ ULTTYQ ÝNIVERSITETI
Download Telegram
🇰🇿🇧🇪 Астанада екі ел басшыларының қатысуымен Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті
 
13 қазанда Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайымы Матильданың «Жасанды интеллект, жоғары білім және ғылыми зерттеулер: Қазақстан мен Бельгия ынтымақтастығының перспективалары» тақырыбында Қазақстан-Бельгия ректорлар форумы өтті. Іс-шараға екі елдің бейінді министрліктерінің өкілдері, Қазақстанның 18 және Бельгияның 11 жоғары оқу орны мен ғылыми-зерттеу ұйымының басшылары да қатысты.
 
Форум академиялық және ғылыми ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылауға, бірлескен білім беру бағдарламалары мен ғылыми-зерттеу жобаларын дамытуға, сондай-ақ жасанды интеллект және жоғары білімді цифрлық трансформациялау салаларындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге арналған маңызды алаңға айналды.
 
Форумды ашқан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мемлекет басшысы мен Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайымы Матильданың қатысуы жоғары білім мен ғылымның екіжақты қарым-қатынастарды нығайтудағы және ұзақ мерзімді серіктестікті қалыптастырудағы стратегиялық маңызын айқындайтынын атап өтті. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Бельгия университеттері арасындағы тікелей байланыстарды нығайтып, нақты практикалық нәтижелерге бағытталған серіктестікті дамытудың маңыздылығына тоқталды.
 
«Президенттің бастамасымен 2026 жыл Цифрландыру және жасанды интеллект жылы болып жарияланды. AI-Sana бағдарламасы аясында 700 мыңнан астам студент білім алды. Ендігі міндет – университеттерде алған білімді білім беру үдерісінде, ғылыми зерттеулерде және технологиялық жобаларда іс жүзінде қолдануды қамтамасыз ету. Форум барысында Қазақстан мен Бельгия университеттерінің ректорлары жасанды интеллектіні білім мен ғылым салаларында қолдану перспективаларын талқылады. Қол жеткізілген уағдаластықтардың маңызды нәтижелерінің бірі – математика, жасанды интеллект, модельдеу және инженерлік есептеулер салаларында Қазақстан мен Гент университетінің бірлескен Mirror Lab зертханасын дамыту. Зертхана Математика және математикалық модельдеу институты мен Alem.ai халықаралық орталығының базасында жұмыс істейді деп жоспарланған», - деп атап өтті министр Саясат Нұрбек.

 
🔗 Толығырақ: gov.kz
❤1
🇰🇿🇧🇪 В Астане прошел Казахстанско-Бельгийский форум ректоров с участием глав двух государств
 
13 октября в Астане с участием Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, Короля Бельгии Филиппа и Королевы Матильды состоялся Казахстанско-Бельгийский форум ректоров на тему «Искусственный интеллект, высшее образование и научные исследования: казахстанско-бельгийские перспективы». В мероприятии также приняли участие профильные министры двух стран, руководители 18 казахстанских и 11 бельгийских университетов и научно-исследовательских организаций.
 
Форум стал площадкой для обсуждения новых направлений академического и научного сотрудничества, развития совместных образовательных программ и исследовательских проектов, а также расширения взаимодействия в сфере искусственного интеллекта и цифровой трансформации высшего образования.
 
Открывая Форум, министр науки и высшего образования РК Саясат Нурбек подчеркнул, что участие Главы государства, Короля Филиппа и Королевы Матильды свидетельствует о стратегической значимости высшего образования и науки в укреплении двусторонних отношений и формировании долгосрочного партнерства между двумя странами. Он отметил важность укрепления прямых связей между университетами Казахстана и Бельгии, а также развития партнерства, ориентированного на конкретные практические результаты.
 
«По инициативе Президента 2026 год объявлен Годом цифровизации и искусственного интеллекта. В рамках программы AI-Sana обучение прошли более 700 тысяч студентов. Сегодня перед университетами стоит следующая задача – обеспечить практическое применение полученных знаний в образовательном процессе, научных исследованиях и технологических проектах. В ходе Форума ректоры казахстанских и бельгийских университетов обсудили перспективы применения искусственного интеллекта в образовании и науке. Одним из значимых результатов достигнутых договоренностей станет развитие проекта Mirror Lab – совместной зеркальной лаборатории Казахстана и Гентского университета в области математики, искусственного интеллекта, моделирования и инженерных вычислений. Предполагается, что лаборатория будет функционировать на базе Института математики и математического моделирования и Международного центра Alem.ai», - подчеркнул министр Саясат Нурбек.


🔗 Подробнее: gov.kz
❤2