FARABI UNIVERSITY
8.84K subscribers
13.2K photos
1.54K videos
30 files
5.86K links
QAZAQ ULTTYQ ÝNIVERSITETI
Download Telegram
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-ғалымдары, қызметкерлері, білім алушы жастары!

Сіздерді Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұжымы және өз атымнан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
2025 жыл университетіміз үшін маңызды жаңғырулар мен ірі бастамалардың кезеңі болды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ғалымдармен кездесуінде: «Университеттер тың зерттеулер мен жаңалықтардың бастауында тұруға тиіс. Қазір технология қарқынды дамыған кезеңде біз үздіксіз ізденіске, терең білім мен ғылымға ерекше мән беруіміз керек», – деп атап өткен болатын.
Биыл ҚазҰУ Қазақстан мен Орталық Азиядағы жоғары білімнің көшбасшысы мәртебесін тағы бір мәрте дәлелдеп, QS World University Rankings – 2025 халықаралық рейтингінде 166-орынды иеленді.
Халықаралық ынтымақтастық аясында университет әлемнің 700-ден астам жетекші жоғары оқу орнымен серіктестік байланыс орнатты.
Қазіргі таңда ҚазҰУ 120 мамандық бойынша Еуропа, АҚШ, Оңтүстік-Шығыс Азия және Ресей университеттерімен қос диплом бағдарламаларын табысты жүзеге асырып келеді.
Университетте 54 мемлекеттен 7000-нан астам студент білім алуда.
Бүгінде университеттің Ыстамбұл, Бішкек және Омбы қалаларында филиалдары табысты жұмыс істейді.
Сондай-ақ ҚазҰУ базасында Ұлттық ядролық зерттеу университеті (МИФИ) мен ҚХР Солтүстік-батыс политехникалық университетінің филиалдары ашылды.
Соңғы екі жылда 50 заманауи зертхана іске қосылып, 100 миллион АҚШ долларынан астам инвестиция тартылды.
Нәтижесінде Farabi HUB, Supercomputer кластері, FARABI ROBOTICS орталығы, Цифрлық технологиялар және робототехника халықаралық институты, Қазақстан-Қытай «Қашықтан зондтау технологиясы және қолдану» бірлескен зертханасы, «Тұрақты даму және табиғатты ұтымды пайдалану» ғылыми орталығы, PolyU-KazNU – Орталық Азиядағы тұрақты даму орталығы, Farabi Chem Science кластері, «Гальваникалық қаптамалар» ғылыми-өндірістік орталығы, «ZOOSTAN» археозоологиялық орталығы, Дәрілік өсімдіктерді ғылыми-зерттеу орталығы, ҚР Заң шығару үдерісіне ЖИ енгізу құқықтық орталығы, «ZTE» және «BASF Mining Solutions» зертханалары профессор-оқытушылар мен студент жастардың игілігіне қызмет ете бастады.
Цифрлық технологиялар, жасанды интеллект, робототехника және инженерия бағытында халықаралық жобалар жүзеге асырылып, студенттердің стартаптары мен ғылыми-шығармашылық бастамаларына кең қолдау көрсетіле бастады.
Университеттің білім беру үдерісі еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделіп, академиялық ұтқырлық, дуалды білім беру, стартап-экожүйе және практикалық дағдыларды қалыптастыру жүйелі түрде дамыды.
Студенттеріміз республикалық және халықаралық олимпиадаларда, ғылыми байқаулар мен спорттық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.
Бұл жетістіктер ҚазҰУ-ды халықаралық ғылыми-білім беру кеңістігінде жаңа белестерге көтеріп, еліміздің ғылым мен білім саласындағы көшбасшылық бағытын айқындай түсті.
Алдағы жылы да ауқымды ғылыми жаңалықтар, халықаралық жобалар, сапалы білім беру бастамалары жалғасын табатынына сенімдімін.
Жаңа жыл баршаңызға жаңа мүмкіндіктер беріп, ғылыми жетістіктер мен мол кәсіби табыс әкелсін.
Бірлігіміз бекем, мақсатымыз айқын, ғылым жолындағы ізденістеріңіз нәтижелі болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға құт-береке, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор
Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
👏13❤8🎉5
МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ СҰҚБАТЫНАН🇰🇿🇰🇿🇰🇿
❤4
ИЗ ИНТЕРВЬЮ ГЛАВЫ ГОСУДАРСТВА КАСЫМ-ЖОМАРТА ТОКАЕВА🇰🇿🇰🇿🇰🇿
❤4👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ҚАЗҰУ-ДА ЖАҢА ЭНЕРГООРТАЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Қазақстан Республикасының энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияспен кездесу өткізді.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/101576?lang=kz

📌 В КАЗНУ ОТКРОЕТСЯ НОВЫЙ ЭНЕРГОЦЕНТР

Председатель Правления – Ректор Казахского национального университета имени аль-Фараби Жансеит Туймебаев провел встречу с вице-министром энергетики Республики Казахстан Бахытжаном Ильясовым.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/101576?lang=ru

📌 A new energy center will be opened in KazNU

Chairman of the board-Rector of Al – Farabi Kazakh National University Zhanseit Tuimebayev held a meeting with Vice Minister of energy of the Republic of Kazakhstan Bakytzhan Ilyas.

🔗 More detailed: https://farabi.university/news/101576?lang=en
❤3🔥3👍2