FARABI UNIVERSITY
8.85K subscribers
13.2K photos
1.54K videos
30 files
5.85K links
QAZAQ ULTTYQ ÝNIVERSITETI
Download Telegram
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
❤6
Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушы жастары!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз құттықтауында: «Бұл – халқымыздың ең асыл құндылықтарын дәріптейтін ерекше мереке. Өзара құрмет көрсету, өзгеге жанашырлықпен қарап, шынайы тілеулес болу – ұлтымыздың бойына сіңген қасиеттер. Алғыс айту дәстүрі төл руханиятымыздың темірқазығы ретінде ел ішіндегі сенім мен бірлікті нығайтуға зор ықпал етіп келеді. Жақындарымызға алғыс айту – оларға рухани қолдау көрсету, қиын кезде қол ұшын созу деген сөз. Қазіргі құбылмалы заманда бұл қасиеттің мән-маңызы ерекше», – деп атап өтті.
Алғыс айту – жүректен шығатын ізгі сезім, адамгершілік пен парасаттың жарқын көрінісі. Мұндай құндылықтар қоғам тұрақтылығының берік негізін қалайды.
Бұл игі ұстанымдар университетіміздің де басты қағидаттарына айналған. Ұжымның кәсіби шеберлігі, ғалымдардың тынымсыз ізденісі, қызметкерлердің жоғары жауапкершілігі мен студенттердің талпынысы оқу ордамызды жаңа белестерге жетелейтініне сенемін.
Өзара сыйластық пен жанашырлық, қолдау мен серіктестік әрдайым арта берсін!
Осындай ынтымағы жарасқан ортада еңбек етіп, білім алып жүрген әрбіріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, қуаныш пен берекелі күндер тілеймін.

Құрметпен,
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің
Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ
❤7
БҮГІН ҰЛТ МАҚТАНЫШЫ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ 1970-1986 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕКТОРЫ ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ ТУҒАН КҮНІ
❤7
https://aikyn.kz/299809/u-lt-g-ylymynyn--u-ly-tu-lg-asy

ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ 1970-1986 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕКТОРЫ ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ - РЕКТОР ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ "АЙҚЫН" ГАЗЕТІНДЕ ЖАРЫҚ КӨРГЕН МАҚАЛАСЫ
❤3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Академик, ғалым Өмірбек Жолдасбеков туралы керек дерек
❤6
ҚР ҰҒА АКАДЕМИГІ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДЫҢ 1970-1986 ЖЫЛДАРДАҒЫ РЕКТОРЫ ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «QAZAQ UNIVERSITETI» ГАЗЕТІНІҢ АРНАУЛЫ НӨМІРІ ЖАРЫҚ КӨРДІ
❤3
Құрметті оқырман!

«Qazaq universitetı» газетінің кезекті №9 (2012) саны жарық көрді. Басылымның электронды нұсқасын университет сайтының «Жылдам сілтемелер» бөлімінен оқи аласыздар.
https://farabi.university/newspaper

Газетте төмендегідей мақалалар, сұхбаттар, ақпараттар жарияланды:

* Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры, «Ұлт мүддесіне қызмет етудің үлгісі»
* «Қазақ руханиятының талантымен тау жыққан тарланы»
* Зейнолла ҚАБДОЛОВ, «От еді...»
* Әбіш КЕКІЛБАЙҰЛЫ, «Өрге бастар өнеге»
* Қалтай МҰХАМЕДЖАНОВ, «Көш басында өзіңсің»
* Сұлтан САРТАЕВ, «Ұлы азамат»
* Уахит ШӘЛЕКЕНОВ, «Сен халқыңның жүрегіндесің...»
* Қансейіт ӘБДЕЗҰЛЫ, «Тағылымы терең тағдыр»
* «У.А.Жолдасбеков о женщине»
* Фариза ОҢҒАРСЫНОВА, «Пендешіліктен адамыз»
* Күләш АХМЕТОВА, «Ұлылық»
* Өмірбек ЖОЛДАСБЕКОВ, «Қойын дәптер қорынан»
* Каиржан ТУРЕЖАНОВ, «Баян ДЖОЛДАСБЕКОВА, академик НАН РК при Президенте Республики Казахстан: «Он родился, чтобы стать лидером»
* Жұмаділ БАЙҒҰНШЕКОВ, «Академик Өмірбек Жолдасбековтің ғылыми мұрасы»
* Султан ТУЛЕУХАНОВ, «Слово об ученом и организаторе науки»
* Амангелді ТЕМІРБЕКОВ, «Абыз аға»
* «Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы» (Фотошежіре)
❤2
📌 ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ ТАЛАНТЫМЕН ТАУ ЖЫҚҚАН ТАРЛАНЫ

Өмірбек Жолдасбеков ХХІ ға­сыр мен үшінші мың­жыл­дық­та қазақ азаматының алдынан шығар терең зерделілік пен іскерлік алғырлықтың, аза­мат­тық қайсарлық пен күрескерлік табандылықтың, ізденім­паз­дық пен дәйектіліктің мейлінше қатал талабына ХХ ғасырда жү­ріп-ақ ойдағыдай жауап бе­ре алған айтулы саңлақ еді.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103141?lang=kz
❤5🔥2
📌 ОН РОДИЛСЯ,ЧТОБЫ СТАТЬ ЛИДЕРОМ

Умирбек Джолдасбеков — это явление, которое нечасто встречается в истории. Его появление в Казахстане говорит о величии и духовном богатстве нашего народа. Академик Джолдасбеков известен как выдающийся ученый, организатор науки и образования, а также, как политический и госу­дар­ственный деятель.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103143?lang=ru
❤4
📌 ҚОЙЫН ДӘПТЕР ҚОРЫНАН

Әлемге мәшһүр Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековпен жолға шыға қалған сапарластар ол кісінің нақты ғылымдар саласындағы таңға­жайып тапқырлығы мен тамаша қисындарынан хабардар болып қана қоймай, ұтқыр ойлы шешендігіне де тәнті екенін әңгімелейді. Төменде осындай жол-жөнекей жоралғы сұхбат есебінде «қойын дәптер қорына» түскен лебіз­дер­дің бір парасын оқырман назарына ұсынуды жөн көрдік.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103142?lang=kz
❤4🔥1🥰1
📌 АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ ҒЫЛЫМИ МҰРАСЫ

Ұлағатты ұстаз, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанда машиналар мен механизмдер теориясы және робототехника ғылымдарының негізін қалаушы ғұлама ғалым Өмірбек Жолдасбеков 1931 жылы 1 наурызда Шымкент облысы Сайрам ауданы Қызыл су ауылында дүниеге келген.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103165?lang=kz
🔥2❤1
📌 СЛОВО ОБ УЧЕНОМ И ОРГАНИЗАТОРЕ НАУКИ

В эти дни общественность нашей независимой Республики Казахстан отмечает славный юбилей, 95-летие со дня рождения преданного сына нашей страны, выдающегося педагога, ученого и организатора науки Умирбека Арислановича Жолдасбекова. Пользуясь данной возможностью мне хотелось бы поделиться своим личным отношением к Умирбеку Арислановичу.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103166?lang=ru
❤2🔥2
📌 АБЫЗ АҒА

Ұлы педагог-ғалым Өмірбек Арысланұлы Жолдасбеков – студенттердің үміт ұшқынын маздатқан, білім мен ғылымға деген сенімін арттырған дара тұлға.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103168?lang=kz
❤4👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ШЭНЬСИ ПРОВИНЦИЯСЫМЕН СЕРІКТЕСТІК КЕҢЕЙЕДІ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне вице-губернатор Ли Цзюнь бастаған Қытайдың Шэньси провинциясы Халық үкіметінің делегациясы жұмыс сапарымен келді.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103187?lang=kz

📌 РАСШИРЯЕТСЯ СОТРУДНИЧЕСТВО С ПРОВИНЦИЕЙ ШЭНЬСИ

Казахский национальный университете имени аль-Фараби с рабочим визитом посетила делегация Народного правительства провинции Шэньси (КНР) во главе с вице-губернатором Ли Цзюнем.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103187?lang=ru
🔥2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ҚАЗҰУ-ДА Ө.ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ЦИФРЛЫҚ ИНЖЕНЕРИЯ КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, академик Өмірбек Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толуына орай, ауқымды шаралар ұйымдастырылды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103188?lang=kz

📌 В КАЗНУ ОТКРЫЛСЯ КЛУБ ЦИФРОВОЙ ИНЖЕНЕРИИ ИМЕНИ У.ДЖОЛДАСБЕКОВА

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби организованы масштабные мероприятия в честь 95-летия со дня рождения выдающегося государственного и общественного деятеля, известного ученого, академика Умирбека Джолдасбекова.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103188?lang=ru
🔥2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 АКАДЕМИК ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҒЫ КЕҢ КӨЛЕМДЕ НАСИХАТТАЛДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстандағы робототехника мектебі және машина механизмдері теориясының негізін қалаушы, көрнекті ғалым, қоғам және мемлекет қайраткері, академик Өмірбек Жолдасбековтің туғанына 95 жыл толуына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103189?lang=kz

📌 ШИРОКО ОТМЕЧЕНО 95-ЛЕТИЕ АКАДЕМИКА УМИРБЕКА ДЖОЛДАСБЕКОВА

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби была организована научно-практическая конференция, посвященная 95-летию со дня рождения выдающегося ученого, общественного и государственного деятеля, академика Умирбека Джолдасбекова – основателя казахстанской школы робототехники и теории механизмов машин.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103189?lang=ru
🔥2❤1
📌 АФИНЫ ТӨРІНДЕ ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Афинының Каподистрия атындағы ұлттық университеті базасында «Әл-Фараби және грек философиясы» атты халықаралық ғылыми конференция өтті.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103213?lang=kz

📌 В АФИНАХ ОБСУДИЛИ НАСЛЕДИЕ АЛЬ-ФАРАБИ

На базе Афинского национального университета имени Каподистрии состоялась международная научная конференция «Аль-Фараби и греческая философия».

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103213?lang=ru

📌 AL-FARABI LEGACY DISCUSSED IN ATHENS

🔗 More detailed: https://farabi.university/news/103213?lang=en
🔥4❤1
📌 ҚАЗҰУ ЖИ БОЙЫНША ҚЫТАЙ УНИВЕРСИТЕТІМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛМАСАДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Сучжоу қалалық партия комитетінің хатшысы Фань Бомен келіссөз жүргізді.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103233?lang=kz

📌 КАЗНУ ОБМЕНИВАЕТСЯ ОПЫТОМ В ОБЛАСТИ ИИ С КИТАЙСКИМ УНИВЕРСИТЕТОМ

Председатель Правления – Ректор Казахского национального университета имени аль-Фараби Жансеит Туймебаев провел переговоры с секретарем городского комитета партии Сучжоу Фань Бо.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103233?lang=ru

📌 KAZNU SHARES AI EXPERIENCE WITH CHINESE UNIVERSITY

🔗 More detailed: https://farabi.university/news/103233?lang=en
🔥2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ОҚУ ЖҮЙЕСІНЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚҰРАЛДАР ЕНГІЗІЛУДЕ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Академиялық басқару және білім беру сапасы: басшылар мен оқытушыларға арналған интенсив» атты сарапшылық стратегиялық сессия өтті.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103232?lang=kz

📌 ИННОВАЦИОННЫЕ ИНСТРУМЕНТЫ ИНТЕГРИРУЮТСЯ В СИСТЕМУ ОБУЧЕНИЯ

В Казахском национальном университете имени аль-Фараби состоялась экспертная стратегическая сессия «Академическое управление и качество образования: интенсив для руководителей и преподавателей».

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103232?lang=ru
❤4
📌 АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ КОНКУРСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2026-2027 оқу жылының күзгі семестрінде ҚР республикалық бюджеті есебінен академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алуға конкурс жариялайды.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/103237?lang=kz

📌 ОБЪЯВЛЕН КОНКУРС АКАДЕМИЧЕСКОЙ МОБИЛЬНОСТИ

Казахский национальный университет имени аль-Фараби объявляет конкурс для обучения в рамках академической мобильности (на студентов бакалавриата) в течение осеннего семестра 2026-2027 учебного года за счет средств республиканского бюджета РК.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/103237?lang=ru
❤3🔥1