⚡️Аида Балаева премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалды
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
"Мемлекет басшысының жарлығымен Аида Ғалымқызы Балаева Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі лауазымына тағайындалды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
👎2❤1
"Қайраттың" бұрынғы бапкері, білікті футбол маманы Кирилл Кекер дүниеден озды
46 жасында "Қайраттың" бұрынғы бапкері, Қазақстан U-19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы әрі "Қайрат" ФК академиясының жетекшісі Кирилл Кекер дүниеден озды.
Фото: "Қайрат" ФК

"Кирилл Сергеевичтің қазасы еліміздегі барлық қазақстандық футбол қауымдастығы үшін ауыр жағдай. Оның кәсібилігі, жауапкершілігі және көпжылдық еңбек жолы отандық футболдың дамуына зор үлес қосты.
Қазақстан футбол федерациясы марқұмның туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады", - делінген хабарламада.
Фото: "Қайрат" ФК
t.me/kaznurkz
😢5❤1😱1
Алғабастағы жеке тұрғын үйдегі өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз бала көз жұмды
Бұл туралы Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған Kazinform агенттігі хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, қыз бала 2025 жылғы 30 қарашада көз жұмған.
Орталық жүйке жүйесіне ауыр зақым келген қыз баланы аман алып қалу мүмкін болмаған.
Естеріңізге сала кетейік, 18 қарашада таңертең Түркістан облысы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 12 адам көз жұмды. Олардың тоғызы – бала.
Зардап шеккен тағы үш адам – екі ересек және бір бала ауруханаға жеткізілген еді.
Фото: Narongrit Doungmanee/Getty Images

😭2🥰1
Алматы облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты Алматы-Бішкек тасжолының 129-шақырымында болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, Honda Odissei автокөлігінің жүргізушісі алда келе жатқан HOWO жүк көлігінің тіркемесімен соқтығысқан.
Салдарынан жүргізушіні қоса алғанда жеңіл көлікте болған жеті адам алған жарақаттарынан көз жұмған.
Қазір бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Фото: Peter Dazeley/Getty Images

❤2😱1
"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ": ІІМ желіде тараған хабарламаға жауап берді
Ведомство камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайтынын еске салды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: Giovanna Graf/EyeEm/Getty Images
t.me/kaznurkz
"00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны" жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ.
Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық – 60 км/сағат", - делінген ресми хабарламада.
Ведомство камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайтынын еске салды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: Giovanna Graf/EyeEm/Getty Images
t.me/kaznurkz
❤1
Жекпе-жегінің алдында допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады
Боксшы бұл өзі үшін де күтпеген жаңалық болғанын мәлімдеді.
Себебі әрқашан таза спортты қолдайтынын, соны насихаттап жүргенін атап өтті.
"VADA бірінші рет анализ алып бәрі таза деп еді. Мен витаминдеріме де тамағыма да ешқандай өзгеріс енгізбедім.
Екінші рет тестте неге мұндай болғанын түсінбей отырмын, біз қайта анализ тапсыруға өтініш айттық. Жауабын күтіп отырмыз!" - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, 7 желтоқсанда Жәнібек Әлімханұлы кубалық Эрисланди Ларамен орта салмақтағы WBO, IBF және WBA белбеулері үшін біріккен титулдық жекпе-жек өткізеді деп жоспарланған еді.
Алайда кеше дереккөз сілтеме жасаған The Ring журналы қазақ боксшысының VADA тестінен өтпей қалғанын, тыйым салынған препараттарға тапсырған сынамасының нәтижесі дұрыс шықпағанын жазды.
Кейінірек Дүниежүзілік бокс ұйымы (WBO) Жәнібектің допинг сынамасы оң нәтиже көрсеткенін растады.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

❤3
Жәнібек Әлімханұлының командасы асыға күткен жекпе-жек өтпейтінін мәлімдеді
Команда бұл өздері үшін күтпеген жаңалық болғанын хабарлады.
Себебі VADA-ның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген.
"Екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да, витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз!
Қаншама еңбек, қан мен тер төгілді. 4 айдан бері басқа елдеміз. Шығындар бар. Отбасыдан жырақ. Біз үшін бұл жаңалық оңайға соқпады", - делінген мәлімдемеде.
Боксшының командасы әрқашан таза спортты қолдайтынын, қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
t.me/kaznurkz
Команда бұл өздері үшін күтпеген жаңалық болғанын хабарлады.
Себебі VADA-ның бірінші алған анализдері таза деген хабар келген.
"Екінші анализде даулы мәселе бар деген хабар жетті. Екі анализ арасында тамаққа да, витаминге де ешқандай өзгеріс жасамадық. Бұл қалай болды екен деп түсінбей отырмыз!
Қаншама еңбек, қан мен тер төгілді. 4 айдан бері басқа елдеміз. Шығындар бар. Отбасыдан жырақ. Біз үшін бұл жаңалық оңайға соқпады", - делінген мәлімдемеде.
Боксшының командасы әрқашан таза спортты қолдайтынын, қазір менеджерлер мен заңгерлер жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly
t.me/kaznurkz
❤2
Қайырлы күн!
"Отбасы банк" біржолғы зейнетақы төлемдерін көз емдетуге жұмсауға өтінімдер қабылдауды тоқтатты
Бүгін, 4 желтоқсаннан бастап Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемдері есебінен офтальмологиялық қызметтерді төлеуге арналған өтінімдерді қабылдау тоқтатылды.
"Отбасы банктің" мәліметінше, осы күнге дейін жіберілген барлық өтінім жұмысқа қабылданып, белгіленген тәртіппен қаралады.
Жалпы, стоматология бойынша өтінімдерді қабылдау тоқтатылғаннан кейін офтальмологияға сұраныс күрт артқан. 15 қыркүйекке дейін айына орташа 174 өтінім мақұлданса, шектеулер енгізілгеннен кейін бұл көрсеткіш 7 есеге, яғни 1 264 өтінімге дейін өскен.
Сонымен қатар банк бірқатар күмәнді жағдайды анықтаған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: pixabay.com

Қазақстанда 16 жасқа толмаған балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салатын заң жобасы талқыға шығарылды
4 желтоқсанда "Ашық НҚА" порталында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы жарияланды.
Онда "Балаларды денсаулығы мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан қорғаудың ерекшеліктері" туралы 10-1-бап келтірілген. Норма бойынша 16 жасқа толмаған желі қолданушыларына мессенджерлерден басқа онлайн платформаларда тіркелуге тыйым салу қарастырылады.
Заң жобасы 29 желтоқсанға дейін қоғамдық талқыға түседі.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: Matt Cardy/Getty Images

👍4
Алматыда жер сілкінді
Бүгін, сағат 12:45-те алматылықтар жер сілкінісін сезді.
Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 12:45-те Алматыда 2-3 балдық жер сілкінісі тіркелді.
Тұрғындардың телефонына хабарлама келді.
Фото: adventtr/Getty Images

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Аты аңызға айналған боксшы – мұндай мәртебеге ие болған ел тарихындағы алғашқы спортшы.
"Геннадий Головкиннің есімі енді әлемдік бокс тарихын қалыптастырған ұлы тұлғалардың қатарында ресми түрде аталатын болды", - делінген ҚР ҰОК хабарламасында.
Айта кетейік, есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енген даңқты боксшылардың қатарында Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо бар.
Фото: Ақорда

❤8👏5👎1
Тоқаев 2026 жылдан бастап үздік кәсіпкерлерге арнайы марапат ұсынбақ
Қасым-Жомарт Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
Қасым-Жомарт Тоқаев "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдағанын айтты.
"Биылдан бастап 29 қазан "Қазақстан кәсіпкерлері күні" болып ресми түрде бекітілді. Сонымен қатар мен жоғары әлеуметтік жауапкершілік танытып, қайырымдылық істерге мол үлес қосқаны үшін еліміздің үздік кәсіпкерлеріне берілетін арнайы марапат – "Мейірім" орденін тағайындау туралы шешім қабылдадым. Келесі жылдан бастап залда отырған бірқатар кәсіпкер осы мәртебелі орденмен марапатталады. Бұл еліміздегі барша бизнес өкілдеріне деген айрықша құрметтің белгісі болмақ", - деді президент.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: Ақорда
t.me/kaznurkz
👍1
Түнде Шымкент пен Тараз тұрғындары жер сілкінісін сезді
6 желтоқсан, сенбіге қараған түні Астана уақыты бойынша 2 сағат 4 минутта Шымкент пен Тараз қалаларының тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде болды.
Сезілу күші:
Тараз бен Шымкент қалаларында – 2 балл
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: adventtr/Getty Images
t.me/kaznurkz
6 желтоқсан, сенбіге қараған түні Астана уақыты бойынша 2 сағат 4 минутта Шымкент пен Тараз қалаларының тұрғындары жер сілкінісін сезді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 565 км жерде болды.
Сезілу күші:
Тараз бен Шымкент қалаларында – 2 балл
"Зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы мәлімет түскен жоқ", - делінген ТЖМ хабарламасында.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.
Фото: adventtr/Getty Images
t.me/kaznurkz
❤1😱1
"Нарынқол" шекара заставасында өрт шығып, бір әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты
Өрт бүгін 6 желтоқсанда "Нарынқол" шекара заставасының аумағындағы қызметтік үйде шықты.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өртті сөндірді. Өрт салдарынан әскери қызметкер мен оның баласы қаза тапты.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Шекара қызметі қаза болғандардың туыстары мен жақындарына қайғыға ортақтасып көңіл білдіреді. Оларға барлық қажетті көмек көрсетіліп жатыр", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов
t.me/kaznurkz
😢3❤1
"Грэмми" жүлдесін жеңіп алған Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды
Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған еді.
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның айтуынша, олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмаған.
Бүгін осы наградаларды табыстаудың сәті түскен.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

"Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталған.
Ал актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған.
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
t.me/kaznurkz
Денсаулық сақтау министрі балалардың тісін жалпы наркозбен емдеуге қатысты түсінік берді
Соңғы уақытта жеке стоматологиялық клиникаларда балалардың бірнеше тісін жалпы наркозбен бір мезетте емдеуге қатысты шағымдар көбейген. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның ұстанымын түсіндірді.
Министрдің айтуынша, балаларды жалпы анестезиямен емдеу – қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жүргізілуге тиіс күрделі медициналық емшара.
Министр ел бойынша стоматологиялық ұйымдарға – барлығы 622 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
t.me/kaznurkz
Соңғы уақытта жеке стоматологиялық клиникаларда балалардың бірнеше тісін жалпы наркозбен бір мезетте емдеуге қатысты шағымдар көбейген. Осыған байланысты денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ведомствоның ұстанымын түсіндірді.
Министрдің айтуынша, балаларды жалпы анестезиямен емдеу – қатаң медициналық көрсетілімдер бойынша ғана жүргізілуге тиіс күрделі медициналық емшара.
"Клиника жеке болсын, мемлекеттік болсын мұндай манипуляциялар үшін білікті анестезиологтың қатысуы, тиісті жабдықтардың болуы, анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек стандарттарын сақтау талап етіледі", - дейді Ақмарал Әлназарова.
Министр ел бойынша стоматологиялық ұйымдарға – барлығы 622 нысанға қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп жатқанын мәлім етті.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
t.me/kaznurkz
Қайырлы таң!
Жаңа жыл мерекесіне орай Қазақстанда қосымша пойыздар жүре бастайды
"Қазақстан темір жолы" компаниясы жаңа жыл қарсаңында бірнеше бағыт бойынша қосымша пойыздар жүретінін мәлім етті. Сонымен қатар сұранысы жоғары бағыттарда пойыз құрамдарына 584 қосымша вагон тіркеледі.
"Жаңа жыл мерекесіне орай жолаушылар ағыны айтарлықтай өсетінін ескере отырып, ұлттық тасымалдаушы сұранысты толық қанағаттандыру үшін қосымша пойыздарды іске қосып жатыр. Бұл рейстер шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді", - дейді ҚТЖ өкілдері.
Қосымша пойыздар келесі бағыттарда қатынайды:
- №201/202 "Алматы-2 – Астана-1"
- №203/204 "Астана Нұрлы жол – Шымкент"
- №257/258 "Ақтөбе – Астана Нұрлы жол"
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: "Қазақстан темір жолы" АҚ ҰҚ баспасөз қызметі

Димаш Құдайберген БҰҰ-ның жаһандық ізгі ниет елшісі атанды
Әйгілі қазақ әншісі Димаш Құдайберген Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық көші-қон бойынша ұйымының (IOM) жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды.
Кеше, 8 желтоқсанда Женевада өткен IOM кеңесінің кезекті сессиясында Димашқа жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесінің символын Халықаралық көші-қон бойынша ұйымының бас директоры Эми Поуп табыстады.
Димаш ұйымға мүше мемлекеттер делегациялары мен қызметкерлері қатысқан аудитория алдында алдында қазақ тілінде сөйлеп, IOM-ның жаһандық ізгілік елшісі болу – ең алдымен үлкен жауапкершілік екенін айтты.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқыңыз.
Фото: instagram.com/unmigration

Алматыда екі сауда орталығында "жарылғыш зат бар" деген хабарламадан соң адамдар эвакуацияланды
Алматыда екі сауда орталығына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түскеннен кейін адамдар эвакуацияланды. Оқиға орнын жедел қызмет өкілдері барып тексерді.
Полиция департаментінің мәліметінше, сауда орталығында жарылғыш зат болуы мүмкін деген анонимді хабарлама түскен.
"Осы хабарлама бойынша алғашқы әрекет ретінде қаладағы барлық төтенше жағдай қызметі мен жедел бөлімшелері жұмылдырылды", - дейді полиция департаменті өкілдері.
Әзірге полиция жалған ақпарат хабарлаған белгісіз адамды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ол заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады, деп уәде берді полицейлер.
"Полицейлер Алматыдағы екі сауда орталығында (Mega Park және Mega Alma-Ata) жедел қызмет жұмыс істеп жатқанын мәлім етті.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: t.me/almatytoday

БЖЗҚ зейнетақы жинағын пайдалану үшін 2026 жылға белгіленген ең төменгі жеткіліктілік шегін жариялады
БЖЗҚ-ның мәліметінше, ең төменгі жеткіліктілік шегінің мөлшері 2026 жылы орта есеппен 10 пайызға өсіп отыр.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

"Бұл жалпы инфляцияның ағымдағы және болжамды мәндеріне сәйкес келеді", - делінген хабарламада.