KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
ДСМ қауіпті Нипах вирусына байланысты мәлімдеме жасады

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда Нипах вирусын жұқтыру, сондай-ақ оны ел аумағына әкелу жағдайлары тіркелмеген.

Қазіргі уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты және бақылауда.

Министрлік эндемиялық елдерге сапар шегуді жоспарлап отырған азаматтарға жеке профилактика шараларын сақтауды және қайтып келгеннен кейін ауру белгілері пайда болған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгінуді ұсынады.

Нипах вирусы адамдарға жануарлардан, соның ішінде жарқанаттар мен шошқалардан, сондай-ақ ауру жұқтырған адаммен тығыз байланыста болған жағдайда жұғады. Вирус ластанған тағамдар мен сусындар арқылы да берілуі мүмкін.

Бүгінде Нипах вирусына қарсы арнайы емдеу және мақұлданған вакцина жоқ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: pexels.com

t.me/kaznurkz
Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс жабық сот отырысында қаралады

Бүгін Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Ержан Бабақұмаровтың өліміне қатысты іс бойынша алдын ала тыңдау басталды.

Жәбірленуші тараптың адвокаты істі жабық отырыста қарауға ауыстыру туралы өтініш берді – бұл алдын ала тыңдауға да, негізгі сот отырыстарына да қатысты.

Бабақұмаровтардың адвокатының айтуынша, істің егжей-тегжейін білмеуге тиіс марқұмның кәмелетке толмаған балалары бар. Сонымен қатар марқұм мемлекеттік қызметкер болғандықтан, оған қатысты ақпарат құпия болуы мүмкін.

Сот отырысына қатысушылардың бәрі, соның ішінде айыпталушы да, өтінішті қолдады. Кеңесетін бөлмеден келген соң судья өтінішті қанағаттандыру туралы шешім қабылдады, бұдан былай іс жабық отырыста қаралады.

Іс бойынша сотталушы Е.К. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша айыпталуда.

Фото: primeminister.kz

t.me/kaznurkz
Қандай мобильді аударымдар күмән тудыруы мүмкін: Қаржы министрлігі өкілі жауап берді

Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың мобильді аударымдары туралы пікір білдіріп, қандай аударымдар күмән тудыруы мүмкін екенін айтты.

"Егер адам үш ай ішінде 100 түрлі тұлғадан аударым алса, бұл күмәнді. Оған той немесе туған күніне деп әр ай сайын түрлі адамнан ақша түсуі мүмкін емес қой?

Әріптестерінен жинаған болса, жарайды. Оны көріп отырамыз. Қандай да бір керек-жарағына жинаса, біз білеміз. Бірақ ол тауар сатса және түрлі адамнан әр түрлі сомада ақша түссе, оны да көріп отырамыз", - деді Біржанов.

Десе де, мұндай деректер болған жағдайда да, салық қызметкерлері бірден айыппұл төлетпейді, деп сендірді шенеунік.

"Біз хабарлама жібереміз, түсіндіруді, "неге шоттарыңызға ұдайы түрлі адамнан ақша түсіп тұрады" деп сұраймыз", - дейді вице-министр.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: d3sign/Getty Images

t.me/kaznurkz
Индустрияға жолдама: Genesis CSP "KINO ATA" арнасын іске қосады

2026 жылдың ақпанында Орталық Азия аймағының цифрлық кеңістігінде креаторлар үшін жаңа дәуір басталмақ. Genesis CSP KINO ATA жобасын іске қосады.

Жоба аясында KINO ATA қысқаметражды кино авторлары үшін байқау жариялайды.

Байқауға қатысу шарттары:

Сапа мен драйв: Ұзақтығы 30 минутқа дейінгі, кез келген жанрдағы, аяқталған көркемдік құндылығы бар жұмыстар қабылданады.

Эксклюзивтілік: Бұрын ірі платформаларда ашық қолжетімді түрде жарияланбаған жұмыстарға басымдық беріледі.

Жүлде: Үздік фильм авторы (көрілім тереңдігі, аудиторияның белсенділігі және Genesis CSP командасының бағасы негізінде) 100 000 теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы алады.

Толық ақпарат алу үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

Фото: жеке мұрағаттан

t.me/kaznurkz
⚡️Светлана Жақыпова еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі лауазымынан босатылды

Айта кетелік, Светлана Жақыпова ведомствоны 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап бүгінге дейін басқарды.

t.me/kaznurkz
⚡️Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып Асқарбек Ертаев тағайындалды

Бұған дейін Ертаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметін атқарды.

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

t.me/kaznurkz
Қазақстанда мерзімді әскери қызметтегі тағы бір сарбаз қаза тапты

Қайғылы оқиға Жамбыл облысында болған.

"27 қаңтарда Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.

Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты анықтау мақсатында қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шыққан.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
🕊1
Тоқаев әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына кірген алматылық мұғалімді құттықтады

Алматы қаласындағы №95 мектеп-лицейінің химия пәні мұғалімі Татьяна Белоусова Global Teacher Prize халықаралық байқауының қорытындысы бойынша әлемдегі ең үздік 50 педагогтің қатарына кірді.

Мемлекет басшысы алматылық мұғалімді айтулы жетістігімен құттықтады.

"Бұл жоғары баға – сіздің өскелең ұрпаққа тағылымды тәрбие мен озық білім беру ісіне сіңірген ұзақ жылғы еңбегіңіздің жемісі.

Біздің мақсатымыз – зияткер ұлтқа айналу. Сондықтан мемлекет әрдайым мұғалімдердің мәртебесін көтеріп, оларды жан-жақты қолдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Global Teacher Prize білім беру саласындағы ең беделді халықаралық марапаттардың бірі болып саналады және жыл сайын оқушылар мен білім беру қауымдастығына елеулі әсер еткен мұғалімдерді атап өтеді.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

t.me/kaznurkz
❤2
Қорғаныс министрлігі жыл басынан бері болған әскери қызметшілердің қазасына байланысты ресми мәлімдеме жасады

"Қарулы күштердің басшылығы болған жағдайдың барынша ауыр екенін және әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жауапкершіліктің толық көлемін терең түсінеді", - делінген хабарламада.


Болған барлық оқиға бойынша нақты кадрлық және тәртіптік шешімдер қабылданған.

"Шығыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы, штаб бастығы және қолбасшының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Әскери қызметші қаза тапқан әскери бөлімнің командирі, оның орынбасары, сондай-ақ батальон командирі атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.


Сонымен қатар министрлік қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған шұғыл шаралар кешенін қабылдаған.

Ол туралы толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
"Саудагерлер екі түрлі баға айта бастады": Тоқаев қолма-қол төлем көлемінің артқанын мәлімдеді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде өткізген жиында саудагерлер тауардың ақысын төлеу формасына қарай екі түрлі баға айта бастағанын мәлімдеді.

"Жаңа салық саясаты күшіне енгелі бері нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқаны туралы мәліметтер келіп түсті. Бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастады.

Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді. Кірісті жылыстату және капиталды астыртын криптоперациялар арқылы заңсыз шығару проблемаға айналды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤2
Ресми: Талғат Байсуфинов футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болды

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.

Айта кетелік, бұған дейін Талғат Байсуфинов ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды (2016-2017 және 2020-2022 жылдары).

Фото: ҚФФ

t.me/kaznurkz
🔥2❤1
Қайырлы таң!

⚡️Руслан Желдібай Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы лауазымынан босатылды

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
Айбек Смадияров Қазақстан президентінің кеңесшісі – баспасөз хатшысы болып тағайындалды

t.me/kaznurkz
Қоғамдық орындарды ластаған азаматтарға полициямен қатар жергілікті әкімдіктер де айыппұл сала алатын болды

2026 жылдың наурызынан бастап жергілікті атқарушы органдар полицияны күтпей-ақ қоғамдық жерлерді ластаған және қоғамдық жұмыстар ережелерін бұзған азаматтарға әкімшілік хаттама толтырып, айыппұл сала алады.

"2025 жылдың 30 желтоқсанында мемлекет басшысы қол қойған заң бойынша енді барлық қала және облыстың жергілікті атқарушы органдары қоғамдық кеңістіктерді ластаған және қоғамдық жұмыс ережелерін бұзған азаматтарға Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-2 және 505-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтыра алады. Бұрын бұл шараларды тек құқық қорғау органдары ғана қолдана алатын", - делінген ресми хабарламада.

Фото: pexels.com

t.me/kaznurkz
ШҚО-да екі жоғары лауазымды тұлға қамауға алынды

ҰҚК-нің мәліметінше, қазіргі уақытта ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы пара алды және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдаланды деген күдікпен ұсталған.

Сондай-ақ осы өңірдің білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: Greg Pease/Getty Images

t.me/kaznurkz
⚡️Конституциялық комиссия Қазақстанның жаңа Конституциясының бірінші жобасын дайындады

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұхановтың айтуынша, жаңа Конституция кіріспеден, 11 бөлімнен және 95 баптан тұрады.

"Конституцияның Преамбуласы толығымен жаңарды. Онда еліміздің өткенін дәріптейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тапты", - деді ол.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Конституциялық комиссия мүшелері Тоқаевқа есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық комиссия төрағасы – Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованы, Конституциялық комиссия төрағасының орынбасары – Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қаринді және Конституциялық комиссия мүшесі – Президенттің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Жиенбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Эльвира Әзімова Комиссияның осыған дейін өткен отырыстарындағы талқылау барысында Конституцияның түбегейлі жаңа мәтіні әзірленгенін баяндады.

Президенттің пікірінше, Конституциялық комиссия ауқымды жұмыс атқарған.

Мемлекет басшысы Конституцияның жаңа нұсқасын халықтың қарауына шығару маңызды екенін айтты.

Кездесу соңында Президент жаңа Конституция туралы түпкілікті шешімді қазақстандықтар республикалық референдумда қабылдайтынын тағы да атап өтті.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Aqorda

t.me/kaznurkz
❤3
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының жобасын жариялады.

Жаңа Конституциясының жобасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
"Ұлттық қор – балаларға": қазақстандық балалардың шотына 130 доллардан аударылды

"Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша әр баланың шотына 130,71 АҚШ долларынан есептелді. 2025 жылдың соңында бағдарламаға қатысушы бала саны 6 918 656 болды", - делінген Ұлттық банк таратқан хабарламада.


Айта кетелік, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы 2024 жылғы 1 қаңтарда іске қосылды. Бағдарлама іске асқалы үш жылдан бері жинақталған жалпы сома бір балаға 370,56 АҚШ доллары болған.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
❤1
Рыбакина алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды

Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық спортшы финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.

Финал үш сетке созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Теннисшілер кортта 2 сағат 18 минут болды.

26 жастағы Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды. Бұл оның "Үлкен Дулыға" турнирлеріндегі екінші титулы. 2022 жылы ол Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен еді.

Фото: Martin KEEP / AFP via Getty Images

t.me/kaznurkz
🤩4👍2❤1