Рыбакина алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды
Әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған қазақстандық спортшы финалда әлемнің бірінші ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Финал үш сетке созылып, 6:4, 4:6, 6:4 есебімен Рыбакинаның пайдасына шешілді. Теннисшілер кортта 2 сағат 18 минут болды.
26 жастағы Рыбакина мансабында алғаш рет Australian Open жарысының жеңімпазы атанды. Бұл оның "Үлкен Дулыға" турнирлеріндегі екінші титулы. 2022 жылы ол Уимблдон турнирінде жеңіске жеткен еді.
Фото: Martin KEEP / AFP via Getty Images
t.me/kaznurkz

🤩4👍2❤1
Тоқаев Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
"Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!" - делінген құттықтауда.
Фото: Clive Brunskill/Getty Images

👍2❤1
Ресми: Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
WTA (Әйелдер теннисі қауымдастығы) спортшылардың рейтингін жаңартты.
Бұған дейін әлемдік рейтингте бесінші орында тұрған Елена Рыбакина бірден екі саты жоғарылап, үшінші орынға көтерілді.
Бұл Рыбакинаның әлемдік рейтингтегі ең үздік көрсеткіші. Ол 2023 жылы да үшінші орынға көтерілген болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Мельбурндегі Үлкен дулыға турнирінде әйелдер арасындағы жекелей сында Елена Рыбакина жеңіске жетті.
Рыбакина – Australian Open жарысында жеңімпаз атанған алғашқы қазақстандық спортшы.
Фото: instagram.com/lenarybakina

👍5❤1
Наурызда қазақстандықтар қанша күн демалады
Наурызда мереке күндеріне байланысты қазақстандықтарға бірнеше қосымша демалыс күні беріледі.
Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан демалыс 9 наурыз, дүйсенбіге ауыстырылады.
Тиісінше, аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар үш күн қатарынан – 7 наурыздан 9 наурызға дейін, ал алты күн жұмыс істейтіндер 8 және 9 наурызда демалады. 10 наурыз – жұмыс күні.
Наурыз мейрамы дәстүр бойынша Қазақстанда 21-23 наурыз аралығында тойланады. 21 және 22 наурыз сенбі және жексенбіге сәйкес келетіндіктен, мереке күндері 24 және 25 наурызға (дүйсенбі және сейсенбіге) ауыстырылады.
Яғни, қазақстандықтар бес күн қатарынан – 21-25 наурыз аралығында демалады.
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

❤1👍1
Үндістан Қазақстан азаматтары үшін тегін виза енгізді
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: Photo by Ann Ronan Pictures/Print Collector/Getty Images
t.me/kaznurkz
Енді Қазақстан азаматтары Үндістанға 30 күнге дейін туристік, медициналық және медициналық сүйемелдеу визаларын тегін рәсімдей алады.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: Photo by Ann Ronan Pictures/Print Collector/Getty Images
t.me/kaznurkz
🙊1
Жетісуда ауыр жарақат алған үш жасар бала ауруханаға түсті: әкесі ұсталды
Жетісу облысында ауыр дене жарақатын алған үш жасар баланың анасы дәрігерлердің көмегіне жүгінген. Артынша денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікпен баланың әкесі ұсталды.
2 ақпанда, сағат 21:00-де "102" нөміріне медициналық мекемеден қоңырау түскен. Хабарламада ауруханаға денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, жарақат алған үш жасар баланың жеткізілгені туралы айтылған.
Аталған дерек бойынша "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлері баланың алкогольге мас күйде болған әкесін тұрғылықты мекенжайынан ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
"Қазіргі уақытта анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға қажетті медициналық көмек көрсетілуде", - делінген полиция хабарламасында.
Фото: instagram.com/zhetysu.police

😱1🤬1
Серік Сәпиев пен оның орынбасары өз еркімен лауазымдарынан босатылды
Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
Бұл туралы өңір әкімдігі мәлімдеді.
"Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында ведомство басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған лауазымдарынан босатылды", - делінген хабарламада.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
👍1
Серік Сәпиев Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Бұл шешім биыл күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: Туризм және спорт министрлігі
t.me/kaznurkz
"Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы XX Азия ойындарына дайындық штабының спорт блогының үйлестірушісі болып тағайындалды.
Бұл шешім биыл күшіне енген "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңның жаңа редакциясында көзделген ротация жүйесі аясында қабылданды", - делінген ведомство хабарламасында.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: Туризм және спорт министрлігі
t.me/kaznurkz
🎉1
Райымбек Баталов Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды
Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады.
Фото: atameken.kz
t.me/kaznurkz
Атамекен" ҰКП-ның бұрынғы төрағасы кәсіпкерлікті дамыту мәселелерімен айналысады.
Фото: atameken.kz
t.me/kaznurkz
❤1
Депутат ауылдық жерлерде тұрғын үй салуға бағытталған мемлекеттік бағдарлама әзірлеуді ұсынды
Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов премьер-министр Олжас Бектеновке ауылдық жердерде тұрғын үй салу мәселесі бойынша депутаттық сауал жолдады. Депутат тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік бағдарлама әлі күнге дейін жоқ екенін атап өтті.
"Ауыл" партиясы фракциясы депутаты өңірлерде тұрғындар ауылдағы тұрғын үй тапшылығы мәселесін жиі көтеретінін айтты.
Ерболат Саурықовтың айтуынша, бұл мәселе ауылдан жастардың жаппай көшуіне, кадр тапшылығына және ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық әлсіреуіне тікелей әсер етіп жатыр.
Осыған байланысты "Ауыл" фракциясы үкіметке ауылдық елдімекендерге арналған, тұрғын үй салуға тікелей бағытталған жеке мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз
Фото: t.me/mazhilis_kz

❤2
⚡️Нипах вирусы: Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне сапар кезінде нені ескеру керек
Санитарлық дәрігерлер Нипах вирусының алдын алу және оның елге әкелінуіне жол бермеу бойынша туристерге арналған ұсынымдар дайындады.
Оңтүстік-Шығыс Азияның эндемиялық елдеріне сапар кезінде:
▪️жарқанаттармен, шошқалармен және басқа да жануарлармен байланыстан аулақ болу;
▪️жеке гигиена ережелерін сақтау, қолды сабынмен жииі жуу немесе антисептиктерді қолдану;
▪️тек қауіпсіз ауыз суды пайдалану;
▪️шикі құрма шырынын ішпеу немесе жануарлар ластаған болуы мүмкін өнімдерді тұтынбау;
▪️жемістер мен көкөністерді тұтынар алдында мұқият жуу және тазалау қажет.
Ауру белгілері байқалса, мысалы жоғары температура, жөтел немесе қатты бас ауруы пайда болса, дереу дәрігерге жүгіну керек.
Фото: Beata Zawrzel/NurPhoto via Getty Images

Қайырлы таң!
Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
Бұған дейін Ерлан Өтегенов Астана қаласының прокуроры болды.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Рақымжанұлы Өтегенов Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Бұған дейін Ерлан Өтегенов Астана қаласының прокуроры болды.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
❤2
🌸Қаратау мемлекеттік табиғи қорығында көктем жаршысы – бәйшешек гүлдеді
Біресік сайында гүлдеп тұрған бәйшешекті 4 ақпанда суретке табиғи кешендер мен объектілерді күзету бөлімінің инспекторлары түсіріп алған.
"Қаратаудың баурайында гүлдеген әрбір бәйшешек – жаңа өмірдің бастауындай. Табиғатты аялаңыз, көктемнің сұлулығын бірге сақтайық", - деп жазады қорық әкімшілігі.
Фото: instagram.com/karatau_nature_reserve

⚡️Қазақстанның оңтүстік-шығысында жер сілкінді
ҚР ТЖМ-ның сейсмикалық станциялар желісі бүгін 13:42-де жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 км жерде орналасқан.
Жетісу және Алматы облыстарында сезілу деңгейі – 2-3 балл.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет түспеген.
Фото: pixabay.com

Алматы облысында жеке тұрғын үйден бір отбасының төрт адамының денесі табылды
Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2 ақпанда Райымбек ауылдық округінің әкімдігінен Сарыбастау ауылындағы шаруа қожалығының аумағында болған оқиға туралы ақпарат келіп түскен.
"Туысы жеке тұрғын үйден төрт адамның денесін тапты. Оқиғаның мән-жайы тексерілуде.
Өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды", - деді Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері.
Фото: pexels.com

⚡️Шымкент полиция департаментінің жаңа бастығы тағайындалды
Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы болып Мұхтар Қожаев тағайындалды.
Ол бұған дейін ІІМ-нің тергеу департаментін басқарған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
Шымкент қаласы полиция департаментінің жаңа бастығы болып Мұхтар Қожаев тағайындалды.
Ол бұған дейін ІІМ-нің тергеу департаментін басқарған.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: gov.kz
t.me/kaznurkz
Ресми: 2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді
Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің мәліметінше, Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді.
Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойған.
Айта кетейік, бұған дейін 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген.
Алайда қабылдаушы тарап инфрақұрылымдық жобалардың ауқымдылығына және жарыстарды дайындауға қойылатын қосымша талаптарға байланысты Азия ойындарының мерзімін кейінге шегеру қажеттігін мәлімдеген.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

20 адам ұсталды: ҰҚК мен ІІМ бірнеше өңірде арнайы операция жүргізді
4 ақпанда ҰҚК мен ІІМ бірлесіп, бірқатар қылмыстық топтың заңсыз қызметін тоқтатуға бағытталған арнайы операцияны жүзеге асырған.
Іс-шаралар бір мезгілде Алматы мен Шымкент қалаларында, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында өткізілген.
Оның барысында 20 адам ұсталып, олардың 10-ы уақытша ұстау изоляторына қамалған.
Тінту барысында күдіктілерден атыс қаруы, оқ-дәрілер, есірткі заттары, ірі көлемдегі ақша қаражаттары, сондай-ақ өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ-тен оқи аласыз.
Фото: ҰҚК ұсынған видеодан кадр

"Үйде босанған": Семейде қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылды
3 ақпанда Семейде полицияға қоқыс контейнерінен сүлгіге оралған нәрестенің денесі табылғаны туралы хабарлама түсті.
Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы барған.
"Алдын ала тексеру барысында үйде босанған 20 жастағы әйел анықталды. Оның айтуынша, нәресте өлі туған", - дейді Абай облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Департамент мәліметінше, сотқа дейінгі тергеу барысында нәрестенің денесін контейнерге тастап кеткен қала тұрғыны анықталған.
Бұл жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Нәрестенің денесі сараптамаға жіберілді, нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданып, екі тараптың да әрекетіне құқықтық баға беріледі.