KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.76K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
Түркістан әуежайында ұшақ көкке көтеріле алмады: себебі белгілі болды

Telegram-дағы Kozachkov offside арнасының мәліметінше, кеше Түркістан әуежайынан Астанаға Ұлттық ұланның ұшағы ұшып шығуға тиіс еді. Бортта 6 экипаж мүшесі мен 59 әскери қызметкер болған.

"Техникалық ақау анықталды, яғни, қозғалтқыштардың бірі істен шықты. Бұл жағдай ұшақ көкке көтерілер кезде болған болуы мүмкін. Салдарынан автоматты тежеу жүйесі іске қосылып, ұшақтың шассиінен өрт шықты. Әуежайдың өрт сөндіру қызметі өртті жедел сөндірді. Оған 13 адам мен 3 техника жұмылдырылды. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері шақырылған жоқ", - делінген жазбада.

Көліктегі полиция департаменті оқиғаның 11 қыркүйекте болғанын растады.

"Түркістан әуежайының ұшу-қону жолағында әуе кемелерінің бірінде техникалық ақау туындады. Қазіргі уақытта оны жою бойынша қажетті жұмыстар жүргізілуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Зардап шеккендер жоқ.

Фото: pexels.com

t.me/kaznurkz
❤1😱1
Астанада 15-қабаттан құлаған әйел баланың үстіне түсті: екеуі де көз жұмды

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде әйел адам 15-қабаттың терезесінен секірді.

"Алдын ала мәлімет бойынша, 27 жастағы әйел тұрғын үйдің 15-қабатындағы терезеден секірген. Соның салдарынан әйел оқиға орнында қайтыс болды.

Ол екі жасар бала отырған бесік арбаның үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала да көз жұмды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тексеріс жүргізілуде. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Фото: qumash.kz

t.me/kaznurkz
😱2
Бүгін, 13 қыркүйек – Отбасы күні

Бұл мереке қыркүйектің екінші жексенбісінде аталып өтеді. Осыған орай Тоқаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтады.

"Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт...

Барша Қазақстан азаматына зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!", - делінген президент құттықтауында.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
"Тамаша табыс": Тоқаев US Open-де жеңіске жеткен Рыбакинаны құттықтады

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды.

27 жастағы қазақстандық спортшы мансабындағы үшінші "Үлкен дулыға" турнирінде жеңіске жетті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны бұл жеңісімен құттықтады.

"Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге", – делінген құттықтауда.


Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Sarah Stier/Getty Images

t.me/kaznurkz
❤3
Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз режимді қатаңдатты: 15 қыркүйектен бастап не өзгереді

15 қыркүйектен бастап Таиланд аумағында болудың жаңа ережелері күшіне енеді. Бірқатар мемлекеттің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының Таиландта визасыз жүру мерзімі қысқарады.

Таиланд елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартады.

Таиланд министрлер кабинетінің тиісті шешімі 2026 жылғы 15 қыркүйекте күшіне енеді.

"Аталған норма күшіне енгеннен кейін Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасының үкіметі мен Таиланд Корольдігінің үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің ережелері қолданылады", - деп жазылған Қазақстанның Таиландтағы елшілігі жариялаған хабарламада.

Осыған байланысты Таиландқа сапар жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына көші-қон режиміндегі өзгерістерді ескеру ұсынылады.

Елде 30 күннен астам уақыт болу қажет болған жағдайда, тиісті визаны алдын ала рәсімдеу қажет.

Фото: SOPA Images/Getty Images

t.me/kaznurkz
⚡️Шәкір Кейкин өз еркімен Атырау қаласының әкімі қызметінен кетті

Ол бұл қызметке 2023 жылғы шілдеде тағайындалған еді.

Фото: gov.kz

t.me/kaznurkz
⚡️Бұрынғы экология министрі Ерлан Нысанбаевтың қандай қызметке тағайындалғаны белгілі болды

Ерлан Нысанбаев енді үкімет басшысының экология мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетейік, Ерлан Нысанбаев экология және табиғи ресурстар министрі қызметінен босатылған болатын.

Оның орнына Әлібек Қуантыров тағайындалды.

Фото: primeminister.kz

t.me/kaznurkz
Тарихта алғаш рет УЕФА Суперкубогы Қазақстанда өтеді

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, бүгін Салоникиде өткен УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы өтетін орын анықталды.

Маңызды матч "Астана Аренада" болады. Қазақстан футболы үшін бұл – ел тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі.

Суперкубокта УЕФА Чемпиондар және Еуропа лигасының жеңімпазы кездеседі.

Фото: Sebastian Widmann - UEFA/UEFA via Getty Images

t.me/kaznurkz
👍2❤1
Мұнай өңдеу зауыты, қала құрылысы: Қазақстан мен Корея 19 млрд долларлық келісімге қол қойды

Бүгін Сеулде Қазақстан мен Корея Республикасының президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді.

️Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына сапармен келуге шақырғаны үшін Ли Чжэ Мёңге ризашылығын білдірді.

Президент екі елдің түрлі бағыттағы ықпалдастығының қазіргі жай-күйі мен келешегін жоғары бағалады.

"Екіжақты қарым-қатынасқа тоқталсақ, сапар барысында 19 миллиард долларды құрайтын коммерциялық келісімдерге қол қойылды. Корей инвесторларының жұмысына көңіліміз толады, алдағы уақытта да осы бағыттағы байланыстарды жалғастырамыз. Қонақ үй, мұнай өңдеу зауытын салу және қала құрылысы бойынша жақсы жоспарларымыз бар. Әсіресе, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға ден қоямыз", - деді мемлекет басшысы.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
🤩2❤1👍1😱1
Air Astana өкілдері Дубаймен әуе қатынасын қашан қалпына келтіретінін айтты

Air Astana мәліметіне сүйенсек, 2026 жылғы 1 қазаннан бастап Алматы - Дубай - Алматы және 2026 жылғы 2 қазаннан бастап Астана - Дубай - Астана бағыттары бойынша тұрақты рейстер қалпына келеді.

Әуе компаниясы өкілдері қазанда ұшу жиілігі біртіндеп ұлғаятынын айтады:

Алматы - Дубай - Алматы бағытында 4 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 12 рейске дейін;

Астана - Дубай - Астана бағытында 3 рейстен бастап айдың соңына дейін аптасына 10 рейске дейін.

Алайда Air Astana Таяу Шығыстағы жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және қажет болғанда ұшу кестесін түзетуі мүмкін екенін ескертті. Компания өкілдері өзгерістер туралы жолаушыларды ертерек хабардар етуге уәде берді.

Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

t.me/kaznurkz
❤2
Жезқазған әкімі Қайрат Шайжанов қызметінен кеткенін мәлімдеді

"Құрметті Жезқазған қаласының тұрғындары, қадірлі жерлестер! Бүгін – мен үшін ерекше толқынысқа толы күн. Қала әкімі лауазымындағы қызметімді аяқтап, сіздермен қоштасатын сәт те келіп жетті", - деді Қайрат Шайжанов.


Ол өзіне сенім білдіріп, қолдау көрсеткен барша жезқазғандыққа шын жүректен алғыс айтты.

"Мен үшін Жезқазған – жай ғана қызмет атқарған қала емес. Бұл – тағдырыммен, еңбегіммен, естеліктеріммен байланысқан туған жер", - деді ол.


Айта кетейік, Қайрат Шайжанов Жезқазған қаласының әкімі лауазымына 2022 жылғы маусымда тағайындалған болатын.

Фото: instagram.com/kairatsh_08

t.me/kaznurkz
⚡️Жезқазған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Жезқазған қаласының жаңа әкімі болып бұған дейін Сәтбаев қаласын басқарған Мұрат Бөрібаев тағайындалды.

Фото: instagram.com/jezkazgan_akimdigi

t.me/kaznurkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Мәжілістің экс-депутаты Бақытжан Базарбек ұшыраған жол апаты: зардап шеккен азамат ауруханадан шықты

36 жастағы Нұржігіт Қошанов жол апатынан кейін 31 күннен соң ауруханадан шықты.

Оның ауруханадан шыққан сәті түсірілген видеоны бұрынғы мәжілісмен Stories бөлімінде жариялады.

Видео: instagram.com/bakytzhan.bazarbek

t.me/kaznurkz
👍4
Тоқаев Конституциялық сот төрағасын тағайындады

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Эльвира Әбілхасымқызы Азимова Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - делінген Ақорда хабарламасында.

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
Нұрлан Әбдіров Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына қайта тағайындалды

Мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалды.

Фото: election.gov.kz

t.me/kaznurkz
Әлихан Смайылов Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы лауазымын атқара бермек

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Әлихан Асханұлы Смайылов Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған Ақорда хабарламасында.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: gov.kz

t.me/kaznurkz
Елдос Сметов пен Сарвиноз Миркадирова Азия ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын көтеріп шықты

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты аясында Қазақстан құрамасы елдер шеруіне қатысты.

Салтанатты шара Нагоя қаласындағы "Палома Мидзухо" стадионында ұйымдастырылды.

Қазақстан делегациясын дзюдошы Елдос Сметов пен үстел теннисінен спортшы Сарвиноз Миркадирова бастап шықты. Олар ұлттық нақыштағы жарқын киімдерімен мемлекеттік туды алып жүрді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
❤2
Рината Сұлтанoва Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының алғашқы алтынын сыйлады

28 жастағы спортшы тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды.

Сұлтанoвa 24,2 шақырым қашықтықты 36 минут 23,72 секундта бағындырып, алғаш рет Азия ойындарының жеңімпазы атанып отыр.

Ол Ханчжоу-2022 ойындарында қола жүлдеге ие болған еді.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті


t.me/kaznurkz
🔥3👍1
Қазақстандық триатлоншы Арлан Жаңабай Азия ойындарының қола жүлдегері атанды

Триатлон сайысы жүзу (750 м), веложарыс (20 км) және жүгіру (5 км) кезеңдерінен тұрды.

Жаңабай бұл қашықтықты жалпы есеппен 53 минут 11 секундта бағындырып, үшінші орынға ие болды.

Алтын медаль жапониялық спортшыға, күміс медаль қытайлық триатлоншыға бұйырды.

Тағы бір қазақстандық Аян Бейсенбаев жарысты тоғызыншы орынмен аяқтады.

Ал әйелдер арасындағы жарыста Диана Ержанова 17-нәтиже көрсетті.

Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
🔥3👍1
Азиада-2026: Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Алексей Луценко тасжол велоспортынан жекелей жарыста топ жарды. Ол 32,1 шақырым қашықтықты 41 минут 24,05 секундта жүріп өтті.

Осылайша, 34 жастағы Луценко Азия ойындарының бес дүркін чемпионы атанды.

Бұған дейін ол Инчхон-2014, Джакарта-2018 (екі рет) және Ханчжоу-2022 ойындарында алтын алған болатын.

Алексей Луценко Азия ойындарындағы алтын медальдар саны бойынша Константин Негодяевтың рекордын қайталады. Байдарка мен каноэде есуші спортшы да 5 алтын медаль еншілеген еді.

t.me/kaznurkz
🔥4❤1👍1