KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
3.34K subscribers
7.94K photos
738 videos
9 files
7.75K links
KAZ.NUR.KZ-тің ресми арнасы
Қазақстанның басты жаңалықтарын біздің арнадан оқыңыз.

Біз:
🏆11 рет "Медиатордан" “Ең қызықты БАҚ” атағын иелендік;
🥇"№1 жаңалық порталы" номинациясы бойынша 5 рет "Жыл таңдауы" атандық (2015, 2017, 2019, 2020, 2021).
Download Telegram
Каспийдегі қайғылы оқиға: күдіктілер анықталды

Бас прокуратураның мәліметінше, тергеушілер оқиға орнын қарап шыққан, 30-дан астам әскери қызметшіден жауап алынған, сондай-ақ құжаттар мен бейнематериалдар тәркіленген. 12 сараптама тағайындалған.

Қызметке салғырт қарады деп күдікке ілінген лауазымды тұлғалар анықталған.

Тергеу нұсқасы бойынша, олар метеорологиялық жағдайларды ескере отырып, жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тиісті бақылау мен қажетті шаралар қабылдамаған, сондай-ақ құтқару жұмыстарын тиісінше ұйымдастырмаған.

t.me/newsnurkz
😨3
Каспийдегі қайғылы оқиға: екі әскери қызметшінің денесі табылды, іздестіру-құтқару операциясы аяқталды

"Бүгін, 25 қыркүйекте, сағат 09:15 шамасында үздіксіз жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстары барысында бұған дейін із-түзсіз жоғалған екі әскери қызметшінің – сержант Мансұр Гумаров пен матрос Мирас Тұрдыбекұлының денелері табылды", - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.


Фото: t.me/modgovkz

t.me/kaznurkz
😢2
Маңғыстаудағы қайғылы жағдай: Қорғаныс министрлігі жүйесінен бес лауазымды тұлға ұсталды

ІІМ-нің ведомстволық басылымының хабарлауынша, қызметке салғырт қарау және корабль жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қарулы Күштердің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды.

"Ұсталғандардың қатарында – Қарулы Күштердің Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскерлері ротасының және "Қайсар" катерінің командирлері бар", - делінген хабарламада.

Олардың барлығы Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: polisia.kz

t.me/kaznurkz
❤2👍2
Бүгін Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады

Бүгін Алматыда күн бұлтты. Күндіз ауа температурасы 24 градусқа дейін көтеріліп, түнде 12 градусқа түседі. Желдің жылдамдығы 3,6 м/с деңгейінде болмақ.

Астанада синоптиктер болжамынша, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы 15 градусқа дейін жетіп, түнде 5 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 7,0 м/с деңгейінде болады.

Шымкентте бүгін өткінші жаңбыр жауады. Күндіз термометр бағанасы 27 градусқа дейін жетіп, түнде 15 градусқа дейін түседі. Желдің жылдамдығы 7,4 м/с деңгейінде болмақ.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды

"Қазақстан президенті әкімшілігінің келісімі бойынша, облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Сымбат Төретаев Жаңаөзен қаласының әкімі болып тағайындалды", - делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.


Сымбат Төретаев 1978 жылғы 27 қаңтарда Маңғыстау облысы Жетібай ауылында дүниеге келген.

Ол 2023 жылғы мамырдан бастап осы уақытқа дейін Қарақия ауданының әкімі қызметін атқарып келді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: @mangystau_press

t.me/kaznurkz
Маңғыстауда қаза тапқан әскери қызметшілермен қоштасу рәсімі өтті

Қаралы рәсімге Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Дәурен Қосанов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ұлттық құрылтай мүшелері, "Қазақстан Халық Кеңесінің" мүшелері, сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері мен марқұмдармен қызметтес болған азаматтар қатысты.

Отан қорғаушылардың рухына Құран бағышталды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: t.me/mangystau_press

t.me/kaznurkz
❤1
Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды.

http://t.me/kaznurkz
Тоқаев Каспийдегі трагедиядан кейін Дәурен Қосановты қорғаныс министрі қызметінен босатты

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Жұматайұлы Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды", - делінген Ақорда хабарламасында.


Фото: Қорғаныс министрлігі

t.me/kaznurkz
👏2👍1
Михаил Шайдоров олимпиада чемпионы мәртебесіндегі алғашқы турнирде қола медаль алды

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Братиславада өткен "Челленджер" сериясындағы Ондрей Непела мемориалында еркін бағдарлама үшін 176,77 ұпай жинады.

Жалпы есепте Шайдоров 272,75 ұпаймен үшінші орынға табан тіреп, қола жүлдені иеленді.

Ресейлік Евгений Семененко (292,09) алтын, ал италиялық Даниэль Грассль (278,80) күміс еншіледі.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: NUR.KZ/Юлия Абрамова

t.me/kaznurkz
❤1
Ясмина Тоқсанбаева Қазақстан құрамасына 2026 жылғы Азия ойындарының тоғызыншы алтынын әкелді

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының чемпионы атанды.

Спортшы 42 шақырым 195 метрлік марафондық қашықтықта спорттық жүрістен жеңіске жетті. Бұл дисциплина Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енгізіліп отыр.

Күміс және қола жүлделерді сәйкесінше Қытай өкілдері Данцзин Цюйцзун мен Ли Ма иеленді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ясмина Тоқсанбаева. Фото: Арлан Олжабай / ҚР ҰОК

t.me/kaznurkz
❤2
Азиада-2026: қазақстандық синхронды жүзушілер Болатова мен Тұяқова қола медаль жеңіп алды

Наргиза Болатова мен Ясмин Тұяқова Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында әртістік жүзуден жұптық сайыста қола жүлдеге ие болды.

Қытайлық Линь Яньцзюнь мен Сюй Хуэйянь (640,3576) чемпион атанса, жапониялық Моэ Хига мен Томока Сато (601,5566) күміс жүлдеге қол жеткізді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Yuichi Masuda/Getty Images

t.me/kaznurkz
❤1
Ерлан Тасмағамбетов мансабында алғаш рет батутта секіруден Азия ойындарының жүлдегері атанды

Қазақстандық Ерлан Тасмағамбетов Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында батуттық гимнастикадан шешуші кезеңде 54,69 ұпай жинап, қола медальді еншіледі. Алтын мен күмісті қытайлық спортшылар Янь Ланъюй (65,09) мен Ван Цзысай (63,83) иеленді.

Тағы бір қазақстандық Роман Барков іріктеуден сәтті өткенімен, суперфиналға шыға алмады.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Ерлан Тасмағамбетов. Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК

t.me/kaznurkz
❤1
Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовты қабылдады

Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз

Фото: Ақорда

t.me/kaznurkz
KAZ.NUR.KZ - Қазақстан және әлем жаңалықтары
Тоқаев Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовты қабылдады Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді. Мемлекет…
Жаңа тағайындалған Қорғаныс министрі туралы не белгілі

Бүгін Дәурен Қосанов қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Оның орнына Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Айдос Мырзахметов — әскери қызметке жиырма жылдан астам уақытын арнаған кадрлық офицер.

1981 жылғы 12 тамызда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген.

Айдос Мырзахметов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметіндегі офицерлік қызметтің сатыларынан өтіп, командалық және басшылық лауазымдарды атқарған.

Үйленген, үш баласы бар.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Қорғаныс министрлігі

t.me/kaznurkz
❤1
Азиада-2026: Аянат Жұмағали ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды

19 жастағы спортшы 77 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Жұмағали екінші орынды иеленді, ол тек қытайлық Хэ Жэньсюден (258 килограмм: 118+140) қалып қойды. Қола медаль ирандық Рейхана Каримиге (243 килограмм: 107+136) бұйырды.

Жұмағалидің бұл жүлдесі – Қазақстан ауыр атлетика құрамасының 2026 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы медалі.

Әйелдер арасында бұл спорт түрінен Қазақстан құрамасы 12 жыл бойы, яғни 2014 жылғы Инчхон ойындарынан бері медаль алмаған еді.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: ҰОК

t.me/kaznurkz
❤2
Қазақстандық семсерлесушілер 2026 жылғы Азия ойындарында алтын медаль иеленді

Финалдық сында отандық құрама Оңтүстік Корея командасымен кездесті. 2026 жылғы Азия ойындарының алтын медалі үшін өткен тартыста қазақстандық шпагашылар 43:42 есебімен жеңіске жетіп, жарыс чемпионы атанды.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасы Азия ойындары тарихындағы төртінші, ал 2002 жылғы Пусан ойындарынан бергі алғашқы алтын медалін жеңіп алды.

Материалды толығырақ KAZ.NUR.KZ сайтынан оқыңыз.

Фото: Владислав Семенов / ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті

t.me/kaznurkz
Алматы тұрғындары жер сілкінісін сезді

Алматы тұрғындары бүгін жергілікті уақыт бойынша 09:38-де жер сілкінісін сезді.

ТЖМ Қазақстанда жер сілкінісі тіркелгенін растады.

"Мәліметтер нақтылануда. ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС алдын ала ақпараты бойынша сейсмикалық жағдай Алматы қаласында тіркелді.

Сезілетіндігі туралы мәліметтер анықталуда", - делінген хабарламада.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

t.me/kaznurkz
Қорғаныс министрлігі екі матростың тағдыры туралы желідегі жазбаларға қатысты мәлімдеме жасады

Қорғаныс министрлігі желіде тарап жатқан мерзімді қызметтегі матростар А.А. Ахметов пен Ә.А. Мағауия туралы ақпаратқа байланысты мәлімдеме жасады.

Қорғаныс министрлігінің Telegram-дағы арнасында хабарланғандай, әскери-теңіз күштері өткізген оқу-жаттығу барысында жеке құрамның бір бөлігі жағалауда болып, тиісті оқу міндеттерін орындаған.

"Мерзімді әскери қызметтегі матростар Ахметов А.А. мен Мағауия Ә.А. жағалауда оқу міндеттерін орындаған әскери қызметшілер тобының құрамында болды.

Қазіргі уақытта аталған әскери қызметшілер әскери бөлімнің орналасқан жерінде және күн тәртібіне сәйкес әскери қызметін атқарып жүр", - делінген хабарламада.

Министрлік азаматтарды тексерілмеген және жалған ақпарат таратпауға, сондай-ақ Қорғаныс министрлігінің ресми хабарламаларына сүйенуге шақырды.

Фото: gov.kz

t.me/kaznurkz
❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Тоқаев әлемнің бірінші ракеткасы Елена Рыбакинамен кездесіп, оны III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Президент Елена Рыбакинаны АҚШ ашық чемпионатындағы жарқын жеңісімен және теннистен "әлемнің бірінші ракеткасы" мәртебесіне ие болуымен құттықтады.

"Сіздің жеңістеріңізден кейін балалардың тенниске қызығушылығы артып, секцияларға көптеп жазылады. Олар да чемпион болғысы келеді. Жас өрендерге өнеге көрсетіп отырсыз. Бұл – өте оң үрдіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Әлемнің бірінші ракеткасы Қазақстан атынан өнер көрсетуді мақтан тұтатынын мәлімдеді.

t.me/kaznurkz
Бір күнде үшінші рет: Қазақстанда тағы жер сілкінді

ТЖМ-ның мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында – Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 254 км жерде орналасқан.

Жер асты дүмпулері Алматы облысында сезілді:

🔹Нарынқол ауылында – 2-3 балл;

🔹Кеген ауылында – 2 балл.

Қираулар мен зардап шеккендер туралы мәлімет түспеген. Жағдай тұрақты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін таңғы сағат 06:30 шамасында Алматы тұрғындары әлеуметтік желілерде жер асты дүмпулерін сезгенін жазды. ТЖМ өкілдері мән-жайды айтты.

Кейін сағат 09:38-де ҚР ТЖМ "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі тағы бір жер сілкінісін тіркеді.

Фото: asbe/iStock/Getty Images Plus

t.me/kaznurkz
❤1