KazService
5.29K subscribers
4.52K photos
472 videos
191 files
3.67K links
Новости и аналитические материалы нефтегазовой индустрии Казахстана.

Связь с админом:
+7 7172 57 42 49
info@kazservice.kz
Download Telegram
Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы «KazService» атынан «ТШО» компаниясын 33 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

Осы жылдар ішінде компания еліміздің мұнай-газ саласының дамуына елеулі үлес қосып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал етті. Ірі жобалар арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, отандық кадрлар қалыптасып, заманауи технологиялар енгізілді.

«ТШО» мен «KazService» арасындағы серіктестік жергілікті қамтуды дамытуға және қазақстандық компаниялардың әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сіздерге зор денсаулық, табыс және жаңа жетістіктер тілейміз! Әріптестігіміз алдағы уақытта да нығая түсетініне сенімдіміз.

🔹 KazService
❤4
KazService pinned a photo
Бүгін «KazService» одағының Төралқа төрағасы мен Бас директоры «Shell Kazakhstan» компаниясының Қазақстандағы аға вице-президенті әрі төрағасы Сюзанн Куганмен кездесті.

Кездесу барысында KazService одағы атынан «ҚазМұнайГазСервис 2026» конференциясына қатысып, қолдау білдіргені үшін шынайы алғыс айтылды.

Сюзанн Куган — Қазақстанның мұнай-газ саласындағы маңызды жобаларға жетекшілік етіп келеді. «Shell» компаниясы Солтүстік Каспий жобасы мен Каспий құбыр консорциумы сияқты стратегиялық инфрақұрылымдық бастамаларға қатысып, еліміздің мұнайын халықаралық нарықтарға тасымалдауда маңызды рөл атқаруда.

Кездесу аясында тараптар бірлескен жобаларды талқылап, серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

🔹 KazService
👍8🔥3❤1
8 апреля в 11:30–13:30 приглашаем на пленарную сессию «Каспийский регион как индустриальный хаб: интеграция нефтегазовых проектов, инфраструктуры и нефтехимии».

В центре обсуждения — как сегодня формируется единая производственная цепочка от добычи до нефтегазохимии и какую роль в этом играет Каспийский регион.

Поговорим о крупных проектах операторов, развитии инфраструктуры, инвестициях и партнёрствах, а также о том, как нефтехимия становится драйвером глубокой переработки и роста добавленной стоимости.

📍 Conference Hall, ВЦ «Көрме»
🕚 11:30–13:30

Присоединяйтесь к обсуждению будущего Каспийского региона как ключевого индустриального центра Казахстана.

🎫 Бесплатный билет по ссылке в шапке профиля или по ПРОМОКОДУ AOGINSTG26 на сайте https://oil-gas.kz/ru/

🔹 Kazservice
❤4👍2
На заседании комитета Мажилиса Парламента РК обсуждалось увеличение доли местного содержания в нефтегазовых проектах

Отмечено, что при высоких показателях:

* ТШО — 39 млн т, $10,6 млрд выплат;
* NCOC — 99% операционной надежности, ~$1 млрд СИП;
* КПО — >$700 млн МС,

уровень локализации остается недостаточным.

В этой связи для Тенгизшевройл, North Caspian Operating Company и Karachaganak Petroleum Operating ожидается усиление требований по:

* росту МС,
* трансферу технологий,
* развитию локальных поставщиков.

🔹 Kazservice
👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Kazservice одағының Төралқа Төрағасы Рашид Жақсылықов

«Каспий өңірі – индустриялық хаб: мұнай-газ жобаларын, инфрақұрылымды және мұнай-химияны интеграциялау»

Атырау қаласы

🔹 Kazservice
👍4❤1
Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ:

Бүгінгі «Каспий өңірі – индустриялық хаб: мұнай-газ жобаларын, инфрақұрылымды және мұнай-химияны интеграциялау» тақырыбы – еліміздің энергетикалық және индустриялық болашағы үшін аса өзекті. Каспий өңірі бүгінде тек мұнай өндіретін аймақ қана емес, ол – Қазақстанның индустриялық трансформациясының тірегі. Ірі мұнай-газ жобаларының басым бөлігі осы өңірде шоғырланған, ал олардың экономикалық әсері бүкіл елге таралып отыр.
Дегенмен, біз бір маңызды нәрсені түсінуіміз қажет: болашақ тек өндіру көлемімен өлшенбейді. Негізгі басымдық – толық өндірістік тізбекті қалыптастыру. Яғни, «ұңғымадан – жоғары қосылған құнды өнімге дейінгі» жүйеге көшу. Бұл – мұнай-газ химиясын дамыту, терең өңдеуді жолға қою және жаңа өндірістерді қалыптастыру деген сөз.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мұнай өндіру саласындағы бір жұмыс орнына сервистік және өңдеу секторында бірнеше жұмыс орны келеді. Сондықтан мұнай-газ сервистік секторын дамыту – экономиканы әртараптандырудың нақты құралы. Бұл сала жүздеген мың адамды жұмыспен қамтып, ұлттық экономиканың тұрақтылығына тікелей әсер етеді.
Сонымен қатар, біз бірқатар жүйелі мәселелерге де назар аударуымыз қажет. Біріншіден, жергілікті қамтудың деңгейі әлі де жеткіліксіз. Ірі жобалар жүзеге асырылып жатқанымен, отандық компаниялардың қатысу үлесін арттыру қажет. Екіншіден, инфрақұрылым мен өндірістік тізбектің толыққанды байланысы қалыптаспаған: біз көбіне шикізатты экспорттап, дайын өнімді сырттан импорттаймыз. Үшіншіден, отандық компаниялар үшін қаржыландыру мен заманауи технологияларға қолжетімділік мәселесі өзекті болып отыр.

🔹 Kazservice
❤3
Осы тұрғыда Каспий өңірі бізге бірегей мүмкіндік береді. Мұнда ірі операторлық жобалар, өндірістік база, логистикалық инфрақұрылым және мұнай-химия бағыттары тоғысады. Егер біз осының бәрін біртұтас жүйеге біріктіре алсақ, толыққанды индустриялық экожүйе қалыптастыруға мүмкіндік бар.
Біздің басты міндетіміз – жекелеген жобаларды іске асыру ғана емес, тұтас жүйені дамыту. Бұл үшін отандық жеткізушілерді өндірістік тізбекке кеңінен енгізу, ұзақ мерзімді келісімшарттар қалыптастыру, мұнай-химия саласын дамыту және технология трансферін қамтамасыз ету қажет.
Қазіргі таңда жаһандық мұнай-газ саласы жаңа кезеңге қадам басты. Цифрландыру, автоматтандыру және жасанды интеллект өндірістік процестерді түбегейлі өзгертіп жатыр. Егер біз осы үрдістерге бейімделмесек, шикізатқа тәуелділік тәуекелі сақталып қалады. Сондықтан біздің стратегиялық мақсатымыз – Қазақстанды тек мұнай өндіруші ел ретінде емес, жоғары қосылған құнды өнім шығаратын индустриялық орталыққа айналдыру.
Осы бағытта ірі операторлар мен отандық бизнес арасындағы кооперацияны күшейту, Каспий өңірінде мұнай-химия кластерлерін дамыту, сервистік компанияларға қолжетімді қаржыландыру тетіктерін енгізу және кадр даярлау жүйесін жетілдіру аса маңызды.
Қорытындылай келе, Каспий өңірі – бұл біздің үлкен мүмкіндігіміз ғана емес, сонымен қатар стратегиялық жауапкершілігіміз. Егер біз бүгін дұрыс бағытты таңдай алсақ, ертең Қазақстан толыққанды индустриялық державаға айналады.

🔹 Kazservice
❤5👍1
🇰🇿 Местное содержание в нефтегазе: цифры растут, но система буксует

На заседании комитета Мажилиса, как заявили депутаты, обсудили ключевой вопрос: как реально увеличить долю местного содержания (МС) в крупных нефтегазовых проектах — ТШО, КПО и NCOC.


Итоги 2025 года, по данным Мажилиса, показали: прогресс есть, но фундаментальные проблемы остаются.

Цифры vs реальность

Формально показатели выглядят достойно:
— ТШО — 71%
— NCOC — 70,2%

Но если, как отмечают в Мажилисе, «разобрать по косточкам»:

Услуги и работы
высокий уровень (у КПО до 88%)
Товары — слабое звено

👉 У ТШО всего 15% локализации товаров, причем:
из $228 млн затрат только 29% подтверждены CT-KZ,
остальное — посреднические схемы.

👉 В Мажилисе считают, что значительная часть «местного содержания» — на бумаге.

⚙️ Где есть реальный прогресс

В Мажилисе также отметили, что появились первые кейсы реальной локализации:

ТШО — производство сложных подстанций и приборных шкафов внутри РК
Контракты на $150 млн через IMBC (насосы, панели управления и др.)
КПО — локализация буровых долот, спеццемента, начало работ по трубам

👉 Это уже шаг к технологическому суверенитету, а не просто сервису.

⚠️ Системные проблемы

В Мажилисе указали на ряд системных проблем.

1. «Серая» локализация
Импорт часто маскируется под местное производство через сертификаты.

📌 Решение: с 2026 года вводится Реестр отечественных производителей — единственный источник подтверждения.

2. Барьер «мега-лотов»
ТШО объединяет закупки в гигантские тендеры (до $2 млрд),
куда МСБ просто не может зайти.

📌 Нужно принудительное дробление закупок (unbundling).

👉 По мнению депутатов, глобальные игроки зарабатывают, но не делятся технологиями.

Рабочие инструменты (что реально помогает)

Лучший механизм — Trial Orders (пробные заказы).

В Мажилисе отметили, что КПО увеличил их до 12 в год.

💡 Кейс пожарной машины:
меморандум → тест → испытания → 5-летний контракт

👉 Это модель, которую, по мнению депутатов, стоит закрепить как стандарт.

Кадры есть — контроля нет

В Мажилисе отдельно обратили внимание:

На бумаге:
— ТШО — 96% казахстанцев
— NCOC — 98%

Но:
стратегические решения — у экспатов
технологии и документация — не локализованы
ответственность — на местных специалистах

👉 Возникает риск: есть персонал, но нет суверенитета знаний.

Экология и скрытые перекосы

ТШО снизил выбросы на 78% — прогресс очевиден,
но проблема серы остается.

👉 Как отметили в Мажилисе, компания экспортирует почти всё,
а внутренний рынок получает лишь ~⅓.

Это тормозит развитие переработки внутри страны.

Фискальный дисбаланс

Government Take:
— ТШО — 75%
— КПО — 46,5%

👉 В Мажилисе заявили, что разрыв приводит к десяткам миллиардов долларов недополученных доходов.

Главный барьер — стандарты

По оценке Мажилиса, требования API/IEC вынуждают казахстанские компании сертифицироваться в Европе — это дорого и сложно.

👉 При этом ГОСТ РК часто даже жестче по условиям.

Нужна легализация национальных стандартов наравне с международными.

Что предлагают изменить

В Мажилисе предложили следующие меры:

1. Штрафы за невыполнение KPI по МС
— платить из прибыли акционеров, а не из бюджета проекта

2. Принудительный трансфер технологий
— 3 года на создание СП с местными компаниями

3. Признание ГОСТ РК
— убрать барьеры для отечественных производителей

Вывод

В Мажилисе считают, что эпоха «простого МС» (охрана, питание, клининг) закончилась.

Следующий этап —
👉 индустриализация через локализацию технологий

Без давления на операторов:
— не будет трансфера технологий
— не появится сильный нефтесервис
— страна останется в роли сырьевого придатка

Вопрос уже не в процентах, а в контроле над технологиями.

🔹 KazService
👍8❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстанда мұнай-газ өндіретін шетелдік алып компаниялардың жұмысы туралы «KazService» Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы Төралқасының Төрағасы Рашид Жақсылықовтың Азаттық радиосына берген пікірі

🔹 KazService
👍3
«KazService» одағының Төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов пен «KazService» Бас директоры Айдос Колдасов NCOC компаниясының басқарушы директоры Джанкарло Руюмен кездесті

Кездесу барысында KazService одағы атынан «ҚазМұнайГазСервис 2026» конференциясына NCOC басшылығына қатысуға қолдау білдіргені үшін шынайы алғыс айтылды.

NCOC мен Kazservice бірлесіп соңғы бес жылда ірі жобаларды жүзеге асырып келеді. Екі тарап болашақ мақсаттарды айқындап, серіктестікті одан әрі нығайтуға дайын екендіктерін жеткізді.

🔹🔹🔹🔹

Председатель Президиума Союза «KazService» Рашид Жаксылыков и Генеральный директор «KazService» Айдос Колдасов встретились с управляющим директором компании NCOC Джанкарло Руи.

В ходе встречи от имени Союза KazService была выражена искренняя благодарность NCOC за предоставленную руководящему составу возможность участия в конференции «КазМунайГазСервис 2026».

NCOC и KazService совместно реализуют крупные проекты на протяжении последних пяти лет. Обе стороны обозначили будущие цели и подтвердили готовность к дальнейшему укреплению сотрудничества.

🔹 KazService
👍6😁1🤯1😢1
⚡️33,7 млрд кВт·ч: в I квартале в Казахстане обеспечен профицит производства электроэнергии

▪️По итогам первого квартала 2026 года энергетическая система Казахстана продемонстрировала устойчивую положительную динамику ключевых показателей.

▪️За первые 3 месяца объем производства электроэнергии составил 33,7 млрд кВт·ч, тогда как потребление достигло 33,6 млрд кВт·ч. Таким образом, обеспечен профицит генерации на уровне 100 млн кВт·ч, что подтверждает сбалансированную работу энергосистемы.

▪️В текущем году в Казахстане планируется ввод в эксплуатацию 2,6 ГВт мощностей традиционной и возобновляемой энергии. Будут введены 4 ПГУ, 2 ветровые электростанции, 4 солнечных электростанции и планируется расширение двух электростанции.

👉🏻Реализация этих проектов позволит уже к концу первого квартала 2027 года полностью решить вопрос энергодефицита в стране, а к 2029 году обеспечить выход на устойчивый профицит электроэнергии.

Источник: МЭ РК

🔹 KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
Forwarded from QURYLTAI
Мәжілісте ірі мұнай-газ компанияларындағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды

Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінде Еділ Жаңбыршиннің төрағалығымен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «QazaqGaz» АҚ және «Силлено» ЖШС компанияларының қатысуымен реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін арттыру мәселелері талқыланды.

Отырысты ашқан Еділ Жаңбыршин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әрдайым отандық өндірісті қолдау, қосылған құны жоғары өнім өндірісін дамыту және импортқа тәуелділікті төмендету міндеттеріне айрықша мән беретініне тоқталды. Осыған орай, қазақстандық қамтуды ұлғайту – мемлекеттік саясаттың басым бағдарларының бірі болып отыр.

Энергетика вице-министрі Ерлан Ақбаров жиынға қатысқан компаниялардың тауар, жұмыс және қызмет көрсетуге қатысты көрсеткіштері туралы баяндады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша, елішілік құндылықтар көлемі «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында – 836,296 млрд теңге немесе 80,6 пайызды құраған.

Отырыс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев, «QazaqGaz» АҚ басқарма төрағасы Әлібек Жамауов, «Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев баяндама жасады. Жиында осы компаниялардың қазақстандық қамтуды арттыру бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жоспарлары қаралды. Әсіресе, нақты жобалар, ұзақ мерзімді келісімшарттар және отандық өндірушілермен кооперацияны дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талқылау кезінде депутаттар тиісті мемлекеттік органдар мен мұнай-газ компанияларының өкілдеріне химия өнімдеріне қатысты сатып алу көлемі, өңірлерде сұйытылған газ өндіру зауыттарын салу, компанияларда кадрларды даярлау барысы және басқа да мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ өндіру зауытын салу құнына қатысты талқылау өрбіді.

Отырысты қорытындылаған Еділ Жаңбыршин реттелетін сатып алулардағы қазақстандық қамту үлесін арттыруға қатысты ұсынымдарын жеткізді. Бұл қатарда, ел ішіндегі құндылықты арттыруға қатысты нақты KPI-ды мұнай-газ химиясы жобаларына енгізу, ең алдымен тұрақты сұранысқа ие басым тауарлар бойынша нақты кооперациялық байланыстарды дамыту, делдалдық тізбектерді қысқарту арқылы сатып алуларды тікелей өндірушілермен жүзеге асыруға кезең-кезеңімен көшу және басқалары қамтылды.

Тақырыптық отырыстың қорытындысы бойынша хаттама әзірленіп, мемлекеттік органдарға және мұнай-газ компанияларына жолданатын болады.

Толығырақ mazhilis.parlam.kz сайтында.

Мәжіліс жаңалықтарынан хабардар болыңыз! Біздің әлеуметтік желілерімізге жазылыңыз.

📱Instagram 📱Facebook 📱YouTube 📱TikTok 📱 Telegram
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3