KazService
5.28K subscribers
4.59K photos
475 videos
191 files
3.7K links
Новости и аналитические материалы нефтегазовой индустрии Казахстана.

Связь с админом:
+7 7172 57 42 49
info@kazservice.kz
Download Telegram
Америка обогнала Ближний Восток по добыче нефти. И разрыв растёт 🛢

⚡️За последние 20 лет география мировой нефтедобычи заметно изменилась. Ближний Восток остаётся ключевым центром нефтяного рынка, но по физическим объёмам добычи страны Северной, Центральной и Южной Америки вместе уже заметно его опережают.

🌎 Америка: 21,0 млн барр./сутки в 2005 году → 37,6 млн барр./сутки в 2025-м
🌍 Ближний Восток: 25,5 млн → 31,1 млн барр./сутки

⚡️Перелом произошёл в 2019 году. Тогда совокупная добыча стран Америки впервые за рассматриваемый период превысила ближневосточную: примерно 30,8 против 30,2 млн барр./сутки.

⚡️К 2025 году разрыв увеличился уже примерно до 6,5 млн барр./сутки.

Что изменило нефтяную карту мира?

⚡️Главный фактор — США. За десять лет, с 2015 по 2025 год, американская добыча выросла с 12,776 до 21,065 млн барр./сутки, то есть почти на 8,3 млн баррелей в сутки.
Но история уже не ограничивается американской сланцевой революцией. Всё заметнее вклад Канады, Бразилии, Аргентины и особенно Гайаны.

Изменение добычи в 2015–2025 годах:

🇺🇸 США: +8 289 тыс. барр./сутки
🇨🇦 Канада: +1 776 тыс.
🇧🇷 Бразилия: +1 356 тыс.
🇦🇷 Аргентина: +781 тыс. — с 646 тыс. до 1,427 млн барр./сутки
🇬🇾 Гайана: +716 тыс. — фактически с нулевой базы
Но росли не все:
🇨🇴 Колумбия: −257 тыс. барр./сутки
🇲🇽 Мексика: −807 тыс.
🇻🇪 Венесуэла: −1 760 тыс.

⚡️Получается интересная картина. За 2015–2025 годы мировая добыча нефти увеличилась примерно на 8,9 млн барр./сутки. Страны Америки за тот же период добавили около 9,9 млн барр./сутки, тогда как Ближний Восток — около 1,2 млн.
Это не означает, что весь мировой прирост обеспечила только Америка: в других регионах одновременно происходили как рост, так и снижение добычи. Но именно американский континент стал главным центром расширения предложения.
И тренд пока не заканчивается.

⚡️Согласно октябрьскому Short-Term Energy Outlook EIA, в 2026 году относительно 2025-го производство нефти и других жидких углеводородов прогнозируется следующим образом:

🇬🇾 Гайана: +22,7%
🇧🇷 Бразилия: +13,1%
🇦🇷 Аргентина: +10,2%
🇺🇸 США: +2,8%
🇨🇦 Канада: +1,9%
🇲🇽 Мексика: −0,5%
🇨🇴 Колумбия: −2,6%

⚡️При этом по ОПЕК EIA ожидает снижение примерно на 18,4% к уровню 2025 года. Это не структурный прогноз «заката ОПЕК»: октябрьская оценка EIA отражает прежде всего чрезвычайные ограничения добычи и поставок на Ближнем Востоке в 2026 году. Агентство, напротив, ожидает существенного восстановления производства ОПЕК в 2027 году.

Что это меняет для нефтяного рынка?

⚡️Главное изменение последних двух десятилетий — мировой прирост предложения всё меньше зависит исключительно от традиционных производителей Персидского залива.

⚡️США превратились в крупнейшего производителя, Бразилия масштабирует глубоководную добычу, Аргентина развивает Vaca Muerta, а Гайана всего за несколько лет стала заметным экспортёром благодаря гигантским offshore-проектам.
Но влияние Ближнего Востока нельзя измерять одной добычей. У региона остаются огромные запасы, крупные экспортные мощности и важнейшая для рынка резервная производственная мощность. Кроме того, значительная часть мирового экспорта проходит через Ормузский пролив.

⚡️Поэтому речь идёт не о том, что Америка «заменила» Ближний Восток. Произошло другое: мировая нефтяная система стала более многополярной, а центр роста добычи заметно сместился в Западное полушарие.

⚡️Для Казахстана это тоже важный сигнал. Конкуренция идёт уже не только внутри ОПЕК+. На мировой рынок выходят быстрорастущие производители вне альянса — прежде всего Бразилия, Гайана, США и Аргентина. Чем больше дополнительной нефти появляется вне ОПЕК+, тем важнее для Казахстана становятся себестоимость добычи, надёжность экспортных маршрутов и способность крупных месторождений поддерживать конкурентоспособный уровень производства.

💠Вопрос в том, увидим ли мы в 2030-х окончательное закрепление Америки как крупнейшего нефтедобывающего региона мира — или восстановление ближневосточных мощностей снова сократит этот разрыв?


KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1🔥1🙏1
Еңбекке берілген лайықты баға

💠 Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы - KazService мүшесі, «Real Construction» ЖШС бас директоры Махамбет Жақсылықұлы Нажимов Республика күніне орай Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

💠Марапатты Махамбет Жақсылықұлының төсіне KazService төралқасының төрағасы Рашид Хасенұлы Жақсылықов тағып, Одақ атынан әріптесімізді айтулы марапатымен құттықтады.

💠 Махамбет Нажимов - KazService жұмысына тұрақты әрі белсенді араласып келе жатқан Одақ мүшелерінің бірі. Ол отандық мұнай сервистік бизнестің, соның ішінде мұнай-газ құрылысы саласында жұмыс істейтін қазақстандық компаниялардың мүддесін ілгерілетуге атсалысып келеді. Бұған дейін KazService-тің Мұнай-газ құрылысы комитетінің төрағасы ретінде де салалық мәселелерді көтеріп, жергілікті қамтуды арттыру мен отандық мердігерлердің ірі жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге үлес қосты.

💠Махамбет Жақсылықұлы басқаратын «Real Construction» ЖШС 2007 жылдан бері жұмыс істейді. Атырауда құрылған отандық компания құрылыс-монтаж жұмыстарына, сондай-ақ мұнай-газ, химия және құрылыс салаларына қажетті жабдықтар мен материалдарды жеткізуге маманданған. Компанияның Қазақстанның ірі мұнай-газ жобаларында жинақтаған тәжірибесі бар.

💠 Сондықтан бүгінгі марапат - Махамбет Жақсылықұлының көп жылғы кәсіби еңбегіне ғана емес, қазақстандық мұнай сервисін дамытуға, отандық бизнестің ірі жобалардағы үлесін арттыруға және ұлттық кадрлар мен құзыреттерді нығайтуға қосқан үлесіне берілген лайықты баға. KazService ұжымы және Одақ мүшелері атынан Махамбет Жақсылықұлы Нажимовты мәртебелі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

💠Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Алдағы жұмысыңызға толағай табыс, жаңа жобалар мен кәсіби жетістіктер тілейміз.


KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3❤2🙏2
Республика күніне орай - еңбегі еленген азаматқа лайықты марапат

💠 Ұлттық мереке - Республика күніне орай Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы - KazService мүшесі, Sigma Group компаниялар тобының бас директоры Әсет Нұрлығайынұлы Рамазанов Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

💠Марапатты Әсет Нұрлығайынұлының төсіне KazService төралқасының төрағасы Рашид Хасенұлы Жақсылықов тағып, Одақ атынан құттықтады. Әсет Рамазанов - қазақстандық мұнай-газ саласында жергілікті өндірісті дамытуға және отандық өнімнің үлесін арттыруға жүйелі түрде үлес қосып келе жатқан кәсіпкерлердің бірі.

💠Ол басқаратын Sigma Group компаниялар тобы 2011 жылдан бері қызмет етеді. Компания электротехникалық жабдықтар мен материалдар бағытында жұмыс істеп, кейін дайын өнімді импорттаудан Қазақстанда өндіріс ұйымдастыруға көшті. 2020 жылдан бастап SIGMA елімізде мұнай-газ кәсіпорындарына арналған жарылыстан қорғалған электротехникалық жабдықтар өндірісін дамытып келеді. Әсет Нұрлығайынұлы KazService жұмысына да белсенді араласып, бүгінде Одақ төралқасының мүшесі ретінде отандық өндірушілердің мүддесін ілгерілетуге, олардың ірі мұнай-газ жобаларына қатысу мүмкіндігін кеңейтуге атсалысып келеді.

💠Осы тұрғыдан алғанда, Республика күні қарсаңындағы марапат - Қазақстанның өндірістік әлеуетін арттыруға, ұлттық бизнесті дамытуға және мұнай-газ саласындағы отандық құзыреттерді нығайтуға қосқан үлеске берілген лайықты баға. KazService ұжымы мен Одақ мүшелері атынан Әсет Нұрлығайынұлы Рамазановты «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен шын жүректен құттықтаймыз!

💠 Еңбегіңіз еленіп, мерейіңіз үстем болсын! Ел экономикасын және отандық өндірісті дамыту жолындағы жұмысыңызға толағай табыс, жаңа белестер мен жарқын жетістіктер тілейміз!

KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥1
🇰🇿 Республика күніне орай - лайықты құрмет

➡️Ұлттық мереке — Республика күніне орай Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы — KazService мүшесі, «Alimay» ЖШС бас директоры Ерлан Андашев Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» ведомстволық медалімен марапатталды.

➡️Марапатты Ерлан Андашевтың төсіне KazService төралқасының төрағасы Рашид Хасенұлы Жақсылықов тағып, Одақ атынан әріптесімізді құттықтады.

➡️Ерлан Андашев — отандық мұнай сервистік бизнесте заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық компаниялардың күрделі өндірістік міндеттерді өз күшімен орындау құзыретін арттыруға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің бірі. Ол басқаратын «Alimay» ЖШС 2017 жылы Атырауда құрылған және бүгінде мұнай-газ саласындағы құбыр жүйелерінің сенімділігі мен тұтастығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді сервистік шешімдер ұсынады.

➡️Компанияның қызметіне құбырларды тоқтатпай қысыммен қосу және оқшаулау, құбырішілік диагностика мен тазалау, композиттік материалдармен жөндеу, фланецтерді өңдеу, суықтай кесу, болттық қосылыстармен жұмыс және жылу алмастырғыштарды жөндеу сияқты технологиялық күрделі жұмыстар кіреді.

➡️«Alimay» халықаралық технологияларды Қазақстанда қолдануға және жергілікті инженерлік-сервистік құзыреттерді дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Компания T.D. Williamson, Tritorc және Intero компанияларының Қазақстандағы уәкілетті серіктесі болып табылады.

➡️Сонымен қатар, Ерлан Андашев KazService алаңындағы салалық жұмыстарға тұрақты қатысып, отандық сервистік компаниялардың ірі операторлар мен мердігерлердің сатып алуларына қатысуы, әділ бәсекелестік және қазақстандық бизнестің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелерін көтеріп келеді.

➡️Сондықтан бүгінгі марапат — кәсіби жолдағы кезекті жетістік қана емес. Бұл — отандық мұнай сервисін дамытуға, жаңа технологияларды Қазақстанға енгізуге және ұлттық инженерлік құзыреттерді күшейтуге бағытталған көп жылғы еңбектің бағалануы.

➡️KazService ұжымы мен Одақ мүшелері атынан Ерлан Андашевты «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен шын жүректен құттықтаймыз!

➡️Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Қазақстанның мұнай-газ сервисін дамыту жолындағы жұмысыңызға табыс, ұжымыңызға жаңа жобалар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!

KazService
👍4🔥3❤1
⭕️ Қазақстанның Қашаған бойынша $12 млрд көлеміндегі талабы қабылданбады — Bloomberg
⚡️Bloomberg дерегінше, халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған жобасы бойынша шамамен $12 млрд көлеміндегі талабын қабылдамады.
⚡️Алайда бұл Қазақстанның NCOC консорциумына қатысты дауы толық аяқталды дегенді білдірмейді.
⚡️Басылым мәліметінше, сөз Қашаған жобасындағы өтелуге жатпайтын шығындарға қатысты талаптардың бір бөлігі туралы болып отыр. Қазақстанның осы дау шеңберіндегі талаптарының жалпы көлемі шамамен $20 млрд болған.
⚡️Арбитраж Қазақстан 2011–2015 жылдар аралығындағы шығындарға қатысты талапты белгіленген мерзімнен кеш берген деген қорытындыға келген. Осыған байланысты шамамен $12 млрд көлеміндегі бөлігі қабылданбаған. Сонымен бірге, Bloomberg мәліметінше, қалған шамамен $8 млрд көлеміндегі талап күшінде қалды.
⚡️Қашаған бойынша Қазақстан мен халықаралық инвесторлар арасындағы құқықтық тартыс жалғасуда.

KazService
👍1🔥1🤔1😢1
В Атырауской области началось строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан)
 
💠22 октября дан старт проекту «Строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан) в едином коридоре в Атырауской области». Начало работ ознаменовал первый сварочный шов.

💠Реализуемый KMG PetroChem (дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз») проект обеспечит надежную, безопасную и бесперебойную транспортировку сжиженных этана и пропана от Газосепарационного комплекса на месторождении Тенгиз до газохимических предприятий по производству полиэтилена и полипропилена на территории СЭЗ «НИНТ» Карабатан. Вместе эти объекты создадут основу для глубокой переработки углеводородов и выпуска продукции с высокой добавленной стоимостью.

💠Впервые в нашей стране будут построены магистральные этанопровод и пропанопровод. Протяженность каждого составит порядка 210 км. Пропускная способность этанопровода достигнет 1,6 млн тонн в год, пропанопровода — 1,1 млн тонн в год.

💠Ранее в Казахстане был утвержден первый в СНГ технический регламент для магистральных этано- и пропанопроводов, разработанный с учетом особенностей реализуемого проекта.

💠В ходе реализации проекта особое внимание будет уделено увеличению доли казахстанского содержания путем привлечения отечественных поставщиков оборудования и материалов, подрядных и сервисных организаций, а также квалифицированных кадров. Это откроет дополнительные возможности для местного бизнеса и развития производственной кооперации.

💠Производство труб для пропанопровода уже началось. Технические решения учитывают особенности перекачиваемых сжиженных этана и пропана: для обоих МТ предусмотрены бесшовные трубы из углеродистой и легированной стали, соответствующие требованиям эксплуатации при низких температурах.

💠Для обеспечения безопасности трубопроводов каждые 5–10 км предусмотрены линейные крановые узлы с автоматизированной запорной арматурой, а также система обнаружения утечек и газоанализаторы.

💠Проект также имеет значимый социально-экономический эффект: на пике строительства планируется создать до 1 300 рабочих мест. Приоритетное трудоустройство жителей Атырауской области предусмотрено трехсторонним меморандумом о сотрудничестве, подписанным между Управлением координации занятости и социальных программ Атырауской области, ТОО «KMG PetroChem» и подрядчиком — ТОО «ЧППИ (Казахстан)». На этапе эксплуатации трубопроводов будет создано порядка 170 постоянных рабочих мест.

💠Ввод объектов в эксплуатацию намечен на конец 2028 год. Новая инфраструктура станет основой для устойчивой работы нефтегазохимических заводов и дальнейшего развития отрасли в целом.

KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🔥2🙏1💯1
🇰🇿 Жаңа құбырлар, жаңа өндіріс, жаңа мүмкіндік

💠Атырау облысында Қазақстандағы алғашқы магистральдық этан және пропан құбырлары құрылысының басталуына арналған салтанатты шара өтті.

💠Іс-шарада KazService Төралқасының төрағасы Рашид Хасенұлы Жақсылықов сөз сөйлеп, ірі жобаларды жүзеге асыруда қазақстандық қамтудың сапасына, технология трансферіне және отандық компаниялардың құзыретін арттыруға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

💬 «Біз ұзақ уақыт қазақстандық қамтуды пайызбен өлшеп келдік. Бұл қажет көрсеткіш. Бірақ ендігі жерде оның сапасын да өлшейтін уақыт келді». Рашид Хасенұлының айтуынша, ендігі маңызды өлшем — қазақстандық компанияның жобаға қатысу үлесі ғана емес, жоба нәтижесінде қаншалықты күшейгені.

⚡️Жаңа технология игерді ме?
⚡️Жаңа өндіріс ашты ма?
⚡️Мамандарын жаңа деңгейге көтерді ме?
⚡️Ертең осы жұмысты өз бетінше атқара ала ма?

💠«Бүгін халықаралық мердігермен қатар жұмыс істеген қазақстандық инженер — ертең осындай жобаны басқаратын маман. Бүгін қосалқы мердігер болған отандық компания — ертең ірі мердігер. Бүгін сырттан сатып алынған өнім — ертең Қазақстанда өндірілетін өнім болуы тиіс».

💠Осы тұрғыдан алғанда, этан және пропан құбырларының құрылысы — жаңа инфрақұрылым ғана емес, отандық кәсіпорындардың технологиялық және өндірістік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін маңызды жоба.

💠Рашид Жақсылықов атап өткендей: «Мемлекетке мықты отандық бизнес керек. Ал бизнеске ұзақ мерзімді сенім керек». Ірі жобалардың нақты нәтижесі — Қазақстанда қалатын өндіріс, технология, тәжірибе және білікті мамандар.


KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤2🔥2💯1
🔥 Рынок есть. Спрос известен. Где новые производства?

⚡️Казахстан много лет говорит о локализации нефтегазового оборудования. Но сегодня ситуация принципиально изменилась: государство и крупные операторы уже знают, что именно отрасль будет покупать в ближайшие годы.

⚡️И цифры показывают масштаб этого рынка.

⚡️Совместно с крупнейшими нефтегазовыми операторами изучено более 120 тысяч закупочных позиций, определены 19 перспективных товарных категорий и выявлено свыше 160 видов продукции с высоким спросом, которые рассматриваются как направления для локализации в Казахстане.

⚡️КМГ пошёл ещё глубже: анализ закупочных планов на 2025–2029 годы позволил сформировать перечень из 5 000 товарных позиций для потенциальной локализации общей стоимостью 351 млрд тенге.

Из них:

▪️ 192 млрд тенге — продукция химической промышленности;
▪️ 112 млрд тенге — машиностроение;
▪️ 33 млрд тенге — контрольно-измерительные приборы и оргтехника.

⚡️То есть главный аргумент прошлого — «мы не знаем будущий спрос» — постепенно перестаёт работать.

⚡️Более того, существует инструмент, который должен снижать риски инвестора, — офтейк-контракт.

⚡️По официальным данным КМГ, с 2019 года заключено 545 офтейк-контрактов на общую сумму 105 млрд тенге. Офтейк — один из инструментов локализации, поэтому эту сумму нельзя напрямую сопоставлять с общим объёмом инвестиций или закупок нефтегазовых проектов.

⚡️Это уже не теория. Модель работает.

⚡️Но теперь возникает более сложный вопрос.

❓ Почему при наличии прогнозируемого спроса, офтейков и огромного рынка закупок запуск новых производств всё ещё требует отдельного стимулирования?

⚡️Сам рынок признаёт наличие барьеров.

⚡️В августе КМГ собрал за одним столом представителей ТШО, NCOC, KPO, Chevron, Eni, Shell, ExxonMobil, государственных органов и отраслевых организаций. Одна из центральных тем встречи — устранение барьеров для внедрения механизма «Контракт взамен на инвестиции» и запуск новых производств в Казахстане.

⚡️И вот здесь начинается главный разговор.

⚡️Недостаточно показать предпринимателю список из тысяч импортируемых товаров.

⚡️Чтобы вложить миллиарды в оборудование, технологию, сертификацию и персонал, инвестору необходимо понимать не только что будут покупать, но и какой объём, на какой срок и насколько устойчив этот спрос.

⚡️При этом было бы неправильно говорить, что локализации нет.

⚡️Сегодня в Казахстане уже локализовано 10 производств оригинального оборудования и продукции для нефтегазовой отрасли, а до 2027 года заявлена локализация ещё 15.

⚡️Есть и сильные примеры казахстанского производства сложного оборудования. На проекте полиэтиленового завода Silleno отечественные предприятия поставляют оборудование и материалы, включая изготовленную «АтырауНефтеМашем» 101,8-метровую колонну фракционирования этилена весом более 1,5 тыс. тонн.

⚡️Значит, вопрос уже не в том, может ли Казахстан производить сложное оборудование.

⚡️Может. Вопрос в другом: как превратить отдельные успешные кейсы в промышленную систему?

⚡️Возможно, следующий этап политики local content должен измеряться уже не только долей казахстанского содержания.

⚡️Гораздо важнее другие показатели:

⚡️Сколько новых производств появилось?

⚡️Какие импортные позиции Казахстан научился выпускать сам?

⚡️Какие технологии были локализованы?

⚡️И сколько отечественных компаний получили гарантированный рынок, достаточный для долгосрочных инвестиций?

⚡️Потому что настоящая локализация начинается не тогда, когда импортный товар заменили один раз.

⚡️Она начинается тогда, когда в Казахстане появляется производство, способное жить, развиваться и конкурировать после окончания конкретного проекта.

⚡️Именно такой результат должен оставаться стране после каждого нефтегазового мегапроекта.

⚡️Источники: Минпром РК, Минэнерго РК, КазМунайГаз (КМГ).


KazService
👍6❤3🔥1🤔1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Әділет» разрабатывает конкретные механизмы создания новых рабочих мест в нефтегазовой отрасли

💠В Астане состоялось заседание Делового совета партии «Әділет», посвященное вопросам развития нефтегазовой отрасли. В мероприятии приняли участие депутаты Құрылтая, представители Правительства, национальных компаний и бизнеса.

💠Союз нефтесервисных компаний Казахстана KazService является членом Делового совета. В заседании принял участие генеральный директор KazService Темирлан Алкуат.

💠Предвыборная программа партии предусматривает создание 1 миллиона постоянных рабочих мест. В рамках реализации этой задачи заместитель Председателя партии Эльдар Жумагазиев отметил важность развития отечественного производства и создания условий для более широкого участия казахстанских предприятий в крупных нефтегазовых проектах.

💠В ходе заседания были обсуждены предложения по совершенствованию закупочных процедур, решению проблемы дефицита сертификационных лабораторий, выравниванию налоговых условий и усилению поддержки отечественных производителей.

💠Поднятые инициативы будут включены в план работы Делового совета для дальнейшего рассмотрения в Курултае.

💠Для KazService участие в этой работе имеет практическое значение: развитие отечественного производства, расширение участия казахстанских компаний в крупных проектах и создание новых рабочих мест напрямую связаны с дальнейшим развитием нефтесервисной отрасли страны.


KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2❤1💯1
KazService Одағының жаңа мүшесі — «Рекон-Актау» ЖШС

 💠Қазақстанның мұнай-сервис компаниялары одағы KazService құрамына «Рекон-Актау» ЖШС қосылды.

💠 «Рекон-Актау» ЖШС — қойма логистикасы, жүктерді ауыстырып тиеу, теміржол вагондары мен контейнерлерді өңдеу, сондай-ақ мультимодальды жүк тасымалдарын ұйымдастыру бағыттарында кешенді қызмет көрсететін қазақстандық логистикалық компания.

 💠Компанияның көпфункционалды логистикалық терминалы Ақтау қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Ақтау және Құрық теңіз порттарына жақын орналасуы ішкі және халықаралық жүк ағындарына, соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағыты — Орта дәліз бойынша тасымалдарға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

💠«Рекон-Актау» ЖШС инфрақұрылымы:

▪ терминалдың жалпы аумағы — шамамен 38 гектар;
▪ ашық қойма және контейнерлік алаңдар — шамамен 100 000 м²;
▪ жабық қойма орындары — шамамен 28 000 м²;
▪ теміржол кірме жолдарының ұзындығы — шамамен 6 км;
▪ жүк көтеруге арналған 7 кран;
▪ кедендік бақылаудағы жүктерге арналған уақытша сақтау қоймасы.
 Терминал Строительная теміржол станциясына қосылған және теміржол мен автомобиль көлігі арасындағы жүк операцияларын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Компанияның негізгі қызмет бағыттары:
— қойма логистикасы және жауапты сақтау;
— теміржол логистикасы және вагондарды өңдеу;
— контейнерлерді қабылдау, сақтау, тиеу және түсіру;
— өнеркәсіптік, ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді өңдеу;
— кедендік-қоймалық қызметтер;
— автомобиль, теміржол, теңіз және мультимодальды тасымалдарды ұйымдастыру.

💠Компания мұнай-газ, өнеркәсіп, құрылыс, сауда және көлік салаларындағы кәсіпорындарға қызмет көрсетіп, бір терминал аумағында бірнеше логистикалық операцияны кешенді түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. «Рекон-Актау» ЖШС терминалдық инфрақұрылымды жаңғыртуға, контейнерлік логистиканы дамытуға, жүк операцияларының тиімділігін арттыруға және қойма процестерін жетілдіруге басымдық береді.

 💠Маңғыстау облысының Каспий маңындағы стратегиялық орналасуын ескерсек, компанияның логистикалық мүмкіндіктері мұнай-газ және мұнай-сервис жобаларын қамтамасыз ету үшін де маңызды.    KazService атынан «Рекон-Актау» ЖШС-ін Одақ құрамына қосылуымен құттықтаймыз! Жаңа мүшемізге табысты жобалар, сенімді серіктестер және KazService алаңында жаңа іскерлік мүмкіндіктер тілейміз!

KazService
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍4🔥1🙏1💯1
Нұржан Мамытов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

💠 Республика күні мерекесіне орай, «ANCON» ЖШС құрылтайшысы Нұржан Қалилаұлы Мамытов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

💠 Нұржан Қалилаұлының басшылығымен «ANCON» компаниясы қарапайым телекоммуникациялық жабдық жеткізушісінен 500-ден астам қазақстандық маман еңбек ететін толық циклді EPC/O&M компаниялар тобына дейін өсті. Бүгінде кәсіпорын портфелінде 100-ден астам ірі өнеркәсіптік және инфрақұрылымдық жоба бар.

Олардың қатарында:

▪ «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының Қызылорда–Астана учаскесінің құрылысына қатысу;
▪ Қазақстанның ауылдық елді мекендерін кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету жобалары;
▪ Теңіз кен орнындағы 3GP жобасы аясындағы күрделі электромеханикалық жұмыстар;
▪ Технологиялық құбыржолдар, металл конструкциялары, электр жүйелері және өндірістік инфрақұрылым құрылысы.

💠 «ANCON» үшін келесі маңызды бағыт — технологиялық құзыреттілікті арттыру мен импортты алмастыру болды. Компания құбыржолдарын төсеудің траншеясыз технологияларын меңгеріп, меншікті ауыр арнайы техника паркін қалыптастырды, сондай-ақ «Қауіпсіз қала» және «Қауіпсіз ауыл» бағыттарында кешенді шешімдерді іске асырды.

💠 Бүгінде компания Қазақстан нарығымен ғана шектелмей, ANCON ARABIA бренді арқылы Таяу Шығыс нарығына отандық инженерлік және EPC-құзыреттерді экспорттау бағытын белсенді дамытып келеді.

💠 Бұл мемлекеттік награда — отандық кәсіпкерлікті, өндірістік және инженерлік әлеуетті дамытуға қосқан қажырлы еңбектің жоғары бағасы.

💠 KazService одағының атынан Нұржан Қалилаұлын лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз!

💠 Отандық бизнесті күшейтуге бағытталған еңбегіңіз жемісті болып, жаңа жобалар мен халықаралық бастамаларыңызға табыс тілейміз! Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!



KazService
🔥6❤2👍2🙏1💯1
🏅 Ерлан Андашев «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

💠Қазақстан мұнай сервистік компаниялар одағы — KazService мүшесі, «Alimay» ЖШС бас директоры Ерлан Андашев Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
💠Ерлан Андашев — отандық мұнай-сервистік бизнесті дамытуға, заманауи технологияларды енгізуге және қазақстандық компаниялардың күрделі өндірістік міндеттерді өз күшімен орындау құзыретін арттыруға үлес қосып жүрген кәсіпкерлердің бірі.
💠Оның басшылығындағы «Alimay» ЖШС мұнай-газ саласындағы жобаларға қатысып, отандық инженерлік және өндірістік әлеуетті дамыту бағытында жұмыс істеп келеді.
🇰🇿 KazService атынан Ерлан Андашевты мемлекеттік награда — «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
💠Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін! Отандық мұнай-сервис саласын дамыту жолындағы қызметіңізге табыс, жаңа белестер мен толағай жетістіктер тілейміз!

KazService
👍8❤3🔥3💯1