KBTU News For Students
6.02K subscribers
1.22K photos
115 videos
157 files
937 links
Download Telegram
📢 Құрметті студенттер!

📌 2024 жылдан бастап ҚБТУ-да студенттердің Орталық сайлау комитетіне (ОСК) анонимді түрде жүгінуіне мүмкіндік беретін бот жұмыс істейді. Ол сұрақтар, өтініштер мен шағымдарды ыңғайлы әрі жедел жолдауға арналған.

Егер сіз әділетсіз қарым-қатынасқа тап болсаңыз немесе қандай да бір мәселе туралы хабарлағыңыз келсе, ботқа жаза аласыз:
👉 @KBTU_StudentHelper_bot

📎 ОСК-бот өтініш беру үдерісін әрбір студент үшін қолжетімді, ашық әрі ыңғайлы етуге көмектеседі.

Сіздің өтінішіңіз маңызды!

RUS & ENG ⬇️
❤1
Құрметті студенттер!

📌 Сіздерді Нархоз университеті мен Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастыратын KASE Case Competition 2026 республикалық студенттік кейс-чемпионатына қатысуға шақырамыз!

📊 Қазақстанның жетекші қаржы институттары әзірлеген нақты бизнес-кейстерді шешіп, басты жүлде – KASE-де ақылы тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болыңыздар!

👥 Қатысу форматы: бір университеттің 3–4 студентінен құралған командалар.
📅 Тіркелу мерзімі: 2026 жылғы 18 қазан-ға дейін
🏆 Финал: 2026 жылғы 12 қараша, Нархоз университеті, Алматы қаласы.

🔗 Тіркелу: KASE Case Competition 2026

Қаржы саласында тәжірибе жинап, өз қабілеттеріңізді көрсету мүмкіндігін жіберіп алмаңыздар! 💙

RUS & ENG ⬇️