1. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру үшін Салық төлеушінің кабинетіне кіріп, «Құжатты тапсыру» батырмасын басыңыз.
2. Іздеу жолағына салықтық өтініштің атауын енгізіңіз.
3. Тиісті салықтық өтінішті таңдап, «Тапсыру» батырмасын басыңыз.
4. Негіздемелердің кейбір себептері таңдауға қолжетімсіз болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін курсорды лепбелгісінің үстіне қойыңыз.
5. Қажетті тармақты таңдап, «Келесі» батырмасын басыңыз.
6. Келесі қадамда міндетті ұяшықтарды толтырыңыз. Қажет болса, қосымша ұяшықтарды жоюға немесе қосуға болады.
7. «Салық төлеушінің келісімі» бөлімінде растау белгісін қойып, мемлекеттік кірістер органының кодын тексеріңіз және «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.
8. Баспа нысаны қалыптасып, құжаттың дұрыс толтырылғанын тексерген соң, «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз.
9. Салықтық өтініштің мәртебесін «Құжаттар» қосымша бетіндегі «Менің құжаттарым» журналынан көре аласыз.
10. Өтініштің мәртебесі келесідей болуы мүмкін:
«Өңделуде» - өтініш мемлекеттік кірістер органына түсті және өңдеуді күтуде (бұл «Е» тармағын таңдағанда: «Камералдық бақылау жүргізілмей, оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтататын ЖК» үшін қолданылады).
«Қабылданбады» - бас тарту себептері хабарламада көрсетіледі. Оны көру үшін салықтық өтініштің үстінен басыңыз.
11. Ашылған терезеде «Қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама...» тармағын таңдаңыз. Қателік туралы ақпарат құжаттың төменгі бөлігінде көрсетіледі.

🔥2