Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
9.07K subscribers
6.66K photos
1.1K videos
12 files
3.5K links
Ресми парақша | Официальная страница

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
🇰🇿Қымбатты отандастар!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

📖16 желтоқсан — еліміздің тарихындағы ерекше әрі тағдыршешті күн. Дәл осы күні, 1991 жылы, Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды қабылдап, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы азаттық пен егемендікке қол жеткізу жөніндегі арманын шындыққа айналдырды.

Тәуелсіздік — мемлекеттігіміздің ең жоғары құндылығы әрі басты байлығы. Елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау — бүгінгі және келешек ұрпақ алдындағы ортақ әрі қасиетті борышымыз.

🌼Осы мерекелі күні барша қазақстандықтарға бейбітшілік пен татулық, амандық пен денсаулық, бақыт, жоғары жетістіктер мен тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі жолындағы жаңа табыстар тілейміз.

*

🇰🇿Дорогие соотечественники!

От всей души поздравляем вас с Днём независимости Республики Казахстан!

📖16 декабря — особая и судьбоносная дата в истории нашей страны. Именно в этот день в 1991 году Верховный Совет Казахстана принял Конституционный закон «О государственной независимости Республики Казахстан», воплотив в реальность многовековую мечту наших предков — обрести свободу и суверенитет.

Независимость является высочайшей ценностью и главным достоянием нашего государства. Защита суверенитета и территориальной целостности страны — наш общий и священный долг, ответственность перед нынешними и будущими поколениями.

🌼В этот праздничный день желаем всем казахстанцам мира и согласия, благополучия и здоровья, счастья, высоких достижений и новых свершений на благо нашего независимого Казахстана.

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
👏4❤3
⁉️Когда был принят ТК «О таможенном регулировании в РК»?
Anonymous Quiz
30%
1 января 2015 года
57%
26 декабря 2017 года
13%
1 июля 2018 года
❤1
⁉️Мемлекеттік кірістер комитеті қай жылы құрылды?
Anonymous Quiz
12%
2010 жылы
81%
2014 жылы
7%
2016 жылы
🤝2025 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы Жандос Дүйсембиев пен Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы жаңадан тағайындалған Төтенше және Өкілетті Елшісі Салли Аксуорси ханымның арасында екіжақты кездесу өтті.

Аталған кездесу осы форматтағы тараптардың алғашқы ресми кездесуі болып, кедендік және салықтық әкімшілендіру саласындағы өзекті мәселелер мен қазақстан-британ ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективаларын талқылауға арналды.

✔️Келіссөздер барысында тараптар Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, кедендік рәсімдерді жаңғырту, цифрлық шешімдерді дамыту, тәуекелдерді басқару және институционалдық әлеуетті арттыруды қоса алғанда, басым бағыттар бойынша практикалық өзара іс-қимылды тереңдетуге өзара мүдделілік білдірді.

Жандос Дүйсембиев британдық тарапты Комитеттің негізгі қызмет бағыттары, жүзеге асырылып жатқан реформалар, сондай-ақ халықаралық сауда мен инвестициялар үшін ашықтықты, тиімділікті және қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған кедендік және салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті.
Өз кезегінде, Салли Аксуорси ханым британдық тараптың одан әрі сындарлы диалог пен тәжірибе алмасуға дайын екенін растап, өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша қазақстандық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейтуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша кедендік әкімшілендіруді жетілдіру туралы Меморандумға қол қойылды, сондай-ақ тараптар тұрақты диалог пен практикалық ынтымақтастықты дамыту Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы әріптестікті нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.

 #ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
🤝18 декабря 2025 года состоялась двусторонняя встреча Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан Жандоса Дуйсембиева с вновь назначенным Чрезвычайным и Полномочным Послом Соединённого Королевства Великобритании и Северной Ирландии в Республике Казахстан госпожой Салли Аксуорси.

Это первая официальная встреча сторон в данном формате, которая была посвящена обсуждению актуальных вопросов и перспектив дальнейшего развития казахстанско-британского сотрудничества в сфере таможенного и налогового администрирования.

✔️В ходе переговоров стороны отметили высокий уровень двусторонних отношений между Казахстаном и Великобританией, а также подчеркнули взаимную заинтересованность в углублении практического взаимодействия по приоритетным направлениям, включая модернизацию таможенных процедур, развитие цифровых решений, управление рисками и повышение институционального потенциала.

Жандос Дуйсембиев проинформировал британскую сторону о ключевых направлениях деятельности Комитета, реализуемых реформах и предпринимаемых мерах по совершенствованию таможенного и налогового администрирования, направленных на обеспечение прозрачности, эффективности и благоприятных условий для международной торговли, и инвестиций.
Со своей стороны, госпожа Салли Аксуорси подтвердила готовность британской стороны к дальнейшему конструктивному диалогу и обмену опытом, а также выразила заинтересованность в расширении сотрудничества с казахстанскими партнёрами по вопросам, представляющим взаимный интерес.

По итогам встречи заключен Меморандум по улучшению таможенного администрирования, а также стороны выразили уверенность, что регулярный диалог и развитие практического взаимодействия будут способствовать укреплению партнёрства между Казахстаном и Великобританией.

 #ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
 
❤3😐1