Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
9.07K subscribers
6.66K photos
1.1K videos
12 files
3.5K links
Ресми парақша | Официальная страница

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
🤝 Бизнес-қоғамдастық өкілдерімен дөңгелек үстел

📅 2025 жылғы 19 желтоқсанда МКК Төрағасының орынбасары Бақытжан Слямовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының бизнес-қоғамдастығы өкілдерімен кедендік бақылауда мемлекеттік кірістер органдарының ұтқыр топтары мен цифрлық құралдарды енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

🔍 Кездесу барысында талқыланды:
• мемлекеттік кірістер органдарының мобильді топтарын енгізу;
• кедендік бақылаудың цифрлық құралдарын қолдану;
• көлік құралдарын тоқтату және тексеру тәртібі;
• техникалық бақылау құралдарын пайдалану және міндетті 🎥 бейнетіркеу.

📌 Рәсімдердің ашықтығына, адал сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ бақылауды күшейту мен бизнестің мүдделері арасындағы теңгерімді сақтауға ерекше назар аударылды.

✅ Қорытындысында тараптар бизнес-қоғамдастықтың ұсыныстарын ескере отырып, әрі қарай диалог пен бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
🤝 Круглый стол с представителями бизнес-сообщества

📅 19 декабря 2025 года КГД МФ РК провёл круглый стол под председательством заместителя Председателя КГД Бахытжана Слямова с участием представителей бизнес-сообщества РК, по вопросам внедрения мобильных групп органов государственных доходов и цифровых инструментов таможенного контроля.

🔍 В ходе встречи обсуждены:
• внедрение мобильных групп органов госдоходов;
• применение цифровых инструментов таможенного контроля;
• порядок остановки и проверки транспортных средств;
• использование технических средств контроля и обязательная 🎥 видеофиксация.

📌 Особое внимание уделено прозрачности процедур, защите прав добросовестных участников ВЭД и поиску баланса между усилением контроля и интересами бизнеса.

✅ По итогам стороны подтвердили готовность к дальнейшему диалогу и совместной работе с учётом предложений бизнес-сообщества.
❤3
⚜️ҚР ҚМ МКК Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жаңа басшысы тағайындалды

🔰Бүгін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұжымына – Арман Нұрланұлы Ахметқалиевті таныстырды.

🔹Арман Ахметқалиев 2000 жылы Жетісу экономикалық институтын тәмамдап шыққан.
Еңбек жолын 2000 жылы Алматы облысы Қаратал ауданы әкімінің аппаратында бастаған. Салық және мемлекеттік органдар құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеп, оның ішінде Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Ақтау қаласы басқармасының басшысы болған.
🔹Соңғы бір жылда Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болды.

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
❤2
⚜️Назначен новый руководитель Департамента государственных доходов по Мангистауской области КГД МФ РК

🔰Сегодня заместитель Председателя Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан Сеилжан Ахметов представил коллективу Департамента государственных доходов по Мангистауской области – Ахметкалиева Армана Нурлановича.

🔹Арман Ахметкалиев в 2000 году окончил Жетысуский экономический институт.
Свою трудовую деятельность начал в 2000 году в аппарате акима Каратальского района Алматинской области. Работал на различных позициях в структуре налоговых и государственных органов, в том числе руководителем Управления государственных доходов по городу Актау Департамента государственных доходов по Мангистауской области.
🔹Последний год являлся заместителем руководителя Департамента государственных доходов по городу Алматы.

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
👍6
⚠️Құрметті пайдаланушылар!

🛠️Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2025 жылғы 27 желтоқсанда сағат 02:00-ден 05:00-ге дейін «Қазақтелеком» АҚ техникалық жұмыстар жүргізетінін хабарлайды.

📌Осыған байланысты, көрсетілген уақыт аралығында «СӘИЖ», «ЭШФ», «Астана-1», «Кеден» ақпараттық жүйелері қолжетімсіз болады.


****

⚠️Уважаемые пользователи!

🛠️Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан сообщает, что в период с 02:00 до 05:00 часов 27 декабря 2025 года АО «Казахтелеком» будет проводить технические работы.

📌В связи с этим в указанный промежуток времени информационные системы «ИСНА», «ЭСФ», «Астана-1», «Кеден» будут недоступны.
❤1
🔰ҚР ҚМ МКК қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 300.00 декларациясын алдын ала толтыруға арналған пилоттық сервисті іске қосады.

🔹Жаңа сервис салық төлеушілерге ҚҚС декларациясын толтыруды жеңілдетуге, есептелген салық сомаларын алдын ала көруге және қателерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл камералдық бақылау хабарламалары мен айыппұл санкцияларының туындау тәуекелін төмендетуге бағытталған.

🔹Декларацияны алдын ала толтыру мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінде бар мәліметтер негізінде жүзеге асырылады, оның ішінде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесі, салық төлеушілердің жеке шоттары және тауарларға арналған декларациялар қамтылады. Бұл есептік көрсеткіштерді автоматты түрде қалыптастыруға және адам факторының ықпалын азайтуға мүмкіндік береді.

📍Сервис аясында декларацияның 13 жолы автоматты түрде толтырылады, оларды қажет болған жағдайда пайдаланушы ұлғайту немесе азайту жағына қарай өз бетінше түзете алады.

✔️ҚҚС бойынша декларацияны алдын ала толтыру сервисі 300.00 нысанын 2025 жылдың 4 тоқсаны үшін тапсыру кезінде қолжетімді болады.

Сервис пилоттық режимде іске қосылады. Оны жетілдіру бойынша барлық ұсыныстар мен ескертулерді «ҚҚС декларациясын (300.00 нысан) алдын ала толтыру сервисі» атты Telegram-ботқа @icna_review_bot арқылы жолдауға болады.

#ҚРҚММКК #КГДМФРК #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
❤1👍1