Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
9.07K subscribers
6.64K photos
1.1K videos
12 files
3.49K links
Ресми парақша | Официальная страница

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
🔰МКК «Salyq кэшбэк» пилоттық жобасын 2026ж.1 қаңтардан бастап ұзартылатыны туралы хабарлайды. Жоба микро және шағын бизнес субъектілері берген бақылау-касса машиналарының фискалдық чектері бойынша сыйақы төлеуге бағытталған.
🔹2026ж. 26 қаңтардан бастап жобаға Ақтөбе қаласы (Ақтөбе облысы) қосылады.
🔹Естеріңізге сала кетейік, 2025ж. «Salyq кэшбэк» жобасы 12 облыстың 48 ауданында жұмыс істеді: ШҚО, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан, Алматы, БҚО, СҚО, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында. Жоба оң нәтиже көрсетті, сканерленген чектер саны 26% - ға өсті және олардың жалпы сомасы өткен жылмен салыстырғанда 32% - ға өсті.
✔️Анықтама үшін: 2025ж. жалпы сомасы 7,6 млрд теңгеге 573 937 чек сканерленді. Есептелген кэшбэк сомасы 152 млн теңгені құрады.

«Salyq кэшбэк» жобасына кез келген адам қатыса алады. Сол үшін қажет:
Тауар немесе қызмет үшін төлем жасағанда фискалдық чек алу қажет;
Чектегі штрих-кодты «Amian» мобильді қосымшасы арқылы сканерлеп, сатып алу сомасының 2% мөлшерінде кэшбэк алу.
      Алынған қаражатты банктік картаға аударуға немесе мобильді телефон балансына жіберуге болады.
      Сыйақыны «IT Analytics» ЖШС операторы «Amian» мобильді қосымшасы арқылы есептейді. Қосымша App Store және Google Play-да тегін жүктеуге болады.

МКК азаматтарды өз тұтынушы құқықтарын қорғау үшін бақылау-кассалық аппараттардың чектерін талап етуге шақырады.

#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
🔰КГД информирует о продлении пилотного проекта «Salyq кэшбэк» с 1 января 2026г. Проект направлен на выплату вознаграждений по фискальным чекам ККМ, выданным субъектами микро- и малого бизнеса.
🔹С 26 января 2026 года к проекту подключается г.Актобе (Актюбинская область).
🔹Напоминаем, что в 2025г. проект «Salyq кэшбэк» действовал в 48 районах 12 областей: ВКО, Костанайской, Акмолинской, Карагандинской, Мангистауской, Жамбылской, Туркестанской, Алматинской, ЗКО, СКО, а также в областях Жетісу и Ұлытау. Проект показал положительные результаты: количество отсканированных чеков увеличилось на 26%, а их общая сумма выросла на 32% по сравнению с предыдущим годом.
✔️Справочно: за 2025 год отсканировано 573 937 чеков на общую сумму 7,6 млрд тенге. Сумма начисленного кэшбэка составила 152 млн тенге.

Участие в проекте «Salyq кэшбэк» может принять любой желающий. Для этого необходимо:
Получить фискальный чек при оплате товаров или услуг;
Отсканировать штрих-код с чека в специальном мобильном приложении «Amian» и получить кэшбэк в размере 2% от суммы покупки.
Полученные средства можно перевести на банковскую карту либо зачислить на баланс мобильного телефона.
      Начисление вознаграждений осуществляется оператором ТОО «IT Analytics» через мобильное приложение «Amian», которое доступно для бесплатного скачивания в App Store и Google Play.

КГД призывает граждан требовать чеки ККМ для защиты своих потребительских прав.

  #САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
👍1
1. Қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш беру үшін Салық төлеушінің кабинетіне кіріп, «Құжатты тапсыру» батырмасын басыңыз.
2. Іздеу жолағына салықтық өтініштің атауын енгізіңіз.
3. Тиісті салықтық өтінішті таңдап, «Тапсыру» батырмасын басыңыз.
4. Негіздемелердің кейбір себептері таңдауға қолжетімсіз болуы мүмкін. Толық ақпарат алу үшін курсорды лепбелгісінің үстіне қойыңыз.
5. Қажетті тармақты таңдап, «Келесі» батырмасын басыңыз.
6. Келесі қадамда міндетті ұяшықтарды толтырыңыз. Қажет болса, қосымша ұяшықтарды жоюға немесе қосуға болады.
7. «Салық төлеушінің келісімі» бөлімінде растау белгісін қойып, мемлекеттік кірістер органының кодын тексеріңіз және «Қалыптастыру» батырмасын басыңыз.
8. Баспа нысаны қалыптасып, құжаттың дұрыс толтырылғанын тексерген соң, «Қол қою және жіберу» батырмасын басыңыз.
9. Салықтық өтініштің мәртебесін «Құжаттар» қосымша бетіндегі «Менің құжаттарым» журналынан көре аласыз.
10. Өтініштің мәртебесі келесідей болуы мүмкін:
«Өңделуде» - өтініш мемлекеттік кірістер органына түсті және өңдеуді күтуде (бұл «Е» тармағын таңдағанда: «Камералдық бақылау жүргізілмей, оңайлатылған тәртіппен қызметін тоқтататын ЖК» үшін қолданылады).
«Қабылданбады» - бас тарту себептері хабарламада көрсетіледі. Оны көру үшін салықтық өтініштің үстінен басыңыз.
11. Ашылған терезеде «Қабылдау немесе қабылдамау туралы электрондық хабарлама...» тармағын таңдаңыз. Қателік туралы ақпарат құжаттың төменгі бөлігінде көрсетіледі.
 
🔥2