Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
9.08K subscribers
6.64K photos
1.1K videos
12 files
3.49K links
Ресми парақша | Официальная страница

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
АҢДАТПА!

🔰 Instagram парақшасында @press_kyzmet_kgd «Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алу тәсілдері мен шаралары» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Күні: 2026 жылғы 10 ақпан.
Сағат: 11:00-де.

Спикер – Арын Қайсар Бақытұлы, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Аудит департаменті Берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.


ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.

@kgdmfrk
🔰Астанада Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) және Жапония халықаралық ынтымақтастық агенттігінің (JICA) қолдауымен тауарларды шығару уақытын зерттеу (ТШУЗ) бойынша өңірлік оқыту іс-шарасы өтуде.

🌍 Іс-шараға келесі мемлекеттердің кеден қызметтерінің өкілдері қатысуда:
Армения, Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан.

🎯 Оқытудың мақсаты — ТШУЗ әдіснамасын кедендік рәсімдердің нәтижелілігін сандық бағалау және олардың ашықтығын арттыру құралы ретінде тәжірибеде қолдану.

Қатысушыларды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов құттықтады.
Ол ДКҰ және JICA-мен серіктестіктің маңыздылығын атап өтіп, сондай-ақ ДКҰ басшысының елімізге жуырдағы сапары барысында Қазақстанның кеден жүйесіндегі реформаларға жоғары баға берілгенін жеткізді.

💬
«Тауарларды шығару уақытын зерттеу — бұл жай ғана талдау құралы емес. Бұл кедендік рәсімдердегі таршылықтарды анықтау, операциялардың ашықтығын арттыру және жүк шекарадан өту мерзімін қысқарту тетігі», — деп атап өтті Бақытжан Слямов.

📊 Оқыту барысында қатысушылар:
▪️ ТШУЗ жүргізу кезеңдерін зерделейді
▪️ деректерді жинау және талдау әдістерін меңгереді
▪️ ұлттық тәжірибемен алмасады

🇰🇿 Қазақстан ТШУЗ әдіснамасын кедендік әкімшілендіру практикасына жүйелі түрде енгізуде. Алынған нәтижелер:
✔️ рәсімдерді оңтайландыруға
✔️ электрондық сервистерді дамытуға
✔️ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен және көршілес мемлекеттердің мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимылды жетілдіруге пайдаланылады

🤝 Әдіснаманы ұлттық және өңірлік деңгейде үйлестіре қолдану көлік-логистикалық дәліздерді нығайтуға, жеткізілімдердің болжамдылығын арттыруға және Орталық Азия мен Кавказ бағыттарының халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге ықпал етеді.

Оқыту қорытындысы бойынша тауарларды шығару уақытын қысқарту, сауданы дамыту және өңірлік ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі бірлескен шаралар айқындалатын болады.

Толығырақ 🔗

#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня