Мемлекеттік кірістер комитеті / Комитет государственных доходов
9.08K subscribers
6.64K photos
1.1K videos
12 files
3.49K links
Ресми парақша | Официальная страница

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметі туралы арна

Канал о деятельности Комитета государственных доходов МФ РК
Download Telegram
🔰(Швейцария) Женевадағы 2026 жылғы 10–13 ақпанда Көлік және шекаралық жеңілдетуге қатысты кеден мәселелері жөніндегі Жаһандық форумның 171-ші сессиясы және 1975 жылғы халықаралық автокөлік тасымалы Конвенциясының Әкімшілік комитетінің 87-ші сессиясы өтеді.
Халықаралық автокөлік тасымалы конвенциясының Әкімшілік комитетінің 87-ші сессиясында ҚР ҚМ МКК-нің орынбасары Қайрат Жұмағұлов транзит тасымалының дамуы, кеден рәсімдерін цифрландыру және электрондық халықаралық автокөлік тасымалы құралдарын енгізу туралы баяндама жасады.

🇰🇿 Кедендік транзит процесін цифрлық трансформациялаудың негізгі элементі ретінде халықаралық автокөлік тасымалы рәсімін енгізуге ерекше назар аударылды. Қазақстан қазіргі уақытта ұлттық ақпараттық жүйелерді халықаралық платформамен интеграциялауды сынап жатыр. Техникалық жұмыстар аяқталғаннан кейін халықаралық автокөлік тасымалы электрондық кітабын пайдалана отырып халықаралық жүйеге қосылу жоспарланған.

💬 Цифрландыру кедендік рәсімдерді жеңілдетіп, процедуралардың ашықтығын арттырып, халықаралық көліктің сенімділігін жақсартады деп күтілуде.
Тасымалдаушының TIR-EPD жүйесі арқылы ұсынған бастапқы ақпарат дұрыс толтырылған жағдайда транзит декларациясы ретінде қолданылатынын атап өту керек. Бұл кеден брокерін жалдау немесе қаржылық кепілдік ұсыну қажеттілігін жояды. Шекара өткелдерінде транзит жүктерге, соның ішінде халықаралық автокөлік тасымалы жүктерге арналған бөлек дәліздер ұйымдастырылды.


🚂Сонымен қатар, Қазақстан теміржол көлігінде цифрлық шешімдерді енгізуде. 2023 жылдың желтоқсанынан бастап кеден органдарының жүйелері мен ұлттық теміржол тасымалдаушысын интеграциялау негізінде қағазсыз транзит декларацияларын автоматты тіркеу және беру бойынша пилоттық жоба жүзеге асырылуда.
Қазақстан халықаралық автокөлік тасымалы конвенциясының цифрлык құралдарын одан әрі дамытуға және Түрік мемлекеттері ұйымына мүше елдердің кеден қызметтерімен ынтымақтастық жүргізуге дайын екенін растады.

#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
🔰С 10 по 13 февраля 2026 года во Дворце Наций в Женеве (Швейцария) проходит 171-я сессия Глобального форума по таможенным вопросам, связанным с транспортом и упрощением процедур пересечения границы, а также 87-я сессия Административного комитета Конвенции МДП 1975 года.
В рамках 87-й сессии Административного комитета Конвенции МДП заместитель Председателя КГД МФ РК Кайрат Джумагулов выступил с докладом о развитии транзитных перевозок, цифровизации таможенных процедур и внедрении электронных инструментов МДП. 

🇰🇿 Особое внимание было уделено реализации процедуры eTIR как ключевого элемента цифровой трансформации таможенного транзита. В настоящее время Казахстан тестирует интеграцию национальных информационных систем с международной платформой. После завершения технической работы планируется присоединение к международной системе с применением электронной книжки МДП. 

💬 Ожидается, что цифровизация позволит упростить таможенное оформление, повысить прозрачность процедур и усилить надежность международных перевозок. 
Отмечено, что предварительная информация, поданная перевозчиком через систему TIR-EPD, при корректном заполнении используется как транзитная декларация. Это позволяет не обращаться к таможенному брокеру и не предоставлять финансовую гарантию. В автопунктах пропуска организованы отдельные коридоры для транзитных перевозок, включая МДП. 

🚂Кроме того, Казахстан внедряет цифровые решения и в железнодорожном транзите. С декабря 2023 года реализуется пилотный проект по автоматической регистрации и выпуску транзитных деклараций без бумажных документов на основе интеграции систем таможенных органов и национального железнодорожного перевозчика. 
Казахстан подтвердил готовность к дальнейшему развитию цифровых инструментов Конвенции МДП и сотрудничеству с таможенными службами стран Организации тюркских государств. 

#САЛЫҚТАР #НАЛОГИ #кеден #таможня
🛑ЭШФ АЖ-да техникалық жұмыстарды жүргізу туралы

📌Құрметті салық төлеушілер!

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 13-ақпанда сағат 00:00-ден 02:00-ге дейін «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінде, жүйені жаңарту және оңтайландыру бойынша техникалық жұмыстар жоспарланғанын хабарлайды. Көрсетілген уақыт аралығында «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі қолжетімді болмайды.

Осыған байланысты, қажет болған жағдайда салық төлеушілер 2026 жылғы 13-ақпанда ТІЖ, ЭШФ рәсімдеуге және «ЭШФ» АЖ енгізуге құқылы екенін хабарлайды:

- 2026 жылғы 13-ақпаннан бастап бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде қағаз тасығышта жазып берілген шот-фактура;

- 2026 жылғы 13-ақпаннан бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қағаз жеткізгіште жазылған тауарларға ілеспе жүкқұжат.

Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.

*

🛑О проведении технических работ в ИС ЭСФ

📌Уважаемые налогоплательщики!

Комитет государственных доходов МФ РК доводит до сведения, что 13 февраля 2026 года с 00:00 до 02:00 часов в информационной системе «Электронные счета-фактуры» запланированы технические работы по обновлению и оптимизации системы. В указанный промежуток времени информационная система «Электронные счета-фактуры» будет не доступна.

В связи с чем, в случае необходимости налогоплательщики вправе оформить СНТ, ЭСФ и внести в ИС «ЭСФ» за 13 февраля 2026 года:

− счет-фактуру, выписанную на бумажном носителе в течение 15 (пятнадцати) календарных дней c 13 февраля 2026 года;

− сопроводительную накладную на товары, выписанную на бумажном носителе в течение 3 (трех) рабочих дней c 13 февраля 2026 года.

При этом штрафные санкции применяться не будут.
❓2026 жылы 1 қаңтардан бастап қанша арнаулы салық режимі көзделген?
Anonymous Quiz
7%
екі режим
88%
үш режим
4%
дұрыс жауап жоқ
❓Сколько специальных налоговых режимов предусмотрено с 1 января 2026 года?
Anonymous Quiz
23%
два режима
68%
три режима
9%
нет правильного ответа
❓Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қолдану үшін хабарлама беру мерзімі қандай?
Anonymous Quiz
4%
01.12.2025 -25.12.2025 аралығы
5%
01.01.2026 -25.03.2026 аралығы
91%
01.01.2026 - 28.02.2026 аралығы
❓Срок даты подачи уведомления для применения специального налогового режима на основе упрощенной декларации в переходный период?
Anonymous Quiz
2%
с 01.12.2025 - 25.12.2025
12%
с 01.01.2026 - 25.03.2026
86%
с 01.01.2026 - 28.02.2026
Егер СТ 2025 жылы оңайлатылған декларацияны қолданса, 28.02.26 ж. дейін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режиміне көшу туралы хабарлама бермесе, онда олар ағымдағы жылғы 1 қаңтардан бастап қызметін қандай режимде жүзеге асыратын болады?
Anonymous Quiz
94%
жалпыға бірдей белгіленген режимде
6%
оңайлатылған декларация негізіндегі АСР-де
❓Если налогоплательщики, применявшие в 2025 г. упрощённую декларацию, не подадут уведомление о переходе на СНР упрощённой декларации по 28.02.26 г., то в каком режиме они будут осуществлять деятельность с 1 января текущего года?
Anonymous Quiz
93%
на общеустановленном режиме
7%
на СНР упрощенной декларации
🔍 Білу маңызды: сұрақ-жауап

Кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік әрі салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында ҚМ-нің кәсіби бухгалтерлер ұйымдарымен (КБҰ) бірлесіп 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап «Халықтық есепші» акциясын іске қосты.
Акция 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

🖇️ https://lp.prg.kz/kk/narod-buh/

#халықбухгалтері
#народныйбухгалтер
🔍 Вопрос-ответ которые важно знать

В целях поддержки предпринимателей и повышения качества ведения бухгалтерского и налогового учёта МФ совместно с Профессиональными организациями бухгалтеров (ПОБ) с 5 января 2026 года запущена акция «Народный бухгалтер». Акция продлится до 30 июня 2026 года.

🖇️ https://lp.prg.kz/kk/narod-buh/

#халықбухгалтері
#народныйбухгалтер