KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
🎧Кітап оқуға арналған әуендер:
❤5
☀️Қайырлы күн оқырман!

КітапАл-дың инстаграмдағы күнделікті стористерін бақылап жүресіз бе?
Телеграм арнамыздан да сторис арқылы пайдалы контент көргіңіз келсе мына сілтемеге өтіп, премиум жазылыммен дауыс бере аласыз👇✅

https://t.me/kitapall?boost
❤5
📽 ЖАҢА ПОДКАСТ🤩
Дамуды неден бастаймын❓
деген жандар АЗАМАТ СКАКОВПЕН болған пайдалы подкастты ең бірінші болып көріңіз.

Подкастта:

➡️Еріншектіктен құтылу
➡️Ұйқыны қалай дұрыстаймыз?
➡️Жүгіру мен жүзудің пайдасы
➡️балалық шақтың жарақаты, ерте тұру, эмоцияны басқару, отбасы гармониясы сынды тақырыптар қозғалды.

Подкаст БҮГІН 20:00-де Ютуб арнасында жарық көреді🎉
😍23❤12👍7❤‍🔥2🤩1
😩 Ата-ана: Неге балаларға арналған қазақша кітап жоқ?

2021 жылы Kitapal дүкеніне қарасты «Алтын сақа» баспасы балаларға арналған 100-ден аса түрлі-түсті суреті бар кітап, кітапша шығарды. Балалар бір қарық болатын болды деп қуанғанбыз. Бірақ көп кешікпей қуанышымыз су сепкендей басылды. Себебі баласына кітап алып беретін ата-ана аз екен. Кітабымыз сатылмай біраз тұрды. Бағасы тым арзан еді, 250-1500 тг аралығы. Ешқандай жарнама айтарлықтай әсер бермеді.

😠 Бірде мынадай көріністің куәсі болдым. Дәлізде ана баласымен кетіп барады. Бала қабырғада самсап тұрған кітаптың бірін алып (мәшине туралы суретті кітап):
- Анашым, алайықшы осыны, - деп жата жабысты. Сонда анасы қабағын түйіп:
- Білем ғой сені, оқымайсың, үйде әр жерде шашылып жатады сосын, - деп бетін қайтарып жіберді. Көзінен от шашып тұрған бала бірден жасып, басы салбырап, кітапты орнына қойды. Қарап отырып ішім ашып кетті. Осы ана енді бір-екі жылдан кейін: «Балам кітап оқымайды, телефоннан басын көтермейді» деп зарланып жүретініне күмәнім жоқ.

🫵 Сондықтан ата-ана немесе аға, әпкесі бол, кішкентайларға кітап сыйлауды әдетке айналдыруыңды сұраймыз. Өзің кітап оқысаң, бала да кітап оқиды. Өзің телефон қарап отырып, балаға кітап оқыта алмайсың. Баламен бала боп кітап оқып, талқылап, «Мақта қыздың орнында болсаң, сен не істер едің?» деп пікірін сұрап, оқу қажет. Бала да ақымақ емес, телефонның дайын мультигінен гөрі өз қиялымен дамытып кітап оқудың ләззаты көбірек екенін демде түсінеді.


🟢 @kitapal_bot арқылы кітапқа тапсырыс беріңіз. Әр тапсырыс үшін сізге беріледі:
1) тегін кітап (6 кітаптың ішінен таңдап аласыз)
2) кешбек
❤38👍15
Сәлем👋! Бүгін қасиетті Миғраж түні 🌗екен. Алла Елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) осы түні Жаратушының құзырына барып, ғаламның тылсым сырларына қанып қайтты. Үмбетіне «намаз» құлшылығын әкелді.

📚Біз, мұсылмандар бұл күнді құрметтейміз. Құран оқып, пайғамбарға салауат айтып, жақындарымызға дұға етіп, қайырымдылыққа садақа береміз.

📗 Пайғамбарымыздың өмірбаянын оқу үшін «Адамзаттың асыл тәжі», «Мұхаммед пайғамбар өмір жолы» кітаптарына тапсырыс беріңіз. Екі кітапта да аудиосын тыңдауға болатын QR коды бар. Сәлем болсын!

Тапсырыс беру үшін бот, уатсап, сайтты қолдансаңыз болады.
❤37👍3
📚 Көп кітап оқуға 5 лайфхак

⏺1) жаман кітапты соңына дейін оқыма. Няғыласың алтын уақытыңды босқа құртып. Одан да өзіңе қызықты боп тұрғанын ал.

⏺2) өте ұсақ мақсат қой. 20 бет емес, жарты бет. Дым емес қой. Ары қарай көбейту не көбейтпеу өз қолыңда.

⏺3) телефонға «одан да кітабыңды оқы» деген жазуы бар суретті экранға шығарып қой. Пайдасыз видео көріп қуа бастағанда, бұл сурет айналдырып кітапқа әкеледі.

⏺4) 2 тілде кітап оқы. Мысалы, қазақша және ағылшынша. Суахилише және аборигенше). Шағатайша немесе Ай мен Айша. Миың жалықпайды, рақаттанады.

⏺5) Сумкаңда бір жұқа кітап жүрсін. Телефоныңда әртүрлі жанрда 50-ге тарта кітап болсын. Жақсы приложениялар бар ғой: Kitapal, ibooks, fbreader, mybook, litres, т.б. Асханада, залда, жұмыс столыңда тағы бірнеше кітап жатсын.

🖌PS: максимум пайда алу үшін блокнотқа маңызды инсайттарды жазып отыр. Кейін керек болады. Кейін деген қашан десең, ертең айтам 😊
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤82👍16😍4💊1
❓О дүниеге біреу барып келіп пе?

⚫️Өлімнен қорқатын адамдардың ең жақсы көретін аргументі – осы. Олар өлімнен қорқады, сол үшін оны ойламауға тырысады. Тіршілік өліммен бітеді, болды, жоқ боламыз деп ойлайды. «Оу, көке, өлімнен кейін өмір бар. О дүние, жұмақ-тозақ, есеп беру деген бар» десең: «Сен қайдан білесің? О жаққа біреу барып келіп пе?» деп бетіңе бадырайып қарайды. Көпшілік осы жерде жауап таппай, абдырап қалады.

🟢Біле жүріңіз, Мұхаммед пайғамбарымыз о дүниеге барып, жұмақ/тозақты, сансыз періштелерді көріп, ең бастысы Алла Тағаланың құзырына барып сөйлесті. Ол қашан болған десеңіз, кеше түні өткен Миғраж оқиғасы – осының айғағы. Оның бүге-шігесіне дейін білгіңіз келсе, сира кітаптарынан оқи аласыз (кешегі постта атын атадық). Ол енді өте қызық сапар!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤60👍12
💜Бүгін қасиетті жұма екен. Бұл күнде өте қысқа бір уақыт бар. Кімнің тілегі сол сәтке тура келсе, бірден қабыл болады. Сондықтан сәт сайын жақсы бір тілек/дұға айтып жүріңіз. Дұға дегенде әдемі бір сөздерді қиыннан қиыстыра алмай қиналғанша, өзіңіз білетін жай сөздермен жақсы нәрсе тілей беріңіз. Алдымен өзіңізден бастап, ары қарай ата-ана, бауырлар, көрші-қолаңдар, туыстарды қосып қойсаңыз, артықтық етпейді.

📚Жұма күні оқуға ең жақсы сүре – Кәһф сүресі. Жалпы күн сайын Құран оқып тұру керек. Құран – нұр. Жүрегіңіздегі иман нұры мен Құран нұры қосылғанда, нұр үстіне нұр болады.

📕 Құран – біздің, яғни мұсылмандардың кітабы. Оны жетімсіретпейік. Өзгеге телміртпейік. Дәл қазір Кітапалдағы кез келген автордың кітабын жерге тастай салшы, сенімен қан-жоса боп төбелесуге дайын. Жоғарыда айтқандай, Құран – әрқайсымымыздың кітабымыз. Оның жерде қалуына, оқылмай тұруына жол бермейік.

👋Сәлем болсын!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49👍12🤗3💔2
🆘Жақында!!!
Джек Лондонның атақты “Мартин Иден” кітабын талқылау подкасты шығады. Мартиннің көзқарасын үш жігіт қорғап жатыр. Ал Руф, Лиз секілді қыздардың құқығын Айзат ханым қорғайды. Сіз ойлаған барлық сұраққа жауап беріліп жатыр.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49🤩12👍7👏4🕊2