Баласы сапардан анасына әдемі орамал әкеп берді. Анасына қатты ұнады. “Тағып алсаңызшы” дегенде: “Кенже ұлым үйленгенде кием” деді. Кенже ұлы сүрбойдақ боп, 35-ке жеткенше жүріп алды. Орамал сандықта шіріді. Таныс жағдай ма?
Асханаға жаңа орындықтар әкелді. Жаңа болғаны соншалық - сыртында пленкасы алынбаған. Баласы соны жырта бергені сол еді, анасы: - Әй! Не істеп жатырсың? Ертең кірлеп кетеді. Осылай тұрсын” - деді. Қонақ келгенде шешіп, кеткен соң қайта кигізіп, скотчтап қойды. Отырған сайын сырғып, шықырлап тұрады. Таныс па?
Әжесі базардан хрусталь стақандар әкелді. Немересі қуанып, шырын ішпекші боп жүгіріп кеп еді, бетін қайтарып жіберді. “Стақан көрмеп пе едің? Тұр ғой үйде, сомен іш” деп, стақандарды залдағы айнасы бар шкафқа салып қойды. Апта сайын бәрін алып, шаңын сүртіп, қайта орнына қояды. Өзі де қолданбады, басқаға да бермеді. Таныс па?
Қыз Швейцариядан тәтті шоколад әкелді. Анасы қайта-қайта қызығып қарап еді. “Мама, папаның туған күнінде жемейміз бе?” деп, асханадағы шкафтың үстіне қойды. Айтылған датада анасы ауырып, емханада жатыр еді. Ал шоколад сол күйі шкафта қалды. Жарамдылық мерзімі бітуге таяды. Таныс па?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤110👍23💔9🥰3😇2
Kitapal Podcast тарихындағы ең алғашқы нәзік жанды қонақ – Айна ханыммен болған подкастты көріңіздер😍
https://youtu.be/_4J2x4naJHs?si=IlqWoEhF1e_cyH6y
https://youtu.be/_4J2x4naJHs?si=IlqWoEhF1e_cyH6y
❤17😍6👍2🕊2👀1💊1
Реакция жібер
Осы постты бөліс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤149🔥27👍15🐳5🤝4⚡3👏2🕊1👀1
Тез шешім қабылдап үйрен
Бір адамдар бар, шешім қабылдауды қиындатып жіберген. Олармен әңгіме шаршатып жібереді:
😠 Өмірде мұндай адам көп. Өзін де, өзгені де шаршатып бітеді. Тарс етіп, “иә или жоқ” деп біржола айтпаған соң, мезі қып жібереді.
🏐 Оларды да ақтаймыз-ау: “Оның орнына әке-шешесі шешім қабылдаған, жеке өзіне жауапкершілік беріп үйретпеген, анау-мынау” деп. Сол да сөз боп па? Кез келген нәрсені үйренуге болады.
📚 Шешім қабылдауға қатысты кітаптар көп. Мысалы, “Думай медленно, решай быстро”, “Думай как женщина, решай как мужчина”, т.б. Интернетте де ақпараттар көп. Бір үйреніп алған соң соған сай амал ету керек.
✔️ Бір шешім қабылдаған соң тәуекел ету керек. Оны мың құбылтып өзгерте берген соң не мәні қалады?
📌 Реакция қойыңыз
📌 Постты бөлісіңіз
Бір адамдар бар, шешім қабылдауды қиындатып жіберген. Олармен әңгіме шаршатып жібереді:
⁃ Қалың куртка кисем бе екен әлде жеңіл жұқасын ба?
⁃ Қалыңын киіңіз. Қазір күн суық.
⁃ Әлде жұқасын кие берсем бе?
⁃ Білмеймін, өзіңіз біліңіз.
⁃ Бірақ жұқасын кисем, күн суытып кетсе, жаурап қалуым мүмкін, иә?
⁃ Айтып тұрмын ғой енді, қалың курткаңызды киіңіз деп.
⁃ Просто ол терлетіп жібереді де.
⁃ Жаурағаннан терлеген жақсы ғой.
⁃ Онда қалың куртканы киейін. Бірақ аяздың беті қайтып келе жатқан сияқты. Все таки жұқа куртканы кием-ау.
⁃ Иә, сөйтіңіз.
⁃ Бірақ ауырып қалған да жаман.
⁃ Көке, сіздің денеңіз - сіздің денсаулығыңыз. Өзіңіз шешіңіз.
⁃ Иә, дұрыс қой, сол қайсысын киерімді білмей тұрғаным.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍122❤38🤝5💊5
Мына 13 нәрсеге ақша жұмсамау керек ⚠️
1) Тренажер залға💪 жазылып, бірақ бармау. Егер бір ай бойы бармай жүрсең, онда сол жерден тоқтатып, келесі айға төлеуден бас тарт. Залға барып жүру қиын болса, үйге арналған турник, бруся, гантель, резеңке, скакалка, йога кілемін алып қойсаң болады.
2) Моданың артынан қуу.☄️ Жаңа сәнді киімді бір жусаң, бір ай киілгендей ескіріп қалады. Оны екінші рет достарыңның алдында кисең, өзің қысылып тұрасың. Одан да классикалық, бір түстес киім алу керек. Қанша кисең де өзектілігін, әдемілігін жоғалтпайды.
3) Бөліп төлеу.🤑 Бұл нәрсе миды гипноздап тастайды. Яғни, дәл қазір қолыңда жоқ ақшамен төлеуге бейімдейді. Мұқтаж емес заттарды бөліп төлеумен алуды доғару керек.
4) Подпискасы бар программалар.🎬 Алғашында бір апта қолданып, кейін ұмытып кеткен ақылы ойындарды өшіру керек. Мысалы, яндекс музыка, дуолинго, пазлдар, videoleap, Netflix, т.б.
5) Ақылы теледидар каналдары.📺 Интернет тарифтің ішінде ТВ қосулы болса, онда оны өшірсе болады. Себебі қазір ешкім ТВ көрмейді. Отандық каналдарды тегін антенна арқылы да қосуға болады. Киноларды интернеттен жүктеп немесе онлайн көруге болады.
6) Күн сайын кофе алу.☕️ Аптасына 1-2 рет кофе ішудің әбестігі жоқ. Ал күн сайын 1200-1500 теңгеге кофе алсаңыз, жылына жарты миллион ақша кетеді. Саяхаттайтын ақшаңыз осы жаққа кетіп жатыр. Тамырымда қан емес, кофе ағады десеңіз, онда кофемашина алғаныңыз жөн.
7) Лоторея/букмекер/бәс тігу.🐍 Бұл өзі арам бизнес. Ұтып жатсаңыз да арам. Ал ұту мүмкін емес, себебі бір рет ұтсаңыз да, үш рет ұтыласыз.
8) Қажетсіз гарантия.📞 Телефон, ноутбук алғанда бірнеше жылға ақылы гарантия ұсынады. Олар қажет емес. Біріншіден, шынымен зат бұзылған жағдайда сервис центр тегін істеген соң, жақтырмай, ит қып жібереді. Екіншіден, алғашқы жылдарда бұзылуы өте сирек. Онсыз да заттың бір жылдық тегін гарантиясы болады.
9) Күн сайын түскі ас сатып алу.🍔 Әдет деген қиын. Бір әдеттенсең болды, үйден тамақ әкелсең де, кафеден ішкің кеп тұрады. Бірақ әр түскі ас 2500-3000 тг. 300 жұмыс күнінде 900 000 тг тек түскі асқа кетеді. Мекке, Мединаға баруды армандап жүрсеңіз, ақшаңыз осында кетіп жатыр.
10) Артық азық-түлік алу.🍦 Үйінен колбаса, ірімшік, банан, балмұздақ үзілмейтін адамдар бар. Адам жегісі келген нәрсені ала берген сайын нәпсінің құлы боп кетеді. Кейбір күні етсіз, нансыз тамақ ішіп көріңіз. Тым болмаса бір кешіңіз пайғамбардың кешкі асына ұқсасын.
11) Су сатып алу.🌊 Дүкеннен 0,5 л таза су сатып алатын кездер көп. Оның орнына жеке бөтелке/термос болса, үйден не офистен су толтырып алып жүресіз. Қазір таза су да арзан емес.
12) Экспресс доставка.🛻 3 сағатта жеткізу – 995 тг деп, асығатын кезіміз көп. Біз негізі өте асығыс халықпыз ғой. Әйтпесе келесі күні соны тегін жеткізіп береді.
13) Онлайн регистрация.✈️ Әуежайда қазір саусағыңның ұшын қимылдатсаң ақша ғып жіберген. Рейске тіркелуді телефоннан не компьютерден онлайн түрде жасап алыңыз. Жүкті үйден стретчпен орап алыңыз. Қол сөмкеге жейтін бір-екі зат салып алыңыз. Әйтпесе әуежайда және ұшақтың ішінде удай қымбат.
✔️ Реакция қойыңыз
✔️ Постты бөлісіңіз
1) Тренажер залға
2) Моданың артынан қуу.
3) Бөліп төлеу.
4) Подпискасы бар программалар.
5) Ақылы теледидар каналдары.
6) Күн сайын кофе алу.
7) Лоторея/букмекер/бәс тігу.
8) Қажетсіз гарантия.
9) Күн сайын түскі ас сатып алу.
10) Артық азық-түлік алу.
11) Су сатып алу.
12) Экспресс доставка.
13) Онлайн регистрация.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤169👍88🔥19🤝2
Ал ай күнтізбесімен есептесек, мұндай қалдық қалмас еді. Мүмкін болашақта соған көшерміз.
Бүгін кешегіге қарағанда мықтырақ, өнімдірек, жақсырақ боламыз. Ал ертең 1-наурызда бүгінге қарағанда күштірек, білімдірек, үздік болуға ұмтыламыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤98👍34👏6⚡2🕊2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤124👍48😍7❤🔥3✍2
📶Рамазан айының басталуына 5 күн ғана қалыпты😲 Дайындықты қалай бастап жатырсыз?
🔴Қасиетті айдың қасиетін толық сезіне алу үшін, жақсылықтарын жіберіп алмас үшін, ауызашар сәттерін пайдалы рухани әңгімемен өткізе алу үшін - ОРТА керек.
Сіздің осы Рамазан айын бірге өткізетін ортаңыз бар ма?
Иә/жоқ?
🔵ОРТАСЫ ЖОҚ адам қандай қиындықтарға тап болады:
➖Негатив ойларға бейім болады
➖Көп ісін орта жолда тастап кетеді
➖Әдет қалыптастыру қиын
➖Күйзеліске жиі түседі
➖Проблемасының шешімін таба алмай ұзақ ойланады
➖Тәуекелдерге бара алмайды
➖Даму жолы өте баяу жүреді
⚪️Рамазан айын бірге өткізетін орта таппаған болсаңыз, “Шабыт” дамушы жастар тобы сізді РАМАЗАН МАРАФОНЫНА шақырады😍
МАРАФОНДА👇
Тұлғалық дамуға арналған әдеттер:
- Кітап оқу
- Жаттығу жасау
- Дұрыс тамақтану
Рухани дамуға арналған әдеттер:
- 40 күн таһаджуд челленджі
- Құран оқу;
- Салауат айту;
➕жабық телеграм каналда діни білім және КІТАПАЛ спикерлерімен онлайн кездесу өтетін болады🔥
❣️Марафон жайлы толық ақпарат алу үшін https://t.me/+MMOZ_7-Dy1tiZDdi ватсап нөміріне жазыңыз.
🔴Қасиетті айдың қасиетін толық сезіне алу үшін, жақсылықтарын жіберіп алмас үшін, ауызашар сәттерін пайдалы рухани әңгімемен өткізе алу үшін - ОРТА керек.
Сіздің осы Рамазан айын бірге өткізетін ортаңыз бар ма?
Иә/жоқ?
🔵ОРТАСЫ ЖОҚ адам қандай қиындықтарға тап болады:
➖Негатив ойларға бейім болады
➖Көп ісін орта жолда тастап кетеді
➖Әдет қалыптастыру қиын
➖Күйзеліске жиі түседі
➖Проблемасының шешімін таба алмай ұзақ ойланады
➖Тәуекелдерге бара алмайды
➖Даму жолы өте баяу жүреді
⚪️Рамазан айын бірге өткізетін орта таппаған болсаңыз, “Шабыт” дамушы жастар тобы сізді РАМАЗАН МАРАФОНЫНА шақырады😍
МАРАФОНДА👇
Тұлғалық дамуға арналған әдеттер:
- Кітап оқу
- Жаттығу жасау
- Дұрыс тамақтану
Рухани дамуға арналған әдеттер:
- 40 күн таһаджуд челленджі
- Құран оқу;
- Салауат айту;
➕жабық телеграм каналда діни білім және КІТАПАЛ спикерлерімен онлайн кездесу өтетін болады🔥
❣️Марафон жайлы толық ақпарат алу үшін https://t.me/+MMOZ_7-Dy1tiZDdi ватсап нөміріне жазыңыз.
👍15❤5
Көре алмайтын аналар, қорқынышпен күрес, балатану, суицидке бейім бала | Kitapal podcast #24
https://youtu.be/aN4drpUmdWE?si=v516-RmBxQxPKiO1
https://youtu.be/aN4drpUmdWE?si=v516-RmBxQxPKiO1
YouTube
Көре алмайтын аналар, қорқынышпен күрес, балатану, суицидке бейім бала | Kitapal podcast #24
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов психолог Мөлдір Тоғжанова ханыммен сұхбаттасады. Баланың қорқынышын кетіру, ата-ананың балаға тигізер зияны, сурет арқылы бала психологиясын анықтау, кіндігі ажырамаған…
❤16😍6🕊3👍2
Неге дейсің ғой? Себебі менің анам бар. Анам бар кезде басқа байлықтар көрінбей қалады. Ананың бір ауыз сөзі, жымиғаны, бар болғаны – бақыт. Кеше «Человек в маске» деген жігіттің видеосынан көріп қалдым, бір қыздан «Арманың не?» деп сұрап еді, «Ата-анаммен сөйлесу, даусын есту, әңгімелесу» дейді. Сөйтсе олар мылқау екен... Ал сен анаңмен сөйлесуіңнің үлкен бақыт екенін білдің бе? Ендеше мақтанбадық па бірге?
Себебі менің әпкем бар. Ооо, әпке деген кім, білесің бе? Анаңнан кейінгі ең қамқор адам ғой ол. Інім дегенде бордай езіледі, ойлап жүреді. Барған жерінен бір сыйлық ала келеді. Сен дым әкелмесең де, сыйламасаң да сені жақсы көреді, сенімен мақтанады. Әпкеңнің бар болғаны бақыт екенін білдің бе? Ендеше мақтанайық та бірге!
Сондағы мақтанып жүргенім – қарындасымның болуы. Сапарға шықсаң «шықтыңдар ма?» деп, жеткенде «жеттіңдер ме?» деп, уайымдайды. Сені қамқор тұтады, сен ондай қатты қамқор боп жүрмесең де. Сенің бар болғаныңа мақтанады. «Анамызға анандай сыйлайық, әкемізге мынадай нәрсе алып берейік, үйге жылы су пешін орнатайық...» деп ылғи бір тақырып тауып жүреді. Қарындасың болғаны қандай бақыт! Келші, бір мақтанайық!
Мақтанбай ше? Себебі менің ханшайым қыздарым бар. Олар – өмірдің гүлдері, отбасының сұлулары. Сыңғырлаған күлкілерімен үй ішін бақытқа толтырады. Бақыт деген сөз солардан бастала ма деп қоямын кейде. Мен мақтанбай енді кім мақтанады, а, айтшы?
Өкінішке қарай, әжем о дүниеден бақылап тұр. Сонда да онымен мақтанамын. Сондай әжем болды деп. Мейірімді, дана еді деп. Ал сенің әжең тірі болса, ооо, сенен асқан бақытты адамды білмеймін. Бақыттың бәрі бізде екен. Онда не тұрыс, мақтанбадық па? Аллаға шүкір, осының бәрін берген. Баянды қылсын, ұзақ қылсын!
Мирас Кесебаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
МИРАСТАН МАЗМҰН
Оқыған кітаптарымнан, өмірде түйген нәрселерімнен үзік-үзік жазбалар
❤43👍13😭5😍2
Қалай пайдалы өткізу сізге байланысты.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤135👍20😍11🔥4
Сақтап алыңыз және бөлісіңіз. Бұны ұсақ қағазға жазып, банкаға салып, күн сайын біреуін алып орындасаңыз күшті болады. "Мінезді өзгерту алхимиясы" (бұрынғы "Мені өзгерткен Рамазан") кітабынан алынған.
1) Садақа беру. Ақшалай (кемі 1000 тг), заттай, жылы сөзбен де болады. Көшеде қайыр тілегендерге емес, арнайы қорларға аударғаныңыз жөн.
2) Алғаш ауыз бекіткен адамға сыйлық жасау. Оның есінде ерекше қалатын болады. Кітап сыйлауға болады.
3) Көшеде жатқан қоқысты алып, шелекке салу. Ол подъезд, көше, аула болуы мүмкін.
4) 10 минут бойы бауырларыңа дұға ету. Бауырыңа еткен дұғаларға періште: «Саған да дәл сондай болсын!» деп дұға етіп тұрады. Сондықтан ең жақсы нәрселер тілеу керек.
5) Алғаш ауыз бекіткен адамға ауызашар (ақшасын) беру. 5000 тг берсеңіз, қарны бір тоятын болады. Немесе ақысын өзіңіз төлеу шартымен бірге ауыз ашсаңыз да болады.
6) Көптен сөйлеспеген туысқанға хабарласу. Туыспен хабарласу – өмірдің ұзақ болуына сеп. Әрі қуанып қалады. Туыспен араласу – парыз. Ренжісіп жүрген туысқа бірінші хабарласыңыз. Ренішті кешіріп, жаңа өмір бастаңыз.
7) Кектеніп, ренжіп жүрген адамыңа жақсылық тілеп дұға ету. Кек, реніш – адамның энергиясын жейтін нәрселер. Көңіл-күйді бұзады. Сол үшін одан арылу қажет. Оның ең жақсы жолы – сол адамға жақсылық тілеп дұға ету.
8) Фатиха сүресін мағынасымен жаттау. Жиі оқып жүру. Ұйықтарда, оянғанда, күндіз.
9) Бейтаныс адамға дұға ету. Көшеден біреудің қиналып жүргенін көрдіңіз бе, онда соған жақсылап дұға етіңіз. Аты-жөнін білмесеңіз де, құдай тағала кімге дұға жасап жатқаныңызды біліп тұрады.
10) Біреуге білдірмей жақсылық жасау. Проблемасы бар адамды білсеңіз, соны шешуге жасырын көмектесіңіз. Проблема шешпесеңіз де, жай ғана сыйлық жасауға болады.
11) Көршіге сыйлық жасау. Үйіңіздің төрт жағындағы ең жақын 5- көршіге ыстық ықыласыңызды білдіріңіз. Тәтті пирог, құрма, тәттілер, кітаптар сыйлауға болады.
12) Үйде өзіңнен басқа адамның аяқ киімін тазалап беру. Оның қуанғанын көргенде, одан бетер қуанатын боласыз.
13) 100 салауат оқу (Аллаһумма салли ала саиидина Мухаммадин уа ала әли саиидина Мухаммад). Бір салауат оқығанда он күнәң өшеді, он сауап жазылады, дәрежең онға көтеріледі.
14) Көптен сөйлеспеген досыңмен хабарласу. Көзден кетсе, көңілден кетеді дегендей, хабарласпасаң, досың ренжіп жүрген болуы мүмкін.
15) Көше тазалап жүрген адамға ыстық кофе не шай алып беру. Біз үшін тазалық жасайтын кісілердің ауыр еңбегі үшін ыстық лебіз білдіру қандай жақсы.
16) 100 истиғфар оқу (Астағфируллаһ уә әтубу илайһ). Алладан кешірім сұрау нығметіңді, ризығыңды көбейтеді. Бәле-жала, аурудан құтқарады.
17) Әкеңе-шешеңе хабарласу, жақсы көретініңді айту. Тіпті қолдан хат жазсаңыз да болады.
18) Бір күн бойы адамдардан, айналадан тек жақсылық іздеу, көру, табу. Адам бойында позитивті және негативті энергия баланста тұрады. Қайсысы көп болса, адам да соған лайық қуанып не ашуланып жүреді. Жақсылық көрген сайын позитивті энергия көбейеді. Ең жаман адамның өзінен жақсылық таба біліңіз.
19) Бір күн бойы күлімдеп жүру. Адам өзін зорлап күлдірсе де, мида бақыт гормоны бөліне береді. Ал бір күн бойы күлімдеп жүрсеңіз, қаншалықты шаттықта жүретініңізді көресіз.
20) Бір күн бойы тек жақсы нәрсе айту. Адамның жүрегінің таза болуы – тілдің таза болуына тікелей байланысты. Жақсы сөздер айтқан сайын ойыңда, жүрегіңде жақсылықтың үлесі көбейеді. Көңіл-күйің жақсарады.
21) Артыңнан келе жатқан адам үшін есікті ашық күйде ұстап тұру. Метрода, сауда үйінде, подъезде, офисте есікті ашқан соң ұстап тұрсаңыз, артыңызда келе жатқан адам алғыс білдіреді.
22) Жұмыстағы немесе оқудағы әріптестеріңе кешкі ауызашар деп шай ішуге тәттілер, печенье апару. Шай-пайға не жетсін, шіркін!
23) Әулеттегі жасы үлкендерге хабарласып, қал-жағдайын сұрау. Үлкен кісілер сөйлесуге, ықыласқа мұқтаж.
24) Ауыз бекіткен студентке ауызашар алып беру. Студенттің қарны тоқ болса, алаңсыз сабағын оқиды.
25) Пайғамбар өмірбаянын оқу. «Адамзаттың асыл тәжі» деген кітапты оқысаңыз болады.
Жалғасы төменде...
https://t.me/kitapall
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
❤25👍25
Жалғасы...
26) Бейтаныс кісіге көмектесу. Ата-әжелерге затын көтерісу, жол нұсқап жіберу, жолдан өткізу, ананың коляскасын баспалдақтан түсіруге көмектесу, т.б.
27) Үйде қолданбай жатқан киім, заттарды мұқтаж адамдарға сыйлау. Арнайы қорларға берсеңіз де болады.
28) Даяшыға, аула тазалаушыға, таксистке, дүкеншіге шынайы комплимент айту.
29) Жолаушыға көмектесу. Автобуста орын беру (кімнің қиналып тұрғанын көрсеңіз, жасына қарамай орын беру); көлігіңіз болса, жолшыбай адамдарды тегін апару.
30) Өзіңнен есеп алу. Жатарда күніңіз қалай өтті, қандай жақсылық болды, кімді ренжітіп не ақысына кіріп қойдыңыз, кімнен кешірім сұрау керек, кімге көмектесу керек, не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздеу. Бойындағы жақсы және жаман мінездер, әдеттердің тізімін жасап, өзгерту жоспарын жасау.
https://t.me/kitapall
26) Бейтаныс кісіге көмектесу. Ата-әжелерге затын көтерісу, жол нұсқап жіберу, жолдан өткізу, ананың коляскасын баспалдақтан түсіруге көмектесу, т.б.
27) Үйде қолданбай жатқан киім, заттарды мұқтаж адамдарға сыйлау. Арнайы қорларға берсеңіз де болады.
28) Даяшыға, аула тазалаушыға, таксистке, дүкеншіге шынайы комплимент айту.
29) Жолаушыға көмектесу. Автобуста орын беру (кімнің қиналып тұрғанын көрсеңіз, жасына қарамай орын беру); көлігіңіз болса, жолшыбай адамдарды тегін апару.
30) Өзіңнен есеп алу. Жатарда күніңіз қалай өтті, қандай жақсылық болды, кімді ренжітіп не ақысына кіріп қойдыңыз, кімнен кешірім сұрау керек, кімге көмектесу керек, не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздеу. Бойындағы жақсы және жаман мінездер, әдеттердің тізімін жасап, өзгерту жоспарын жасау.
https://t.me/kitapall
Kaspi Магазин
Купить Книга Мирас Кесебаев: Мінезді өзгерту алхимиясы в Алматы – Магазин на Kaspi.kz
Kaspi Магазин - Книга Мирас Кесебаев: Мінезді өзгерту алхимиясы в рассрочку, кредит, с Kaspi Red или Kaspi Gold. Цены, характеристики, отзывы, доставка по Алматы.
❤25👍6
Кейде ұйқы қанбай жатады, оны қалыпты жағдай десек қателеспейміз. Ал жалпы ұйқының сапасын да, ұзақтығын да қалай жақсарту керек?
Күн сайын бір уақытта ұйықта және оян. Ұйқың қанбай қалса да, демалыс күндері болса да осы ережені ұстан. Себебі мидың өзінің 24 сағаттық ритмі бар. Ол тұрақтылықты талап етеді, сол арқылы жақсы жұмыс істейді, ұйықтау мен ояну кестесін де бақылауда ұстайды. Сол арқылы оятқышсыз-ақ оянуға болады.
Жататын бөлмең салқын болсын. Ұйқы режиміне қосылу үшін ми мен дене температурасы 1 градусқа төмендеуі керек. Өзің де байқаған боларсың, ыстықтан гөрі салқын бөлмеде ұйықтау оңай. Демек, бөлме температурасы шамамен 18 градус болғаны дұрыс.
https://t.me/kitapall
Ұйқы шақырып, уақытын реттейтін мелатонин гормоны бөліну үшін кешкі уақытта бөлмені қараңғылау керек. Ұйқыға жатардан бір сағат бұрын барлық гаджет, компьютер, экраннан аулақ болу керек. Үйдің жарығын барынша азайту керек. Артынша бұл атмосфера ұйқыға шақырып жатқанын байқайсың. Сонымен қатар көзге таңғыш киюге және терезені толықтай қараңғылауға болады.
Ұйқы келмесе төсекте ұзақ жатпа. Шамамен 25 минуттай ұйықтай алмай жатсаң немесе оянып кетіп, қайта ұйықтай алмасаң, онда төсектен тұрып басқа шаруамен айналыс. Яғни, төсек – «ояу болатын жер» деген ассоциация бермеуі керек. Басқа іспен айналысып, қайта ұйқы келгенде ғана төсекке жату керек. Жатын бөлме – тек ұйықтауға арналған жер деген қағида сақталғаны дұрыс.
Осыларды ұқыпты түрде орындасаңыз, ұйқының сапасы міндетті түрде артады. Ұйқысыздық сияқты терең дерттерді дәрігерге көріну арқылы емдеу керек. Келесі посттарда ұйқының кезеңдері туралы айтамыз.
https://t.me/kitapall
https://t.me/kitapall
https://t.me/kitapall
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Telegram
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
👍84❤23❤🔥11🔥5😍5
Оның алғашқы кітабы ҒИБАДАТ деп аталады.
Оның ішінде мыналар бар:
1. Иман. Иманның шарттары, екіжүзді болмау үшін иман қандай болуы керек?
2. Тазалық. Дәреттің ішкі әлемінде қандай сырлар жасырылған? Қалай тазалану керек?
3. Намаз. Намазда шынайы ықыласпен оқуға қалай жетуге болады? Жүрекке қалай намазды сүйдіреміз?
4. Зекет. Зекет және садақа қалай беріледі? Артықшылығы қандай? Оны жасырын әлде жария беру керек пе? Қайсысы дұрыс?
5. Ораза. Оның ешкім білмейтін сырлары, тақуа адамдар қалай ораза ұстайды?
6. Қажылық. Қажылық не үшін? Оны орындаған кезде жүрек қалай өзгереді?
7. Құран оқу. Құранды қалай оқығанда сауап емес күнә жазылады?
8. Күндіз және түнде үзбей жасалатын құлшылықтар, яғни зікір, намаз, дұға, нәпіл құлшылықтар. Түнде Аллаға қалай құлшылық қылу керек?
Екінші кітап ӘДЕП деп аталады.
Оның ішінде жазылғандар:
1. Дастарқан әдебі. Яғни, ас ішу, қонаққа бару, қонақ шақыру.
2. Неке әдептері. Оның ішінде әйелге және ерге қатысты мәселелер, міндеттері.
3. Кәсіп жасау және табыс табу әдептері. Қанша қосу керек, әділетті болу деген қандай?
4. Халал мен харам кітабы. Адал тамақ табу. Адалдың түрлері, харамның түрлері.
5. Достық, бауырластық, қарым-қатынас әдебі. Яғни, достықтың шарты, туыстың ақысы, көршінің ақысы, мұсылманның ақысы, ата-ана мен перзенттің ақысы.
6. Сапар әдебі. Жолға шыққанда, жолда және үйге келгендегі амалдар.
7. Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю әдебі. Оның ішкі шарттары, оны тәрк етудің зияны.
8. Пайғамбарымыздың әдебі. Ол кісі қалай күлген, сөйлеген, киінген, тамақтанған, жомарттығы қалай еді, батырлығы мен кішіпейілдігі қандай еді.
❤️👍🔥Реакция аямаңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍21❤11👍5🔥1
Үшінші кітап ЖАМАН МІНЕЗ деп аталады. Онда мыналар қамтылған:
1. Жан тәрбиесі. Яғни, көркем мінездің белгілері, жету жолдары. Жүректің дерттері
2. Екі шәһуатты тыю. Мұнда көп жеудің зияны, көзді сақтау, үйлену туралы айтылған.
3. Тіл кесапаттары. Не үшін үндемеу керек. Сөйлесең қалай сөйлеу керек, нені айтпау керек? Мақталғанда не істеу керек?
4. Ашу мен қызғаныштың жамандығы. Ашулану қай кезде дұрыс, қай кезде қате? Қызғанышты қалай жеңеміз? Қаншалықты қызғану керек?
5. Дүниенің жамандығы. Қай кезде дүние басқа бәле болады?
6. Сараңдықтың жамандығы. Қай кезде жомарттық жасау керек? Қай кезде сараңдық боп кетеді?
7. Атаққұмарлық пен рия. Мұнда біз мән бермейтін риялар, атаққұмарлықты қалай емдеу жазылған.
8. Тәкаппарлық. Ол қалай көрінеді, қалай емдейді?
👨💻 Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
✔️ Постты бөлісіп жіберіңіз
🔥👍❤️ Реакция аямаңыз
1. Жан тәрбиесі. Яғни, көркем мінездің белгілері, жету жолдары. Жүректің дерттері
2. Екі шәһуатты тыю. Мұнда көп жеудің зияны, көзді сақтау, үйлену туралы айтылған.
3. Тіл кесапаттары. Не үшін үндемеу керек. Сөйлесең қалай сөйлеу керек, нені айтпау керек? Мақталғанда не істеу керек?
4. Ашу мен қызғаныштың жамандығы. Ашулану қай кезде дұрыс, қай кезде қате? Қызғанышты қалай жеңеміз? Қаншалықты қызғану керек?
5. Дүниенің жамандығы. Қай кезде дүние басқа бәле болады?
6. Сараңдықтың жамандығы. Қай кезде жомарттық жасау керек? Қай кезде сараңдық боп кетеді?
7. Атаққұмарлық пен рия. Мұнда біз мән бермейтін риялар, атаққұмарлықты қалай емдеу жазылған.
8. Тәкаппарлық. Ол қалай көрінеді, қалай емдейді?
🔥👍❤️ Реакция аямаңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍6😍6
Біз бәріміз дәулетті болғымыз келеді. Бай болған дұрыс, сонда ешкімге қол жаймаймыз әрі айналаға көп жәрдем бере аламыз. Бірақ бай болуға апаратын әдеттерді біріміз білсек, біріміз білмейміз. Адамның қанша тапқаны маңызды емес, қандай қаржылық әдеттері бар екендігі маңызды. Төменде 5 түрлі қаржылық әдетті ашып түсіндірдік.
❤️👍🔥 Реакция қойыңыз
Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍20🔥1
1) Ешкімді жамандамай, ғайбаттамай да әңгімелесуге болады екен.
2) Түскі ассыз да өмір сүруге болады екен.
3) Дүйсенбі мен бейсенбі ораза ұстауға қиналушы едік, ондай қатты қиын нәрсе емес екен.
4) Құптаннан кейін ұйқы келуші еді, сөйтсек тағы 20 ракат намаз оқуға күш бар екен.
5) Жұмыс, жұмыс, Құран оқуға уақыт жоқ деп жүруші едік, күніне 20 бет оқуға болады екен.
6) Аз тамаққа да тоюға болады екен.
7) Түнгі намазға тұру қиын еді, қазір 30 минут ерте тұруға болады екен.
8) Садақа беру қиын еді, қазір аш адамдардың халін түсініп, садақа беру де қиын емес екен.
9) Кездесуге кешігіп барушы едік «кептеліс, анау-мынау» деп. Ауызашарға кешікпей бару арқылы оның өтірік екенін түсіндік.
10) Тамақ ішпесек, күшіміз болмайды деуші едік. Тамақсыз да энергия бәріне жетіп жатқанын білдік.
❓Тағы не байқадыңыз?
❤️👍🔥 Реакция қойыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰88❤48👍41❤🔥11😍7🔥4😁3🐳2
Сценарий жазу шебері, командаға бапкер бола білу - Рамазан Фаиловпен подкаст
https://youtu.be/N0abqvNhAxk?si=fBfwJetaP-1op7jV
https://youtu.be/N0abqvNhAxk?si=fBfwJetaP-1op7jV
YouTube
Байқамай Библияны оқу, сценарий қалай жазу керек, қандай команда ұтады | Kitapal podcast #25
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев Жайдарманның бас редакторы, сценарист, чемпион Рамазан Фаиловпен сұхбаттасады. Өзіңе күлу, стендаптың ұнамайтын тұсы, ұтатын команданың ерекшелігі, сценарий жазу үшін қандай кітап оқу керек…
❤22👍1