KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
💛 Қол көтермейтін еркек, қол көтергізбейтін әйел тұратын үй 🏠

Қазір қоғамда дау боп жатқан оқиғаға үн қосқымыз келеді. Себебі асырасілтеушілер пайда боп, отқа май құйып жатқандар бар. Комментариймен бықсытып, жақсыны жамандап, жаманды арашалап, араға іріткі салып жатқандар да бар. Көпшілік ағы қайсысы, қарасы қайсысы, миы ашып, ажырата алмай, шатаса бастады ма, қалай? Бұған бас қатыратын аға-апаларымыз жан қайғы деп, топан сумен алысып, қолы тимей жатыр. Отбасыға қатысты діни кітап та, қазақстандық авторлардың кітабын да, әлемдік авторлардың кітабын да сататын дүкен ретінде дұрыс пікірімізді айтайық.

Отбасы – қасиетті жер. Кез келген ер мен әйел үйінде өзін шынайы ұстайды. Сыртта әдепті болуы мүмкін. Әрбір адам ашуланады, ақылға салады, шешім қабылдайды. Әкесі шешесін ұрмағандықтан, өзі де отбасында ешкімді ұрмайтын ерлер бар. Әкесі шешесін ұрғанын көріп өссе де, өзі ешқашан қол көтермеуге ант еткен және соған берік келе жатқан ерлер бар. Еркекті жылы сөзбен, нәзік қылығымен, әлсіздігімен ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын әйелдер бар. Еркектің намысына тиетін сөз айтып, ашындыратын әйелдер де бар. Жақсы тәрбие көріп өссе де, ашуын тізгіндей алмай, қол көтеретін әдет тапқан ерлер де бар. Қоғамда бәрі бар.

Ерлерге айтарымыз:
- Сенің қаруың – жауапкершілік. Отбасыңа, әйеліңе, балаңа жауаптысың. Алдымен жылы қарым-қатынас орнатуға, интеллектуалдық әңгіме-дүкен құруға, өмірлік мән тауып беруге, сосын барып қауіпсіздік, тамақ, үй, киім табуға тиіссің.
- Нағыз батыр – ашуын жеңген, соққы тигенде сабыр еткен ер. Әйелің ашуланса, ашуландырса, ашуын тарқатудың жолын тап. Мысалы, әзілмен, тәтті сөзбен, сыйлықпен. Келесі жолы ашулануға әкелетін жағдайға жеткізбе. Адам қаласа, кез келген нәрсенің кілтін табады. Оған деген ашуың тарқамай жатса, ақылға сал. Бұл бір жылдан соң маңызды бола ма? Әйелдің қадірін бір ашуға теңестірме. Бәрі де өтеді.
- Әйеліңнің махаббат тілін біл. Сыйлықты емес, серуендеуді ұнатуы мүмкін. Тәтті сөзді емес, бірге уақыт өткізуді ұнатуы мүмкін.
- Қоғамда ашық-шашық жүретін қыздар болады. Еркектің табиғаты бәрібір оны қалап тұрады. Сол үшін көзіңді тайдырып, өзіңе ие боп жүр. Көз аман болса, тән де, жан да аман.

Әйелдерге айтарымыз:
- Сенің қаруың – әлсіздік, мейірім. Ерге арқа сүйеу арқылы, әлсіздігіңді білдіру арқылы оны қуаттандыр, шабыттандыр. «Сен біздің қорғаушы, асыраушымызсың. Қолыңнан бәрі келеді. Сен барда ештеңе уайымдамаймын» десең, ерімейтін, арқаланбайтын еркек жоқ.
- Бірнәрсе ұнамаса, ашуланып тұрсаң, еркектің намысына тиме, қадірін түсірме. Яғни, «бізді дым қыдыртпайсың» деп емес, «Бізді қыдыртқаныңды қалаймыз» деу. Қалауыңды, сезіміңді білдіру.
- Күйеуіңнің махаббат тілін тауып ал. Сыйлықты емес, массажды ұнатар. Қыдыруды емес, үйде бірге жұмыс істеуді ұнатар.
- Күйеу есерсоқ, жынды, бас-көз демей, төмпештеп ұра беретін ақылсыз біреу болса, онда ағаңа, әкеңе айт. Бір сөйлесіп көрсін. Сонда да райынан қайтпаса, ақылын қолдана алмайтын айуан болса, ғұмырыңды, ақыретіңді құртатын адаммен араңды үзгенің дұрыс болар.
- Қоғамда ашық-шашық киіммен жүрме. Еркек қаласа да, қаламаса да кемінде бір рет көзі түседі, өйткені табиғаты солай жаралған. Ашық тұрған алтынды кім ұрламайды? Қоғамда санасы бұзылған, өзіне ие бола алмайтын ауру, зорлықшылар да бар. Оларға зорлық объектісі боп қалмас үшін барынша жабық киініп жүр. Жаман жерлерді айналып өт. Түнде жалғыз жүрме.

Барынша бөлісіп жіберейік✅
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤82👏14👍10🤝6❤‍🔥3💘1🦄1
“Гауһар тасты” кім оқыды?

Қайталап оқи бергің келеді. Тілі сондай көркем!

Соңы қалай біткеніне қандай пікір айтасың? Киносы ше? Ұнады ма?

Кітап сатылымда бар. Толық ақпарат: 8-777-572-22-33
🔥30❤16💔4👍3🥰2🍓2💘1🦄1
Өміріңді өзгертетін БІЛЕЗІК

Бәрі өмірінің өзгергенін қалайды. Біреу келіп өзгерткенін қалайды. Тура кинодағыдай. Басқа планетадан, елден, қаладан біреу келіп, коуч сияқты не істеу керектігін айтып, өмірін 180 градусқа бұрып жібергенін күтеді. Неге ырықсыз эффект? Неге сырттан күтеді? Неге өзін-өзі өзгертпейді?

Оңай әрі нәтижесі өте зор әдіс бар, білезік деп аталады. Жаман нәрсе айтпаймын, ойламаймын, іздемеймін, ешкімге ешнәрсе жайлы шағымданбаймын деп уәде беріп, қолыңызға әдемі білезік тағып алыңыз. Қарапайым резеңке білезік. Небары 3 апта шыдап берсеңіз болды. Алда-жалда жаман нәрсе айтып қойсаңыз, білезікті екінші қолыңызға ауыстырып, есепті қайта басынан бастайсыз.

Өміріңіз адам танымастай өзгереді. Істемей тұрып, жамандап шықпаңыз. Алдымен істеп көріңіз, сосын барып пікіріңізді айтарсыз.
👍54❤23👀8
Аздың қатарында болайық!

Шүкір етушілер аз…
Ойланатындар аз…
Өзіне есеп беретіндер аз…
Өзін өзгертетіндер аз…
Кітап оқып, пайдаға асырушылар аз…

Көппен жүріп адасқанша, жалғыз жүріп жол тапқан дұрыс.

Ал сіз қалай ойлайсыз?
❤101👍43😍16🤝7😁1
ҚЫЗДЫҢ ӘКЕСІ БОЛУ ДЕГЕН ҚАНДАЙ ӨЗІ?

Қызым дүниеге келгенде, өзімді әке ретінде дұрыс сезіне алмадым. Әйтеуір үйге береке енгенін анық сезіндім. Достарымда да сәбилер пайда бола бастады. Сөйтіп жүргенде екінші қызым дүниеге келді. Міне, сол кезде барып әке болуды жұлыныммен түсіне бастадым. Қыз баланың әкесі болу ұл баланың әкесі болу сияқты емес.

Сонда не түсіндім дейсіз ғой, айтайын:
1) Бойымда бұрыннан бар қасиет пе білмеймін, бірақ қыздардың шашын өріп, буып-түйіп, түрлі шаш үлгісін жасай алады екенмін.
2) Кейде әйелім жұмысқа ерте кеткенде, қыздарды ояту, жуындыру, киіндіру, тамақтандыру, балабақшаға апару деген өте ауыр-ауыр қызметтер туындайды. Бұлардың әрқайсысы бір атанға жүк болатын жұмыстар. Бірте-бірте амалын тауып, үйренесің.
3) Көбелегі бар футболка мен гүлі бар футболға бірдей емес. Екеуінің біреуін таңдау – өмірлік жар таңдаудан қиын жұмыс). Көбелегі бар көйлек киетін күні ол таза болмай немесе табылмай қалса, аспан айналып жерге түсті дей бер.
4) «Мама әдемі, ал папа кірпі» десе, дереу барып сақал-мұртыңды алып келесің. Қыздарың үшін сымбатты болуға тырысасың.
5) Бәрібір тырнағыңды бояп, ерніңе далап жағады, көзіңді бояйды. Одан құтыла алмайсың. Осы бастан солай болатынын нағыз жігіт ретінде қабылда.
6) Ойыңнан екі ауыз сөз құрай алмайтын басың енді неше түрлі қиял-ғажайып ертегі құрастырасың. Ол ертегіде қыздарың басты рөлде ойнауы керек. Әйтпесе саналмайды.
7) «Әкешім, әке, папа» деп қиыла қарағанда, жымиғанда, сол сәтте бүкіл байлығыңды беріп жіберуге дайын тұрасың. Ақшаңды да, көлігің, үйіңді де.
8) Таңертең төсегіңе келіп, бір уыс боп жатып, мойныңды құшақтап ұйықтағанда, нағыз бақыт пен махаббат осы екен дейсің.
9) Намаз оқып жатқанда үстіңе мініп, мойныңа отырып, мазаңды алса да, құлшылығыңа титтей де зиянын тигізбейді. Өзің іштей мәз боп тұра бересің.
10) «Әкенің күші көөөп» дегенде өзіңді қаһарман сезініп кетесің.

Ал тағы қандай сөздер қосар едіңдер?

(Мирас Кесебаевтың жазбасы)

Бөлісеміз
Реакция атамыз
❤111😍30👍13😭6🎉1
“Куюм, куйеум, күюім, куйеуім” деген сөздер әбден жүйке жұқартып бітті😅 жұбайым, байым, жолдасым деп айтуға да болады ғой.

Қатеге көзі сүріне беретін мен ғана ма? Әлде мән бермейсіңдер ме?⁉️

Тағы қандай сөз білесіздер?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37😁16👍10
Ең ауыр жүк - ой. Миға қандай жүк салып жүргеніңнен хабардар бол. Қоқысқа емес, қазынаға толтыр. Іші неге толса, сыртқа сол шығады. Іші қоқысқа толса, тілден заһар, қолдан қиянат төгіледі. Қазынаға толса, тілден даналық, қолдан жақсылық ағады.

Қазына - кітапта.
❤171👍15🔥6🐳4😍2💊2
Мартин Иденді оқып жатсаң, досың: “Соңында өліп қалады ғой, білесің бе?”

Гауһартасты оқып жатсаң, досың: “Салтанат күйеуінің кесірінен өледі”

Абай жолын оқып жатсаң, досың: “Абайдың басын жарады туыстары”

Оң қолды оқып жатсаң, досың: “Қызға жын кіріп кеткен” деп қойып қалады.

Сондай достарың бар ма?🤣
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁71❤19😭15👍8😢5🤔2
Үлкен пышақ ұялғанынан өтеді

Көп ести бермейтін мәтелдің бірі. Намысқа қатысты қолданылады. Мысалы, бір қауымға қатысты дау туса, соның ішіндегі жасы үлкені сөз бастайды. Ондай жерде үндемей отыра алмайды. Сол қауымның ақсақалы, жасы үлкені ретінде жауапкершілік арқалайды. Жасың үлкен болғандықтан, сөз алдымен саған келетіндіктен, көп жерде тізгінді өзі қолға алуына тура келеді.

Қабдеш Жұмаділовтың «Дарабоз» еңбегінде Абылай хан жауға қарсы қандай қимыл жасау керектігін жиналған батыр, қолбасшылардан сұрайды. Ешкім үндемей, жерге қарап тұрады. Сонда арасындағы жасы үлкені Бөгенбай батыр сөз бастайды. Яғни, үлкен пышақ ұялғанынан өтеді.
👏53👍19❤17😍7
АЯМАДЫ ҒОЙ…

...Желтоқсан оқиғасынан кейiн бiр күнi маған Қасым ағамыз (Қайсенов) телефон соғып:
– Сенiмен жолыққым келедi, – дедi.
Ол менi Жазушылар одағында күтетiн болды.
Сол уәделi жерде кездестiк. Оңаша бөлмелердiң бiрiнде отырып сөйлестiк. Әңгiме басталар-басталмастан ағамыздың еңкiлдеп тұрып жыламасы бар ма! Неге? Не үшiн? Не болып қалды? Түсiнсем бұйырмасын!
–Қасеке! Қасеке!–дей бердiм.–Сабыр! Сабыр! Не болып қалды?–дедiм не iстерiмдi бiлмей.
–Аямады ғой, аямады. Шырқыратып сабады ғой жастарды! Көрдiм! Өз көзiммен көрдiм! Бәрiн де! Бiрақ дәрмен жоқ. Түк iстей алмадым. Өйткен партизандығым құрысын! Фашистердiң өзi олай қорлай алмап едi. Қорлатпап едiк! Бұлар қорлады!
–Бiз бере алмасақ та, жазасын Құдай берер! Сабыр етiңiз, Қасеке!–деп жұбаттым.
–Бұлар баяғыда бiр рет өсiткен. Шаяхметов орнынан түскенде «Бiраз тайраңдап едiңдер, бостандықтарың бiттi осымен! Бiттi осылай, калбиттер!»–деп сабаған шетiмiзден. –Қасекең өксiп-өксiп алды да кiлт тоқтады. Содан кейiн: –Осыны айтайын деп келдiм. Ал қош бол, бауырым!–деп шығып кеттi».

Қадыр Мырза Әли. "Иірім"
💔47❤16👍6
https://youtu.be/l4S0Kmy6xXo?si=lO_S5VQ7aslsDbr_

Қазақ қандай көлік мініп жүр? Автоблогер Олжас Оқаспен подкаст

- Әкенің көрегендігі
- Қазір қазақтар қандай көлік мініп жүр?
- Неге қазақтар көлікті сату үшін алады?
- Шетелдегі шопырлар мен еліміздегі шопырлардың айырмашылығы
- Неге Яндекс такси сияқты қазақтың төл такси қызметі шықпай жатыр?
- Жастар өзін қалай дамыту керек?
- Қазақ тілі технология тілі бола ала ма?
❤18👍11
Менің бүлдіршін қыздарым үйде смартфон, теледидар, ноутбук бола тұра, “кітап оқып берші” деп миымды жеп қояды. Неге? Себебі өзім де үйде кітап оқимын. Бала әке-шешесінен көргенін қайталайды.
❤107👍35😍6🤝1
Жақында Нәрікбимен керемет сұқбат шығады. 20-30 жас арасындағы жастарды мазалайтын тақырыптарды талқыладық.
❤77🔥17😍13👍2🕊1