KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар

Кім ата-анасын разы қылған жағдайда ертемен орнынан тұрса, оған пейіштің екі есігі ашылады. Кім ата-анасын разы қылған жағдайда күн батырса да сондай болады. Егерде олардың біреуін разы қылса, пейіштің бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да ата-анаға еш қарсы шықпаңдар. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда таң атырса, ол үшін тозақтың екі есігі ашылады. Кім ата-анасын наразы қылған жағдайда күн батырса да осындай болады. Егер олардың біреуін наразы қылса, тозақтың бір есігі ашылады. Зұлымдық жасаса да оларға еш қарсы шықпаңдар» (Итхафус сада, 6/314)

«Жүрек сырлары» кітабынан
Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤30🤔3💊2😍1🐳1
Қам көңілдің қайғысына дауа бол,
Жолда шаршап шалдыққанға сая бол.

(с) Яссауи
😍25❤12👍5🐳1🤝1
Атақ-даңқ та ағып жатқан өзен секiлдi. Жеңiл-желпi нәрсе мен iшi кеуек бос дүние ағын судың бетiнде қалқиды. Ал, салмақты да салалы заттар сарқырап аққан өзеннiң түбiнде жатады. Бiз бала кезiмiзде Асқар Тоқмағамбетовтiң су бетiнде қалқыған қалытқыдай аты мен атағын жеңiл-желпi естiгенiмiз болмаса, көзге көрiнбей батып жатқан салмақты шығармаларынан хабарсыз едiк. Бетпе-бет көрген емеспiн. Бiрдi-екiлi әзiл-сықақ туындыларын жастайымыздан жаттап өскенiмiз болмаса, о кiсiнiң кiм екенi, тiптi қайда оқығаны бiз үшiн жұмбақ-тын. Бiрақ, “Асқар Тоқмағамбетов” десе, құлағымыз елең ете қалатын. Әсiресе, алғашқы әсер есiмде. Бастауыш мектепте оқып жүрген кезiмде ауылға бiр топ әртiс келдi. Iшiндегi бiр жiгiт көркем сөз оқиды екен. Жүрiс-тұрысы цирктiң атындай ширақ. Кербез. Асекеңнiң “Желiккен жеңгейлер” атты фельетон өлеңiн нәшiне келтiрiп, көк кептердiң мойнындай мың құбылтып оқығанда көпшiлiк көрермен шапалақ ұрып, сахнадан жiбермей қойды. Көрерменнiң сұрауы бойынша Асқар ағамыздың “Маймұрынға майшелпек” атты тағы бiр сықақ өлеңiн орындады. Сол күннен бастап Асекеңнiң астары қалың, қырық қатпарлы, шым-шытырық шығармаларына ден қойып, кiтапқа деген балалық махаббат оянып, құштарлық артты. Бұл не? Әрине, әдебиеттiң әсерi, шығарманың шарапаты ғой.

Ауылдағы ақсақалдардың аузынан Асекең туралы жырдан қызық әңгiме естiп өстiк. Шәуiлдiр туралы роман жазу үшiн бiздiң ауылды атпен аралап, небiр хикаяны ерiнбей-жалықпай қағазға түсiре берiптi. Арғы-бергi заманды көрген қазыналы қариялармен әңгiмелесiп, атыз-арықтың басындағы бау-бақшаға тiгiлген қамыс күркенiң iшiнде айлап жатып жазыпты.

Асекеңнiң көзiн көрген үлкен кiсiлерге тосыннан сұрақ қоямын.
– Асқар ағаны шынымен көрдiңiз бе? – деймiн.
– Көргенде қандай! – дейдi Досмайыл нағашым. – Бiздiң шайлаға кеп шай iшiп кетiп тұратын.
– Әңгiмесi қызық шығар?
– Көп үндемейдi. Көзiнiң қиығымен ғана қарап, үндемей отыра беретiн. Сонша жазудың бәрi қай жерiнен шығатынын қайдам, әйтеуiр сөзге сараң. Жасқаншақтап жанына көп жолай бермеймiз. Қасында жүрген үлкен кiсiлердiң бәрi қазiр жоқ, бақилық боп кеттi ғой! – дейтiн.

Көпен Әмірбек
❤16😍3🐳1
ЕЛІКТЕУДІҢ КҮШІ

Адам ұнатқанына ұқсай бастайды. Сүйген адамының айтқанын заң деп қабылдайды. Оны ренжітуден қашады. Оған еліктейді, сол секілді киініп, сөйлейді. Сен үшін қай тұлға өте қадірлі? Кім сияқты болғың келеді? Сондай мықты тұлғаға елікте. Мысалы, жас жігіт үшін Бейсен Құранбек ағамыз үлгі болуы мүмкін. Ол сол секілді ұлтын сүйетін азамат, спортшы, мейірімді, еңбексүйгіш болғысы келеді. «Менің орнымда Бейсен ағам болса, қалай жасар еді?» деп, сол кісінің ойымен ойлайды. Оған кір тигізбеуге тырысады. «Бейсен ағам күн шықпай оянатын. Демек, мен де күн сайын ерте тұрамын» деп алдына мақсат қояды.

Еліктеудің күші орасан зор. Бұл жерде сен өзіңнің атыңмен әрекет етпейсің. Сен өзің пір тұтатын адамның бейнесінде әрекет етесің. Сенен жауапкершілік күші түскен секілді сезіледі. Сол үшін ең лайықты тұлғаны таңдай білу қажет. Көпшілік үшін ең сүйікті тұлға – пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын). Оның бойында тамаша көркем қасиеттер бар. Көркем мінездің абсолютті үлгісі. Оған ұқсаған сайын бойымызда жақсы әдеттер қалыптасады.

«Әдет күші» кітабынан.
Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤27😍2🐳1💊1
Дүниедегі ең асыл тіл - араб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһары - қазақ тілі.


(с) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы
❤67😍7👏2🤔1🐳1
Сиэтл, 1933. Жалғыз басты ана Вера Рэй ұйқыға жатар алдында кішкентай ұлының бетінен сүйіп, қонақ үйге кешкі ауысымға жұмысқа кетеді. Таңертең ол қаланы қар басқанын, үйіне келгенде баласының жоқ екенін көреді. Үйінің қасынан қар үйіндісінің арасынан Дэниелдің сүйікті ойыншығын тауып алады, одан басқа қар басқан ауладан ешқандай із таба алмайды. Алайда ешқандай қиындықтан тайсалмайтын Вера жоғалған баласын табу үшін барын салады.

«Қаражидек піскен қыс», роман. Авторы: Сара Джио. New York Times бойынша №1 халықаралық бестселлер

Тапсырыс беру үшін сілтеме: https://clck.ru/3MdbNy
😍28❤4🐳1
Жиырма жылдан кейін істеген ісіңізге емес, істемеген ісіңізге өкінесіз.

(с) Джексон Браун, әртіс
❤42💔10😍3🐳1💊1
Қызыр (а.с.) Мұса пайғамбармен қоштасатын уақытта Мұса: «Маған насихатыңды айта кет», - деді. Қызыр: «Ешқашан айқайлап сөйлеме, себепсіз бір қадам да баспа. Таңғаларлық жағдай болмаса күлме. Басқаларды жіберген қателіктері үшін айыптама. Кемшілікті өзіңнен ізде» - деп өсиет айтты.

«Жүрек сырлары» кітабынан
Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤33😍2✍1🐳1💊1
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
Қызыр (а.с.) Мұса пайғамбармен қоштасатын уақытта Мұса: «Маған насихатыңды айта кет», - деді. Қызыр: «Ешқашан айқайлап сөйлеме, себепсіз бір қадам да баспа. Таңғаларлық жағдай болмаса күлме. Басқаларды жіберген қателіктері үшін айыптама. Кемшілікті өзіңнен…
Осы постқа байланысты:

- Сонда күлме дегені несі? Күлу деген бақыт гормондарын пайда болғызбай ма? Пайғамбарымыздың өзі ылғи күлімдеп жүрді емес пе?

- Айқайлап сөйлеме дегенді түсінбедім. Біреудің дауысы табиғатынан жуан, дарылдап шығады. Олар не істейді сонда?

- Себепсіз бір қадам да баспа дегенді қалай түсінеміз? Сонда жай жүруге де болмай ма?


деген комменттер күтеміз. Айтпақшы, Жұманың берекесіне бөлене беріңіз. Дұға етіңіз, қабыл болсын!
❤22😁4😍1
Дәл бүгін, дәл қазір осы кітаптарды жеткізу тегін боп тұр. Осындай артықшылықты пайдаланып қалсаңызшы.

Тапсырыс беру үшін сілтеме: https://clck.ru/3MdbNy
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤14👍6🔥5😍1🐳1
Абдулла ибн Аббастың айтуы бойынша пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Осы үш өзгешеліктің бәрі немесе тым құрыса біреуі кімде жоқ болса, оның ешбір ісін есепке алмаңдар:
1. Алланың бұйрығына қарсы шығудан сақтаған тақуалық.
2. Ақылсызға шыдар байсалдылық.
3. Адамдармен жақсы түсінісіп өмір сүре алатын жақсы мінез»

«Жүрек сырлары» кітабынан
Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤30😍4🐳1🤝1
Өзгелердің үйіне соқыр хәлде кіріп, мылқау хәлде шық! Ешқашан сынаушы болма!

Үй иесі берген тамақты жеу керек. Ұнамаса, оныңды білдірмей, стақанға (кесеге) ерніңді тигізіп, тым болмаса нан жеп, көңіліңіз ырза екенін көрсету керек.

Дастарқанда жоқ затты сұрамау керек. Үй иесі қоюды ұмытып кеткен болса да. "Неге қант жоқ, қант бар ма? Қантсыз шай іше алмайтын едім" деу т.б. - әбестік.

Көшеде жүргенде біреудің үйін тесіктен аңдып қарауға болмайды. Егер есігін әдейі ашып қойса, көрген көзде жазық жоқ, бірақ сонда да қарамауға тырысқан азбал.

Біреудің үйіне кірерде үш рет арасына кідіріс жасап тоқылдатып, рұқсат сұрау керек. Үшеуінде де дыбыс шықпаса, рұқсат берілмесе, олардың үйде екенін білсең де кірмеуің керек. Олар адам күтіп алатындай жағдайда болмауы мүмкін.

Дастарқан басындағы және қонаққа баруға қатысты қарапайым әдептерді "Дастарқан әдебі" кітабынан оқи аласыз.

Тапсырыс беру үшін сілтеме:
https://clck.ru/3MdbNy
❤38👍6💊2😍1🐳1🤝1
Сапарға дайындық

Алла елшісі (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) Әбу Зәррдан: «Сапарға шығарда дайындық жасайсың ба?» - деп сұрайды. Әбу Зәрр: «Әлбетте», - деп жауап береді. Пайғамбарымыз: «Қиямет күнінің сапары қандай болады? Маған құлақ салшы, сол күні саған пайдасы тиетін нәрсені айтайын ба?» - дейді. Әбу Зәрр: «Уа, Расулалла, ата-анам сенен садақа кетсін, айтшы», - деді.

Алла елшісі: «Қайтадан тірілу күні үшін аптапты күндерде ораза ұста. Қабірдегі жалғыздық үшін түн қараңғылығында екі рәкат намаз оқы. Қияметтің үлкен белгілері үшін бір мәрте қажылық жаса және мұқтаж кісіге садақа бер. Сөйлесең орынды сөйле немесе жаман сөзден тіліңді тый», - деп айтты.

«Жүрек сырлары» кітабынан
Тапсырыс беру үшін сілтеме: https://clck.ru/3MdbNy
😍15❤11👍6🐳1💊1
Бақыт туралы кім не айтқан?

«Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым — ойлап қой, бес асыл іс көнсеңіз» - Абай үшін бақыт — надандықтан, жалқаулықтан арылып, ғылым-білім, ақыл-ой арқылы кемелдену.

«Кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықыласпен тоқылық» - Ыбырай үшін бақыт — еңбек пен білімде. Халықтың бақытты болуы — сауатты, тәрбиелі ұрпақ өсіруде.

«Біз бақыт үшін жаралсақ та, тағдыр біздің еркімізге көп нәрсені бермейді екен» - Шұғаның белгісіндегі» Шұғаның ойынша бақытқа жету жолында кедергілер — ескілік, теңсіздік.

"Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар,
Соғып ем семізінде сегіз арқар.
Сен едің жан атым да, қанатым да,
Табылмас енді маған сендей тұлпар!" -
Ақан сері үшін бақыт — еркіндік, өнер, табиғатпен үндестік. Құлагердің өлімі — нағыз бақытсыздық.

«Бақыт — туған еліңнің азат күнін көру» - «Тар жол, тайғақ кешу» еңбегінде Сәкеннің ойынша халықтың бостандығы, теңдігі — ең үлкен бақыт.

«Бақыт деген тек еркек атағына қарап келмейді» - Ғабит Мүсіреповтың Ұлпаны әйел бақыты, отбасы бақыты үшін күреседі. Бірақ қоғамдық теңсіздік оның арманына кедергі.

«Бақыттың мәні – парасаттылықта, әркімнің өз алдына игілікті мақсат қоя білуінде. Адамның өз мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, игілікке бағыттап отыруында» - Әл-Фараби осылай дейді.

Ал Ғазали бақыт формуласына тұтас бір кітап арнаған. Ол кітапты дәл қазір тапсырыс беріп, оқи аласыз. Тапсырыс беру үшін сілтеме: https://clck.ru/3MdbNy
❤26😍2🐳1
Махаббат дәмін татпаған, жар сүйіп, қызығын көрмеген, үйін ойлап дүние таппаған, ойсыз-қамсыз шайтандыққа бой алдырғаннан иман қашады.

(с) Ахмет Яссауи
❤48👍13❤‍🔥3🔥1😍1🤝1
Қай кітаптан алынған үзінді?

Шаншып-ақ тастаймыз ғой деп төніп келгенде:
– Менің атым әйел, мына қыздың анасымын! Бәрің де анадан тудындар! Анамен алыспайды да, атыспайды да. Нең бар еді менің жалғызымда? Кел, ботам, өзіме! – дегенде қолымдағы қыздың қалай ыршып кеткенін білмеймін, секіріп барып шешесінің мойнына асылды, – дейді. – Терімізге сыймай, қабағымыздан қан жауып тұрған бізде жұмысы да жоқ, шешесі қызын, қызы шешесін жұбатып өзді-өзі болды да қалды. Сол кезде манағы Кейкі шыдамай кетіп:
– Батыр, лұқсат етсең, екеуін екі тайға теңдеп алып жүрейін. Қызы қатынға, шешесі отынға жарар, – дейді.
Жалпақ Кейкіге қарап, алақандай көзін бір төңкереді де:
– Жаным, сен неткен жансың? Сені қазақтың қатыны шығар да, өзімді батыры шығар деп ойлаймын… Жөніңді айтшы! – дейді әйелге.
– Батыр, атыңнан түс! Артыңнан қуып келетін ешкім де жоқ. Сен бұл елді шабуға келсең, бұл ел де басқа бір елді шабуға кеткен. Асықпай-ақ айдап бар, жауабын да асықпай берерсің! – дейді әйел Жалпақ балуанға.
😍7❤4🐳1💊1
Бір қорапқа сыйған үміт

Ауылға жіберілген қорап саны 520-дан асты. Ауылдық жердегі 520 мектепте 520 000 оқушының тамаша мүмкіндігі ашылды. Бұл кітаптар бармаған жердегі оқушыларға қарағанда қолы жетіп тұрған оқушылар әлдеқайда бақытты. Біріншіден, заманның ең озық кітаптары, яғни біліміне қолдары жетеді. Екіншіден, бұл жеткіншектерді ойлаған, солар үшін ішіне шер қатқан аға-әпкелері бар. Солар зыр жүгіріп, тиыннан теңге құрап, бір қораптағы 50 кітаптың құнын (175 000 тг) жинады. Ниеттенген іс соңына жетті. Оқушыларға үміт сыйлады.

Әр мектепте орташа 1000 оқушы бар десек, солардың бәрі кітап оқып кетпес. Әр сыныптағы 30 баланың 10-ы оқып, болашағын айқындар шамшырақ тапса, біз үшін сол бақыт ретінде жетіп жатыр. Сол 10-ның ішінен өз ауылын көтеріп, өркендетіп тастар бір мықты адам шықса, нұр үстіне нұр емес пе?

«Ауылға кітап ал» қорына үлес қосқыңыз келсе, уатсапқа өтіңіз. Ары қарай қорапқа жібереді.
https://clck.ru/3MdbNy
❤29😍3🐳1💊1
Кей адамдар 25 жасында өліп қалады, бірақ 75 жасында жер қойнына түседі.

(с) Бенжамин Франклин
❤47😭9🤔5😍3🎉1🐳1🤝1