KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
479 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
"Ақылсыз ердің тілі - өз басының дұшпаны"

(с) Ахмет Иүгінеки


Басыңа пәле тілеп алып, құтыла алмай жүргенше, тіліңді тістеп, үнсіз жүрген рақат екен. Қиын, бірақ ләззаты рақат. "Жақсы сөз сөйле, сөйлей алмасаң, үндеме" деген қарапайым тәмсіл өте өміршең. Кейбір сөздерімізді өзімізден басқа ешкім естімейді деп ойлаймыз. Бірақ жазушы періштелер ДЕЛО-ға тіркеп жатыр ғой бірін қалдырмай. Бір жерге жазған пікірлеріміз де сол тізімде.

Оқуға кеңес береміз:
- Ғайбат. Басқа пәле тілден
- Тіл кесапаты. Имам Ғазали.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤24👍2🤔1🆒1
Танымал шығармаларды бір-екі сөйлеммен қалай сипаттауға болады?

✅Пауло Коэло. Алхимик - Арман қуған қойшының хикаясы. Символиканы үйретеді.

✅Робин Шарма. Сен өлгенде кім жылайды? - 1-2 беттен тұратын 100 қысқа кеңес. Күн сайын бір кеңес оқуға болады.

✅Антуан Экзюпери. Кішкентай ханзада - Өмірдің мәнін іздеген ханзада түлкімен дос болады.

✅Бауыржан Момышұлы. Ұшқан ұя - Бала кездегі естеліктер арқылы өмір жолын көрсету.

✅Смағұл Елубай. Ақ боз үй - Байдың қызы босбелбеу жігітке шығып кете жаздайды, бірақ бәрібір кедей, бірақ жалынды жігітке тұрмысқа шығады. Байғұстар бүкіл тауқыметті бастан кешеді.

✅Жүсіпбек Аймауытов. Ақбілек - сұм ағайынның сатқындығынан орыстың қорлығына түскен қыздан туған жұрты бас тартады. Бірақ қыз мойымай, қайсар боп шығады.

✅Сара Джио. Қаражидек піскен қыс - жүз жыл бұрын Дэниал жоғалып кетеді. Ал қазіргі сәтте Клейр баласын жоғалтып алады. Екеуі бір датада орын алады. Арасында не байланыс бар?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤13👍6🔥4🤔1
Хақ достарының бірі Сүфиян Сәури мақлұқатқа қатты жанашыр жан болатын. Бір күні базарда бір құсты көреді. Тар қапаста қамалып, шырылдап сайрап тұр екен. Оны сатып алды да, босатып жіберді. Сол құс күнде кешке қарай Сүфиянның үйіне келіп, намаз оқығанын тамашалап, кейде оның иығына қонады екен. Қайтыс болғаннан кейін тағы да келеді. Оны таба алмаған соң қабірінің үстіне барып құлайды да, сол жерде өліп қалады. Сол кезде бәсең бір дауыс естіледі:

«Алла Тағаланың мақлұқатына мархаматы үшін Сүфиянға Алла мархамат етті»

(Әулиелер энциклопедиясы» кітабынан)
❤41👍8😭3💘2💊2🔥1🥰1
«Ұшақ ішіндегі ауа қысымы төмендеп кеткен жағдайда алдыңызға түсетін оттегі маскасын алдымен өзіңізге, сосын жаныңыздағы адамға тағыңыз»

Ұшақпен ұшқанда осыны талай естіген шығарсыз? Кинодан да көруіңіз мүмкін. Бірақ бір сәт ойланып көрдік пе:
- Қазір жұтып отырған ауаның құрамындағы оттегі мөлшері 21%-дан 22%-ға артып кетсе не болатынын?
- 19%-ға азайып кетсе, не болады?

Екі жағдайда да демалуымыз қиындап, басымызбен қайғы боп кетер едік. Жер бетіндегі кез келген адамның жайлы тыныс алуына жағдай жасап қойған Жаратқанның шеберлігіне сөз жоқ!

Шүкірлік туралы "Ихия-улумиддин" кітабынан толық оқи аласыз. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤34🔥8👍1🥰1😁1
Шерхан атамыздың шарапатын біз де көрдік және ол кісіден үйренген, бойындағы «Шіркін-ай, осы қазақтың бойында болса екен!» деген бірнеше қасиетіміз бар.

Біріншісі: сырты да, іші де қандай екенін білмейтін адамдар болады ғой, атамыз сондай еді. Бауыржан Момышұлының мектебінің шетін көрген адам болғандықтан, Шерхан ағамыздың қабағы қату, адамды тіксіндіретіндей айбарлы, айбынды, арыстандай күркіреп тұрғанмен, негізі іші өте жұмсақ адам екенін жазушылар да, шәкірттері де жақсы біледі.

Былайша айтқанда, бұл кісінің сырты қатты, іші «тәтті» боп тұр ғой. Сырласа кетсең, ішінен небір нәзік қасиеттер, елге деген махаббат шығып жатады. Таңғалдым. Сөйтсем, кейін ол дүниенің бәрі «иман» боп шықты ғой. «Атамыз қалай ішіндегі мейірімді, жұмсақтықты жоғалтып алмады?» деп таңғалатынмын. Сөйтсем, соның ар жағында Құдайға деген күпірлігінің жоқтығы екен.

«Енді айтуға болады» кітабынан.
❤28👍3🔥1😁1🎉1🤝1
Көп ойлайтын нәрсеңізді жиі көресіз

Көп ойлайтын нәрсеңізді жиі көресіз. Сосын, жиі көрген нәрсеңіз бүкіл жерде сондай екен деп ұйғарасыз. Мысалы, «адамдар жақсылық жасаудан қалған, бәрі өзімшіл» деп ойлайсыз. Оған басыңыздан өткен бір оқиға себеп болуы мүмкін. Сол ой көбейіп, басыңызды тұмшалап алады.

Ал ми деген – қолында пышағы бар кішкентай бала сияқты. Жақсы мен жаманды ажыратып жатпайды. Сіз жиі ойлаған нәрсені сіз үшін маңызды екен деп шешім шығарады. Содан айналадан соған қатысты нәрселерді іздеп тауып бере береді, бере береді. Сол үшін қоғамнан өзімшіл адамдардың ұнамсыз әрекеттерін жиі көре бастайсыз. Жиі көрген сайын «бүкіл жерде осындай екен; ел боп жарытпаспыз; бұл елден кету керек; жемқорлық жайлаған ел жазылмайды» деп шешім шығарасыз.

Бәрі бір ойдан басталды. Қызық. Бір зәулім үйдің күл боп жануына бір шырпы себеп болғаны секілді. Бұдан шығатын қорытынды: жақсы ойды ұста. Жаман ойды ұстама. Қалай тез келсе, солай тез кете берсін.

Ойыңды өзгерт те, өміріңді өзгерт! Ойыңды өзгертуге ең тамаша құрал – пайдалы кітап оқу.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤33👍3🕊2🔥1🥰1
Еңбексіз қабілет түк емес, сондай-ақ қабілетің болмаса құр еңбекпен де алысқа бара алмайсың. Менде екеуі де бар, қайсы басым екенін білмеймін. Ең қиыны – тұрақтылық. Ең басты түйткіл – осы, өйткені кім болса да Криштианудай болғысы келеді, бірақ ол оңай шаруа емес. Тәртіп деген ең қиын дүние. Кейде мен өзімнің ақылыммен күресіп кетемін, бәріміз де адамбыз ғой. Күн сайын спортзалға бару маған ұнайды дейсіздер ме? Ондай бейнетке кім құмартады? Бірақ баруың керек.

(с) Криштиану Роналду
👍29❤8🔥6💯2🥰1👏1
"Кейін жеткің келетін жетістік үшін қазір істегің келмейтін нәрсені істеу - міне, тәртіп деген осы!"

(с) Джон Максвелл
👍42❤20🔥2🥰1
"Ақылды дамыту үшін оқудан гөрі көбірек ойлану маңыздырақ"

(с) Рене Декарт

Ойлануға азық болу үшін де мықты кітаптар оқу керек. Бір кітап оқып ойлану мен жүз кітап оқып ойланудың арасы жер мен көктей.
❤47🔥4👏3👍1😁1🤔1
Ипотека – өзіңе бір пәтер, банкке бір пәтер алып беру

Немесе қазір ойыңды өзгерту үшін кітап оқисың. Сосын білім аласың, қабілет меңгересің. Кәсіп жасайсың. Бір істің маманы боласың. Нарықты құның қымбаттайды. Бір істің маманы бар ма дегенде сені іздейді. Бұған 4-5 жыл кетуі мүмкін. Сосын таңдаған үйіңді шертіп жүріп аласың. Бұрқ етіп бірден төлемесең де, екі-үш рет бөліп төлеп аларсың. Бастысы 15-20 жыл ай сайын төлеп жүрмейсің.

Ақша, байлық, кәсіп, табандылық, инвестиция, дағды, әдет туралы дәл қазір кітаптан оқы.
Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤25😁4🔥2🤔1
Кім, пәленше! Келешегіңді уайымдасаң, болашағың жарқын болғанын қаласаң, қазіргі сәтіңе барыңды сал.
❤65👍8🥰1😁1🤔1
"Сөзге келгенде адамның бәрі ұқсас секілді, бірақ әрекет қана кімнің кім екенін көрсетеді".

(с) Жан Батист Мольер
❤69👍4🥰3💯2👏1😁1🏆1
"Бір жылдан кейін былтыр бастауым керек еді деп өкінесің"

(С) Чарлз Лэм
❤75👍7💯3💔3😁1
"Бір есік жабылса, бір есік ашылады. Бірақ жабылған есіктен көзін алмай қарап тұра берген адам ашылған есікті көрмей қалады"

(с) Хелен Келлер
❤84💯14🥰3😁1🏆1
Ақпараттан ораза ұстау – мидың шектен тыс шаршауын басады, зейінді қалпына келтіреді. 3 сағатқа дектокс жасап, телефон, компьютер, планшет, ТВ, ақылды сағаттан бас тартып көріңізші.
❤55🤝5😁1
Не нәрсені болса да ауыр қабылдама, елдің сенімен шаруасы жоқ, олардың бәрі сен ойлағандай ылғи сені сынап отырмайды.
❤63🤔2
Бір кісі Омар ибн Абдулазизден:
- Қашан сөйлесеміз? - деп сұрады.
- Үнсіздікті қалаған кезіңде.
- Қашан үндемей қалайын?
- Әбден сөйлегің келгенде.

"Жүрек сырлары" кітабынан. Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3MdbNy
❤39👍3⚡2🥰1🤔1
Өз-өзімізді сендіріп тастайтын ойлардан қауіпті ештеңе жоқ.

(с) Джон Стейнбек
❤57👍8🤝7🏆2⚡1🔥1👀1
Ақымақ - өзіне тән қабілеттері бар, бірақ қоғамға өзін одан да зор қабілетті адам етіп көрсетуге тырысатын адам. Ақылды адам - өзіне тән қабілеттері бар, қоғамға өзін сол қабілетіне сай етіп көрсететін адам. Ал дана адам - өзіне тән қабілеттері бар, бірақ сонысын қоғамға төмендетіп көрсететін адам. Міне, сол дана адам. Уақыт өте келе қоғам ол адам шын мәнінде әлдеқайда қабілетті екенін, әлдеқайда терең, қадірлі екенін түсіне бастайды.

(с) Борис Беризовский
❤55👍5🔥3😁2🥰1🎉1💯1
Ескек есуді үйренбесең, қайық ауыстыра бергеннен не пайда?

(с) Рави Шанкар
👍49❤18🔥8⚡3❤‍🔥2🏆2👏1