KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Көп ойлайтын нәрсеңізді жиі көресіз

Көп ойлайтын нәрсеңізді жиі көресіз. Сосын, жиі көрген нәрсеңіз бүкіл жерде сондай екен деп ұйғарасыз. Мысалы, «адамдар жақсылық жасаудан қалған, бәрі өзімшіл» деп ойлайсыз. Оған басыңыздан өткен бір оқиға себеп болуы мүмкін. Сол ой көбейіп, басыңызды тұмшалап алады.

Ал ми деген – қолында пышағы бар кішкентай бала сияқты. Жақсы мен жаманды ажыратып жатпайды. Сіз жиі ойлаған нәрсені сіз үшін маңызды екен деп шешім шығарады. Содан айналадан соған қатысты нәрселерді іздеп тауып бере береді, бере береді. Сол үшін қоғамнан өзімшіл адамдардың ұнамсыз әрекеттерін жиі көре бастайсыз. Жиі көрген сайын «бүкіл жерде осындай екен; ел боп жарытпаспыз; бұл елден кету керек; жемқорлық жайлаған ел жазылмайды» деп шешім шығарасыз.

Бәрі бір ойдан басталды. Қызық. Бір зәулім үйдің күл боп жануына бір шырпы себеп болғаны секілді. Бұдан шығатын қорытынды: жақсы ойды ұста. Жаман ойды ұстама. Қалай тез келсе, солай тез кете берсін.

Ойыңды өзгерт те, өміріңді өзгерт! Ойыңды өзгертуге ең тамаша құрал – пайдалы кітап оқу.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤33👍3🕊2🔥1🥰1
Еңбексіз қабілет түк емес, сондай-ақ қабілетің болмаса құр еңбекпен де алысқа бара алмайсың. Менде екеуі де бар, қайсы басым екенін білмеймін. Ең қиыны – тұрақтылық. Ең басты түйткіл – осы, өйткені кім болса да Криштианудай болғысы келеді, бірақ ол оңай шаруа емес. Тәртіп деген ең қиын дүние. Кейде мен өзімнің ақылыммен күресіп кетемін, бәріміз де адамбыз ғой. Күн сайын спортзалға бару маған ұнайды дейсіздер ме? Ондай бейнетке кім құмартады? Бірақ баруың керек.

(с) Криштиану Роналду
👍29❤8🔥6💯2🥰1👏1
"Кейін жеткің келетін жетістік үшін қазір істегің келмейтін нәрсені істеу - міне, тәртіп деген осы!"

(с) Джон Максвелл
👍42❤20🔥2🥰1
"Ақылды дамыту үшін оқудан гөрі көбірек ойлану маңыздырақ"

(с) Рене Декарт

Ойлануға азық болу үшін де мықты кітаптар оқу керек. Бір кітап оқып ойлану мен жүз кітап оқып ойланудың арасы жер мен көктей.
❤47🔥4👏3👍1😁1🤔1
Ипотека – өзіңе бір пәтер, банкке бір пәтер алып беру

Немесе қазір ойыңды өзгерту үшін кітап оқисың. Сосын білім аласың, қабілет меңгересің. Кәсіп жасайсың. Бір істің маманы боласың. Нарықты құның қымбаттайды. Бір істің маманы бар ма дегенде сені іздейді. Бұған 4-5 жыл кетуі мүмкін. Сосын таңдаған үйіңді шертіп жүріп аласың. Бұрқ етіп бірден төлемесең де, екі-үш рет бөліп төлеп аларсың. Бастысы 15-20 жыл ай сайын төлеп жүрмейсің.

Ақша, байлық, кәсіп, табандылық, инвестиция, дағды, әдет туралы дәл қазір кітаптан оқы.
Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
❤25😁4🔥2🤔1
Кім, пәленше! Келешегіңді уайымдасаң, болашағың жарқын болғанын қаласаң, қазіргі сәтіңе барыңды сал.
❤65👍8🥰1😁1🤔1
"Сөзге келгенде адамның бәрі ұқсас секілді, бірақ әрекет қана кімнің кім екенін көрсетеді".

(с) Жан Батист Мольер
❤69👍4🥰3💯2👏1😁1🏆1
"Бір жылдан кейін былтыр бастауым керек еді деп өкінесің"

(С) Чарлз Лэм
❤75👍7💯3💔3😁1
"Бір есік жабылса, бір есік ашылады. Бірақ жабылған есіктен көзін алмай қарап тұра берген адам ашылған есікті көрмей қалады"

(с) Хелен Келлер
❤84💯14🥰3😁1🏆1
Ақпараттан ораза ұстау – мидың шектен тыс шаршауын басады, зейінді қалпына келтіреді. 3 сағатқа дектокс жасап, телефон, компьютер, планшет, ТВ, ақылды сағаттан бас тартып көріңізші.
❤55🤝5😁1
Не нәрсені болса да ауыр қабылдама, елдің сенімен шаруасы жоқ, олардың бәрі сен ойлағандай ылғи сені сынап отырмайды.
❤63🤔2
Бір кісі Омар ибн Абдулазизден:
- Қашан сөйлесеміз? - деп сұрады.
- Үнсіздікті қалаған кезіңде.
- Қашан үндемей қалайын?
- Әбден сөйлегің келгенде.

"Жүрек сырлары" кітабынан. Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3MdbNy
❤39👍3⚡2🥰1🤔1
Өз-өзімізді сендіріп тастайтын ойлардан қауіпті ештеңе жоқ.

(с) Джон Стейнбек
❤57👍8🤝7🏆2⚡1🔥1👀1
Ақымақ - өзіне тән қабілеттері бар, бірақ қоғамға өзін одан да зор қабілетті адам етіп көрсетуге тырысатын адам. Ақылды адам - өзіне тән қабілеттері бар, қоғамға өзін сол қабілетіне сай етіп көрсететін адам. Ал дана адам - өзіне тән қабілеттері бар, бірақ сонысын қоғамға төмендетіп көрсететін адам. Міне, сол дана адам. Уақыт өте келе қоғам ол адам шын мәнінде әлдеқайда қабілетті екенін, әлдеқайда терең, қадірлі екенін түсіне бастайды.

(с) Борис Беризовский
❤55👍5🔥3😁2🥰1🎉1💯1
Ескек есуді үйренбесең, қайық ауыстыра бергеннен не пайда?

(с) Рави Шанкар
👍49❤18🔥8⚡3❤‍🔥2🏆2👏1
🤔Айқайлаған уәдеден үндемей біткен іс артық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆41❤35👍15💯11❤‍🔥3🔥3😁1🍓1
🫶Шұңқырға түсіп кетіп, шыға алмай жатсаң, уайымдама, бұл шұңқырдан шыққанда сен әлдірек боп шығасың. Өмір өзі солай.

(с) Роджер Федерер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤90🔥11👏3🏆2👍1🥰1
Мың сөзден бір іс артық. Мың сөздің ізін бір әрекеттің ізі басып кетеді. Кісіне сөзіне емес, ісіне қарап таниды. Сөйлеу оңай, істеу қиын. Сөйлеу үшін ойланудың да қажеті жоқ. Істеу үшін – ойлану, жоспарлау, істеу, өлшеу, ұйымдастыру, үйрену керек. Сөзі мен ісі сәйкесетін адамның сөз өтімді. «Қазаққа сөзің өтуі үшін билігің немесе малың болуы керек» деген сөздің астарында іскер адам деген ұғым жатыр.

Ендеше сөзді қойып, тірлікке кірісейік. Мықтылығыңды іспен көрсет.
👍51❤24🏆4🍓2😁1
Бірер жылдан кейін Сәбеңмен кездесіп, ойламаған жерден әңгімелесіп те көрдім. Ыңғай білдірген де мен емес, Сәбеңнің өзі. Ол кезде мен университетті бітіріп, жақында ғана ашылған "Балдырған” журналында қызмет істеп жүргем. Жазушылар одағына жиі барам. Бұл жолы да сол жерде жүргенмін. Екінші қабатта Сәбеңмен жолыға кеттім. Сәлем бердім.
— Сен осы қай баласың? - деді Сәбең маған жылы жүзбен.
- Қадыр Мырзалиев деген балаңызбын!
- Е, Қадыр Мырзалиев деген ақын сен бе едің? - деді ол. Мен сені сыртыңнан жақсы білемін. Қазақ балалар бақшасына баратын немерем сенің өлеңдерінді жатқа біледі. "Сөзін жазған Қадыр Мырзалиев" дейді тақылдап. Өлеңдеріңді ғана емес, сын мақалаларыңды да үзбей оқып тұрамын. Сен өзің, байқаймын, высокий штильмен жазады екенсің. Мысалы, Ілияс Омаровтың кітабы туралы жазған "Еркін серпінің" сондай! - деді ол. Үлкендердің аузынан мұндай жылы сөз естіп көрмеген сорлы басым сасып қалсам керек.
- Сен неге үндемейсің? Менің "стиль" демей "штиль" дегеніме таң қалып тұрсың ба? Таң қалма! Ломоносов заманында көбіне-көп "штиль" деп жазған.
❤17👍3💘2🔥1
Қандай дарын, талант болса да, кітаппен тез өседі. Кітапсыз бір орында айналып, тасбақадай баяу жылжиды. Кітап оның дарынына тікелей әсер етпеуі мүмкін, бастысы сананың ізгілікке толуына себеп болады. Ілгеріде өткен данышпандардың өмірлік тәжірибесін сіңіреді. Мидың жойқын жылдамдықпен дамуына көмектеседі.
❤44👍11🔥3🥰1