KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Досыңа сыйлауға кітап ұтып ал!

Шарт: Сторизге досыңды белгілеп, не үшін оған кітап сыйлағың келгенін жаз. Сосын оны скриндеп, осы чатқа суретін жібер. Сторизге осы суретті қолдансаң болады.

Жеңімпаз: 2 адам таңдаймыз ең қатты ұнаған сториз ішінен.

Кітап: Сира, авторы: Нұрсұлтан ұстаз.

Уақыты: 8-ақпан, 23:59-ға дейін.

Жеңімпазды анықтаймыз: 9-ақпан, 15:00-де.

Ал, кеттік, ендеше! Әдемі сториздер күтеміз.
❤19👍3🤔1
Ұйықтау үшін көзіңді жұмып, ұйықтап жатқандай түр жасауың керек. Бүкіл табыстың кілті осында.

Өмір осындай парадоксқа толы.
Бірдеңеге сену үшін алдымен әрекет істеп көресің.

Өзіңді батылмын деп алдап сендіру арқылы сенімділік қалыптасады.

Табысты адамдардың жақсы әдеттерін қайталау арқылы өзің де табысқа ие боласың.

Түр жасау, тырысу, өтірік істеп көру бірте-бірте шынайы өмірге айналады.
❤49👍13😍4🔥3😁2
Бақыттың шыңы - жылау.
Қайғының шыңы - күлу.
Ашудың шыңы - үнсіздік.

Эмоция алдамайды. Бірақ ол біз күткендей күйде бола бермейді.
Ең терең сезімдер өте сирек шығады.

Шынайы бақытты сезінгенде күлімдемейсің. Керісінше жүрегің қуанышты ұстап тұра алмай, еріксіз жылайсың. Оны қуаныштың көз жасы дейді.

Адам қатты қайғырғанда көзінен жас шықпайды. Ауырған жан күлкіні бетперде қып шығады.

Ашудың ең жаманы - не үшін ашуланғаныңды түсіндіруге күшің жетпейді. Жүзің суық, бәріне дайын тұрғаныңды білдіретін үнсіз түр.

Постты бөлісіп жібер💻
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30👍10🔥2🥰1
Тарақанды өлтірсең, батырсың. Көбелекті өлтірсең, залымсың.

Адамгершілікті әдемілікпен өлшеу деген бар. Бір әрекет, бірақ түріне қарай бағалаймыз. Ұсқынсыз нәрсені бұзу оңай. Әдемі көрінетін затты қорғау оңай.

Істің дұрыс не бұрыстығын ақиқатпен емес, көбіне эмоциямен шешеміз.

Бұдан шығатын ең ұлы қауіп: менің пікірім ғана дұрыс деу. Ондай пікір жеке ұстанымды абсолютті шындық деңгейіне көтереді.

Ницше
🥰22❤11👏7😁1
🍟 Көп жемеңдер, себебі көп жеу көп су ішуге, ал көп ішу көп ұйықтауға себеп болады. Көп ұйқы үлкен зияндарға жол ашады.

❤️"Жүрек сырлары" кітабынан
❤48👍13😁3🔥1
Есте сақтау үшін алға қарай оқы. Ақылды болу үшін керісінше оқы

Ашу ақылды өшіреді.
Қорқыныш еркіндікті жояды.
Эго махаббатты құртады.
Күмән сенімді кетіреді.

Енді керісінше оқы:
Сенім күмәнді кетіреді.
Махаббат эгоны құртады.
Еркіндік қорқынышты жояды.
Ақыл ашуды өшіреді.
❤45🔥2😍2🤯1👌1🆒1💊1
Балаңа кітап оқуды үйрету үшін өзің кітап ұстап жүр. Ұнамаса да ұстап отыр. Көрсін. Әке көрген - оқ жонар. Шеше көрген - тон пішер. Естіген демейді, білген демейді. Көрген. Көрсету керек. Бала көргенін қайталайды. Өзің де кітапты құр ұстап отыра бермей, оқисың ғой ішің пысқаннан. Бәрі солай басталады.

“Үлкен кітаптан іздеп тап” кітабының ойын картасының ұзындығы - 5 метр! Баланың зейінін арттырады. Байқампаздығын күшейтеді.
❤22😍6👍2
Ешкім бетіңе айтпаған 10 шындық

1) Еріншек кедей болсаң, ешкімге қызық емессің.
2) Сен қашан бір шешімге келеді екен деп әлем күтіп отырмайды.
3) Жалқаулық - жолың болмауына кепіл зат.
4) Зұлымдыққа үндемесең, сені пайдалана береді.
5) Сені жақсы көруге ешкім міндетті емес.
6) Армандайсың ба? Онда әрекет ет. Болмаса армандама.
7) Шағымдану - құрметтен айрылу.
8) Жеңістің де, жеңілістің де себебі - ӨЗІҢСІҢ.
9) Уақыт қайта оралмайды. Қазір қолданып қал.
10) Кітап - ойландыратын, өзгертетін, дамытатын, байытатын үнсіз дос.

Соңғы жаңалықтар!
"Имани гүл" кітабы сатылымда! Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤42👍9🆒2😁1
Рамазанда сыйлық алғыңыз келе ме?

Онда өзіңіз алдымен өзгелерге сыйлық беріңіз. Себебі сыйлық - жүректі шаттыққа бөлейді, сүйіспеншілікті арттырады, жек көруді азайтады.
🥰19❤16😍4❤‍🔥3👍3😁1
Осы Рамазан айында қай бағытта өзгерем деп мақсат қойдыңыз?

Былтырғы Рамазанда тоймай тұрып тамақ ішуді тоқтатуды үйренгенмін. Ары қарай бір жыл бойы ұстандым. Биыл Рамазанда:

1) Асықпауды
2) Жүректі тазалауды
3) Ойды тазалауды ниет еттім.


Ол қалай? Адамның басына күн сайын алты мың ой келеді. Оның ішінде жақсысы, жаманы бар. Жақсысын ұстап қаласың, амалға айналдырасың. Ал жаманы қалай келсе, солай өткізіп жіберу. Ұстап қалмау. Дамытпау. Сюжетке айналдырмау. Соңынан кетпеу.

Иманды күшейту үшін «Бақыт формуласы» кітабын оқыңыз.
❤42👍7🔥2🥰2
ҚАРЫЗДАН ҚҰТЫЛАТЫН КҮНДІ КҮТУ ЭЙФОРИЯСЫ

Шамамен барлық адамда қарыз бар қазір: ипотека, автокредит, кредит, бөліп төлеу, досыңа қарыз. Бірінде 5 айдан кейін бітеді, бірінде 1,5 жылдан соң жабылады, енді бірі 9 айда құтылады. Ай сайын осы қарыздың бөлігін жабуға жұмыс істейді. Әйтпесе банк бүкіл туысқанына звондап, қанын ішіп қояды.

Бұл адамның ойында: «5 ай шыдап берсем, қарызымнан құтылам. Сонда нағыз рахат болады. Одан кейін ешкімнен қарыз алмаспын!» деген ой болады. Қарыздан құтылатын күнді ойлағанда кеудесін қуаныш кернейді. Сол күні бақытқа бөленетіндей сезім. Осы сезім оны жұмыс істеуге жетелейді.

Алайда...
Айтылған мерзім келіп, қарызынан құтылған күні өзі күткен үлкен қуанышты сезінбейді. Қарапайым, көп күннің бірі сияқты. Неге бұлай? Қарыз болмаған соң енді жұмыс істеуге де мотивация жоқ. Себебі ми әбден қарызды жабу үшін ғана жұмыс істеуге бейімделіп қалған.

Енді ары қарай не істейді?
Адам қайтадан бөліп төлеуге зат алады. Алғашқы жарнасын төлеп, көлік не үй алады. Қайтадан қарыздың дөңгелегіне түсіп айнала бастайды. Ақша табуға мотивация пайда болады.

Сонда біздің миымыздың қателігі:
🆘6 ай ақша жинап,
зат сатып алуға құлқымыз жоқ.

✅Сол затты 6 айға бөліп төлеуге алып,
ақшасын төлеуге құлқымыз бар.

Проблеманы шешу үшін оқылатын кітаптар:
Қаржы қағидалары
Вавилондағы ең бай адам
Ақша және мен
Мен және ақша
Қарызсыз қазақ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤27👍8🔥7🥰2
✅ Момын мұсылман адам не істесе де, қоштасып тұрғандай істеуі керек.

✅Рамазанмен қоштасып тұрғандай, соңғы Рамазанды өткізіп жатқандай сезіммен.

✅Бауырыңмен жақсы қарым-қатынаста, қоштасып тұрғандай сезіммен.

✅Біреуге жақсылық істесең, соңғы жақсылығыңдай сезініп, таза ықыласпен.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍10😍5🔥4🤔1
Жақында👍
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤‍🔥39👍12😍5👏4❤2🔥2😁1🤔1
Жерге бір шалғайдағы ғаламшар тұрғыны келіп, жер тұрғындарын «Ақылды өркениеттер каталогына» енгізу үшін сұрайды:
— Жер, су, жарық мол бола тұра, неге Жерде көп адам аштық азабын тартып жатыр?
— Ақша жоқ.
— Қаншама мүмкіндіктеріңіз бола тұра, неге үйсіз-күйсіз адамдар көп?
— Ақша жетпейді.
— Неге жер бетін осыншалық ластайсыздар?
— Таза ұстайық десек, ақша жоқ.
— Неге емі бар аурулармен ауыратындар көп?
— Емдеуге қаржы тапшы.
— Сонда бұл қандай тапшы ресурс? Мүмкін оны басқа планеталардан әкеліп көмектесейік пе? Жалпы, оны қайдан өндіресіздер?
— Әкелудің қажеті жоқ, біз оны өзіміз басып шығарамыз.
Сөйтіп, әлгі ғаламшарлық жер тұрғындарын ақылды жаратылыстар тізімінен сызып тастапты.
❤25🤔8😢3🆒2👍1
Дайындалған адам қорықпайды

Дайындалған адам алдын-ала жоспар жасайды. Түрлі ситуацияға. “Егер мынау болмай қалса, онда мынауым дайын тұруы керек» дегендей. Карантинде көбі үйде жұмыссыз, аңырып қалғаны естеріңде шығар? Бұл – жоқ нәрседен қорқу емес, дұрыс стратегия. Сақтансаң - Құдай сақтайды.

Алда әлем су тапшылығын сезінсе, көрші елде соғыс болса, ЖИ жұмысымызға араласса, азық-түлік қымбаттаса, ауырып қалсам, аяғым сал боп қалса, жұмыстан шығып қалсам, т.б. жағдайларға дайын жүріңіз. Бұлар болады деп емес, болып қалса не істеуім керек деген оймен.

Дұрыс жоспар жасау үшін дұрыс ойлана білу керек. Кітап ойландырады. Миды қозғайды.
❤35👍11🥰2🔥1🤔1
Әр кітапты оқып біткен сайын "Мен не білдім?", “Мұны қай жерде қолданам?" деп өз-өзіңнен сұрасаң, кітаптың пайдасын көресің.

Оқып бола сала, жауып қойсаң, сөреге қоя салсаң, бір айдан кейін не оқығаныңды ұмытып қаласың.
❤54👍7❤‍🔥6🔥2🥰2
Әркім қорыққанынан қашады. Тек Алладан қорыққандар Оған қарай жақындайды.

(с) Хәким Әбул Қасим

"Имам Ғазали - Ихия улумиддин, 5-кітап"
❤40👍7💊2🔥1🤔1
ХӘРРИ ПОТТЕР ПЕН МӘНШҮК МӘМЕТОВА

Ауылға апаратын қораптағы 50 кітаптың бағасы 210 000 тг. Бірақ біз оны 175 000 тг қылып ұстап отырмыз. Ақша жинап жатқан жастарға қиын болмасын деп. Ең жақсы кітаптарды таңдап алған соң, олар арзан емес. Тіл үйрену, мамандық таңдау, тұлғалық даму, әдет қалыптастыру, мінез өзгерту, Қайрат ағаның «Кемел адамы», Скаковтың «Мен, Сені», Қаныш пен Өзбекәлі, Жұмабектің майдандары, Ахмет пен Бейсен, Галилео мен Эйнштейн, Франклин мен Момышұлы, Хәрри Поттер пен Мәншүк, т.б.

Осы кітаптарды оқып, ауылдағы мектеп оқушылары шабыттанып, арқаланып, кім болатынын шешіп жатыр. Сен де үлес қос, адам!

https://pay.kaspi.kz/pay/lqmlhbut - үлес қосу.
❤17👍12🥰2🔥1😁1
Адреналин керек болса, Қаныш сияқты кір! | Kitapal podcast #47

Бүгінгі подкастта ағартушы, жазушы Санжар Керімбай мырзамен сұқбаттастық. Орта жас кризисі, мүшел жастың маңызы, ар-ождан мазаламас үшін не істеу керек, өмірдің мәні, ұлы тұлғалардың өмірін не үшін оқыту керек, бітеу дүрбі, рухани катаракта, не үшін кітап оқу керек, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбіттік.

https://youtu.be/G9PSi-23HDI

Бөлісіп жіберіңіздер🌟
🔥16👍4❤3🤔2