KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Қасыңызға келіп отырған адамның бойынан жағымсыз иіс мүңкіп тұрса, сіз бірден ол адамнан жиіркеніп, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда сізде тәкаппарлықтың ұшқыны бар.

Ал егер ол адамнан емес, тек жағымсыз иістен жиіркенсеңіз, орныңыздан тұрып кетсеңіз, онда тұрған ештеңе жоқ.

Кейбіреулер өздерінің жағымсыз исі бар екенін білмейді. Ал енді біреулер кез келген иіске сезімтал келеді. Осы жерде айырмашылықты жақсы білу керек:
1) Адамның жеке басынан жиіркену – тәкаппарлық
2) Ал тек иістен жиіркену – табиғи нәрсе.
Тәкаппарлық – біреуден өзіңді артық санау, жоғары сезіну, салыстыру, келеке ету, мазақтау, тұқырту.

Толығырақ Имам Ғазалидің «Ихия улумиддин» кітабынан оқи аласыздар. 5 томнан тұрады.
1 – ғибадат
2 – әдеп бөлімі
3 – жаман мінез
4 пен 5 – көркем мінез бөлімі

Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
❤15👍1🎉1🤝1
Кітап деген тура бір вампир сияқты. Сіз оны қолға алғанша шаң басқан сөрелерде күтіп жатады. Қалай оны алып оқи бастайсың, бірден жаныңды сорып алғандай, бір бөлігіңе айналады.
Мишель Турнье, француз жазушысы

Әр кітап – бір тағдыр. Сол тағдырды сүріп шыққандай боласың. Бүтін бір дәуірдің шындығын бастан кешесің. Заман өзгерер, бірақ адамның өмірі өзгермейді. Бәрі бақытты іздейді, ақиқатты қуады, әділдік үшін күреседі, артына із қалдырғысы келеді.

Әр заманның тамырын басып, аңысын аңдау үшін сол кезеңді жырлаған ақын, жырау, жазушыларын оқу керек. Халықтың жүрек күйі қандай, нені аңсады, неден тартынды – бәрін сол шығармалардан табасың.

Әдеби кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
❤10🥰1🎉1
Қазақтың саны 40 млн болар еді...

Егер ашаршылық болмаса. Сол кезде 3 млн халық жайдан-жай қырылып қала салды. Жайдан-жай емес, қолдан қырды. Тек халық емес, өнер, білім, байлық, әдебиет, мәдениет – бәрі түгел сол адамдармен бірге жойылды. Оның орнына күмән, сенімсіздік, ашкөздік, сатқындық, аштық деген дерттер пайда болды.

Ашаршылық зұлматын көзбен көргендерден артық кім айта алады? Бұл кітапта сондай куәгерлердің естеліктері берілген. Кезінде «Жұлдыз» журналында тұрақты жарияланып тұрған мақалалар жинағы.

Біз тарихты ұмытпауымыз керек. Сол боздақтар – қазіргі бейбіт өміріміз үшін жасалған құрбандықтар екенін түсініп, қадіріне жетуіміз керек. Сол геноцид қайталанбас үшін білімді, қуатты, өнерлі болуымыз керек. Сондай болуымыз үшін осы тарихи естеліктер жанымызды қайрайды.

Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3TJfVu
💔8❤2🥰1🎉1