KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.38K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
481 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Тапсырыс беріп үлгересіздер.
Дүкендер 21:00ге дейін жұмыс істейді.
Онлайн тапсырыс 20:00ге дейін қабылданады🙌
Сәттілік!
👍1
— Бұл дүниеде мен пір тұтар, сырласар жалғыз-ақ нәрсем бар, ол — кітап,— дейтін.— Әкем де, шешем де сол — кітап. Кейбірін екі-үш қайтара жалықпай оқып шықтым. Жалғыздығың, жетімдігің, бәрі-бәрі ұмытылып, басқа бір жұмақты өмірге сапар шеккендей боламын. Әттең, жағдай келсе, оқуымды одан әрі жалғастырып, Алматыға аттанар едім. Шынымды айтайыншы, кітап жазып, жазушы болғым келеді.

📖 "Тортай мінер ақ боз ат"
© Оралхан Бөкей
❤40👍8💔7🤝1
ЖАҚСЫ ОЙ МЕН ЖАҢАШЫЛ КӨЗҚАРАС

Әр нәрсенің жақсы жағын көре білген адам жақсы ойлайды, ал жақсы ойлай білген адам өмірінен ләззат алады. Шынында да, өмірден ләззат алудың кілті – жақсыны көре білу және жақсы ойлау.

Негізінде, адам баласы айналасына шекесіндегі көзімен емес ой-санасындағы көзімен қарайды, соған қарай көрген-білгенін қорытады, тұжырымдайды, шешім шығарады. Демек, ең алдымен ой-сананы түзету керек. Сана түзелсе, адам түзеледі, ал адам түзелсе, қоғам дұрыс жолға түседі.
Рас,
«көзіндегі көзілдіріктің түсі қандай болса, адам да айналасын сол түспен көреді»


…

* * *
Адамдағы көреалмаушылық сезімі де осындай жаңылыс түсініктен туындайды. Олай болмаса, «ағайын – бар болса, бере алмайды; жоқ болса, көре алмайды» сөзі қайдан шықты? Шындығына келгенде…

Жалғасын minez.kz сайтынан оқи аласыз.
❤12👍12
Көп сөйлеген адам көп қателеседі, ал көп күлген адам ұят пен әдептен айырылады.

©️ Омар ибн Хаттаб р.а.
❤63👍15💯3👏1
Была одна дурочка; она ослепла от болезни и никак не могла понять, что она слепа, и сердилась на то, что, куда она ни пойдет, все на дороге ей мешает, толкает ее. Она думала, что не она толкается о вещи, а вещи толкают ее.

То же бывает и с людьми, когда они слепнут для духовной жизни. Им кажется, что все, что с ними случается, делается им назло, и они сердятся на людей, а не понимают того, что им, как той дурочке, нехорошо не от других людей, а оттого, что они слепы для духовной жизни и живут для тела.

✍️Лев Толстой
"Путь жизни"
❤29✍3🙈1
Туралықта болудың маңызды талабы - әрбір мүшені жаратылыс мақсатына қарай қолдану, пайдалану.
🍃
❤33👍10
Мың сүрінбес үшін бір сүріну де керек шығар?

©️Бексұлтан Нұржекеев
“Бейтаныс әйелдің құпиясы” кітабынан
❤46👍12
📝
Өтер уақыт, Өтеді гүлді көктем. Өтеді деп аласың кімді беттен?! Өтер жастық Яки өтер жасың Махаббатты өмірге кіндік еткен Өтеді уақыт, Өтеді және жазың Болады үлкен, Немесе бала жазым. Өтер шілдең Яки жігіттіктің Отырасың шығарып жаназасын. Өтеді уақыт, Өтеді қоңыр күзің. Тағдырдың да татасың не бір тұзын. Өтіп қазан, Қарашаң, Өтіп бәрі, Қысқартасың ақырын өмірді ұзын. Өтеді уақыт зымырап, Өтер қысың. Пыр етіп бір ұшар да кетер құсың. Біле тұра уақыттың баянсызын, Өзіңе өзін жасайсың бекер қысым! Қалар артта бесік жыр, Бесік-үйің, Есіл туыс, Есіл жұрт, Есіл бұйым. Жылдар өтсе мейлі ғой, Өте берсін! Сәттер өтіп барады, Осы қиын!

©️
Қадір Мырза Әлі
👍33❤24👏5
“НАҒЫЗ ЖІГІТ” кітабына предзаказдың бүгін соңғы күні😱

✅ 4000 тг төлеп:
1) Автордың қолтаңбасымен кітап аласыз
2) “Жылдам оқы” онлайн курсы ТЕГІН (өз бағасы 15000 тг)
3) жеткізу ТЕГІН (жеткізу әдетте 1000 тг)

❗️Ертең бұл жеңілдік болмайды. Қазір пердзаказ жасап үлгеріңіз.

✳️ Ватсап: 8-777-572-22-33
wa.me/77775722233
❤14
Қайтсем екен:
қасіретіңді сенделіп шексем бе екен,
әлде өзіңе тап қазір жетсем бе екен?
Тұрғызып ап төсектен жеті түнде
жаныма ертіп бір жаққа кетсем бе екен?..
Менің жаным секілді аспан көшкен…
Біліп жүрсің — жәйттар ғой бастан кешкен:
маған деген реніш ұйқы бермей
сенің көңіл-күйің де астан-кестен.
Мен де қалай жарқылдап жүре аламын,
жүрегімді жылатса кінәларым.
…Болғаны да жақсы екен дүниеде
өкпелеуге тұратын бір адамың.

Фариза Оңғарсынова
❤50💔21
Үнсіздік мағына кедейлігінен емес, керісінше, мән тереңдігінен. Мәулана
🔥32❤8👍5💊1
Аққан дарияны қайта басына қарай ағызғың келе ме? Батқан Күнді қайта шығысқа қарай жылжытқың келе ме? Туылған бала анасының қарнына қайта кіре ме? Төгілген көз жасы көзге қайтып кіре ме? Демек, өтіп кеткен істерге қайғырғаның, жаныңды қинап жаншылғаның дұрыс емес. Ол бекерден-бекер өзіңді-өзің азаптағанмен бірдей.

“Мұңайма” кітабынан
❤43👍3💊3
Бүгін жазушы, мемлекет қайраткері - ӘБІШ КЕКІЛБАЕВТЫҢ туған күні

Жазушы 1939 жылы 6 желтоқсан Маңғыстау облысы Оңды ауылында дүниеге келген.


📚Әбіш Кекілбаевтың шығармалары

🖇Алғашқы өлеңдер жинағы "Алтын шуақ" (1962)

🖇"Бір шөкім бұлт" (1965)

🖇1982 жылы "Шыңырау" повестер жинағы

🖇"Үркер" (1981),

🖇"Елең-алаң" (1984)

🖇«Күй», «ХаншаДария хикаясы», «Шыңырау», «Бәйгеторы» секілді орта көлемді эпикалық шығармалары

🖇«Абылай хан» пьесасы
❤24👍4💊1
Сіз жазушының қай шығармасын оқығансыз❓
💊2
📌 Заманға таң қалма − адамға таң қал.
Әбіш Кекілбаев
❤31👍4💊1