KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.38K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
481 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
АВТОРМЕН КЕЗДЕСУ😍

📽Достар, жақында ғана KitapAl podcast жобамызда бестселлер атанған “Тастамашы, ана” кітабын талқылаған болатынбыз.
Дәл осы подкасттан кейін кітапқа деген сұраныс артып, автормен кездесуді, сұхбаттасуды қалайтын оқырман саны көбейді😍

КЕРЕМЕТ ЖАҢАЛЫҚ!⭐️
БҮГІН
🗓 25.12.2023ж 18:30да
📌Жамбыл атындағы кітапханада
@aigiz.baimukhametov -пен кездесу өтеді.

Келіңіздер! Кітап авторының өз аузынан өмірі жайлы, кітап жайлы сұрақтарыңызды қойып, сұхбат құрыңыздар! Кітапқа ҚОЛТАҢБА қою мүмкіндігі де болады🤗
❤8
📽ЖАҢА ПОДКАСТ: ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Осы жылдың соңғы подкасты🤩
Жыл қалай өтті? Не үйрендік? Не бітірдік?
2024 жылға жоспар қандай?
деген тақырыптарда, сонымен қатар

✅ 2024 жылда мақсаттарымызға толық жету үшін жоспарды қалай құрамыз? Жетістікке жету жолын қалай сызамыз?
тақырыбында өз тәжірибемізден әңгімелер өрбитін болады😍

⏰Подкаст БҮГІН 18:00де Ютуб арнасына шығады

Көріңіздер! Жақындарыңызбен бөлісіңіздер!🤗

https://www.youtube.com/@kitapal
🔥12❤4😍4👍1
«Біздің жоғалтқанымыз – қазақ деген соры қайнаған халықты қайтсем бақытқа жеткіземін деп жанпидалықпен күрескен арыстарымыз еді алдымен. Олар – біздің өткеніміз, тегіміз, руымыз еді ғой.

Зорақы заман бізді содан айырғысы келді. Мәңгүрт жасағысы келді. Міне, сол оталған арыстарымыздың бірі және бірігейі Тұрар Рысқұлов еді. «Қызыл жебе» хамсасы» арқылы біз алдымен сол Рысқұловты таптық және таныдық. Ал, Рысқұлов тағдыры – халық тағдыры. Өйткені, оның өмір жолындағы басынан өткен шындықтар халық тағдырындағы, тарихындағы шындықтарды елестетер еді. Сондықтан да, Рысқұловты тану – халықты тану деген сөз. Халықты тану - өзіңді тану»

©️Тұрлыбек Мәмесейіт
❤17❤‍🔥2🎉2👍1
БҮГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ТУҒАН КҮН

Тұрар Рысқұлов
26 желтоқсан 1894 жылы, Жетысу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.
😍20❤12👍1💊1
❓
“ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КІМ?” десе, не деп жауап берер едіңіз?
Қайраткер жайлы қандай ақпарат білесіз, жазып кетіңіз👇
👍6💊1
📌
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.

Шәкәрім
❤39🔥13💊3
“Мүмкіндіктерді айдаладан емес, айналадан іздеңіз”
❤40💊8
“Табысты болуға ниеттің болмауы - табыссыз болуға ниет етумен бірдей”

📖Ризық кітабынан
👏32❤11💊5👍4
✨Дұғалар жинағынан үзінді

1. Уа, ең әдемі түрде жаратып реттеуші,
2. Уа, барлық жаратылысты кіршіксіз дәл өлшеммен жаратып, оларға жаратылыс мақсаттарын үйретуші,
3. Уа, бәле-жалаларды тоқтатушы,
4. Уа, барлық жасырын әңгіме, дұға және қалауларды естуші,
5. Уа, дүниелік һәм рухани бәле-жалаларға тап болғандарды құтқарушы,
6. Уа, құрдымға кеткендердің құтқарушысы,
7. Уа, бүкіл дүниелік һәм рухани кеселерді емдейтін,
8. Уа, өлтіретін де, тірілтетін де,
9. Уа, күлдіретін де, жылататын да,
10. Уа, адастыратын да, тура жолға салатын да Раббым.

Я, Алла! Сен ұлықсың! Сенен басқа құдай жоқ! Тек өзіңнен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тозақ отынан сақтай көр!
🥰34❤10👍10😍2💯1
Стресті азайтудың жапонша әдісі

🔹Ваннаны ұзағырақ қабылдау, музыканы тыңдай отырып, бойды босаңсыту. Арнайы босаңсытуға арналған ванна тұзы болады.
🔹Жұмыс үстелі, бөлмені, үйдің ішін таза әрі жинақы ұстау. Стресс жағдайында, ең әуелі, айналаңды тәртіпке келтіру.
🔹Дене шынықтыру, керілу мен тыныс алу жаттығуларын жасау.
🔹Үйлесімді түрде тамақтану.
🔹Басқа массаж жасау.
🔹Медитация жасау. Бәрінен де топтасып медитация жасаған абзал.

“Икигай” кітабынан үзінді
👍27❤16🔥3🆒3❤‍🔥1
Жыл аяқталып қалды.
Әр нәрсенің басы және соңы бар. Басында жоспар құрасың. Соңы қорытындымен аяқталады.
Адам өзін осылай әрдайым есепке алмаса, сүрген өмірінде береке жоқ, нәтиже жоқ. Не істеп, не қойып жүргені белгісіз ауада ұшып жүрген шар тәрізді болады.

Сіз де жыл қорытындысын жасап, келер жылға жоспар құруды ұмытпаңыз😉
❤31
2023тің ЕҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ деп өз өміріңізден не айта алатын едіңіз?👇
❤12👍1
Біз сылтауратқан дүйсенбі, біз сылтауратқан 1 қаңтар да келіп жетті.

Ал осыны айналып өтіп нені күтеміз?
Біз қалаған жаңа өмірді бастаудың ең керемет сәті. Жаңа жоспар, жаңа әдеттер, жаңа бағыт, жаңа қарқынмен бастайық бұл жылды🙌

Адамның өмірі өзгеру үшін оның әдеттері өзгеру керек дейді.
🔜 2024те қандай әдет қалыптастыруды бастайсыз❓👇
👍37❤11
Ұйқың қандай қалың болса,
сорың да сондай қалың екенін ұқ.

©️ Міржақып Дулатұлы
👍78❤29😢28
💭Түнгі чат:

Қалайсыздар? Жаңа жылдың алғашқы 4 күні қалай өтті?
✔️2024-ке мақсат қойып, жоспар құрып біттіңіздер ме?

Осы жылға басты мақсатыңыз қандай?👇
Оған жету үшін осы айда не істейсіз?
❤15👍2
БҮГІН 5 қаңтар Қадыр Мырза Әлінің ТУҒАН КҮНІ

✅ Жазушы, ақын, ҚР Әнұранының сөзін жазған автор Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысында дүниеге келген.

📚Кітаптары
• «Жаңғалақтар»
• «Кішкене қожанасырлар»
• «Данышпан»
• «Ноян-қоян»
• «Алуан палуан»
• «Сабақ»

📖Жыр жинақтары
• «Ой орманы»
• «Дала дидары»
• «Ақ отау»
• «Домбыра»
• «Көш»
• «Жерұйық»
• «Алақан»
• «Қорамсақ»
• «Қызыл кітап»
• «Күміс қоңырау»
• «Мәңгі майдан»
• «Биік баспалдақ»
• «Үкілі үзінділер»
• «Алаштың арманы
• «Жазмыш»
• «Еңіреп өткен ерлер-ай»
• «Иірім»
• «Шырғалаң»
• «Алмас жерде қалмас»
👍16❤9🕊4
Алдап-сулап,
Абайсызда жылыстар
Айла-уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.


©️Қадыр Мырза Әлі
❤41👍9
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?


©️Қадыр Мырза Әлі
👍43❤14
ҮЗДІК дейтін атқа әбден лайық жазушы👏
Қалай ойлайсыз?

Жазушының қандай кітаптарын оқып көргенсіз?
❤40👏4👍3