KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
481 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
БҮГІН МЕМЛЕКЕТ ҚАЙРАТКЕРІ ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ ТУҒАН КҮН

Тұрар Рысқұлов
26 желтоқсан 1894 жылы, Жетысу облысы, Верный уезі, Шығыс Талғар болысында дүниеге келген.
😍20❤12👍1💊1
❓
“ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ КІМ?” десе, не деп жауап берер едіңіз?
Қайраткер жайлы қандай ақпарат білесіз, жазып кетіңіз👇
👍6💊1
📌
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.

Шәкәрім
❤39🔥13💊3
“Мүмкіндіктерді айдаладан емес, айналадан іздеңіз”
❤40💊8
“Табысты болуға ниеттің болмауы - табыссыз болуға ниет етумен бірдей”

📖Ризық кітабынан
👏32❤11💊5👍4
✨Дұғалар жинағынан үзінді

1. Уа, ең әдемі түрде жаратып реттеуші,
2. Уа, барлық жаратылысты кіршіксіз дәл өлшеммен жаратып, оларға жаратылыс мақсаттарын үйретуші,
3. Уа, бәле-жалаларды тоқтатушы,
4. Уа, барлық жасырын әңгіме, дұға және қалауларды естуші,
5. Уа, дүниелік һәм рухани бәле-жалаларға тап болғандарды құтқарушы,
6. Уа, құрдымға кеткендердің құтқарушысы,
7. Уа, бүкіл дүниелік һәм рухани кеселерді емдейтін,
8. Уа, өлтіретін де, тірілтетін де,
9. Уа, күлдіретін де, жылататын да,
10. Уа, адастыратын да, тура жолға салатын да Раббым.

Я, Алла! Сен ұлықсың! Сенен басқа құдай жоқ! Тек өзіңнен ғана жәрдем тілейміз. Бізді тозақ отынан сақтай көр!
🥰34❤10👍10😍2💯1
Стресті азайтудың жапонша әдісі

🔹Ваннаны ұзағырақ қабылдау, музыканы тыңдай отырып, бойды босаңсыту. Арнайы босаңсытуға арналған ванна тұзы болады.
🔹Жұмыс үстелі, бөлмені, үйдің ішін таза әрі жинақы ұстау. Стресс жағдайында, ең әуелі, айналаңды тәртіпке келтіру.
🔹Дене шынықтыру, керілу мен тыныс алу жаттығуларын жасау.
🔹Үйлесімді түрде тамақтану.
🔹Басқа массаж жасау.
🔹Медитация жасау. Бәрінен де топтасып медитация жасаған абзал.

“Икигай” кітабынан үзінді
👍27❤16🔥3🆒3❤‍🔥1
Жыл аяқталып қалды.
Әр нәрсенің басы және соңы бар. Басында жоспар құрасың. Соңы қорытындымен аяқталады.
Адам өзін осылай әрдайым есепке алмаса, сүрген өмірінде береке жоқ, нәтиже жоқ. Не істеп, не қойып жүргені белгісіз ауада ұшып жүрген шар тәрізді болады.

Сіз де жыл қорытындысын жасап, келер жылға жоспар құруды ұмытпаңыз😉
❤31
2023тің ЕҢ ҮЛКЕН ЖЕТІСТІГІ деп өз өміріңізден не айта алатын едіңіз?👇
❤12👍1
Біз сылтауратқан дүйсенбі, біз сылтауратқан 1 қаңтар да келіп жетті.

Ал осыны айналып өтіп нені күтеміз?
Біз қалаған жаңа өмірді бастаудың ең керемет сәті. Жаңа жоспар, жаңа әдеттер, жаңа бағыт, жаңа қарқынмен бастайық бұл жылды🙌

Адамның өмірі өзгеру үшін оның әдеттері өзгеру керек дейді.
🔜 2024те қандай әдет қалыптастыруды бастайсыз❓👇
👍37❤11
Ұйқың қандай қалың болса,
сорың да сондай қалың екенін ұқ.

©️ Міржақып Дулатұлы
👍78❤29😢28
💭Түнгі чат:

Қалайсыздар? Жаңа жылдың алғашқы 4 күні қалай өтті?
✔️2024-ке мақсат қойып, жоспар құрып біттіңіздер ме?

Осы жылға басты мақсатыңыз қандай?👇
Оған жету үшін осы айда не істейсіз?
❤15👍2
БҮГІН 5 қаңтар Қадыр Мырза Әлінің ТУҒАН КҮНІ

✅ Жазушы, ақын, ҚР Әнұранының сөзін жазған автор Қадыр Мырза Әлі 1935 жылы 5 қаңтарда Орал облысында дүниеге келген.

📚Кітаптары
• «Жаңғалақтар»
• «Кішкене қожанасырлар»
• «Данышпан»
• «Ноян-қоян»
• «Алуан палуан»
• «Сабақ»

📖Жыр жинақтары
• «Ой орманы»
• «Дала дидары»
• «Ақ отау»
• «Домбыра»
• «Көш»
• «Жерұйық»
• «Алақан»
• «Қорамсақ»
• «Қызыл кітап»
• «Күміс қоңырау»
• «Мәңгі майдан»
• «Биік баспалдақ»
• «Үкілі үзінділер»
• «Алаштың арманы
• «Жазмыш»
• «Еңіреп өткен ерлер-ай»
• «Иірім»
• «Шырғалаң»
• «Алмас жерде қалмас»
👍16❤9🕊4
Алдап-сулап,
Абайсызда жылыстар
Айла-уақытқа кейде адамның жыны ұстар.
Бір нәрсеге жіпсіз сені байлайды
Желісі бар
Жемісі жоқ жұмыстар.


©️Қадыр Мырза Әлі
❤41👍9
Біреу, жаңа болсаң да, тоздың дейді.
Біреу, қалып тұрса да, оздым дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Біреу, тыныш тұрсаң да, қоздың дейді.
Қарашығын
Ағы бұл көздің дейді.
Шыдай алмай осыған шыға келсең,
Шыда!
Шыда!
Төзген жөн!
Төзгін! – дейді.

Төзер едің,
Ойбай-ау!
Еңіретіп,
Алтынды мыс,
Мысыңды темір етіп,
Орманды шоқ,
Шоғыңды көмір етіп,
Өмір өтіп кетпей ме,
Өмір өтіп?


©️Қадыр Мырза Әлі
👍43❤14
ҮЗДІК дейтін атқа әбден лайық жазушы👏
Қалай ойлайсыз?

Жазушының қандай кітаптарын оқып көргенсіз?
❤40👏4👍3
Мұхтар Мағауин

Жазушы, әдебиет зерттеушісі, әрі тарихшы Мұхтар Мағауиннің қаламгерлік қызметі 20 жасынан басталған😲

25 жасында әдебиет тарихшысы ретінде аты шығады: Мұхтар Мағауин Қазақ Ордасы – ХV-ХVІІІ ғасырларда жасаған, бұл кезде мүлде дерлік ұмытылған ескілікті қазақ поэзиясын қайыра ашып, ресми әдебиет тарихына енгізген. Бұдан соңғы кезеңде ғылымнан қол үзбесе де, көркем прозаға біржола бет қойыпты. Көптеген әңгіме, хикаяттар, тың тақырып, өзгеше құрылымды романдар жазған. Бұл шығармаларда қазақ халқының өткеннен бүгінге дейінгі өмірі мен тарихындағы елеулі кезеңдер қамтылған.

Мұхтар Мағауиннің 60 жылдық шығармашылық қызметі – жазушылық, ғылыми зерттеу, тарих және әдеби сын, көсемсөз тарабында жазған еңбектері бүгінде толық жиырма бес том болып тұр.
❤24👏8
“Сабыр - иманның жартысы. Ал ораза сабырдың жартысы”

📝хадис
❤55💊6😇4👀1
“Алла үшін болған достықтың мағынасы - бірлік. Ал бірлікте, бірге болуда жасандылық болмайды”

📖”Бақыт формуласы” кітабынан
❤48👍6💊3👌2