«Асығыстыққа салынбай байыптылықпен жасалған әрбір істе хайр бар.
Тек ақырет істерін ғана асығыстықпен жасауға болады».
(Хадис, сахих әт-тәрғиб📚)
Тек ақырет істерін ғана асығыстықпен жасауға болады».
(Хадис, сахих әт-тәрғиб📚)
❤53👍8💊2
Қайда жатыр мәселе —
я өмір, я өлім
Десе де,
Лайық па көндігу тәлкегіне тағдырдың,
қарсы тұрып немесе
ұшан-теңіз нәубаттың.
Көзін жойған дұрыс па
Жан алысып, жан беріскен ұрыста?!
Содан кейін бақилыққа көз жұму,
түнек қылып жарықты,
бар дүниеден безініп,
Жан мен тәнді күйзелдірген
сан мың ауыртпалықты
Жалғастырған, байластырған
шынжырларды осылай
Үзгеніңді жүрегіңмен сезініп
Уильям Шекспир
(Гамлеттің монологы.)
я өмір, я өлім
Десе де,
Лайық па көндігу тәлкегіне тағдырдың,
қарсы тұрып немесе
ұшан-теңіз нәубаттың.
Көзін жойған дұрыс па
Жан алысып, жан беріскен ұрыста?!
Содан кейін бақилыққа көз жұму,
түнек қылып жарықты,
бар дүниеден безініп,
Жан мен тәнді күйзелдірген
сан мың ауыртпалықты
Жалғастырған, байластырған
шынжырларды осылай
Үзгеніңді жүрегіңмен сезініп
Уильям Шекспир
(Гамлеттің монологы.)
❤17👍3💊1
Мен соғыс кезінде батальон командирі де, полк командирі де, дивизия командирі де болғанның біреуімін. Бірақ та үлкен дәрежеме қарамастан (ол кезде жас едім ғой) солдаттармен қатар жүрген командирдің бірі болдым. Әр уақытта алдыңғы шепте жүргендердің біреуі болатынмын. Немістер бізді Крюковадан қуып шықты. Есімді жинап алғаннан кейін күш жинап, тағы да қарсы шабуылға шықтық. “Отан үшін, Сталин үшін” деп айқайлап, ұран салып бара жатырмыз.
Алдыңғы шептің қатарында жүгіріп бара жатырмыз. Немістердің бірнеше минометі бізді атқылай бастады. Сол бір шақта минаның жаңқасы алдымда кетіп бара жатқан әскердің қолына тиіп, білезігінен жұлып кетіпті де, оның қолы екі-ақ теріге ілініп қалыпты. Менің көзімше жаңағы әскер теріге ілініп тұрған қолын жұлып алып, қарға лақтырып жіберді. Соны көрген мен есімнен танып қала жаздадым.
- “Атаңның көрі, қоқи!” деп мылтығын оқтап алып, сермен атып, алға тұра жүгірді. Соғыс заңы бойынша ауыр жараланғаннан кейін шетке шығып тұрып қалуы керек еді, бірақ өйтпеді. Ол қайта ызаланып, өршеленіп, алға жүгіріп барады. Мен тағы таңғалдым. Оны қуып жетіп, түріне қарасам, әлгі жауынгер баяғы старшина Тоқтағұлов Сатыбалды екен.
Мен соғыста қорқақты да, батырлықты да көп көрген кісілердің бірімін. “Шын Алатаудың сұңқары екенсің ғой!” деп ердің ерлігі алдында жүрегіммен басымды идім.
✍️Бауыржан Момышұлы
“Көз алдымда бәріңсің” кітабынан

👍38❤11❤🔥2🔥1💊1
Ғылыммен айналысу үшін адамға шадамдылық, ерік-жігер, тұрақтылық, бір орында ұзақ отырып зерттеу жүргізу үшін мықты рух керек. Бұл “шаршадым, жалықтым” деп қолды бір сілтей салатын жұмыс емес.
✍️Оразақ Смағұлов
“Өмірімнің мәні мен сәні” кітабынан
✍️Оразақ Смағұлов
“Өмірімнің мәні мен сәні” кітабынан
❤29💊4
Өзің қалайтын өмірді сипатта, нақтылап сыз. Сол өмірді кішкентай қадамдарға бөл. Әр күніңді үздік нұсқада жоспарла.
✍️Шразаддин Каниязов
“Фокус”. Артық нәрседен арылу өнері кібатынан
✍️Шразаддин Каниязов
“Фокус”. Артық нәрседен арылу өнері кібатынан
🔥33❤16👍4💊2
«Шайтан сендерді (Алла жолындағы қайырымдылықтарыңа) кедей боп қаласың деп қорқытады және (садақа бермеулеріңді) әмір етеді» Бақара сүресі, 268-аят
❤59💔7💊3
Батыста “уақыт — ақша” деген түсінік қалыптасқан. Ал мұсылман ойшылы Хасан Басри “Мен өздерінің уақытына ақшасынан да аса ұқыптыдықпен қараған адамдарды көрдім” деп, уақыттың дәрежесін ақшадан да жоғары қойған. Құнын ақшамен есептеуге келмейтін, алтынға бергісіз иләһи жауһарды пенделік ақылмен өлшеу мүмкін емес.
✍️Шынар Әбділова
“Тайм Менеджмент” уақытыңды басқар кітабынан үзінді
✍️Шынар Әбділова
“Тайм Менеджмент” уақытыңды басқар кітабынан үзінді
👍36❤6💊5
“Ілім үйрену — әрбір мұсылманның мойнындағы парызы”.
(хадис)
(хадис)
👍44❤7❤🔥5💊2
Әр адам өзіне қандай ілім қажетін біліп, соған қарай талпынып, оқуы керек. Қазір ақпараттың заманы, оқу бұрынғыдан гөрі жеңілдетеді әрі сапалы білім алу мүмкіндігі де көбейді. 📖
❤40💊4👍2🤝2
Ерінбесең еңбекке дәулет дайын,
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың,
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді тапсын деп басқан сайын.
🖌️Шәкәрім Құдайбердіұлы
Жаратқан жоқ жатсын деп бір Құдайың,
Ойласын деп ой берді, көруге көз,
Аяқ берді тапсын деп басқан сайын.
🖌️Шәкәрім Құдайбердіұлы
🔥37❤🔥7👍6❤4💊1
Қайырлы күн достар!
Қалдарыңыз қалай?
Демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр?
Әр күнімізді әсемдеп жүрелік.
Бүгін демалыс деп, құр телефон қарап жатуға болмайды. Кітап оқып, демалыс күніңізді де, пайдалы әрі өнімді өткізіңіз және үйлеріңізді жақсылап жиып қойыңыз😉🤭

❤24👍7💊2
👍4💊2
Жұмсақ ағаш — құртқа жем
Жұмсақ адам — жұртқа жем
Абай Құнанбайұлы📖
Жұмсақ адам — жұртқа жем
Абай Құнанбайұлы📖
❤67👍8🔥8💊7
KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
Осы жылға өздеріңізге “Мақсат” қойдыңыздар ма?
МАҚСАТ ҚОЙ!
МАҚСАТЫҢА ЖЕТЕ БІЛ!
БАЙ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА НӘПСІ МЕН ЖАЛҚАУЛЫҚТАН БАСҚА КЕДЕРГІ ЖОҚ!
МАҚСАТЫҢА ЖЕТЕ БІЛ!
БАЙ ЖӘНЕ БАҚЫТТЫ БОЛУҒА НӘПСІ МЕН ЖАЛҚАУЛЫҚТАН БАСҚА КЕДЕРГІ ЖОҚ!
❤🔥31❤10👍3
🕋Ескерт! “Өйткені ескерту мүмкіндерге пайда береді”.-(әз-Зарият сүресі, 55-аят)
“Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән”.-(Фәтиха сүресі, 2-аят)
“Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән”.-(Фәтиха сүресі, 2-аят)
❤41
Ән-Нәфи’
Пайда Беруші, Қайырымды
Алланың бұл есімі Оның барлық пайдалы және жақсы нәрселерді Жаратушы екендігін білдіреді. Аллаһ Тағала - қалағанына көп пайда Беруші. Алайда, Оның рұқсатынсыз ешкім ешкімге пайда әкеле алмайды.
Алланың есімдерін жақсырақ түсіну үшін, бұл есім Оның “Ад-Дар” деген басқа есімімен бірге келеді, ол аудармада: “Зиян Беруші, Жоюшы” деген мағына береді.

👍20❤17💊2
“Кітап жазғым келеді” деген ойыңыз бар ма?
Anonymous Poll
36%
Иә😍 бұрыннан қалаймын
41%
✍️Жоспарымда бар, бірақ қалай бастарымды білмей жүрмін
23%
❌Жоқ, жазғым келмейді
❤7👍3
Алла жеңілдік берсін🤲🏻
Алматыдағы бауырлар құжаттарыңызды алып, қалың киіміңізді киіп далада күте тұрыңыз. Соқыр тәуекелге салынбаңыз. Алладан жәрдем тілеп, дұға қылыңыз.
#жер_сілкінісі 23.01.2024
Алматыдағы бауырлар құжаттарыңызды алып, қалың киіміңізді киіп далада күте тұрыңыз. Соқыр тәуекелге салынбаңыз. Алладан жәрдем тілеп, дұға қылыңыз.
#жер_сілкінісі 23.01.2024
❤64