KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
❗️Қолданылмаған мүмкіндік синдромы

Баласы сапардан анасына әдемі орамал әкеп берді. Анасына қатты ұнады. “Тағып алсаңызшы” дегенде: “Кенже ұлым үйленгенде кием” деді. Кенже ұлы сүрбойдақ боп, 35-ке жеткенше жүріп алды. Орамал сандықта шіріді. Таныс жағдай ма?


Асханаға жаңа орындықтар әкелді. Жаңа болғаны соншалық - сыртында пленкасы алынбаған. Баласы соны жырта бергені сол еді, анасы: - Әй! Не істеп жатырсың? Ертең кірлеп кетеді. Осылай тұрсын” - деді. Қонақ келгенде шешіп, кеткен соң қайта кигізіп, скотчтап қойды. Отырған сайын сырғып, шықырлап тұрады. Таныс па?

Әжесі базардан хрусталь стақандар әкелді. Немересі қуанып, шырын ішпекші боп жүгіріп кеп еді, бетін қайтарып жіберді. “Стақан көрмеп пе едің? Тұр ғой үйде, сомен іш” деп, стақандарды залдағы айнасы бар шкафқа салып қойды. Апта сайын бәрін алып, шаңын сүртіп, қайта орнына қояды. Өзі де қолданбады, басқаға да бермеді. Таныс па?


Қыз Швейцариядан тәтті шоколад әкелді. Анасы қайта-қайта қызығып қарап еді. “Мама, папаның туған күнінде жемейміз бе?” деп, асханадағы шкафтың үстіне қойды. Айтылған датада анасы ауырып, емханада жатыр еді. Ал шоколад сол күйі шкафта қалды. Жарамдылық мерзімі бітуге таяды. Таныс па?

🔔Біз кейбір нәрселерді өзімізден аяймыз. Керемет бір кезеңді күтеміз. Ол уақытқа жетеміз бе, жетпейміз бе, кім білсін. Сөйтіп жүргенде сол заттың қызығы, рахаты, тәттілігі, сыйлар сезімі, естелігі, жарамдылық мерзімі өтіп кетеді. Ақшалар құнсызданады. Жаңа киімді күйе көбелек жейді. Адам о дүниеге аттанып кетеді. Кітапты шаң басады. Кек жиналып қалады. Махаббат суиды.

😊Нағыз бақыт - қазіргі сәт. Қазір қолданыңыз.
⏺Өзіңізге алған затты қазір пайдаға асырыңыз.
⏺Ата-анаңызды, бауырларыңызды жақсы көрем деп қазір айтыңыз. ⏺Жарыңызды қазір құшақтаңыз.
⏺Балаңызды қазір сүйіңіз. ⏺Білімді қазір алыңыз. ⏺Құлшылықты қазір жасаңыз. Келесі жұмаға жетесіз бе, жоқ па, белгісіз. Ертең барыңыз.

😘Қазіргі сәт - нағыз бақыт!

💬 Осы постты бөлісіп жіберіңіз. Басқалар да пайда алсын, иә 🥰
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤110👍23💔9🥰3😇2
Kitapal Podcast тарихындағы ең алғашқы нәзік жанды қонақ – Айна ханыммен болған подкастты көріңіздер😍

https://youtu.be/_4J2x4naJHs?si=IlqWoEhF1e_cyH6y
❤17😍6👍2🕊2👀1💊1
📚Бір кітаптан максимум пайда алу үшін мына 8 әрекетті жаса

↪️1. Көптің сынынан өткен пайдалы кітапты таңда. Кез келген кітапты оқи берме. Кез келген тамақты жей бермейсің ғой. Дәмдісін, пайдалысын жейсің. Кітапқа да сондай талғам қажет.

➡️2. Кітап оқуда мақсатың болғаны жақсы. “Не үшін оқиын деп жатырмын?” деген сұраққа жауап ізде. Бір сұрақтың жауабын табу үшін; бір проблеманың шешімін табу үшін; өзіңді бір салада дамыту үшін; т.б.

➡️3. Кітап оқыған кезде қасыңда маркер, стикер, қалам, қарындаш, блокнот болғаны дұрыс. Кітаптың ұнаған, пайдалы, маңызды тұстарын өзіңе түртіп алғанға жақсы. Немесе кейін бір айналып соғармын деп, стикер, маркермен белгі қойып кетесің. Блокнотқа өзіңнің ойларыңды да жазып отыр.

↪️4. Кітапты сергек кезіңде оқы. Ұйқысырап, қарның ашып, дәрет қысып, асығып тұрған кезде оқысаң, еш пайдасы жоқ. Басыңа кірмейтінң анық.

➡️5. Кітап оқығанда назарыңды аулайтын барлық нәрседен құтыл. Телефонды 30 минутқа дыбыссыз режимге қойып, өзіңнен алыс ұста. Ішетін суыңды, жейтін тамағыңды, жамылатын пледті алдын-ала әкеліп қой. Кітапқа ықыласыңды бермесең, ол саған ештеңе бермейді.

➡️6. Кітап оқып болғасын қорытынды жаса. Кітап не туралы? Басты идеясы қандай? Қандай тақырыптар қозғалды? Қандай зерттеулер айтылды? Сенің пікірің қандай?

↪️7. Кітапты біреуге айтып, талқыла. Сонда есіңде ұзақ қалады. Немесе әлеуметтік желіде рецензия жарияла. Басқа біреуге пайдасы тиеді.

➡️8. Осы тақырыпта жазылған басқа кітаптарды оқы. Бір-бірімен салыстырғанға жақсы. Әрі бір саланы толығырақ меңгеріп, түсінуге мықты әдіс.

Реакция жібер❣️
Осы постты бөліс
✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤149🔥27👍15🐳5🤝4⚡3👏2🕊1👀1
Тез шешім қабылдап үйрен

Бір адамдар бар, шешім қабылдауды қиындатып жіберген. Олармен әңгіме шаршатып жібереді:


⁃ Қалың куртка кисем бе екен әлде жеңіл жұқасын ба?
⁃ Қалыңын киіңіз. Қазір күн суық.
⁃ Әлде жұқасын кие берсем бе?
⁃ Білмеймін, өзіңіз біліңіз.
⁃ Бірақ жұқасын кисем, күн суытып кетсе, жаурап қалуым мүмкін, иә?
⁃ Айтып тұрмын ғой енді, қалың курткаңызды киіңіз деп.
⁃ Просто ол терлетіп жібереді де.
⁃ Жаурағаннан терлеген жақсы ғой.
⁃ Онда қалың куртканы киейін. Бірақ аяздың беті қайтып келе жатқан сияқты. Все таки жұқа куртканы кием-ау.
⁃ Иә, сөйтіңіз.
⁃ Бірақ ауырып қалған да жаман.
⁃ Көке, сіздің денеңіз - сіздің денсаулығыңыз. Өзіңіз шешіңіз.
⁃ Иә, дұрыс қой, сол қайсысын киерімді білмей тұрғаным.


😠Өмірде мұндай адам көп. Өзін де, өзгені де шаршатып бітеді. Тарс етіп, “иә или жоқ” деп біржола айтпаған соң, мезі қып жібереді.

🏐Оларды да ақтаймыз-ау: “Оның орнына әке-шешесі шешім қабылдаған, жеке өзіне жауапкершілік беріп үйретпеген, анау-мынау” деп. Сол да сөз боп па? Кез келген нәрсені үйренуге болады.

📚Шешім қабылдауға қатысты кітаптар көп. Мысалы, “Думай медленно, решай быстро”, “Думай как женщина, решай как мужчина”, т.б. Интернетте де ақпараттар көп. Бір үйреніп алған соң соған сай амал ету керек.

✔️Бір шешім қабылдаған соң тәуекел ету керек. Оны мың құбылтып өзгерте берген соң не мәні қалады?

📌Реакция қойыңыз
📌Постты бөлісіңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍122❤38🤝5💊5
Мына 13 нәрсеге ақша жұмсамау керек ⚠️

1) Тренажер залға 💪жазылып, бірақ бармау. Егер бір ай бойы бармай жүрсең, онда сол жерден тоқтатып, келесі айға төлеуден бас тарт. Залға барып жүру қиын болса, үйге арналған турник, бруся, гантель, резеңке, скакалка, йога кілемін алып қойсаң болады.

2) Моданың артынан қуу. ☄️Жаңа сәнді киімді бір жусаң, бір ай киілгендей ескіріп қалады. Оны екінші рет достарыңның алдында кисең, өзің қысылып тұрасың. Одан да классикалық, бір түстес киім алу керек. Қанша кисең де өзектілігін, әдемілігін жоғалтпайды.

3) Бөліп төлеу. 🤑Бұл нәрсе миды гипноздап тастайды. Яғни, дәл қазір қолыңда жоқ ақшамен төлеуге бейімдейді. Мұқтаж емес заттарды бөліп төлеумен алуды доғару керек.

4) Подпискасы бар программалар. 🎬Алғашында бір апта қолданып, кейін ұмытып кеткен ақылы ойындарды өшіру керек. Мысалы, яндекс музыка, дуолинго, пазлдар, videoleap, Netflix, т.б.

5) Ақылы теледидар каналдары. 📺Интернет тарифтің ішінде ТВ қосулы болса, онда оны өшірсе болады. Себебі қазір ешкім ТВ көрмейді. Отандық каналдарды тегін антенна арқылы да қосуға болады. Киноларды интернеттен жүктеп немесе онлайн көруге болады.

6) Күн сайын кофе алу. ☕️Аптасына 1-2 рет кофе ішудің әбестігі жоқ. Ал күн сайын 1200-1500 теңгеге кофе алсаңыз, жылына жарты миллион ақша кетеді. Саяхаттайтын ақшаңыз осы жаққа кетіп жатыр. Тамырымда қан емес, кофе ағады десеңіз, онда кофемашина алғаныңыз жөн.

7) Лоторея/букмекер/бәс тігу. 🐍Бұл өзі арам бизнес. Ұтып жатсаңыз да арам. Ал ұту мүмкін емес, себебі бір рет ұтсаңыз да, үш рет ұтыласыз.

8) Қажетсіз гарантия. 📞Телефон, ноутбук алғанда бірнеше жылға ақылы гарантия ұсынады. Олар қажет емес. Біріншіден, шынымен зат бұзылған жағдайда сервис центр тегін істеген соң, жақтырмай, ит қып жібереді. Екіншіден, алғашқы жылдарда бұзылуы өте сирек. Онсыз да заттың бір жылдық тегін гарантиясы болады.

9) Күн сайын түскі ас сатып алу. 🍔Әдет деген қиын. Бір әдеттенсең болды, үйден тамақ әкелсең де, кафеден ішкің кеп тұрады. Бірақ әр түскі ас 2500-3000 тг. 300 жұмыс күнінде 900 000 тг тек түскі асқа кетеді. Мекке, Мединаға баруды армандап жүрсеңіз, ақшаңыз осында кетіп жатыр.

10) Артық азық-түлік алу. 🍦Үйінен колбаса, ірімшік, банан, балмұздақ үзілмейтін адамдар бар. Адам жегісі келген нәрсені ала берген сайын нәпсінің құлы боп кетеді. Кейбір күні етсіз, нансыз тамақ ішіп көріңіз. Тым болмаса бір кешіңіз пайғамбардың кешкі асына ұқсасын.

11) Су сатып алу. 🌊Дүкеннен 0,5 л таза су сатып алатын кездер көп. Оның орнына жеке бөтелке/термос болса, үйден не офистен су толтырып алып жүресіз. Қазір таза су да арзан емес.

12) Экспресс доставка. 🛻3 сағатта жеткізу – 995 тг деп, асығатын кезіміз көп. Біз негізі өте асығыс халықпыз ғой. Әйтпесе келесі күні соны тегін жеткізіп береді.

13) Онлайн регистрация. ✈️Әуежайда қазір саусағыңның ұшын қимылдатсаң ақша ғып жіберген. Рейске тіркелуді телефоннан не компьютерден онлайн түрде жасап алыңыз. Жүкті үйден стретчпен орап алыңыз. Қол сөмкеге жейтін бір-екі зат салып алыңыз. Әйтпесе әуежайда және ұшақтың ішінде удай қымбат.

✔️Реакция қойыңыз
✔️Постты бөлісіңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤169👍88🔥19🤝2
👨‍💻29-апқан - артық бір күн бе? Ол күні не істейміз?

🟡Сізге артық бір күн сияқты сезілуі мүмкін. Бірақ ол ешқандай да артық күн емес. Жай ғана григориан күнтізбесінің кемшілігі. Ол бойынша жыл сайын 6 сағат ескерілмей, қалдық қалады. 4 жылда соны қосып, бір күн ретінде, 29-ақпан ретінде қосады.

Ал ай күнтізбесімен есептесек, мұндай қалдық қалмас еді. Мүмкін болашақта соған көшерміз.

🔵Ал енді негізгі сұрақ: бұл күні не істейміз?
Бүгін кешегіге қарағанда мықтырақ, өнімдірек, жақсырақ боламыз. Ал ертең 1-наурызда бүгінге қарағанда күштірек, білімдірек, үздік болуға ұмтыламыз.

👀Шынында уақыттың адамға әсері жоқ. Уақытты әсерлі, естелікке толы қылатын – адамның әрекеті, эмоциясы, сезімдері, жұмыстары. Уақыт деген – бір процесстің ұзақтығын өлшеуге арналған өлшем бірлік. Мысалы, ағылшын тілін үйренуге 2 ай жұмсайсыз ба әлде 5 жыл бойы салпақтап жүре бересіз бе? Оны тез, уақытылы үйрену немесе ұзақ уақыт бойы созып жүру – бәрі сізге байланысты.

👀Адам уақытты басқармайды, істерді приоритетіне қарай орналастырады. Бүгін спортпен айналысудың орнына, тиктокта отырсаңыз, онда сізде денсаулық приоритетте емес. Бұл проблеманы қалай шешеміз? Шешімі – жоспарлау. Жай ғана бүгін қай істі істейтініңізді жазып қойыңыз. Қайсысын қай уақытта, қанша уақытта бітіретініңізді жазсаңыз, тіпті керемет!


⚪️Реакция қойыңыз
❣️Постты бөлісіңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤98👍34👏6⚡2🕊2
🗺Жер сілкіну сияқты апаттар неге болады? Құдай мейірімді емес пе?

🔎Байқайсыз ба, жер сілкінсе, тау көшсе, су тасыса, адамдар да бір сілкінеді. Әркім сан-саққа ой жүгіртіп, әрнені кінәлап шығады. Қарасаң, ешқайсысына адам кінәлі емес боп шығады. Біреулер құдайды қатыгез қылады. Солай ма?

🧭Жер неге сілкінді асылында? Физикалық себебі түсінікті, жер қабаттары қозғалды. Ол да белгілі бір заңдылықтарға бағынады. Мұндай сілкінулер адамды да сілкиді. Күнделікті тіршіліктен бір сәт бас көтеріп, айналаға қарап, ойлануға шақырады. Түрлі апаттарға дайынсың ба, қорың бар ма, үйіңнің сапасы жақсы ма, мектептің шатыры мықты ма, балабақшаның қабырғасы берік пе, ағайын-туыспен байланыстасың ба, көршіңді танисың ба, сейсмология туралы ғылымды меңгерген мамандар бар ма, жер қыртыстары қалай жаратылған – осының бәрін қарастыруға итермелейді. Бұларды істемей, жай ғана күліп, видеоға түсіріп, ыржалақтап жүру – нағыз надандық.

💜Ал рухани сыры неде? Адамның қолы қозғалуы үшін бұлшық ет керіліп, созылады. Оған көрінбейтін импульс жіберген – жүйке талшықтары. Жүйке талшықтары миға, ми жүрекке бағынады. Ал жүректі бірнәрсе қозғады. Біздің жағдайда жерді қозғаған себептер жамандықтар да болуы мүмкін. Олар: жамандықтың көбеюі, жауыздықтың көбеюі, мейірімнің азаюы, атеистің көбеюі, солардың көбеюіне селт етпеген, жүрегі ауырмаған мұсылманның көбеюі; жақсылықтың жайылмауы мен жамандықтың алдын тұсамау; шүкіршіл адамның азаюы; өсімнің, ысыраптың көбеюі; т.б.

🆘Басқаша айтқанда, ескерту. Ескертуден сабақ алмағандар өзіне ренжісін. Сабақ алғандар өзін жақсы жаққа өзгертуге ұмтылады. Мысалы, отбасын түгендесін (қай баласы қайда, кіммен бірге, не оқып жүр). Жақсылыққа шақырсын, жамандықтан тыйсын. Өнер, білім үйреніп, оны халықтың пайдасына құдай үшін жаратсын. Жер сілкінгенде құламайтын үйлер салсын.

✍️Апат, бәлелерден Құдайды қанішер қылуды қою керек. Тани алмаған нәрсенің бәрін залым қыла берсең, өзің залым боп шықпайсың ба соңында? Махаббатпен жаратқан пендесін Құдай қалай қинасын? Оның жүз рақымының бір бөлігінен анасы баласын жақсы көріп отыр емес пе?

➡️Түйін: жақсылық көрсем – Алладан, жамандық көрсем – өзімнен. Ескертуден сабақ алайық.

➡️Реакция қойыңыз.
➡️Постты бөлісіңіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤124👍48😍7❤‍🔥3✍2
📶Рамазан айының басталуына 5 күн ғана қалыпты😲 Дайындықты қалай бастап жатырсыз?

🔴Қасиетті айдың қасиетін толық сезіне алу үшін, жақсылықтарын жіберіп алмас үшін, ауызашар сәттерін пайдалы рухани әңгімемен өткізе алу үшін - ОРТА керек.
Сіздің осы Рамазан айын бірге өткізетін ортаңыз бар ма?
Иә/жоқ?

🔵ОРТАСЫ ЖОҚ адам қандай қиындықтарға тап болады:
➖Негатив ойларға бейім болады
➖Көп ісін орта жолда тастап кетеді
➖Әдет қалыптастыру қиын
➖Күйзеліске жиі түседі
➖Проблемасының шешімін таба алмай ұзақ ойланады
➖Тәуекелдерге бара алмайды
➖Даму жолы өте баяу жүреді


⚪️Рамазан айын бірге өткізетін орта таппаған болсаңыз, “Шабыт” дамушы жастар тобы сізді РАМАЗАН МАРАФОНЫНА шақырады😍

МАРАФОНДА👇
Тұлғалық дамуға арналған әдеттер:
- Кітап оқу
- Жаттығу жасау
- Дұрыс тамақтану

Рухани дамуға арналған әдеттер:
- 40 күн таһаджуд челленджі
- Құран оқу;
- Салауат айту;

➕жабық телеграм каналда діни білім және КІТАПАЛ спикерлерімен онлайн кездесу өтетін болады🔥

❣️Марафон жайлы толық ақпарат алу үшін https://t.me/+MMOZ_7-Dy1tiZDdi ватсап нөміріне жазыңыз.
👍15❤5
😘Мен мақтаншақпын! Және оны мақтан тұтам!

Неге дейсің ғой? Себебі менің анам бар. Анам бар кезде басқа байлықтар көрінбей қалады. Ананың бір ауыз сөзі, жымиғаны, бар болғаны – бақыт. Кеше «Человек в маске» деген жігіттің видеосынан көріп қалдым, бір қыздан «Арманың не?» деп сұрап еді, «Ата-анаммен сөйлесу, даусын есту, әңгімелесу» дейді. Сөйтсе олар мылқау екен... Ал сен анаңмен сөйлесуіңнің үлкен бақыт екенін білдің бе? Ендеше мақтанбадық па бірге?

❣️Мақтаншақпын, соны біле тұра мақтанамын!
Себебі менің әпкем бар. Ооо, әпке деген кім, білесің бе? Анаңнан кейінгі ең қамқор адам ғой ол. Інім дегенде бордай езіледі, ойлап жүреді. Барған жерінен бір сыйлық ала келеді. Сен дым әкелмесең де, сыйламасаң да сені жақсы көреді, сенімен мақтанады. Әпкеңнің бар болғаны бақыт екенін білдің бе? Ендеше мақтанайық та бірге!

❣️Иә, мен сондаймын, несіне оны жасыра алам...
Сондағы мақтанып жүргенім – қарындасымның болуы. Сапарға шықсаң «шықтыңдар ма?» деп, жеткенде «жеттіңдер ме?» деп, уайымдайды. Сені қамқор тұтады, сен ондай қатты қамқор боп жүрмесең де. Сенің бар болғаныңа мақтанады. «Анамызға анандай сыйлайық, әкемізге мынадай нәрсе алып берейік, үйге жылы су пешін орнатайық...» деп ылғи бір тақырып тауып жүреді. Қарындасың болғаны қандай бақыт! Келші, бір мақтанайық!

❣️Мынау нағыз мақтаншақ екен дерсіз...
Мақтанбай ше? Себебі менің ханшайым қыздарым бар. Олар – өмірдің гүлдері, отбасының сұлулары. Сыңғырлаған күлкілерімен үй ішін бақытқа толтырады. Бақыт деген сөз солардан бастала ма деп қоямын кейде. Мен мақтанбай енді кім мақтанады, а, айтшы?

❣️«Неге әжесімен мақтанбады екен, а» деп тұрғаныңды сезіп тұрмын...
Өкінішке қарай, әжем о дүниеден бақылап тұр. Сонда да онымен мақтанамын. Сондай әжем болды деп. Мейірімді, дана еді деп. Ал сенің әжең тірі болса, ооо, сенен асқан бақытты адамды білмеймін. Бақыттың бәрі бізде екен. Онда не тұрыс, мақтанбадық па? Аллаға шүкір, осының бәрін берген. Баянды қылсын, ұзақ қылсын!

Мирас Кесебаев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤43👍13😭5😍2
🌙Рамазан айына аман жеткендерге арналған ИНСТРУКЦИЯ

🤩Рамазанға аман-есен жеттік, шүкір Аллаға. Бұған жете алмай кеткендер бар. Бұған жете алмай кеткендерге қарағанда сізде керемет мүмкіндік бар. Бір Рамазанды жоғары деңгейде өткізіп, дәрежеңіз артығырақ болады. Сауап тұрғысынан.

👨‍💻Бір хадисте мынадай мазмұнда ақпарат беріледі: құрдас екі жігіт қайтыс болады, біреуі бір жыл бұрын, екіншісі бір жыл кейін. Екеуінің қайсысы жұмаққа бірінші кіреді дегенде, екіншісі деген жауап беріледі. Себебі ол бұрын кеткен жолдасына қарағанда бір жыл бойы намаз оқыды, Рамазан айын өткізді, ауызашар берді, Құран оқып, хатым жасады, Қадір түнін бос жібермеді, құрбан малын шалды, садақасын берді, бұйырып жатса қажылығын жасады. Туған-туысқа қарайлап, көршісін құрметтеп, біраз сауап жинап үлгерді. Сонысымен артық делінген.

❗️Сіз ойша ғана “иә, жақсылап өткізу керек” деп қалып қоймаңыз. Қазір отырып жоспар сызыңыз. Бірінші күні не сұраймын, екінші күні кімге ауызашар беремін, он бесінші күні не оқимын, Қадір түнін қалай өткіземін, отызыншы күні не істеймін - бәрін алдын-ала жазыңыз. Бәрі орындалмауы мүмкін, бірақ көпшілігі орындалса, соның өзі өте үлкен олжа. 30 күнді өнімді, пайдалы өткізіп, жақсы әдет қалыптастырып, мінезіңізді көркемдегіңіз келсе, онда мына марафонға жазылыңыз. “Мені өзгерткен Рамазан” марафоны.

📖Бұл ай - Құран түскен ай болған соң, өтініш, Құранға ерекше назар салыңызшы. Арабша оқи білмесеңіз, 26 әріптің қалай оқылатынын үйренуге нәбары 2 сағат кетеді. Үйреніп алыңыз. Зағиптер Брайл алфавитімен қолын кедір-бұдырға тигізіп үйреніп жатқанда; мылқаулар өз әлемінде үйреніп жатқанда; туғаннан естімейтіндер де амал жасап жүргенде бізге не жорық? Біздің сылтау қабылданбайды!!! Құранның қазақшасын міндетті түрде оқыңыз. Ол - сізге арналған, сізге жазылған, сізге хабарламасы бар кітап.

🎁Жақсы амалдар көп-ақ: садақа беру, адамдарға жымию, сыйлық жасау, көркем мінезді болу, ашуланбай, ренжімеу, ренжітпеу, маман иесі болу, пайғамбар өмірбаянын оқу, дұға ету, зікір ету, қоқысты жинау, көршінің халін білу, туыстарға хабарласу, біреуді қуанту, тамақты аз ішу, көз бен тілді байлау, уақытты пайдалы өткізу, жоспарлау…

Қалай пайдалы өткізу сізге байланысты.

🥳Қош келдің, Рамазан!

➡️Реакция қойыңыз
🏐Бөлісіп жіберіңіз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤135👍20😍11🔥4
🌙Рамазанның 30 күніне 30 сауапты ұсақ іс✔️

Сақтап алыңыз және бөлісіңіз. Бұны ұсақ қағазға жазып, банкаға салып, күн сайын біреуін алып орындасаңыз күшті болады. "Мінезді өзгерту алхимиясы" (бұрынғы "Мені өзгерткен Рамазан") кітабынан алынған.

1) Садақа беру. Ақшалай (кемі 1000 тг), заттай, жылы сөзбен де болады. Көшеде қайыр тілегендерге емес, арнайы қорларға аударғаныңыз жөн.
2) Алғаш ауыз бекіткен адамға сыйлық жасау. Оның есінде ерекше қалатын болады. Кітап сыйлауға болады.
3) Көшеде жатқан қоқысты алып, шелекке салу. Ол подъезд, көше, аула болуы мүмкін.
4) 10 минут бойы бауырларыңа дұға ету. Бауырыңа еткен дұғаларға періште: «Саған да дәл сондай болсын!» деп дұға етіп тұрады. Сондықтан ең жақсы нәрселер тілеу керек.
5) Алғаш ауыз бекіткен адамға ауызашар (ақшасын) беру. 5000 тг берсеңіз, қарны бір тоятын болады. Немесе ақысын өзіңіз төлеу шартымен бірге ауыз ашсаңыз да болады.
6) Көптен сөйлеспеген туысқанға хабарласу. Туыспен хабарласу – өмірдің ұзақ болуына сеп. Әрі қуанып қалады. Туыспен араласу – парыз. Ренжісіп жүрген туысқа бірінші хабарласыңыз. Ренішті кешіріп, жаңа өмір бастаңыз.
7) Кектеніп, ренжіп жүрген адамыңа жақсылық тілеп дұға ету. Кек, реніш – адамның энергиясын жейтін нәрселер. Көңіл-күйді бұзады. Сол үшін одан арылу қажет. Оның ең жақсы жолы – сол адамға жақсылық тілеп дұға ету.
8) Фатиха сүресін мағынасымен жаттау. Жиі оқып жүру. Ұйықтарда, оянғанда, күндіз.
9) Бейтаныс адамға дұға ету. Көшеден біреудің қиналып жүргенін көрдіңіз бе, онда соған жақсылап дұға етіңіз. Аты-жөнін білмесеңіз де, құдай тағала кімге дұға жасап жатқаныңызды біліп тұрады.
10) Біреуге білдірмей жақсылық жасау. Проблемасы бар адамды білсеңіз, соны шешуге жасырын көмектесіңіз. Проблема шешпесеңіз де, жай ғана сыйлық жасауға болады.
11) Көршіге сыйлық жасау. Үйіңіздің төрт жағындағы ең жақын 5- көршіге ыстық ықыласыңызды білдіріңіз. Тәтті пирог, құрма, тәттілер, кітаптар сыйлауға болады.
12) Үйде өзіңнен басқа адамның аяқ киімін тазалап беру. Оның қуанғанын көргенде, одан бетер қуанатын боласыз.
13) 100 салауат оқу (Аллаһумма салли ала саиидина Мухаммадин уа ала әли саиидина Мухаммад). Бір салауат оқығанда он күнәң өшеді, он сауап жазылады, дәрежең онға көтеріледі.
14) Көптен сөйлеспеген досыңмен хабарласу. Көзден кетсе, көңілден кетеді дегендей, хабарласпасаң, досың ренжіп жүрген болуы мүмкін.
15) Көше тазалап жүрген адамға ыстық кофе не шай алып беру. Біз үшін тазалық жасайтын кісілердің ауыр еңбегі үшін ыстық лебіз білдіру қандай жақсы.
16) 100 истиғфар оқу (Астағфируллаһ уә әтубу илайһ). Алладан кешірім сұрау нығметіңді, ризығыңды көбейтеді. Бәле-жала, аурудан құтқарады.
17) Әкеңе-шешеңе хабарласу, жақсы көретініңді айту. Тіпті қолдан хат жазсаңыз да болады.
18) Бір күн бойы адамдардан, айналадан тек жақсылық іздеу, көру, табу. Адам бойында позитивті және негативті энергия баланста тұрады. Қайсысы көп болса, адам да соған лайық қуанып не ашуланып жүреді. Жақсылық көрген сайын позитивті энергия көбейеді. Ең жаман адамның өзінен жақсылық таба біліңіз.
19) Бір күн бойы күлімдеп жүру. Адам өзін зорлап күлдірсе де, мида бақыт гормоны бөліне береді. Ал бір күн бойы күлімдеп жүрсеңіз, қаншалықты шаттықта жүретініңізді көресіз.
20) Бір күн бойы тек жақсы нәрсе айту. Адамның жүрегінің таза болуы – тілдің таза болуына тікелей байланысты. Жақсы сөздер айтқан сайын ойыңда, жүрегіңде жақсылықтың үлесі көбейеді. Көңіл-күйің жақсарады.
21) Артыңнан келе жатқан адам үшін есікті ашық күйде ұстап тұру. Метрода, сауда үйінде, подъезде, офисте есікті ашқан соң ұстап тұрсаңыз, артыңызда келе жатқан адам алғыс білдіреді.
22) Жұмыстағы немесе оқудағы әріптестеріңе кешкі ауызашар деп шай ішуге тәттілер, печенье апару. Шай-пайға не жетсін, шіркін!
23) Әулеттегі жасы үлкендерге хабарласып, қал-жағдайын сұрау. Үлкен кісілер сөйлесуге, ықыласқа мұқтаж.
24) Ауыз бекіткен студентке ауызашар алып беру. Студенттің қарны тоқ болса, алаңсыз сабағын оқиды.
25) Пайғамбар өмірбаянын оқу. «Адамзаттың асыл тәжі» деген кітапты оқысаңыз болады.

Жалғасы төменде...

https://t.me/kitapall
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25👍25
Жалғасы...

26) Бейтаныс кісіге көмектесу. Ата-әжелерге затын көтерісу, жол нұсқап жіберу, жолдан өткізу, ананың коляскасын баспалдақтан түсіруге көмектесу, т.б.
2
7) Үйде қолданбай жатқан киім, заттарды мұқтаж адамдарға сыйлау. Арнайы қорларға берсеңіз де болады.
28)
Даяшыға, аула тазалаушыға, таксистке, дүкеншіге шынайы комплимент айту.
29)
Жолаушыға көмектесу. Автобуста орын беру (кімнің қиналып тұрғанын көрсеңіз, жасына қарамай орын беру); көлігіңіз болса, жолшыбай адамдарды тегін апару.
30) Өзіңнен есеп алу. Жатарда күніңіз қалай өтті, қандай жақсылық болды, кімді ренжітіп не ақысына кіріп қойдыңыз, кімнен кешірім сұрау керек, кімге көмектесу керек, не істеу керек деген сұрақтарға жауап іздеу. Бойындағы жақсы және жаман мінездер, әдеттердің тізімін жасап, өзгерту жоспарын жасау.

https://t.me/kitapall
❤25👍6
😴Қанып ұйықтауға арналған 6 ҒЫЛЫМИ ДӘЛЕЛДЕНГЕН КЕҢЕС

Кейде ұйқы қанбай жатады, оны қалыпты жағдай десек қателеспейміз. Ал жалпы ұйқының сапасын да, ұзақтығын да қалай жақсарту керек?

🥱1) Бірінші кеңес – тұрақтылық
Күн сайын бір уақытта ұйықта және оян. Ұйқың қанбай қалса да, демалыс күндері болса да осы ережені ұстан. Себебі мидың өзінің 24 сағаттық ритмі бар. Ол тұрақтылықты талап етеді, сол арқылы жақсы жұмыс істейді, ұйықтау мен ояну кестесін де бақылауда ұстайды. Сол арқылы оятқышсыз-ақ оянуға болады.

😴2) Екінші кеңес – температура
Жататын бөлмең салқын болсын. Ұйқы режиміне қосылу үшін ми мен дене температурасы 1 градусқа төмендеуі керек. Өзің де байқаған боларсың, ыстықтан гөрі салқын бөлмеде ұйықтау оңай. Демек, бөлме температурасы шамамен 18 градус болғаны дұрыс.

https://t.me/kitapall

😴3) Үшінші кеңес – қараңғылық
Ұйқы шақырып, уақытын реттейтін мелатонин гормоны бөліну үшін кешкі уақытта бөлмені қараңғылау керек. Ұйқыға жатардан бір сағат бұрын барлық гаджет, компьютер, экраннан аулақ болу керек. Үйдің жарығын барынша азайту керек. Артынша бұл атмосфера ұйқыға шақырып жатқанын байқайсың. Сонымен қатар көзге таңғыш киюге және терезені толықтай қараңғылауға болады.

😴4) Төртінші кеңес – серуендеу
Ұйқы келмесе төсекте ұзақ жатпа. Шамамен 25 минуттай ұйықтай алмай жатсаң немесе оянып кетіп, қайта ұйықтай алмасаң, онда төсектен тұрып басқа шаруамен айналыс. Яғни, төсек – «ояу болатын жер» деген ассоциация бермеуі керек. Басқа іспен айналысып, қайта ұйқы келгенде ғана төсекке жату керек. Жатын бөлме – тек ұйықтауға арналған жер деген қағида сақталғаны дұрыс.

😴5) Бесінші кеңес – кофеин мен ішімдіктен алыс болу. Кофені түскі 15:00-ге дейін ішкен дұрыс.

😴6) Жалпы ұйқыға жатар алдын ауыр тамақ пен көп су ішпеген дұрыс.

Осыларды ұқыпты түрде орындасаңыз, ұйқының сапасы міндетті түрде артады. Ұйқысыздық сияқты терең дерттерді дәрігерге көріну арқылы емдеу керек. Келесі посттарда ұйқының кезеңдері туралы айтамыз.

💛Реакция қоясыз ба?
✔️Постты бөлісіңіз. Пайдалы болсын!

https://t.me/kitapall
https://t.me/kitapall
https://t.me/kitapall
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍84❤23❤‍🔥11🔥5😍5
🌟ИМАМ ҒАЗАЛИДІҢ ҮШ КІТАБЫ ЖАРЫҚ КӨРДІ!!!

Оның алғашқы кітабы ҒИБАДАТ деп аталады.

Оның ішінде мыналар бар:
1. Иман. Иманның шарттары, екіжүзді болмау үшін иман қандай болуы керек?
2. Тазалық. Дәреттің ішкі әлемінде қандай сырлар жасырылған? Қалай тазалану керек?
3. Намаз. Намазда шынайы ықыласпен оқуға қалай жетуге болады? Жүрекке қалай намазды сүйдіреміз?
4. Зекет. Зекет және садақа қалай беріледі? Артықшылығы қандай? Оны жасырын әлде жария беру керек пе? Қайсысы дұрыс?
5. Ораза. Оның ешкім білмейтін сырлары, тақуа адамдар қалай ораза ұстайды?
6. Қажылық. Қажылық не үшін? Оны орындаған кезде жүрек қалай өзгереді?
7. Құран оқу. Құранды қалай оқығанда сауап емес күнә жазылады?
8. Күндіз және түнде үзбей жасалатын құлшылықтар, яғни зікір, намаз, дұға, нәпіл құлшылықтар. Түнде Аллаға қалай құлшылық қылу керек?

Екінші кітап ӘДЕП деп аталады.

Оның ішінде жазылғандар:
1. Дастарқан әдебі. Яғни, ас ішу, қонаққа бару, қонақ шақыру.
2. Неке әдептері. Оның ішінде әйелге және ерге қатысты мәселелер, міндеттері.
3. Кәсіп жасау және табыс табу әдептері. Қанша қосу керек, әділетті болу деген қандай?
4. Халал мен харам кітабы. Адал тамақ табу. Адалдың түрлері, харамның түрлері.
5. Достық, бауырластық, қарым-қатынас әдебі. Яғни, достықтың шарты, туыстың ақысы, көршінің ақысы, мұсылманның ақысы, ата-ана мен перзенттің ақысы.
6. Сапар әдебі. Жолға шыққанда, жолда және үйге келгендегі амалдар.
7. Жақсылыққа шақыру және жамандықтан тыю әдебі. Оның ішкі шарттары, оны тәрк етудің зияны.
8. Пайғамбарымыздың әдебі. Ол кісі қалай күлген, сөйлеген, киінген, тамақтанған, жомарттығы қалай еді, батырлығы мен кішіпейілдігі қандай еді.

👨‍💻Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

✔️Постты бөлісіп жіберіңіз
❤️👍🔥Реакция аямаңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍21❤11👍5🔥1
Үшінші кітап ЖАМАН МІНЕЗ деп аталады. Онда мыналар қамтылған:

1. Жан тәрбиесі. Яғни, көркем мінездің белгілері, жету жолдары. Жүректің дерттері
2. Екі шәһуатты тыю. Мұнда көп жеудің зияны, көзді сақтау, үйлену туралы айтылған.
3. Тіл кесапаттары. Не үшін үндемеу керек. Сөйлесең қалай сөйлеу керек, нені айтпау керек? Мақталғанда не істеу керек?
4. Ашу мен қызғаныштың жамандығы. Ашулану қай кезде дұрыс, қай кезде қате? Қызғанышты қалай жеңеміз? Қаншалықты қызғану керек?
5. Дүниенің жамандығы. Қай кезде дүние басқа бәле болады?
6. Сараңдықтың жамандығы. Қай кезде жомарттық жасау керек? Қай кезде сараңдық боп кетеді?
7. Атаққұмарлық пен рия. Мұнда біз мән бермейтін риялар, атаққұмарлықты қалай емдеу жазылған.
8. Тәкаппарлық. Ол қалай көрінеді, қалай емдейді?

👨‍💻Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33

✔️Постты бөлісіп жіберіңіз
🔥👍❤️ Реакция аямаңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍6😍6
🤑МЫНА 5 ҚАРЖЫЛЫҚ ӘДЕТТІ ҚОЛДАНСАҢ, БАЙ БОЛАСЫҢ

Біз бәріміз дәулетті болғымыз келеді. Бай болған дұрыс, сонда ешкімге қол жаймаймыз әрі айналаға көп жәрдем бере аламыз. Бірақ бай болуға апаратын әдеттерді біріміз білсек, біріміз білмейміз. Адамның қанша тапқаны маңызды емес, қандай қаржылық әдеттері бар екендігі маңызды. Төменде 5 түрлі қаржылық әдетті ашып түсіндірдік.

💲1) Бірінші – кіріс пен шығыстың есебін жүргізу. Бұл арқылы бір айда қанша шығын кететінін, қандай шығындар бар екенін біліп жүресіз. Қай шығындар тұрақты, қай шығындар қажетсіз екенін көруге болады. Содан қажетсіз шығындардың көлемін азайтуға кірісу керек. Мысалы, өшіруді ұмытып кеткен подписка, түскі асты сатып алу, күн сайын кофе ішу, қымбат интернет тарифтер, т.б. Ал ай сайын қанша табыс кіретінін білсеңіз, оны қалай жұмсауды жоспарлауға болады. Яғни, тұрақты шығындардан артылғанын қалай пайдалы қолдануға болатынын көре аласыз. Мысалы, инвестициялау, білім алуға жұмсау, отбасылық белсенді демалыс ұйымдастыру, т.б.

💸2) Екінші – табыстың кемінде 10 пайызын жинап, сақтау. Өмірде сіз күтпеген шығындар пайда болуы мүмкін. Мысалы, аяқ астынан ауырып қалу, көліктің бұзылуы, үйдің маңызды жерін жөндеу, жолға шығу. Осындай жағдайларда жинап жүрген ақшаңызды қолданасыз. Егер алдын-ала мұндай қор жинамасаңыз, оқыс жағдайларда ақша таппай қиналуыңыз мүмкін.

💲3) Үшінші – дүкенге арнайы тізіммен бару. Дүкенге нақты не сатып алатын тізіммен бармасаңыз, тізімде жоқ заттар сатып аласыз. Нан алуға кіріп, арбаны толтырып зат алып шыққан кезіңіз болған шығар? Нанның өзін ұмытып кететін сәттер де жоқ емес. Әсіресе, қарныңыз ашып тұрған кезде дүкен аралау қауіпті. Көзіңіз түскен тәттілер мен дәмді тағамдарды еріксіз түрде сатып алғаныңызды байқамай қаласыз.

💵4) Төртінші – жаңа затты ақылға салып, сатып алу. Біз көбіне эмоцияға беріліп сатып аламыз. Осы затпен жұртты таңғалдырғымыз келеді, мақтанғымыз келеді, өзіміздің «мықты» екенімізді дәлелдегіміз келеді. Бірақ суық ақылға салып, оның не үшін және қаншалықты қажет екенін зерделесек немесе үш күн күтсек, эмоциямыз басылып қалады. Сол үшін міндетті түрде «алу үшін себептер мен алмау үшін себептер» тізімін жасағаныңыз жөн. Сол затсыз да оңай өмір сүре алатыныңыз белгілі болса, онда қажет емес. Мысалы, қолыңызда Айфон 14 маркалы смартфон болса, Айфон 15 маркасын алу шығын алып келеді. Жұртты қолыңыздағы затпен емес, бойдағы талантпен таңғалдыру керек.

💸5) Бесінші – қарыз немесе кредит алмау. Қарыз алу көбіне бірінші және екінші ережені орындамаудан пайда болады. Шығын табыстан асып кетсе, автоматты түрде қарыздана бастайсыз. Ал үй, автокөлік сияқты өте қажет заттарды бөліп төлеуге аларда ең тиімдісін таңдау керек. Яғни, комиссиясы 4-7 пайыздан жоғары кредиттердің төлемі заттың өз бағасынан асып кетеді. Кредитті басқа кредитпен жабу – ең бұрыс амал. Қарызды жабу үшін үнемдеп үйрену керек. 200 мыңға өмір сүріп жүрген адам үнемдеу арқылы 100 мыңға да өмір сүруге болатынын көреді.

📚Толығырақ білу үшін мына ТОП 5 кітапты оқуға кеңес береміз: «Қаржы қағидалары», «Ақша психологиясы», «Бай әке, кедей әке», «Вавилондағы ең бай адам», «Ойлан да байы».

✔️ Постты бөлісіңіз
❤️👍🔥 Реакция қойыңыз

Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍20🔥1
🌙РАМАЗАН АЙЫНДА МЫНА 10 НӘРСЕНІ БАЙҚАДЫҢДАР МА?

1) Ешкімді жамандамай, ғайбаттамай да әңгімелесуге болады екен.
2) Түскі ассыз да өмір сүруге болады екен.
3) Дүйсенбі мен бейсенбі ораза ұстауға қиналушы едік, ондай қатты қиын нәрсе емес екен.
4) Құптаннан кейін ұйқы келуші еді, сөйтсек тағы 20 ракат намаз оқуға күш бар екен.
5) Жұмыс, жұмыс, Құран оқуға уақыт жоқ деп жүруші едік, күніне 20 бет оқуға болады екен.
6) Аз тамаққа да тоюға болады екен.
7) Түнгі намазға тұру қиын еді, қазір 30 минут ерте тұруға болады екен.
8) Садақа беру қиын еді, қазір аш адамдардың халін түсініп, садақа беру де қиын емес екен.
9) Кездесуге кешігіп барушы едік «кептеліс, анау-мынау» деп. Ауызашарға кешікпей бару арқылы оның өтірік екенін түсіндік.
10) Тамақ ішпесек, күшіміз болмайды деуші едік. Тамақсыз да энергия бәріне жетіп жатқанын білдік.

❓Тағы не байқадыңыз?

📶Постты бөлісіңіз
❤️👍🔥 Реакция қойыңыз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰88❤48👍41❤‍🔥11😍7🔥4😁3🐳2