KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
480 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
МӘӘӘ...ЕРТЕРЕК БІЛГЕНІМДЕ ҒОЙ БҰНЫ

Әрбір кітап —жаңа әлем десек болады. Оның ішінде шытырман оқиғалар, сан түрлі кейіпкерлер және пайдалы білім қоса беріледі. Кітаптың әрбір беті түрлі дәуірлерге, ғажайып мекендерге апарып, ерекше сезімдер сыйлайды. Міне, кітаптың қызықты тұстары туралы бірнеше ойлар:

1. Сиқырлы әлемдерге саяхат:
Кітап оқу арқылы фантастикалық әлемнің тұңғиығына сүңгиміз. Мысалы, Дж. Р. Р. Толкиннің "Сақиналар әміршісі" немесе Дж. К. Роулингтің "Хәрри Поттер" сериясы бізді сиқырлы және керемет оқиғаларға толы әлемдерге апарады.

2. Кейіпкерлермен бірге өсу:
Кітап оқығанда кейіпкерлермен бірге өмір сүріп, олардың қуанғанын, қайғырғанын, қиындықтарды жеңгенін сезінеміз. Адамгершілік құндылықтарды түсінуге, өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуге және өзімізді табуға көмектеседі.

3. Жаңа білім және идеялар:
Ғылыми, тарихи, психологиялық және басқа да жанрдағы кітаптар бізге жаңа білім мен идеялар ұсынады. Мысалы, Стивен Хокингтің "Уақыттың қысқаша тарихы" немесе Дэйл Карнегидің "Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері" атты кітаптары ой-өрісімізді кеңейтеді.

4. Жазушы шеберлігі:
Әрбір жазушының өз стилі мен тілі бар. Кітап оқығанда әртүрлі жазушының сөз өнерін тамашалап, тіл байлығымызды арттырамыз. Бұл өз кезегінде жазу және сөйлеу қабілетімізді жақсартады.

5. Ойлау қабілетін дамыту:
Кітап оқу сыни ойлау қабілетімізді, қиялымызды дамытады. Бұл әсіресе детектив жанрындағы кітаптарға тән. Мысалы, Агата Кристидің немесе Артур Конан Дойлдың детективтері логикалық ойлау қабілетімізді шыңдайды.

Кітап — бұл тек қана оқу емес, өмірді өзгеше түсіну, сезіну және бағалау. Сондықтан да әрбір бос уақытыңызды кітап оқуға арнаңыз, себебі кітаптар бізді жақсартады, байытады және өмірімізді мәнді етеді.
❤37👍18🍓2💊1
НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫН АЛҒАН ЖАЗУШЫЛАР

Әдебиет бойынша Нобель сыйлығы жыл сайын ең көрнекті шығарма авторына беріледі. Әттең, ешбір қазақ жазушысы әлі алмады. Біздің ойымызша, қазақ жазушыларының шығармалары жеткілікті түрде ағылшын тіліне аударылмады. Сол үшін әлем тұрғындары олармен таныс емес. Әйтпесе, қазақ тілінде бір емес, жүздеген Нобель сыйлығына лайық шығармалар бар. Әзірге әдебиет бойынша тізімге ілінгендер мыналар:

1. Эрнест Хемингуэй (1954) - "Шал мен теңіз"
2. Габриэль Гарсиа Маркес (1982) - "Жүз жылдық жалғыздық"
3. Тони Моррисон (1993) - "Сүйікті"
4. Орхан Памук (2006) - "Менің атым Қырмызы"
5. Светлана Алексиевич (2015) - "Соғыстың әйелге тән емес келбеті"
6. Кадзуо Исигуро (2017) - "Менен айрылма" және "Күннің қалған бөлігі"
7. Боб Дилан (2016) - американдық ән дәстүріндегі поэтикалық жаңашылдықтары үшін (ән мәтіндері)

Әрине, бұл тізім толық емес. Алдағы уақытта бұлардың әрқайсысына тоқталамыз. Бұған дейін «Шал мен теңіз» туралы жазғанбыз. Бұл кітаптарды қазақ және орыс тілінде біздің дүкеннен ала аласыздар.
🆒15❤12👍9
🎬📚КІТАП ПЕН КИНОНЫҢ ҚАЙСЫСЫ ЖАҚСЫ???

Танымал кітаптардың киносы түсірілетінін білеміз. Менің атым Қожа, Гауһартас, Абай жолы, Көшпенділер, Қыз Жібек, Хәрри Поттер, т.б. киноларды көріп өстік. Кітабын оқығандар киносын ұнатпайды немесе керісінше.

Кітаптың ерекшелігі:
1. Кітапта оқиға мен кейіпкерлерді тереңірек зерттеуге болады. Авторлар ойын толық жеткізіп, кейіпкерлердің ішкі әлемін, сезімдерін егжей-тегжейлі сипаттай алады.
2. Қиялды қозғау: Кітап оқырманның қиялын дамытады. Оқырман мәтінді оқып, қиялында бейнелерді елестетіп, оқиғаны өзінше түсініп, кейіпкерлердің бейнесін ойша құрастырады.
3. Кітап оқығанда уақытты өзің басқарасың. Оқырман кез келген сәтте уақытты тоқтатып, ойлануға, мәтінге қайта оралуға, әрбір жолды толық түсінуге мүмкіндігі бар.

Артықшылығы:
1. Кітап оқу - жеке, тыныш тәжірибе. Оқырман өзіне ыңғайлы уақытта, кез келген жерде оқып, оқиғаға тереңірек еніп, жеке ой-түйін жасай алады.
2. Кітап оқу сөздік қорды байытып, шешен сөйлеу дағдысын дамытады. Жаңа сөздер мен тіркестерді үйреніп, сөйлеу мәдениетін қалыптастырады.
3. Әр түрлі жанрлардағы кітаптар оқырманның жалпы мәдениетін, білім деңгейін көтеріп, әлемді тануға көмектеседі.

Киноның ерекшелігі:
1. Кино көрерменге визуалды әсерлер арқылы оқиғаны жеткізеді. Көркем суреттер, арнайы эффектілер, актерлік ойын арқылы оқиғаның көрнекі жағын көрсетеді.
2. Кино музыкалық фон, дыбыстық эффектілер арқылы эмоционалды әсерді күшейтеді. Саундтрек арқылы кейіпкерлердің сезімдерін, оқиғаның атмосферасын толық жеткізеді.
3. Кино қысқа уақыт ішінде көп ақпаратты жеткізе алады. Бірнеше сағат ішінде тұтас оқиғаны, кейіпкерлердің өмірін көрсетіп, көрерменді бірден оқиғаға тартады.

Артықшылығы:
1. Көрермендер кинотеатрға барып, бірге фильм көру арқылы ортақ әсерлермен бөліседі, бірге талқылайды.
2. Көрермендер үшін әрекет, қозғалыс, ритм маңызды, ал кино осы мүмкіндікті толық пайдаланады.
3. Кейіпкерлерді Жандандыру: Актерлердің шынайы ойыны кейіпкерлерді жандандырып, көрерменге эмоциялық байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍19❤13👍11🎉2🍓1🦄1
АЛЛАДАН ТІЛЕСЕҢ, БЕРІП ТІЛЕ

Біз, пенде деген ештеңе бермей, бірақ алғымыз келетіні бар енді. Ала берсек, көре берсек, ішіп-жей берсек дейміз. Бірақ алдымызға тура өзіміз секілді біреу бірнәрсе сұрап келсе, жақтырмаймыз. Алу үшін алдымен беру керек қой дейміз. Ендеше неге өзіміз сұрағанда осы әдісті қолданбаймыз?

Құдайдан денсаулық сұрадың ба, садақа бере отырып тіле.
Рахманнан байлық сұрадың ба, мұқтажға көмектесе отырып сұра.
Рахимнан перзент тіледің бе, біреуге қол жәрдем беріп барып сұра.

Әрине, жомарт Алла құр сұрасаң да, дұғаңа жауап береді. Одан сұрамасаң, ашуланады. Бірақ Мәшһүр Жүсіп әулие айтқандай, бірдеңе беріп тілеу жөн емес пе!
❤101👍18😍10👏3
ЖЫЛАМАЙ ОҚУ МҮМКІН ЕМЕС!

Сайын Мұратбековтың "Жусан иісін" оқыған шығарсыңдар, иә? Мектепте қысқартып беретін. Өз бетіңше толық нұсқасын оқып алғандарың дұрыс. Аянның өмірі мықты шабыт береді. Жамағайындарын іздеп келгенде бетін қайтармай, асырап алатын кемпір мен шалдыкі бір ерлік. Бұл кітап – ауыл өмірінің қатпарларын терең ашатын, соғыстан кейінгі жылдардағы қиындық пен қуанышты сәттерді қатар суреттейтін туынды. Бұл әңгіме оқырманды балалық шақтың ең жарқын және ең ауыр сәттеріне апарады.

Шығарманың негізгі тақырыптары:
1. Соғыс әсері: Соғыс тек майдандағы жауынгерлерге ғана емес, олардың артында қалған отбасыларына, әсіресе балаларға ауыр тиеді. Әңгімеде бұл әсерлер айқын көрініс табады.

2. Балалық шақ қиындықтары: Басты кейіпкер Аянның тағдыры арқылы автор балалық шақтағы қиындықтар мен сол кездің қасіретін бейнелейді. Аянның әкесі соғыста қайтыс болады, анасы аурудан көз жұмады. Осыған қарамастан, Аян өмірде өз орнын табуға тырысады.

3. Достық пен қолдау: Ауыл балаларының бір-біріне деген қолдауы, достық қарым-қатынасы ерекше суреттеледі. Қиын кезеңдерде адамдардың бір-біріне көмектесуінің маңыздылығы көрсетіледі.

4. Жусан иісі: Жусан – дала өсімдігі, оның иісі бала Аянның балалық шағының, туған жерінің символына айналған. Бұл иіс арқылы Аян өткен шақты, балалықтың қуанышты және ауыр сәттерін еске алады. Жусанның иісі оның есінде мәңгі қалады, бұл иіс оған үміт пен рухани күш береді.

5. Ауыл өмірі: Әңгімеде ауылдың тыныс-тіршілігі, адамдардың күнделікті өмірі мен салт-дәстүрлері кеңінен суреттеледі. Ауылдағы адамдардың бір-біріне деген мейірімділігі, өзара қарым-қатынасы – шығарманың негізгі өзегі.

Кітапқа тапсырыс беру: уатсап 8777 572 22 33
❤39👍13😍4👏2💯1
📱 Шәкәрімнің 3 сұрағына Толстойдың жауабы

«Марқұм әкеммен болған бір әңгімеде: «Сіз Толстой туралы жай әңгімеңізде де, Толстой туралы жазған өлеңі­ңізде де оны өте жоғары бағалайсыз», – де­дім.

Сонда әкей айтты: «Мен Толстойды бұ­рында да бағалай­тынмын. Әсіресе, мен Толс­тойдан үш сұрақ сұрадым. Сол сұрақта­рыма Толс­той маған өте қымбатты жауап қайтарды. Сол жауаптары мені толғандырып, ғибадат алатын сабақ болып, көңіліме орнап қал­ды.

1⃣ «Адам­ның арына тиетін жағымсыз қы­лықтардың ішінде және Сіз білетін арға ең ауыр тиетіні не?» – дедім. Толстой бұған: «Осы тізіп тұрған­дарыңның барлығы да адамшылық арға тиетін нәрселер. Менің­ше, арға ең ауыр тие­тін бір іс бар. Ол адам көпшілікке не қо­ғам­­ға зиян келетін хақи­қат істі біліп, соны бір нәр­седен қорғанып, сол хақиқатты айтпай қал­са, сол арға өте ауыр тиеді.

Бірінші: сен өте бай болып, сол хақиқатты айтсаң, малы­ңа зиян тисе, екін­ші: сен мансап иесі болып, сол хақи­қат­ты айтсаң, мансабыңнан айрылатын болсаң, үшінші: сол хақиқатты айтсаң, басың жазаланатын болса, міне, осы үш түрлі зардаптардан қорғанып, көпке зиян келетін хақиқатты айтпай қалсаң, арға ең ауыр тие­тіні осы», – деді.

2⃣Екінші: «Ірі шығарма­лар жазу­ға бет алдым. Бұған қандай кеңес бересіз?» – дедім. Бұған ол кісі: «Көп адамдар қатысатын шығарма болсын, не әң­гіме болсын, алдымен, сол әңгіменің уа­қи­ғасына, іс-әрекетіне жазушы өзі ара­­­лас­қандай же­тік болуы керек. Сол уақи­ғаның жайы жазу­шыға айнадай айқындалып, се­зініп тұрған­дай болуы керек. Олай болма­ған күнде әң­гіме дәл, қызықты болып шық­пай­ды. «Көлең­кеге пішкен тон бойға шақ кел­мей­ді» деген мәтелді жазушы ойдан шығар­мауы керек. Ішіне араласпай, сырттай ой-­­жотамен жа­зылған шығарма шындыққа жанаспай, қызықты болып шықпайды», – деді.

3⃣ Үшін­ші: «Өз жазғанымның дұрыс, тері­сін сынау қиын, өз шығармамның қатесін қандай әдіс­пен көріп, сынап, түзеуге болады?» – деген сұрағыма ұлы жазушы: «Жазу­шының артық қасиеті – өз қатесін көріп, со­ны тү­зей алуы. Бұл әркімнің қолынан келе бер­мейді. «Біреудің қатесін біреу көреді» деген де бар. Бәрінен адам өз қатесін өзі кө­ріп, өзі түзеген артық, өз қатесін түзей ала­­тын қасиет адам­ның өз бойында бар. Ол – адамға біткен ақ жүрек. Егер адам іс­теген өз ісін, жазған сөзін ақ жүрегіне сыната білсе, ақ жүректің сезімі оны ашып бере алады. Ақыл толғауынан өт­кен қоры­тындыны жүрек елегінен өткізу керек. Жүрек ымбалына бе­ріліп дағдыланған адам өз мінін де, біреудің мінін де көре алады, сондықтан әділ сыншы – ақ жүрек», – деді»

Ахат Құдайбердіұлы. «Шәкәрім жайындағы естелік»
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍39❤20😁2🔥1👏1
ТЫРНАҚ АСТЫНАН ХИКМЕТ ІЗДЕ

Осы тырнағың болмаса, қолыңдағы телефонды қолдана алмайтыныңды ойлап көрдің бе? Әріптерді тере алмайтын едің. Тырнақ болмағаннан саусағың сосиска құсап, былқ-сылқ етіп тұрар еді. Анаңа “анашым” деп жаза алмай қор болушы едің.

Құлағыңды, мұрныңды шұқылай алмас едің. Құлағыңа шіркей кіріп кетсе, тырнағың жоқ болса, өлтіре алмас едің. Сосиска саусақтарың тесігіне кіре алмай, майысып тұра берер еді. Мұрныңды қышытып жатқан қатқан боқтарды ала алмай, басқа біреуге де айта алмай, тұрған жеріңде еңіреп жылар едің бейшара боп.

Басыңды, арқаңды қаси алмас едің. Маса шақса, қасына алмағаннан жынданып кетер едің. Біреудің қасығаны өз қасығаныңдай болмайды. Дөп түспей, айналасын қасып, құмарың қанбай қалушы еді. Сиыр құсап, қабырғаға немесе ағашқа сүйкеніп тұрғаның сонда болады.

Айта берсең көп қой. Түйме тағу, аяқ киім бауын байлау, қалам ұстау, кесемен шай ішу жайына қалар еді. Ақыр соңы стресске түсіп немесе уайымдап тұрғанда тістелейтін тырнақ таппай сорлап қалар едік.

Қарашы, сен мән бермейтін тырнақтың қаншама хикметі бар. Ендеше дәл қазір тырнағыңа қара. Ол - Ұлы Шебердің махаббатпен жасағаны. Сен құрметте оны, қарағым. Өсіп кетсе, уақытылы алып отыр. Кірін кетіріп тазалап қой. Үстіне жалған тырнақ жалғап, байғұстың қадірін кетірме.

Сөйт, айналайын. Сосын осы жазбаны бөлісіп жібер.

“Терең ой” кітабынан үзінді. Авторы: Мирас Кесебаев
💯59👍27😁22❤19🔥4🐳2💊2
Сұрағаныңды Алла бермесе, уайымға салынудың қажеті жоқ. Раббыңның сұрамастан саған берген нығметтеріне ой жүгіртіп, соған шүкір ет.

Сұрағаныңды бермесе де, соның көлеміндей жақсылықты бәрібір басыңа жазып қойды.

Сұрағаныңды бермесе, демек әлі уақыты келген жоқ.

Сұрағаныңды бермесе, демек ол саған жақсылық емес, жамандық боп нәтиже беруі мүмкін.

Сұрағаныңды бермесе де, одан жақсысын береді.

Бұған көз жеткізу үшін 10 минут отырып, өміріңді ой елегінен өткізші. Құдай саған үйіп-төгіп нығмет бергенін ап-айқын көресің.
❤138👍22🍓15
ТІЛ БАЙЛЫҒЫН ҚАРАШЫ. КІМ БҰЛАЙ ЖАЗА АЛАДЫ?

Сөздің көбін түсінбей жатсаңыз, онда тіл байлығыңыз, сөздік қорыңыз аз деген сөз. Демек, әдеби кітаптарды сирек оқисыз. Біздің тіл – өте бай. Оны кедейлетіп жатқан өзіміз. Кез келген жағдайды сипаттап беретін сөздер бар. Әбіш ағамыздың шығармасынан үзінді.

***
Еңсеп ол күні бұл зымыранға енді қайтып түспейтінін білген жоқ. Шай ішіп шықты да ыстық қайта, құдықтың басына келді. Серіктері шайланып болғанша айналада шашырап жатқан шеген тастарды көрді. Ернек шың бұл арадан үш қонып төртінші түнемелікке әзер жететін жерде. Одан беріде тас баласы табылмайды. Жылмиған қара сұр жазық. Байсал бай жайлауға көшкенде қиялама ат жолдан шығады. Ернек асқан соң, екі түнемелікте суат бар да, үшінші түнемелік, құламаның құла түзі, малды да, көшті де әбден болдыртып тастайды. Нағыз қоңыр бұйра кең өріс суат жоқтықтан қысырап жатыр. Өткен жазда қырқым өте Байсал бай Еңсепке құдық қазып бер деп қолқа салған-ды. Ол шыңырауды дәл осы арадан, ала қырдың үстінде оқшау қылауытқан тастақ жүлгенің терістігінен қазатын болды. Бір-екі ақсақал тастақ жыраның құбыла бет құйрығын қалай көріп еді, оған Еңсеп өзі ыңғай берген жоқ. Сонша қыңыр тартуында бір мән бар. Бірақ оны әзір жан баласына тісінен шығармақшы емес. Шет жағасын ертең Байсал байға шыңырау біткен той үстінде айтпақ.

***
Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» повесі 1971 жылы жарияланды. «Шыңырау» – адам жанының қалтарыс-бұлтарыстарына тұңғиық тереңінен барған, оқырманға өмірдің қатал шындығын зерделеткен аса бір ойлы шығарма. Бұл туындыда сирек кездесетін ауыр кәсіптің адамдары – құдықшылар әулетінің тағдыр талайы суреттеледі.

Әбіш және басқа да қазақтың мүйізі қарағайдай жазушыларының шығармаларын Kitapal дүкенінен алып оқи аласыздар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
💯17👍12❤5😍3
6 СӨЗДЕН ТҰРАТЫН ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚЫСҚА ӘҢГІМЕ, РОМАНДАР

Нобель сыйлығы иегері, жазушы Эрнст Хемингуэй “Кез келген адамның жүрегіне жететін әңгіме жазамын және ол 6 сөзден ғана тұратын болады”, - деп сөз берген екен. Жазушы айтқанында тұрды, мағынасы терең туынды жазды. Ағылшыншасы «For sale: baby shoes, never used». Қазақша мағынасы: «Баланың аяқ киімі сатылады. Киілмеген».

***
Ең қысқа биографиялық әңгіме жазу байқауында жеңіске жеткен француз әйелінің шығармасы: «Бұрын менің бетім тегіс, ал белдемшем қыртыс-қыртыс болған, қазір бәрі – керісінше».

***
Әлемдегі ең қысқа қорқынышты әңгіме:
Шошып оянған ол жанында өзінің мүрдесі жатқанын көрді.



***
Фредерик Браунның ең қысқа қорқынышты әңгімесі: «Жер бетіндегі ең соңғы адам бөлмеде отырған. Есік қағылды…»

Ал сіз осындай әңгіме жаза алар ма едіңіз?
Мысалы: "Аурухана төсегінде дем жетпей жатқан науқас терезеден Астана күнінде атылған отшашуды көрді".

Немесе: "Туалетте көп отырасың" деп жынына тиетін әйелі қазір өзі соның еденінде ұзақ жатқан соң, күйеуі жалма-жан телефоннан көріпкелдің нөмірін іздей бастады".
❤22🤯17🤔13👍6😍2
ПЕНДЕНІҢ ТІЛІ БҰЗЫЛСА, АДАМДАР ЖЫЛАЙДЫ, ЖҮРЕГІ БҰЗЫЛСА, ПЕРІШТЕЛЕР ЖЫЛАЙДЫ

Бірде бір бай жалшысын сынайын деп тақиясын алып, басын сипапты. Сөйтсе, жалшы оған қарап тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны: «Басқа пәле неде?» деп сұрағаны екен. Оған жалшының тілін көрсеткені: «Басқа пәле – тілден» дегені екен.
Бай:
– Таппадың, жалшым, басқа пәле ағайын мен туыстан болады, – дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып:
– Жоқ, бәйеке, өйтіп былшылдамаңыз, – деп қалады. Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында ілулі тұрған сегіз өрме бұзау тісті қамшысына қарай ұмтыла бергенде, жалшы:
– Сабыр, сабыр, байеке, айтпап па едім «басқа пәле тілден» деп, енді түсінген боларсыз», – дейді.
Сөзден жеңілген бай белге ұрған жыландай сылқ етіп отыра кетіпті.

Тілімізге кісен салып жүрейік. Тілің жеңіл болса, сып-сып етіп, өсекке кетіп қала беретін болса, онда аузыңа тас салып ал.

Иманды қуаттандыратын кітаптарға тапсырыс беріңіз. Жұма күні Құран Кәрімге жеңілдік бар. Уатсап: 8-777-572-22-33

Жұманың берекесіне молынан бөлене беріңіз👍👍👍
👍33❤17💯2🍓2
ҚИЫНДЫҚ ҰСТАЗ

Осындай бір ұстаз бар. Сені шынықтырады, үйретеді, ақылдырақ етеді, тәжірибеңді арттырады. Жаңа биіктерге дайындайды. Егер ол болмаса, әлі бірінші дейгейде жүре беретін едің. Бір деңгейде жүре беру адамды жалықтырады. Ойын ойнағанда да ылғи жаңа дейгейлерге, белестерге асығамыз. Ұпайымыз көп болғанын қалаймыз. Өмірде де солай. Қиындық көп болған сайын, тәжірибе көп болады. Өмір қоюлана, байи түседі. Естеліктер саны молаяды.

Әрине, қиындықты ұнатпайтындар бар. «Осы өмірім бола береді, қиындық келмесе екен» деушілер арамыздан табылады. Бұларға айтылатын бір ақиқат бар: АДАМҒА КӨТЕРЕ АЛМАЙТЫН ҚИЫНДЫҚ БЕРІЛМЕЙДІ!!!

Әр қиындықтың мақсаты бар. Қаласаң да, қаламасаң да қиындық келеді. Себебі Ұлы Рахман бізді ылғи тәрбиелейді. Тым мақтаншақ болсақ, аса тәкаппар болсақ, көре алмас, көрсеқызар, қызғаншақ болсақ, тым жалқау болсақ, сараң болсақ, туыстарды өсектей беретін болсақ, «ОЛАЙ ІСТЕМЕ!» деп қиындық келеді. Бізге қалғаны – соны түсіну, өзімізді өзгерту.

Жақсы кітаптар оқиық. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤51👍6😍6
КӨППЕН БІРГЕ АДАСПА!
ЖАЛҒЫЗ ЖҮРІП ЖОЛ ТАП!
👍87❤27❤‍🔥15
ӘУЕЗОВ ҚАЛАЙ ҚУҒЫНДАЛДЫ?

Мұхтар Әуезовтың өмірі арпалысқа толы. Ылғи өлімнің аузынан қалып, жаны қыл үстінде тұрған кездері аз емес. Батырлығы да сол – жазықсыз жала жабылғанда да айтқанынан қайтпай, өз ұстанымында қала білген. Қыршынынан қиылған арыстай азаматтардың аманатын арқалап жүріп, өз жанын аман алып қалуға ұялған да шығар, бәлкім. Репрессияның қан тамған қылышынан аман қалған осы екі адам ғана шығар: Сатпаев пен Әуезов. Себебі олар тықыр таянғанда Мәскеуге кетіп қалған. Сонда байқайтынымыз – жау сырттан емес, іштен шығып отыр. Өз азаматтарымыз ұстап, жала жауып, айдатып жіберіп отырған.

Мұхтар Әуезовтың ағартушылыққа үндеген, аштықтан құтқару үшін атқарған жұмыстарын Смағұлова Светлана ханымның (тарих ғылымдарының докторы) еңбегінен оқып шыға аласыздар. Кімнің кім екенін біліп жүрейік. «Абай» киносын көрген шығарсыз, соған қосымша тұздық деп біліңіз.

сілтеме
❤37😭8👍5
ӨЗІҢДІ ӨЗІҢ ОЙМЕН ЕМДЕ

Емханада науқастарға плацебо деген дәрі береді. Науқас артынша өзін жақсы сезініп, жанын мазалаған аурудың белгілері кете бастайды. Бұл не деген ғажап дәрі деп ойларсыз? Қазақстанда сатыла ма екен?

Анығында бұл ешқандай дәрі емес, ішінде қарапайым тәтті су немесе дистильденген су болады. Мәселе адамның миында боп тұр. Ми таблетканы дәрі деп қабылдап, өзі дофамин, эндорфин бөле бастайды. Нәтижесінде адамда ауырсыну сезімі басылып, науқас өзін жақсы сезінеді. Ғажап емес пе?

Мен студент кезімде басым ауырса, жақсылап душқа түсіп, айнаға қарап, «Мен ауырып тұрған жоқпын. Саумын. Өзімді жақсы сезініп тұрмын» деп 5 минут айтатынмын. Артынша Джеки Чан немесе Джим Керридің комедия киносын көріп бастасам болды, артынша басым қойып кететін.

Немесе кейде бастың бір жері қатты сыздап ауырса, шырпымен тырнақтың түбін басып ауыртса, бастағы ауру сезімі зырылдап тырнаққа келетін. Солай бас ауру сезімі жоқ боп кетеді.

Ғылым бұл эффектің мәнісін әлі түсінген жоқ.

Толығырақ білгіңіз келсе, Джо Диспензаның "Сам себе плацебо" кітабын оқуға кеңес береміз. ОСы және басқа да кітаптарға тапсырыс беру: уатсап 8-777-572-22-33
👍38❤19
БӘРІНЕ ҮЛГЕРГІСІ КЕЛЕТІН АДАМ ЕШҚАЙСЫСЫНА ҮЛГЕРМЕЙДІ

Тірлік жүрмей жатыр ма? Бас алмай жұмыс істейсің, бірақ алға жылжымай жатқан шығарсың? Түсінемін, бәріміз сол кезеңнен өткенбіз. Бәріміз бір уақытта бірнеше іспен айналысып, ешқайсысын қатырмағанбыз.

Көп жұмыс істеп жатқан сияқтысың, бірақ ешбірі жақсы нәтиже бермейді. Себебі бір уақытта бір іске ғана фокус бөлу керек екен. Ең маңызды мәселеге ғана көңіл бөлу керек. Маңызды емес мәселелерді елемеуді, істемеуді, оларға жоқ деуді үйрену керек.

Нені істемей қоя салуға болатынын түсіну керек, түйсіну керек. Рим философы Марк Аврелий «Тыныш өмір сүргің келсе, көп істі бірге бастама» деген. Менеджмент ұстазы Питер Друкер көкеміз де қарап жатпай былай деген: «Мүлдем істеуді қажет етпейтін нәрсені ұқыпты істегеннен асқан пайдасыз нәрсе жоқ». Конфуций қарт: «Екі қайықтың басын ұстаған суға кетеді» деп әдемі жеткізген.

Сондықтан дәл қазір 5 минут отырып ойлан. Қай іс маңызды, қай іс маңызды емес екенін саралап көр. Кейбірін жасау қажет те емес шығар. Шіли неғыма, жарай ма?)

Тайм-менеджменттің алтын қағидалары туралы кітаптарды қазақша, орысша оқи аласыз. Тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33
👍31❤20👌8😁6🐳2💊2
ЕШТЕҢЕ ІСТЕГІҢ КЕЛМЕЙТІН КЕЗДЕ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

1. Үзіліс алу: Бізді бала кезімізде әке-шешеміз көп жұмсаған ба, кейде демалуды ұмытып кетеміз. Демала да алмаймыз. Бос отырсаң, дұрыс емес сияқты күйде боласың. Демалудың өзін жұмыс деп қабылдауымыз керек шығар. Жаңа белес – өзіңізге демалуға рұқсат беру. Бір мызғып алу, серуендеу немесе үн-түнсіз отыру, т.б.

2. Стресі аз іс-әрекетпен айналысу: Мысалы, жеңіл кино көру, музыка тыңдау, сурет салу немесе қарапайым сканворд шешу болуы мүмкін.

3. Медитация жаттығуларын жасаңыз.

4. Таза ауаға шығыңыз: Сыртта серуендеңіз, саябақта отырыңыз.

5. Жаттығу жасаңыз: Физикалық күш жұмсау мықты энергия береді.

6. Біреумен сөйлесіңіз: Сезіміңізді досыңызбен, отбасы мүшеңізбен бөлісу жақсы көмектесетін шығар.

7. Өз сезімдеріңізді саралаңыз: Неге осылай сезініп жүрсіз? Әлде шаршап жүрсіз бе, стресстесіз бе?

8. Хоббимен айналысыңыз.

9. Кітап оқыңыз немесе жазыңыз: Кітап оқу – жақсы демалыс және ойыңызды тыныштандыру тәсілі. Сонымен қатар, сезімдеріңіз туралы күнделік жазу ойды жүйелейді.

10. Кішігірім мақсаттар қойыңыз: Егер даму жағынан бір орында тұрып қалсаңыз, кішігірім, орындалатын мақсаттар қойып, ұсақ жеңістердің дәмін татасыз.

Жалпы мұндай күй, сезімдер, мотивацияның азаюы немесе ештеңе істегіңіз келмейтін кезеңдер болатынын қабылдау керек. Ылғи жарқырап жүре бермейсің ғой.
❤79👍17🔥4😢2🤔1
🧭БҮКІЛ ӘЛЕМ ҚОРҚАТЫН КҮН

Бұл күн Жұма екенін білесіздер ме? Себебі ақырзаман жұма күні орнайды екен. Сол үшін періштелер, тау-тастар, қыбырлаған жәндіктерге дейін жұма күні «қиямет басталып кетпес пе екен бүгін?» деп қорқады екен.

💎Біздің атамыз Адам осы күні жаратылған. Осы күні жұмаққа кіріп, осы күні Жер планетасына түскен. Осы күні тәубесі қабыл болған делінеді хадистерде.

💎Құстар бір-бірімен жолыққанда: «Бүгін қандай жақсы күн!» деп қуанышын бөліседі дейді.

💎Бұл күні дұға міндетті түрде қабыл болатын қысқа бір уақыт бар. Соған дөп түсуге тырысу керек. Демек, ылғи аузымыз дұғада болғаны жөн. Ойлап көрші, қандай дұға етсең де қабыл болады.

💎Жұманың уақыты бейсенбінің ақшам уақытынан басталып, жұманың екінті уақыты біткенге дейін.

💎Білесіз бе, Исламда күн алдымен түннен басталады. Яғни, дәл қазір біз күннің жартысын өткізіп, соңғы жартысында жүрміз. Жұмадан кейін екінті уақыты біткен соң сенбі басталады.

💎Жұма күні оқуға ынталандыратын сүре бар, аты: «Кәһф». Оны оқыған адамның нұры көкке жетіп тұрады дейді. Ол сүренің қазақша мағынасын оқысаңыз да, өте пайдалы оқиғаларға кенелесіз. Бақша иелерінің оқиғалары, Үңгір жастары, Зұлқарнайынның оқиғасы, яжуж бен мажуж тайпалары, Мұса мен Қызырдың ақылға сыймас сапары, т.б.

Бұл күні кез келген Құран Кәрімге Кітапал дүкенінде жеңілдік бар. Толық ақпарат: 8777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤58👍19😍7💘2
ӨМІРДЕГІ НАҒЫЗ ҚАСІРЕТ

Өмірдегі нағыз қасірет – өлім емес,
Тірі жүріп жан дүниеңнің қаңырап бос қалғаны.
Армандарың керексіз боп жерге тасталғаны.
Қайсар рухың азықсыз аш қалғаны,
Қуыскеуде тірліктің басталғаны.
Жоқ тамақ пен ұйқыдан басқа арманы,
Өлерінде өкініп өміріне,
Жанарында қайғыдан жас қалғаны.

Өлмей тұрып, дәл қазір оян, бала,
Пайдасыз тірлікке еш аяңдама.
Өміріңе дәл қазір талдау жаса,
Тізгін тартып, бір сәтке аялда да.

Өзгертуге болатын нәрсенің бәрін өзгерт,
Жақсы адам, пайдалы болуға тырыс!
❤78👍18💔8❤‍🔥4🐳2
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: ЕКІ ЖЕРДЕГІ ЕКІ ОН ТОҒЫЗ БОЛАДЫ

Ана жылы «Мақтаарал» совхозына барғанымда маған бір мұғалім сенің жаңағы сұрағың сияқты сұрақ койды. Осында пәлен деген жазушы келгенде бізге күніне он бір бет жазамын деп еді, сіз күніне неше бет жазасыз?-деді.
- Сен соған сендің бе? - дедім мен оған.
- Енді ол кісіге сенбегенде кімге сенеміз? - деді мұғалім.
- Ендеше математикадан хабарың бар ма өзіңнің?
- Дәл сол математиканың мұғалімімін.
- Онда қағаз, қарындаш ал да, 11 бетті 30 күнге көбейт, - дедім оған. Мұғалім дереу көбейте бастады. - Оны он екі айға көбейт, бұл бір жылда ол жазушы неше бет жазады деген сөз. Көбейттің бе? Сол жазушыңның жазып келе жатканына, міне, отыз жылдан асты. Жаңағы шыққан санды енді тағы отызға көбейтші. Көбейттің бе? Енді әрбір кітапта орта есеппен үш жүз беттен болады деп мөлшерлеп, барлық шыққан цифрыңды сол үш жүзге бөлші.
- Бөлдім.
- Қанша болды?
- Төрт жүзге жуық.
- Ендеше, төрт жүз кітап жазған дүниежүзінде жазушы жоқ.
Понятно? Маған күніне қанша текше метр жер қазасың десе, мен оған жауап бере алмаймын. Сиыр да күн сайынғы сүтін күтімі келіссе, көңілі түссе ғана береді. Ал мен адаммын. Табағына сүт құйып, құлағын бұрай берсең шүмегінен сырылдатып қаймақ ағыза беретін сеператор емеспін! Понятно тебе?
- Енді бір сұрағым бар, - деді жанағы
мұғалім тағы да қолын көтеріп.
- Әй, тұра тұрғын, - дедім мен оған. – Сен маған 5-6 сұрақ қойдың. Физик, математик екенсің. Менің саған қоятын бір сұрағым бар, жауап бересің бе?
- Беремін, - деді ол.
- Берсең: екі жерде екі қанша болады? Соны айтшы.
- Екі жерде екі - төрт, - деді ол.
- Жок, дұрыс емес. Екі жерде екі он тоғыз болады, - дедім мен сағатыма карап.
- Неге? - деп мұғалім орнынан ұшып тұрды.
- Сен босқа шошандамағын,-дедім мен оған түсімді суытып. - Сен дәм-татуы жоқ сұрақтар беріп, мені мінбеде он тоғыз минут босқа ұстап тұрсың. Екі жерде екі он тоғыз болады деген осы біле білсең, қарағым.
Жұрт залды басына көтеріп, ду күліп жіберді.
- Жарайды, енді жетінші сұрағынды қойғын, қарағым, - дедім жаңағы мұғалімге түсімді қайтадан жылытыңқырап. О да бір сұрақ қойғыш неме екен, сен сияқты етіп жазып алған қағазының орта тұсына үңілді
де... орта тұсына, - деп Бауыржан сұк саусағын шошайтты. – Тегі оның әлі де қоя алмай қалған бес-алты сұрағы болуы керек... Қағазының орта тұсына үңілді де, былай деп сұрады: «Ең жаксы көретін өз шығармаңыз қайсысы?»
Бұған ойлануға тура келді. Ойланған сайын жауап беру қиынға соқты. Содан кейін мұғалімге қарадым да:
- Өзіңнің балаң бар ма, қарағым?-деп сұрадым.
- Бар.
- Нешеу?
- Бесеу.
Жұрт күліп жіберді. Мен күлгемін жоқ.
- Өзің сол бес қарғаңның қайсысын ерекше жақсы көресің? Соны осы отырған бәрімізге айтып берші, - дедім оған жұрттың күлкісі тоқталғаннан кейін. Мұғалім ойланып тұрды да, «Айта алмаймын-ау» дегендей, жауырынын киқандатты.
- Бұл да солай, қарағым, - дедім мен. -
Оны мен айта алмаймын саған. Жазушының өзі емес, оны жұрт біледі.

Ә.Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз»

Кітапқа тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33
👍36❤12😎3🔥2