МАХАББАТ АРҚЫЛЫ ҚОҒАМНЫҢ ПРОБЛЕМАСЫН ЖЕТКІЗГЕН РОМАН
«...Бұл кітабы да елге тез тарап кетті, бізге көршілес тылдан келушілер сылтау тауып, қалап әкететін болды. Жамалдың өлеңмен баяндайтын аянышты өмірінен қыз-келіншектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, уһілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең-жырларды әнге қосып айтатын».
Г.Дулатова, Міржақыптың қызы, ««Ардақтап өтем әкемді» атты естелігінен үзінді.
«Бақытсыз Жамал» романы алғашқы рет жарық көргеннен бері қазақ әйелдеріне ықпал етті. Олар теңдік көрмей, кейде мал сияқты қалыңмалға сатылып, еріксіз кете беретіні қоғамда қызу талқыланды. 1910 жылы Қазанда басылып шыққан кітап қолдан-қолға өтпей, қазақ халқының арасында тез тарады. Сауатты адамдар жатып оқып көзіне жас алса, сауатсыз халық солардың оқығандарын айнала отырып тыңдайтын. Көздеріне жас алып, өздерінің жағдайын анық көріп, түсініп, жәбірленетін. Негізгі өзек әйел бостандығы болғандықтан, әйел қауымы белсенді түрде үн қосты. Талай басыбайлы әйелге ой салғаны анық. Осы әйел бостандығын екі жас (Ғали мен Жамал) арасындағы махаббат тарихы арқылы жеткізу, романның оқырман жүрегіне әсер еткен маңызды себептерінің бірі деуге болады.
«Бақытсыз Жамал» кітабына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз (8-777-572-22-33)
www.kitapal.kz сайтынан тапсырыс бере аласыз.
Каспи магазинде де бар.
Осы телеграм боттан да тапсырыс бере аласыз.

😢12❤8💔3👍2
АҚЫНДАРДЫҢ ПАТШАСЫ ЕМЕС, ПАТШАНЫҢ АҚЫНЫ ЕКЕНСІҢ
"Патшалардың ақыны" деген сөз алғаш ұлы композитор Бетховеннің аузынан шыққан. Бірде Гете мен Бетховен Теплицеде серуендеп келе жатып, ханшайым мен оның қасындағы адамдармен кездесіп қалады. Гете жүгіріп барып, басын жерге тигізе жаздап, иіліп ханшайымға сәлем береді. Ал Бетховен ханшайымның алдында мұрнын жоғары көтеріп өте шығады.
Ханшайым мен оның нөкерлері кеткеннен кейін Гете өзінің тым жағымпазданып кеткеніне ұялып, Бетховеннің жанына келеді. Сол кезде Бетховен Гетеге: "Мен сені ақындардың патшасы ма деп жүрсем, сен бар болғаны патшалардың ақыны екенсің ғой," — дейді. Не айтарын білмеген Гете үнсіз қалады.
Гетенің кітабына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазбаңыз. Себебі оның кітаптары жоқ бізде. Ал басқа жақсы кітаптар толып жатыр. Оларды қуана-қуана береміз, тапсырыспен тез ала аласыз (8-777-572-22-33)

❤12👍9
"ҚАРЫНДАС" ДЕГЕНДІ МЕН БАЛА КЕЗІМДЕ КƏДІМГІ ӨЗІМНЕН КІШІ ҚЫЗ БАЛА ДЕП ОЙЛАУШЫ ЕМ
"Елім-айды" енді Қаратаудың өзінің ішінде келе жатып айтқан бөлекше болар. Оны айту үшін Қаратауға əдейі келіп жүрмейсің ғой, - дейді Ғабең.
Мен əуелі рұқсат сұрағандай Қаратауға, сосын қара шалға қарадым. Олар басын изеді.
"Қаратаудың басынан көш келеді...
Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.
Қарындастан айырылған жаман екен-ау,
Қара көзден мөлтілдеп жас келеді."
- Ой, жарықтық-ай! -деді Ғабең.
- Ой, айналайын-ай! - дейді Ғұбайдолла. Қаратау қара домбырадай елестейді. Мен соны құшақтап отырып тартатындаймын. Құлағыма жабыла сыңсыған арулар даусы келеді. Ботаның боздағаны естіледі. Өзім соның ішінде жүргендеймін...
- "Қарындас" дегенді мен бала кезімде кəдімгі өзімнен кіші қыз бала деп ойлаушы ем, - деп сөз бастайды Ғабең, - ол ескі, алғашқы мағынасында қалың ағайынды, бірге туғандықты, бір қарында жатқандықты білдірген екен ғой. Мына өлеңде де соны айтып отыр. Қалың туыстан ажырау, тоз-тоз болып кетуді айтып отыр. "Қаратау" мен "қара көз" бұлардың қазақ екендігін айтады. Ал "көш" бұрын-сонды болмаған ұлы көшуді баяндайды. Амалсыздың мұңын шертеді. "Елім-ай" - деп, арманды зармен екі рет қайырады. Ол екі қайтып келер ме дəурен, Қаратауға мен қайта келермін бе дегені ғой, - деп Ғабең, өзі де байқамастан бір үлкен арналы ойға түсіп кетеді, - ия, сол кеткеннен олар келген жоқ. Байтақ далаға шашылып кетті.
- Біздің əкелеріміз арғы атамыз Қаратаудан көшкен деп отырады, бəрінің атасы Қаратаудан көшкенде, сонда солардың бəрі Қаратауға қалай сыйған? - дейді Ғұбайдолла.
- Қаратауда қазақтың кіндігі қалған. Ол - "астана" деген сөз ғой. Ортақ ордаң болмаса, "астана" сөзі қайдан шыққан? Яғни астана болған. Астана болу үшін - мемлекет, халық болуы керек екені түсінікті шығар. Кейін қазақтың астанасынан алыс кетіп, үшке бөлініп бас қосуға бəріне бірдей жақынырақ жер іздеу себебі де содан. Басы қосылмау қырсығы да содан қалған. Мына біз келе жатқан Түркістан - сол астана болатын. Кейінгі дəуірдің өзінде де қазекең небір қасқа - жайсаңдарын, елге тұлға болған ірі перзенттерін осы Түркістанға əкеліп жерлеген. Қазіргі тілмен айтқанда - ол пантеон болған. Пантеон жасау - ол үлкен мəдениеттің ісі, асқан салттың жұмысы. Мемлекеті болған соң, соған сай мəдениеті болған, Отырар қаласы соны растайды. Ия, ол мемлекеттің есімі - Түркістан еді. Енді ол бір шағын қалашықтың атына көшкен. Тек сөз қалып қойған...
Ғафу Қайырбеков "Елтінжал"

❤26👀4👍3🤯1
МАҚАЛ ЖЕТІСКЕННЕН ШЫҚПАЙДЫ
Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин сексенінші жылдардың орта кезінде «Жазушы» баспасының бас редакторы болып қызмет атқарады. Бірде баспаның күйіп-жанып жататын жұмысымен ренжіңкіреп отырса, қаламдас достарының бірі келіп:
– Мұха, шаршап отырсыз ғой, жұмыс көп-ау тәрізі, – дейді. Сонда Мұхтар:
– Баспаның жұмысы емес, басқаның жұмысы шаршатады, – депті.
– Иә, қағазбасты жұмыс қой, – дейді қаламдас досы жаны ашыған кейіпте.
– Жұмысың бұзық болса да, қағазың түзік болу керек, – деп Мұхтар бұл жолы да келте тіл қатады.
– Мұха-ау, тек мақалдап сөйлейтін болғансыз ба? – дейді досы. Сонда Мұхтар:
– Мақал жетіскеннен шықпайды, – деп бұл жолы да келте қайырған екен.
Мағауиннің кітаптарына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз (8-777-572-22-33)
www.kitapal.kz сайтынан тапсырыс бере аласыз.
Каспи магазинде де бар.
Осы телеграм боттан да тапсырыс бере аласыз.
Белгілі жазушы Мұхтар Мағауин сексенінші жылдардың орта кезінде «Жазушы» баспасының бас редакторы болып қызмет атқарады. Бірде баспаның күйіп-жанып жататын жұмысымен ренжіңкіреп отырса, қаламдас достарының бірі келіп:
– Мұха, шаршап отырсыз ғой, жұмыс көп-ау тәрізі, – дейді. Сонда Мұхтар:
– Баспаның жұмысы емес, басқаның жұмысы шаршатады, – депті.
– Иә, қағазбасты жұмыс қой, – дейді қаламдас досы жаны ашыған кейіпте.
– Жұмысың бұзық болса да, қағазың түзік болу керек, – деп Мұхтар бұл жолы да келте тіл қатады.
– Мұха-ау, тек мақалдап сөйлейтін болғансыз ба? – дейді досы. Сонда Мұхтар:
– Мақал жетіскеннен шықпайды, – деп бұл жолы да келте қайырған екен.
Мағауиннің кітаптарына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз (8-777-572-22-33)
www.kitapal.kz сайтынан тапсырыс бере аласыз.
Каспи магазинде де бар.
Осы телеграм боттан да тапсырыс бере аласыз.
😍14👍7❤5😁4😢1
Пффф... сол да сөз боп па? – деп отырған шығарсыз. Ендеше көріңіз. Бір күн бойы ешкімді ғайбаттамай шығыңызшы. Осы межеге жетсеңіз, сізді әулие деп мойындаймын (іштей). Неге әулие? Себебі ғайбат айтпай бір күн шыдай алатыныңызға сену қиын. Себебі...
Себебі сіз айтпасаңыз да жаныңыздағы адам айтып жатқанын үн-түнсіз тыңдап отырсаңыз, ғайбат айтқанмен тең екен.
Ғайбат айтпасаңыз да, ишарамен, қабағыңызбен біреуді сыртынан меңзесеңіз, ол да ғайбат.
Пародия жасап, біреудің даусын салсаңыз...
Біреудің бойында бар сипатын айтсаңыз, мысалы, бойы тым ұзын, құлағы үлкен, көзі қысық, намазын оқымайды, ерте тұрмайды, тамақты көп жейді, т.б.
Мұны толығырақ білу үшін «Ғайбат. Басқа бәле тілден» кітабын оқуды ұсынамыз. Өзі биттің қабығындай жұқа кітап, бірақ іші (бұқа) пайдалы ақпаратқа толы. Тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз (8-777-572-22-33)
www.kitapal.kz сайтынан тапсырыс бере аласыз.
Каспи магазинде де бар.
Осы телеграм боттан да тапсырыс бере аласыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍12💊7👏1😁1
(Шәкәрім)
Шәкәрімнің «Абай болмаса, ақын болуым екіталай еді» дегені бар екен. «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық» деген өлеңінде «Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық!» деп Шәкәрім түзу жолға тек Ұлы Абай бағыттай білетінін білдіргісі келеді. Ақынның жоғарыда аталған «Жастарға» өлеңі 19 жасында жазылған екен.
Шәкәрімнің денесі жапандағы құдықта көмусіз отыз жылдай жатады. Кейін ғана, жазалаушы отрядтан аман қалған ұлы Ахат денесін арулап, дұғасын оқып, жерледі деген дерек бар.
1988 жылы Шәкәрім ақталып, мұрасы халқына қайта оралды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40😭13👍6👀1
Өміріңде бірнәрсені өзгерту үшін шабыттану керек немесе ашыну керек.
Соны ашыну, күйіну, торығуға жеткізбей-ақ өзгерте берсек болмай ма?
Ендеше шабытты қайдан аламыз өзгеру үшін?
Жауап: кітап оқудан, жүгіруден, жақсы ортадан, күнделік жазудан, тиктокты өшіруден.
Бір әрекетті өзгертуден өзгерістің алғашқы баспалдағы басталады. Дәл бүгін қай ұсақ істі не әдетті өзгертуге шешім қабылдайсың?

❤67🔥16👍11😍2
Абдулла ибн Аббас жеткізген хадисінде Алла елшісі
Біз екі рәкат оқуға тұра алмаймыз. Біздікі не деген жайбарақаттылық!
Мүмкіндіктерді жәмән жіберіп қойып жатырмыз.
Дәл бүгін Алматы қаласы, Мақатаев 128А адресіндегі дүкенімізде барлық кітапқа 15% жеңілдік бар. Барып талап әкетіңіздер. Әсіресе, Құран кітапты, пайғамбар өмірбаянын, психологиялық кітаптарды.
Толық ақпарат: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👍9💔5
Адамның көңілі – ең нәзік, ең мөлдір жаратылыс. Тез өзгереді, тез былғанады, тез сезеді. Біз жақынымыздың бізге көңіл аударғанын қалаймыз. Көңілімізді аулағанын, тапқанын қалаймыз. Бәріміз сондаймыз. Кері теоремаға салсақ, біздің оларға мұқтаж болғанымыз секілді, олар да біздің көңілімізге мұқтаж ғой, демек. Ендеше неге олардың көңілін табуға тырыспай жүрміз?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤🔥20❤16😍7👍4😭3
Тұла бойы тұнған намыстан жаралған қайран қазақ. Намысы мол, айласы аз, бағы да сол, соры да сол.
©Шер аға
💎 Қалай айтқан, иә? Шынымен бойымызда оттай лаулаған намыс бар. Ол кейде өзімізді де күйдіріп жібереді. Кейде мәселенің байыбына бармай, аттан салған жерде бәрін жойып жіберуге дайын тұрамыз. Мысалы, жақында ғана ұлт үшін пайдалы кітап шығаратын Бақытжан Бұқарбай ағамыздың «Қазақты қалай басқару керек?» деген кітабын сатылымнан алдыртып тастады. Ал ол кітаптың мазмұны – «сені дұшпаның осылай отарлады, осындай кемшілігіңді пайдаланып, өзіңе қарсы қару қып жұмсады. Соны біл, енді оған қайта қақпанға түспе, өзіңді отарлауға, басқаруға жол берме, кемшілігіңді түзе» еді.
💎 Намыс көп... Бірақ айла жоқ. Сол намысты айлалы болуға, білімді, күшті болуға, үйренуге, жаңа нәрсе тұрғызуға жұмсамаймыз? «Мен ағылшын тілін үйренуге қиналамын!». Енді намысыңды жұмсап, дүниенің ілімін, тілін үйреніп алмаймыз ба?
💎 Сорымызды бағымызға айналдырайық.
⏰ Білімді болу үшін кітап оқиық. Артық білім кітапта. www.kitapal.kz сайтында барлық кітапқа 15% жеңілдік жүріп жатыр. Жүгіріңдер, асығыңдар!🏐
©Шер аға
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤28👍6😢5🔥3❤🔥2🤔1
БІР ҚҰЛАДЫМ ЕКЕН ДЕП, ЖАТА БЕРУГЕ БОЛМАЙДЫ
Ізгі данышпанның бірі бір балшық жолмен келе жатып, етегін көтеріп, тайып жығылмайын деп қадамдарына мұқият қарап келе жатты. Бірақ қанша тырысқанмен, балшықтың дәл ортасына келгенде жалп ете түсті. Бұдан кейін үсті-басы балшық болғандықтан, енді мән берместен, балшық ішінде өз қалауынша еркін жүре бастады, екінші жағынан жылап:
«Міне, күнәға түспей тұрып, күнәлардан сақтанып жүрген адамның хәлі осы. Бір рет, екі рет күнәға батқаннан кейін ендігәрі мән берместен оның ортасында алшаңдап жүре бастайды», – деді.
Жасалған бір күнә екінші бір күнәні шақырады. Нәпсінің қақпасын кішкене ашсаң, дауыл соққандай үлкен ғып ашып жібереді. Жабу қиын.
Бірдеңе бүлдіріп қойғанда дереу жасалатын амал:
1) Жаман амалды бірден тоқтату
2) Орнын толтыру (мысалы, біреуден ақша ұрлап алсаң, қайтару. Ұрсаң, емдетіп, көңілін табу)
3) Құдайдан кешірім сұрап, тәубе ету
4) Артынша бір жақсылық жасау, 2 рәкат намаз оқу.
5) Жақсылығыңды ұмыту, күнәңді ұмытпау.
Тәубе туралы толық білу үшін сол туралы кітапты оқи аласыз. "Күнәдан арылудың жолы - тәубе", "Бақыт формуласы", т.б. Тапсырыс беру: уатсап 8-777-572-22-33

🔥34❤18👍10🆒3
Байқасаңыз, жаңа әрі қызық идеялар біз күтпеген кезде келеді. Душқа түсіп тұрсаң да, керемет ойлар келеді. Сондайда күнделікке түртіп алсаңыз, естен шығып кетпейді.
Жыл басында жазған немесе үш жыл алдында жазған жазбаларды оқып отырып, қаншалықты өзгергеніңді, ақылың кемелденгенін, қалай дамығаныңды көре аласың. Егер дым өзгермесең, онда дереу қолға алу керек. Екі күні бірдей өткен адам зиян шегіп жатыр деген сөз. Ал екі жылы бірдей өткен адамға не деуге болады?
Мысалы, күнделікке «бүгін ауырып қалдым» деп жазуың мүмкін. Ал бір айдан соң сол жазбаны оқып, ойланасың. Сонда басыңа дереу жауабы түсе қалады. «Астапыралла, сол ауру арқылы бір бәледен аман қалыппын ғой. Құтырып бара жатыр едім, сабама түсіппін, тәубеме келіппін..» деп хикметін түсінесің.
Адам қателіктеріне қарап сабақ алады. Ескі жазбаларды оқып, қай кезде қандай шешімдерің кейіннен қателікке ұрындырғанын байқайсың. Жылқыны жазда сатсаң, арзанға, күзде сатсаң, қымбатқа кететінін бағамдайсың. Майлы тамақ, газдалған сусын, тәттіні көп жей берсең, кейіннен бүйрек/бауырың ауырып, түр-әлпетің бұзылғанын түсінесің.
Адамның басы – ойдың ұясы. Зуылдап бірі кірсе, бірі шығады. Оны сол қалпында ұстап жүре берсең, басыңды дуылдатып жібереді. Сондайда қағазға түсірсең, артық файлдан тазаланған телефонның жадындай, миың да тынышталып қалады.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍25❤23💊9
Оқырман хаты:
Үйімізді жөндеуден өткізу керек болып, бір бөлмеден бастап жұмысқа кірісіп, телеграмнан қазақша хит әндерді қосып қойып, білекті сыбанып жұмысқа кірісіп кеткем.
Басында жақсы сияқты сезіліп ырғағым жақсы болатын (под музыку) 😅 Кейін біртүрлі басым ауырып жүйкеме тие бастады ақырындап.
Сәл шыдадым… Ары қарай мағыналы ән, өлең тыңдадым. Бірақ бәрібір өз табиғатыма келмейді екен, өшіріп тастадым. Содан ютубты ашып танымал болып жатқан Дастан, Нұрсұлтан, Абылай ұстаздардың “Аты жоқ подкаст” каналының 6 подкастын тыңдап шықтым. Өте керемет әсер алдым. Жұмысым кәдімгідей жеңіл кетті насихаттар әсерімен.
Тағы керек, ары қарай не бар? - деген сұрақ қалды.
Содан алдымнан рек-тан “Қатты қаласаң, уақыт табасың” деген #12 подкаст шыға келді. И понеслась дейді ғой)
Жөндеу аяқталғанға дейін тыңдадым, шабыт ашылып кетті, жұмыс бітпесе екен деп те қоясың ғой бір жағынан😃
Өзімді дамытуға және бір нәрсе жасауға деген ниетім бар, бірақ құлшынысымды оята алмай жүргем. Осы сіздердің подкасттарыңыз өздеріңіз айтпақшы - “ШАПАЛАҚ” болып жатыр әрекет етуге.
Әсіресе, “Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырғымыз келеді” - деген ұран, мақсаттарыңыздың өзі, сіздердің ниеттеріңізден де болар, кәдімгідей күш жігер сыйлады.
Ең елеулі өзгерісім өзіме ұнаған: таңғы 5:30-6:00 арасында оянып, бұрын соңды саналы түрде жасамаған өзіме пайдалы болатын кітап оқу, жаттығу жасау, уақытымды жоспарлау т.с.с. істерді жасауды үйрендім.
Кәдімгідей күніме береке кіре бастады, бұрын қысқа сияқты көрінетін күн, ерте тұрудың арқасында бір күнім екеу сияқты болып өтетін болды.
Бұрын өз өзіме көңілім толмайтын, енді көңіл күйім тұрақты, ешқандай эмоционалдық ауытқу жоқ, оған қоса энергияң толып тұрады екен өз бойымнан өткізіп түйгенім.
Жаяу жүруді ұнатпайтынмын, подкасттарыңызды тыңдау үшін құлақ қап киіп алып жаяу жүруді үйрендім. Айта берсем бір кітап жазып тастайтын сияқтымын😀 бір сөзбен айтқанда - “МЕН ОЯНДЫМ”
Сіздерге айтарым - тек тоқтамаңыздар, істеріңіз берекелі болсын. Барша халық білімді, бай қуатты болайық✊✊✊

👍86❤35👏13❤🔥8🤗2
Кек алам деп өзеуреме, адамды тіпті ойша да өлтіре көрме, тіпті қарғыс атқан ұрыны да. Есіңде жүрсін: жамандық жасағанның сазайын өмірдің өзі тартқызады. Сөзсіз жазалайды, шүбәң болмасын. Жаза оның ізін аңдып, мәңгі өкшелеп жүріп отырады, бірге жатып, бірге тұратын болады. Ал сені өмір есіркейді.
Шыңғыс Айтматов
Суреттегі екі тұлғаның бір-біріне жазған хаттары "Құз басындағы аңшының зары" деген кітап боп шыққан.
Шыңғыс Айтматов: «Өз басым өзге елге сапарға шығып, өзге жұрттың табалдырығын аттай қалсам, әрқашан қасиет тұтып, өзіммен бірге қастерлеп ала жүретін екі түрлі асылым бар: бірі - «Манас», бірі - «Абай жолы».
Айтматов, Әуезов, Шахановтың еңбектерін оқуға кеңес береміз. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33

👍34❤14😭6
Асан деген аңшы кісі болған. Көкпаршы шалдардың атқа міне алмайтын азаматтарға аянышпен қарайтыны секілді, ондай кісілер аң аулай алмаған адамдарға аяушылықпен қарайды ғой, сондықтан баласын да аң атуға баулымақ болып анда-санда ертіп шығады екен. Бір күні 15-16 жастағы баласы өзімен құрдас-досы, аңға құмар бір жігітті ілестіре шығыпты.
Оқиғаның қалайдан-қалай болағанын тәптіштеп жазбай-ақ қояйын, әйтеуір оқтаулы мылтықтың масасы басылып кетіп өздерімен ере шыққан жас жігіт жазым болады. Жазым болған жігіт жалғыз екен... Сол аймақта айтқанда сөзі, атқанда оғы далаға кетпейтін Жұман дейтін ел-жұртқа қадірлі қария болған. Асан енді солай шауыпты. Тізгін ұшымен жетіп, «Ақсақал! Оқиятта жазым болған баланың қазасын естіртіп, әкесі Қасымбайдың ашуын сұрап беріңізші» деп басына түскен іске араша сұрапты.
Жұман қарт жолға шығады. Қасымбайдың ауылына келіп, суық хабарды жеткізеді. Анасы аңырап қоя береді, әкесі шөккен нардай бүктетіледі. Рулас, ағайын-жұрт бар, ашу мен атқа қатар мініп Асанға қарай аттанбаққа айқай-сүрен, дүрлігіседі.
Төрде отырған Жұман қарт күңірене сөз алады. «Айналайын Қасымбай, әкежолдас адам едік, жамандық жерде жата ма, қазаны кім естіртпейді, кім естімейді. Менің келген шаруам сабырға шақырып, Асанға деген ашуыңды сұрау, ашуыңды маған бер, оқыс болған оқиғамен әулет ара қырқысып, ел арасына іріткі түспесін, одан ер тірілмейді. Шындап келгенде әркім межелі уақытымен кетеді. Себебін қусақ пенде баласының ақылы жетпейді, сенделіп кетерміз. Ашуыңды бер, алды жарық болсын, артқы жұмысын ыңғайлайық» дейді.
Қасымбай Жұман қарттың, қалғаны Қасымбайдың сөзіне тоқтайды.
«Балам бір өлсе, Жұманның да сақалды басын сыйламапты дегізіп мен екі өлетін жағдай жоқ, ашуымды бердім» деген екен қазаның иесі Қасекең. Бір-біріне қадірі бар қайран ерлер...
Ұларбек НҰРҒАЛЫМҰЛЫ
Дайағашшы кітабына тапсырыс: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍29❤15😢4😍1💔1
НЕГЕ АДАМДАР ӨТКЕНМЕН ӨМІР СҮРЕДІ?
Кейбір адамдар «есте сақтау қабілетім нашар» дейді. Бірақ өткенді қопарғанда... нүкте-нүктесіне дейін ақтарады. «Пәлен жылы сен бүйтіп айтқансың маған. Көңілімді сұрап келмегенсің. Сыйлық жасамағансың. Алдымнан күтіп алмағансың. Жағдайымды білмегенсің. Туған күніммен құттықтамағансың. Алтын емес, күміс сыйлағансың. Берекемді қашырғансың» деп тізгенде аузың ашылып қалады. Кемінде 4-5 жыл өтіп кеткен наланы әлі қалай көтеріп жүр?
Өкпелеу дұрыс, бірақ сол сәтте ғана. Бұрын сәл желөкпе, терең ойланбайтын, адамның көңіліне қарамайтын, бәріне маңыз бере бермейтін, ұмытшақ адам болуымыз мүмкін. Одан бері адам өзгереді, қатесінен сабақ алады. Бірақ соны араға уақыт салып, қайта бетіне басу – ұят тірлік. Біткен жараның аузын тырнап, кепкен бо...ты жібітіп, қоқысты жәшіктен қайта алу сау ақылға сыймайды.
Өткенмен өмір сүретін адам ауыр жүк көтеріп жүр. Оған қаншама энергия кетеді. Болашақпен де өмір сүруге болмайды. Болашаққа тек жақсы үміт, өткенге – салауат. Дәл осы сәтпен өмір сүру керек. Бақыт – дәл қазір. Дәл қазір өкпе-ренішсіз, ешкімді ренжітпей, ешкімге ренжімей, жақсылыққа шақырып өмір сүру.
Кешіруге қатысты жақсы кітаптар оқу үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33

❤42👍14
DANAЛЫҚТЫ ӨЗ ЖҮРЕГІҢЕ ҚОНДЫРУ
Біреудің жүрегіне даналық енді. Ол тәжірибеден, өмірлік сабақтардан, есеп беруден, ойланудан қалыптасты. Осынша ілім көрге кетіп қала ма? Жоқ, ол кісі артына із қалдыру үшін, келер ұрпаққа пайдалы болсын деп, көкірегіндегі білімді қағазға түсіріп, кітап жазады. Кітап дүкен сөресіне түсіп, оқушысын күтеді. Оны түрлі адам алып оқиды. Мақсат – кітапты оқып тауысу емес. Автордың жүрегіне қонған даналықты өз жүрегіңе қондыру. Жүректен жүрекке жеткізу деген осы.
Кітапты асығыс, үстіртін оқу – ешкімге пайда әкелмейді. Түсінбейтіндей дәрежеде жылдам оқымау керек. Түсінетін деңгейде жылдам оқу керек.
Қандай кітап оқуды білмей жүрсіз бе? Біздің менеджер сұмдық кітаптанығыш. Жақсы бір кітап таңдап береді. 8-777-572-22-33

❤44❤🔥7👍7
МЫҚТЫ БОЛАМ ДЕСЕҢІЗ, ӨЗІҢІЗДІ КІТАП ЖАЗУҒА ҚАЗІРДЕН БАСТАП ДАЙЫНДАЙ БЕРІҢІЗ
– Кітап оқудың кез келген мүмкіндігінен бас тартпай, пайдаланыңыз;
– сатып алуға ақшаңыз болмаса, дүкенде тұрып оқи беру керек. Бірақ қазіргі кезде ондайға бара қоймассыз деп ойлаймын. Қанша айтқанмен, көп жағдайда іздегеніңізді Интернеттен де тауып оқуға болады;
– егер әлі оқушы не студент болсаңыз және кітап оқуға құмарлығыңыз енді оянса, онда қолға түскеннің барлығын таңдамай оқи беріңіз. Ертелі- кеш талғамыңыз қалыптасып, не керек екенін нақты білетін боласыз. Адамзат тарихында ертеден бүгінге дейін жазылған миллиондаған кітаптың арасында тек жүзін ғана оқыған шарт, бірақ сол жүз кітапты анықтау үшін мыңдаған кітап оқуыңыз керек;
– ал егер оқуды аяқтап, жұмыс істеп жүрсеңіз, отбасылы болсаңыз, қолға түскенді оқи беруге уақыт табыла бермейтіндіктен, ұлы тұлғалардың өмір- баяндарын оқудан бастаңыз. Бұл әдістің арқасында өмірде және жұмыста қажет болатын қабілеттерді қалыптастыра аласыз;
– әрбір кітаптың қадірі бар екенін естен шығармаңыз. Бұл туралы түсінік тек көп кітап оқығанда ғана қалыптасады;
– күніне, кем дегенде, жарты сағатыңызды кітап оқуға арнауды ұмытпаңыз;
– ағылшын тілін меңгеріңіз;
– қазіргі заманда қаптап кеткен бизнес, өз-өзіңді дамыту, мотивацияны иелену туралы әдебиет жай ғана сән екенін ұмытпаңыз. Егер күлмесхан адам болсаңыз, сізге сәнге айналған кітаптарда жазылғандай, күліп үйренудің қажеті жоқ, күлмейтін адамдардың да басымдыққа ие тұстары болады. Сәннің жетегінде кетпеңіз;
– мотивация туралы жүз кітап оқудың қажеті жоқ. Нацистік Германияның концлагерлерінің тозағына түссе де, мотивациясын жоғалтпаған психолог Виктор Франклдің кітабын оқысаңыз жеткілікті, бұл тақырыпта одан ешкім асып түсе алмайды;
– балаңызды кітап оқуға мәжбүрлеп, өзіңіз кітап бетін ашпайтын адам болсаңыз, қанша тырыссаңыз да бұл нәтиже бермейді;
– кітаптарыңызды біреуге оқуға бермеңіз, басқалар оның қадірін сіз түсінгендей түсінбейді. Бірақ кітап сыйлауды әдетке айналдырыңыз;
– басында білімі жоқ шешеннен де, кітап оқитын момын артық. Спикерлерді мұқият таңдаңыз;
– мықты болам десеңіз, өзіңізді кітап жазуға қазірден бастап дайындай беріңіз.
– оқырман ретінде қалыптассаңыз, өзіңіздей оқырманды қалыптастыруды да ұмытпай, осыған он жыл уақытыңызды жұмсаңыз;
– біреудің ізденіп оқитын тақырыбын білсеңіз және сол туралы кітап кездестіріп қалсаңыз, оны міндетті түрде сатып алып, сыйлаңыз не болмаса ол туралы танысыңызға хабарлауды ұмытпаңыз;
– «Қандай кітап оқу керек?» деген сұраққа жауабым: ұнайтын кітапты оқыңыз, оқығанды тоқып, пайдасын іс жүзінде тексеруді естен шығармаңыз;
– қазірден бастап немереңізге сыйлауға лайық кітаптарды жинай беріңіз.
Бақытжан Бұқарбай "Күміс кітап"
Кітапқа тапсырыс: 8-777-572-22-33

❤37👍9🤝5
Адам деген ылғи ізденісте, дамуда болады ғой. Сәл сасық су секілді бір орында тұрып қалсақ, өзімізді қолға алып, қайта бір сілкініп аламыз. Таңда ерте тұрамыз деп, оятқыш қоямыз. Алайда оянған кезде оятқышты өшіріп, қайта ұйықтап қаламыз. Кейін ұйқы қанып оянған соң, «неге қайта ұйықтап қалдым, неге тірлік қылмадым» деп өзімізге ренжиміз. Осыған не себеп:
1. Терең ұйқы фазасында (мысалы, баяу толқынды немесе жылдам көз қозғалысы кезеңінде) оянсаң, қайта ұйықтап кетуіңіз мүмкін.
2. Терең ұйқының көлемі аз болса, таңертеңгі уақытта дене әлі де ұйқыға тартады, сондықтан қайтадан ұйықтап қалуыңыз ықтимал.
3. Мотивацияның аздығы. Не үшін ерте тұрамын деген сұраққа жауап таппау.
ҰСЫНЫС:
1. Кешкі уақытта тыныштандыратын іспен айналысу (кітап оқу, медитация), кофеин мен ауыр тағамнан аулақ болу.
2. Оятқышты төсектен алысқа қою.
3. Таң берекесі жайлы нақты түсініп, өзіңізді дайындау.
4. Бірнеше оятқыш қою әр жерге. Орныңнан тұрып жүргенде ұйқы да ашылар.
5. Түскі ұйқыны азайту. Максимум 20 минут. Түскі 3-тен кейін ұйықтамау керек.
Ұйқы туралы қазақша, орысша кітап көп. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤37👍17💊4