KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ЖӘННАТ САРАЙЫ КІМДЕР ҮШІН?

Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі мен игілігі болсын):
Жәннат бақшаларына қарап тұрған сарайлар көрдім және Жәбірейілден:
«Бұлар кімдер үшін?» деп сұрадым. Ол:
«Әртүрлі кек, жақтырмау және өкпесін басып ішіне көмгендерге және адамдардың кемшіліктеріне шыдап кешіргендер үшін» деді (Әли әл-Мүттәқи, №7016; Ауариф, 253б)

Қазіргі психологтар не дейді? «Біреуге ренішің бар ма, айтып таста! Жақтырмай тұрсың ба, жақтырмайтыныңды айт. Кекті сақтама, шығар. Сені ұрса, сен де ұр. Адамның кемшілігіне шыдап жүре берме, бетіне айт. Сені кешірмегенді кешірме».

Психологтардың айтқанын істеп, жағдайы жақсарған ешкімді көрмедік. Дамып кеткен Қазақстанды байқамадық. Керісінше ажырасқан, ренжіскен, ұрысқан, араздасқан жақын адамдарды көреміз.

Одан да асылымызға, түп негізімізге қайтайық. Жамандыққа жақсылықпен жауап қайтарайық. Бұл – жеке басыңа жасалғандар үшін. Ал қоғамда басқа біреуге жамандық, әділетсіздік жасалса, қасқайып қарсы тұру керек. Құтқару керек. Ақысын әперу керек.

Жұма мүбәрак болсын!

Бүгін Құран кітаптарға жеңілдік бар. 8-777-572-22-33
❤42👍10😍3🐳1
Кітапты қай жерде оқыған ұнайды?

(соңына дейін оқы. соңында сыйлық бар)

Кафеде терезе жанында отырып, орман жаңғағы қосылған капучино кофеден бір ұрттап қойып, әдеби кітап оқыған қандай!

Үйде терезе жанында сырттан жауған жаңбырдың сырғанап аққан тамшыларын тамашалап, кітабыңа үңіліп, ыстық шай ішіп оқыған қандай!

Жапалақтап жауған қардың ұлпаларын қызықтап отырып, столда кітабыңнан блокнотқа жазбалар жазып, маркермен бояп, шоколадты какао ішкен қандай!

Әр адам әртүрлі ғой. Мысалы, мен сияқтыларға абсолютті тыныштық немесе тынымсыз шу қажет. Оқта-текте бір дауыс шығып тұратын болса, ойыңды бұзады. Ал шу болса, фокусың бұзылмай, кітапты жақсы оқисың.

Әр адам әртүрлі ғой. Біреу жатып оқиды, біреу жүріп оқиды, біреу ережесін сақтап, орындыққа отырып оқиды.

Бір жігіт жарысқа қатысам деп, бір аптада үш кітап оқып бітіруім керек деп, түнде көрпе астында сотканың фонарының жарығымен оқыған ғой. Сөйтіп бір демде көзі -1,5-ға нашарлаған. Сен олай жасама.

Ата-аналарымыздың кейбірі дәл солай жасаған. Бұрынғы кезде жарық ұдайы жанып тұрмаған ғой. Түнде сөніп қалатын. Сондай кезде фонарьмен оқып, көзін құртқан. Қазір көзілдірік киеді.

Өз пікіріңді жазып жібер. Ең үздік пікірге KITAPAL приложениесіндегі 500 кітапқа 3 ай тегін доступ береміз.
👍28❤12🐳1
БІРЕУГЕ АШУЛАНСАҢ, АЙТЫП ТАСТАУ КЕРЕК ПЕ?

Жалпы психологтар солай айтады ғой. «Ішіңде сақтама, шығар. Әйтпесе ауру боласың. Тіпті жинала берсе, рак болып кетуі мүмкін. Айтып тастасаң, жеңілдеп қаласың, т.б...» деген сияқты. Батыстың психологтарынан бастау алған бұл әдіс дұрыс па?

Бірақ сонда пайғамбарымыздың мына жауһар сөздерін қайда қоямыз?

- «Сабыр алғашқы соққы тигенде білінеді»;
- «Көпті жығып, жеңген мықты емес, нағыз мықты – ашуланғанда өзін ұстай білген кісі»;
- «Егер сендердің бірің ашуланса, үндемесін»;
- «Кімде-кім Алланың ризалығы үшін ашуын тыятын болса, оның ішін иманмен толтырады».


Демек, бір жақты қарауға болмайды.

Мен енді психолог емеспін. Бірақ қара жаяумын демеспін. Бала кезден өте ашуланшақ адам ретінде және қазір ашуымды біршама тізгіндей алған адам ретінде өз тәжірибемді айтайын.

Ашуланғанда үлкен энергия ішіңде тұратыны рас. Жүрегіңді бір толқын билеп (шайтанның үрлеуі шығар, шоққа үрлегендей), қаның басыңа шауып, жүрегің қатты соғып, айтып тастағың келетіні де рас. Сол сәтте айтып тастасаң, жерігің басылғандай, шөлің қанғандай, қышуың қасылғандай, қанағаттанған сезім туатыны рас.

Мысалы, көлік жүргізіп келе жатасың. Біреу келіп дөрекі түрде алдыңды қиып, тұмсығын тығып тұра қалды. Шытынап ашуланасың ба? Ашуланасың! Айқайлап, боқтағың, ұрғың келе ме? Иә! Ал сонда ашуды қалай жұтамыз? Былай: ашуыңды ақылға жеңдіріп, өзіңе сұрақ қоясың; өзіңді сол адамның орнына қойып көресің.

- «Асығып келе жатқан шығар, асыққанына бір себеп бар шығар»;
- «Көлікте екіқабат әйелін перзентханаға апара жатқан шығар»;
- «Көлікте баласы ауырып, соны үйіне тез апара жатқан шығар»;
- «Дәрет қысып, асығып бара жатқан шығар»;
- «Басында проблемасы көп шығар, соған басы қатып келе жатқан шығар»;
- «Өзің де кейде асығасың ғой бір шаруа туғанда. Бүгін осының басына туып тұрған шығар»;
- «Ит тістеді екен деп, мен де тістейін бе?»
- «Кім үшін ашуланып жатырмын: нәпсім үшін бе, құдай үшін бе?»


Осылай ойлағанда ашуың жоқ боп кетеді. Ішіңде қалмайды да. Ішіңде қалмаған соң, сыртқа не шығарасың? Не айтып тастайсың???

«Терең ой» кітабынан.
Кітапқа тапсырыс беру үшін менеджерге жазыңыз: 8-777-572-22-33
🔥33👍26❤10❤‍🔥2🎉1💔1
🔥 Бір оффлайн әңгіме тыңдау 10 подкасттан да артық!

🆘 Kitapal TALKS-қа 2 күн қалды

Күнді қоя берші, орын аз қалды.

Билет құны: 3000 тг
Төлемді мына жерге аударып:
https://pay.kaspi.kz/pay/ot9obkdy

Чекті менеджерге жіберіп, орын алып үлгеріңіз:
wa.me/7775722233
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍13⚡1🤝1🦄1💊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бабур Әділхан: адамды бай қылатын бес зат, ең қымбат қызметкер | Kitapal podcast #34
https://youtu.be/-a6oivgqUFA


Сұхбат барысында мамандықтың аты мен заты, ең қымбат қызметкер, өзіңді танудың жолдары, мамандық пен ажырасудың байланысы деген тақырыпқа әңгіме өрбітеді.

Бүгін 21:00, дүйсенбі
❤18👍4🐳1💊1
КІТАП ОҚУҒА ОСЫДАН АРТЫҚ СЕБЕП КЕРЕК ЕМЕС!

Адам досына ұқсай бастайды. Себебі сонымен уақыт өткізеді. Сөйлеседі, талқылайды, құпияларын айтады, сенеді. Бірақ досың өзің сияқты жасы 20-дағы «өмірлік тәжірибесі» жоқ адам емес пе? Саған не үйрете алады?

Сол үшін кітап оқуың керек. Себебі кітапта осы уақытқа дейінгі данышпандар, тұлғалардың өмірлік кеңестері, тағдырдан түйген қағидалары жазылған. Жақсы кітап – жақсы дос секілді. Үнсіз тыңдайды. Тек жақсы ақпарат береді.

Кітап оқудан ешқашан ұтылмайсың. Басқа тірліктен ұтылуың мүмкін, бірақ тек кітап емес.
❤63👍13😍4🎉1🐳1
АДАМНЫҢ МАХАББАТЫН ТҮНГЕ ҚАРАП БІЛУГЕ БОЛАДЫ

Адамның махаббатын түнге қарап білуге болады. Адам түнде немен айналысса, соны жақсы көреді.

Кім түнде не істейді? Біреу түнімен қуады, клубқа барады, қыдырады. Біреу түннің бір уағына дейін кино-видео көреді.

Кім түнде ақыреттің ісімен айналысса, демек оның махаббаты - Алламен жолығу, пайғамбарымызбен қауышу.

Ақыреттің ісімен айналысу – тым болмаса таң намаздан 10 минут бұрын тұрып, екі рәкат намаз оқу.

Бүгін жұманың берекесіне бөлене беріңіз. Құран кітаптарға дәл бүгін 15 пайыз жеңілдік боп жатыр. Дәлірек айтқанда 500 кітапқа 50 пайызға дейін жеңілдік боп жатыр. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
👍37❤24🎉1💊1
САЛЫСТЫРУ – БАҚЫТТЫҢ ҰРЛЫҚШЫСЫ

Адам табиғаты салыстыруға бейім. Бірақ салыстыруға болатын нәрсе бар. Дәл сол сияқты салыстыурға болмайтын нәрсе бар. Байлықта өзіңнен төмен адамдарға қара. Соларға қарап шүкіршілігің оянады. Қолыңда бар затың біреулер үшін арман екенін түсінесің. Егер байлықта өзіңнен жоғары адамға қарасаң, бақытыңды ұрлайтын ой пайда болады. Бұл – зиянды салыстыру. Яғни, «қарашы, пәленше сенен мықты көлік мінеді, сенен зәулім үйде тұрады, ақшасы сенен көп. Неге сол сияқты бола алмайсың?» деген ой. Бұл ой адамды шүкірсіздікке әкеледі. Тағы да дүниенің артынан қууға, сараңдыққа апарады. Көрдің ғой?

Ал тақуалықта өзіңнен жоғарыға қара. Өзіңнен гөрі мінезі көркем адамға қарап, өзіңнің әлі шикі екеніңді, бойыңда зиянды әдеттерің көп екенін, жүрегіңде емделмеген дерттер бар екенін түсінесің. Жасаған жақсылықтарыңа дандайсымай, керісінше оларды одан сайын аз көріп, көбірек ізгі іс жасауға құлшынасың. Егер тақуалықта өзіңнен төменге қарағаныңда, тәкаппарлығың оянар еді. «Пәленше бір тиын да садақа бермейді, оның қасында мен ай сайын жүз мың теңге мұқтаждарға беріп жүрмін» деген әзәзіл ойлар келеді. Аз амалға мастанып қалып қояр едің.

Басқалай өзіңді ешкіммен салыстырма. Себебі сен ешкімге ұқсамайсың. Сен таңдай алмайтын нәрселер бар: жыныс, ұлт, әке-шеше, түр. Бұлармен мақтану – тап-таза ақымақтық. Өзің мақтанба. Жұрт сыртыңнан мақтасын. Олар мақтасын деп тіпті күтпе. Сен және Ұлы Рахманның арасында ғана есеп жүреді.

Пайдалы кітаптар оқу үшін дәл қазір тапсырыс бер: 8-777-572-22-33
❤31👍10🔥1🐳1
КІМГЕ РЕНЖИМІН?

Уақытым босқа өтіп жатса, күн ұзақ ұйықтай берсем, өзімді дамытпасам, намазым ғапылдықпен оқылса, түнім видео көрумен, ойнаумен және ұйқымен өтсе, ұйқымнан тұрғым келмесе, түнде тұрып Құран оқи алмасам, онда кімге ренжимін? Мұсылмандар қазір әлемде әліз, бейшара деп айтқанымнан не шығады, себебі өзім соның бірімін. Қазақстан дамымайды, өкімет жаман, медицина нашар, білім жүйесі әлсіз деп айтқанымнан не шығады, себебі өзім соған себепкермін.

Кім мені сырттан келіп өзгертеді? Түсімде біреу келіп аян беріп кете ме? «Тұр, оян! Еліңді алға сүйре. Еріншек болма. Бір емес, он тіл үйрен. 8 емес, 16 сағат жұмыс істе. Он кітап емес, жүз кітап оқы. Спортпен айналыс» деп құлағыңа сыбырлап кетуі керек пе? Сондайды күтіп жүрсің бе? Ол ертегі ғой. Өз-өзімді қолға ала алмасам, онда кімге ренжимін?

Қиындықтар адамды мықты қылады. Әрине, оны жеңіп шықсаң. Ал жалпы мықты болу үшін міндетті түрде қиындық келуі керек пе? Қазірден жай ғана өзіңді жан-жақты дамытып, мықты болуға болмай ма? Міндетті түрде басыңа сынақ түсуі керек пе? Жай ғана ойланып, соған жете алмаймыз ба?

Ойланбасаң, өмірің өте береді, өте береді, өте береді...

Кітап алу: 8-777-572-22-33
💔31👍19❤8😭5🔥2😍1
ҚОЛЫҢДА БАРДЫ БАҒАЛАУҒА ОСЫ ДА ЖЕТПЕЙ МЕ?

Жер халқы шамамен 7,8 миллиард адамды құрайды.
Егер бұл санды 100% деп алсақ:
• 77% тұрғын үйі бар
• 23% үйсіз

Тамақтану бойынша:
• 21% ысырап қып тамақ ішеді
• 63% қажетті азығы бар
• 15% тойып тамақ ішпейді
• 48% адамдардың күнделікті өмір сүру шығыны 1000 теңгеден аз

• 87% ауыз суға қол жеткізе алады
• 13% ауыз су жоқ

• 75% мобильді телефондары бар
• 25% телефон пайдаланбайды

• 30% интернет бар
• 70% интернетке қол жеткізе алмайды

Білім бойынша:
• 7% жоғары білім алған
• 93% ешқашан колледж немесе университетке бармаған

Сауаттылық:
• 83% оқи алады
• 17% сауатсыз

Жас мөлшері бойынша:
• 26% 14 жасқа жетпей өмірден өтеді
• 66% 15-64 жас аралығында қайтыс болады
• 8% 65 жастан асқан

Өмірдің және бақытқа толы сәттердің қаншалықты қымбат екенін ұмытпайық! ❤️❤️❤️

• 11% Еуропада тұрады
• 5% Солтүстік Америкада
• 9% Оңтүстік Америкада
• 15% Африкада
• 60% Азияда
• 49% ауылдық жерде өмір сүреді
• 51% қалада тұрады

Тілдер бойынша:
• 12% қытай тілінде сөйлейді
• 5% испан тілінде
• 5% ағылшын тілінде
• 3% араб тілінде
• 3% хинди тілінде
• 3% бенгаль тілінде
• 3% португал тілінде
• 2% орыс тілінде
• 2% жапон тілінде
• 62% өз ана тілінде сөйлейді

Дін бойынша:
• 33% христиандар
• 22% мұсылмандар
• 14% индустар
• 7% буддистер
• 12% басқа діндер
• 12% дінге сенбейтіндер


Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
👍32❤12🐳2😍1
МЕН АУРУДЫ ТАҢДАЙМЫН!

Жаттығу жасап, спортпен айналысуға уақыт таппасаң, онда ауруға уақытыңды арнайтын боласың. Бірақ қазір көпшіліктің өмір сүру стилін қарасаң, олар қуанышты және салтанатты түрде: «Мен ауруды таңдаймын, ауруға уақытымды арнаймын» деп тұрғандай.

Білем, бәріміз тамақ жейміз, тойға барсақ үш ауыр тамақ қояды, онсыз да дастарқан жайнап тұр. Айналада фастфуд еліктіріп, оны да жемей тұра алмаймыз. Пажалыста, жей бер. Жеме десем де, бәрібір жейсің ғой. Қазір кім нәпсісін игере алады дейсің. Бірақ сол тағамдар ағзада майға айналып кетпесі үшін, токсиндер қанда қалып қоймас үшін, бұлшықеттер езіліп, омыртқа майысып кетпес үшін спортпен айналысу керек.

Екі сағатқа тренажер залына барып, 80 кг штангы көтер демеймін. Үйде 20 минутқа таймер қой. Сөйтіп жеңіл жаттығу жаса. Оған да басың жетпесе, youtube-тан үйде жасауға болатын физикалық жаттығулар деп іздеп, біреудің істегенін қайтала. Жүрек соғысың артып, бұлшық еттерің оянып, ағзада зат алмасу күшейсін.

Тамақтану, спорт туралы кітаптар: 8-777-572-22-33
❤28👍16👏4🐳4🔥1😢1😍1
НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ???

Машина жуғанда алдымен бір рет жуып шығасың. Шүберекті сыққан тазиктегі суың қап-қара болады. Көлікке қарасаң сәл-пәл қара тамшылар қалып қояды. Шүберекті сулап тағы да бір сүртіп шығасың. Сонда барып айнадай жарқырайды. Сөйтіп тұрып ойланып қаламын. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ??? Қатарынан екі рет. Айнадай жарқырағанша. Жүректе қаншама күнәнің қап-қара кірлері қалған. Бір жуғаннан кетпейді. Оны тәубеден туған көз жасы кетіреді. Бірнеше рет.

Ыдыс жуғанда май, дақ, қалдықтар бірден кете қоймайды. Жай сумен кетпейді. Сусабын қолданасың. Қырғыш не сымжуғышпен ысқылайсың. Бірдеңе қып кетіріп, соңында мұздай сумен бір шаясың. Тап-таза тәрелкеге қарап тұрып ойланамын. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ ОСЫЛАЙ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ? Неге зікірмен, Құранмен, истиғфармен, кешірім сұраумен ысқыламаймыз? Кетпей жатқан лас жерлеріне көбірек күш салмаймыз?

Қолыңдағы смартфонның бетіне май жағылса, дереу ылғал салфеткі іздеп, сүртіп тазалап қоясың. Бірден! Бес минут, елу минут, бір күн күтпейсің. Сол заматта тазалайсың. НЕГЕ БІЗ ЖҮРЕГІМІЗДІ БІР КҮНӘДАН СОҢ ДӘЛ ОСЫЛАЙ ДЕРЕУ ТАЗАЛАМАЙМЫЗ?

Сурет не видеоға түсірерде камераны бір қараймыз, мүмкін бетіне саусақ таңбасы не бір дақ түсіп қалған шығар. Себебі сурет анық шықпайды. Футболкамыздың шетімен камераның көзін айналдыра тазалап шығамыз. НЕГЕ БІЗ БІР АМАЛ ЖАСАРДА ЖҮРЕКТЕГІ АЛЛА ТАҒАЛАҒА ДЕГЕН ЫҚЫЛАСЫМЫЗДЫ ОСЫЛАЙ БІР ТЕКСЕРІП АЛМАЙМЫЗ? Рия боп жатса, бір тазалап шығу керек емес пе??? Жүректің көзі таза болса, сыртқы әлем анық көрінбей ме???

«Терең ой» кітабынан.
❤64❤‍🔥13👍11🐳2🆒1
СҰЛУ АДАМ ЫЛҒИ ЖАҚСЫ БОП КӨРІНЕ БЕРМЕЙДІ. АЛ ЖАҚСЫ АДАМ ЫЛҒИ СҰЛУ БОП КӨРІНЕДІ

Адамның сұлулығы – рухында. Ішкі дүниесі сұлу адамды Ұлы Рахман барша жаратылысқа сүйкімді қылып қояды. Содан жүргенің айдаладағы бір адамды жақсы көріп. Не үшін екенін түсінбейсің, бірақ жүрегің сол адам үшін жылып жүреді. Алты аласың, бес бересің жоқ.

Сыртқы бір қабат терімізді сәндей бергенше, Абайша айтсақ, сыртымызды жуа бергенше, ішкі әлемімізді жуайық. Қаталдықпен, дөрекілікпен, ашуланумен бақытқа жеткен бір адам бар ма, айтыңызшы.

Ал көркем мінезбен, әдептілікпен, жұмсақтықпен қарым-қатынас жасайтын барлық адам бақытты. Қатты жерді жұмсақ өсімдік тесіп шығады. Қатты тасты жұмсақ тамшылар теседі. Қатты соққан жүрегіңді анаңның жұмсақ алақаны басады. Ашудан мейірім басым.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤49👍13💊6🐳1
Чак Паланик. «Бойцовский клуб» кітабынан алынған ойландыратын сөздер

1. "Заттар саған емес, сен заттарға тәуелді боласың. Адамдар – дүниесінің құлы. Заттар көбейген сайын, солардың құлына айналасың."

2. "Сен өміріңді өзгерткің келді, бірақ оны өзің жасай алмадың. Мен – сенің армандаған түріңмін. Сен істеуге жүрексінген нәрселерді істеймін. Сен армандағандай өмір сүремін. Ақылдымын, таланттымын және ең бастысы, сені шектеп тұрған нәрселерден азатпын"

3. "Тек бәрінен айрылған кезде ғана шынайы бостандыққа жетеміз."

4. "Міне, бұл – сенің өмірің және ол әр минут сайын қысқарып жатыр."

5. "Біз кімбіз? Жай ғана тұтынушылармыз. Жетістіктің сыртқы бейнесіне құмармыз. Соғыс, аштық, зорлық бізді алаңдатпайды. Бар керегі атақты адамдардың өмірі мен жанжалдары, 500 арнасы бар телевизор және киімнің маркасы үстімізде көрініп тұрса болды."

6. "Біз жек көретін жұмысқа барып, түкке де қажеті жоқ заттарды сатып алу үшін жұмыс істейміз."

Қазір әлі де солай емес пе? Қалай ойлайсың?
❤40😢7👍6💯4🔥2🎉1
Жыл соңына дейін уәдесін орындап үлгергісі келетіндерге

Жылдың басында берген уәделерің есіңде ме? Міне, соны орындауға небары 3 апта қалды. Масқара, иә? Уақыт деген қалай жылдам! Бірақ дым істемей, ештеңеге үлгермегендер өзін жек көріп кетпес үшін мынадай кеңес ұсынамыз.

Мақсат: өзіңді белгілі бір санға шабыттандыру. Мысалы:
- Желтоқсан біткенше 200 беттік бір кітапты бітіремін.
- Желтоқсан біткенше 3 рет саябақта 3 км жүгіремін.
- Желтоқсан біткенше 60 жаңа сөз жаттаймын (мейлі қазақша, мейлі ағылшынша).
- Желтоқсан біткенше Қадір сүресін жаттаймын.
- Желтоқсан біткенше 6 рет түнгі намазға тұрамын.
- Желтоқсан біткенше 13 пост жазып, жариялаймын.
- Желтоқсан біткенше 5 өлең жаттаймын (Мұқағалидің, Есениннің, Эминемнің, т.б.)


Мұның тек біреуін ғана орындасаңыз болады. Күшің жетсе 2-3-еуін қатар жасасаң болады. Маңызды: әрқайсысын нөмірлеп отырыңыз. Мысалы, бүгін бірінші постты жарияладым. Келесі кезек: екінші пост деген сияқты. Қадыр Мырзалиевтың бір өлеңін жаттасаңыз, оны №1 дейсіз. Енді №2 өлеңді таңдаңыз.

Осылай өзіңізбен жарыссаңыз, тым болмаса бірдеңе істеп үлгересіз. Жылдың соңында «дым істемедім» деп бармақ тістегенше, жартылай бір жеңіске жете аласыз.

Сүре жаттайм дегендерге Кітапал дүкенінен сөзбе-сөз аудармасы бар Құран Кәрім тапсырыс беріңіз. Сонымен жаттау оңай.

Кітап оқимын дегендерге, өлең жаттаймын дегендерге жақсы кітаптар бар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤45👀1
ЕШКІМНЕН ЕШТЕҢЕ КҮТПЕ

Кімнен сұрама, бәрінің жауабы дайын. «Мұғалім анандай болуы керек, имам мынадай болуы керек, министр бүйтуі керек, әкім сүйтуі керек, элекрик былай істеуі керек, еден жуушы апай олай жумауы керек...»

Бәрі бірдеңе күтеді. Өзінен ештеңе күтпейді. Өзі кассир болуы мүмкін. Біреу «кассир деген тез-тез істеп, кезек болғызбауы керек» десе, бірден ашуланып шыға келеді.

Ешкімнен ештеңе күтпеңіз. Біреуді өзгерту үшін алдымен өзіңіз өзгеруіңіз керек. Мұғалімге «сен былай сабақ беруге тиіссің» деп айта алуың үшін өзің өз мамандығың бойынша супер адам болуға тиіссің. Сонда ғана сөзің оның жүрегіне жетеді.

Әрине, әркім өз мамандығына сай болса керемет!

Өзіңнің ең мықты нұсқаңды жасау үшін ең пайдалы кітаптар оқы. Менеджер: 8-777-572-22-33
👍33❤12👀1🤝1
Раиса Қадыр: түн ортасындағы кітапхана, балалар қарсы болған кітап | Kitapal podcast #35

Уақыты: 9-желтоқсан, дүйсенбі. 18:00

https://youtu.be/1vbx8XxzM10

Бүгінгі подкастта “STEPPE&WORLD” баспасының негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр ханыммен сұхбаттасады. Айтылған тақырыптар:

Балаларға арналған бестселлер кітаптарды басу идеясы.
Еуропадағы кітап көрмелері.
Балалар кітап оқымайды дейтін ата-ананың өзі оқымайды.
Орындықтан құлата жаздаған кітап.
Балалар комикс кітап оқыса, өздері комикс сала бастайды.
Депрессивті уақытта жылу сыйлайтын кітап шығардық.
Хәрри Поттерге көп қарсылық, хейт келді.
Кітап оқитын елдер қандай?
❤25👀5🐳1
ШАХМАТТАН АЛҒАН ӨМІРЛІК САБАҚ

Шахмат – ұлылардың ойыны дегенді жиі естиміз. Не үшін олай айтады екен? Өзім шахматты қатты ойнай алмайтындықтан жақсы түсінбейтін шығармын. Бірақ бір нәрсені ұқтым.

🦏Шахмат өмірді үйретеді. Себебі өмір – қозғалыс, әрекет. Қозғалыстың жоқтығы – өлімді білдіреді. Шахматта пешка бір қадам жасамайынша ойын басталмайды, өмір басталмайды. Яғни, алға бір қадам жасасаң, әрекет етсең, тіршілік жүреді, өмір сүресің, тырбанып бірдеңе істейсің. Аш қалмайсың. Мақсатқа ұмтыласың. Қашан алға қадам баспайсың, солай тіршілік қыста өмірін тоқтатқан жәндіктей тоқтайды.

🥷Шахматта әр пешка өте маңызды. Оны жай пешка деуге болмайды. Себебі олар алға ұмтылу арқылы бір мақсатты көздейді. Ол – уәзір болу. Яғни, өмірді мақсатсыз сүруге болмайды. Әр адамның мақсаты бар. Ол мақсатқа бойындағы қабілетімен жете алады. Әр адамда әртүрлі қабілет. Генерал болуды армандамаған сарбаз – сарбаз емес.

♟Шахматта соңғы фигура қалғанша ойын бітпейді. Бұл – өліспей беріспеуді үйретеді. Патшаның қасында бір сарбаз (пешка) қалса да, ойын жалғаса береді. Соңғы оғың қалса, оны да ат. Жеңілетін сияқтымын деп, шайқастың ортасында соғыс алаңын тастап кетпе. «Матрица» фильміндегі командир Мифунның сөзімен айтсақ: «Осы соғыста өлер болсақ, онда соңғы қанымыз қалғанша шайқасып өлеміз».

👑Патшаны аман сақтау үшін құрбандыққа бару. Патша деген әртүрлі нәрсе болуы мүмкін. Иман, ұлт, ұрпақ, білім, құндылық, дәстүр, қазақылық, жүрек тазалығы... Осының қайсысы болсын маңызды, оның аман сақтау үшін қандай құрбандыққа барар едіңіз?

Бүгін 33% жеңілдік боп жатыр 450 кітапқа. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30👍10🎉1
🤯Адамның ең үлкен ТҮРМЕСІ - өзінің МИЫ

Ми - ғажайып орган. Саған мықты мүмкіндіктер ашып, жаңа нәрсе үйреніп, әлемді және өзіңді тануға көмектесе алады. Немесе сенің түрмеңе айнала алады. Қалай сонда?

🧠“Мен мұны жасай алмаймын, қолымнан келмейді, маған бұйырмаған” деп айтып көріп пе едіңіз? Онда ойды шектеу түрмесіне қош келдіңіз! Ойыңды шектей беріп, өзің шыға алмайтын түрмеге кіріп алғансың. Бұдан қалай шығамыз: ойыңды өзгерт, позитивті ой ойла, пайдалы кітап оқы, жақсылармен дос бол.

🧠“Ақша тек жамандық әкеледі; Жолы болу кейбір адамдарға ғана тән нәрсе” деп ойлап көріп пе едіңіз? Сізге жаман хабар естіртуге тура кеп тұр: сенім түрмесіндесіз! Қалай құтыламыз: жоғарыдағы жауап 👆

🏌️“Мен әдемі емеспін; түрім өзіме ұнамайды; басқалар менен жақсырақ” деп ойлайтын ба едіңіз? Ойбууу! Сенімсіздік түрмесінде отырсыз. Шешім: әр жетістігіңді тізіп жүр, спортпен айналыс.

🧠“Бала кезімде травма алдым. Әкем маған жұрттың көзінше ұрысқан…” деп өзіңізді ақтап, біреуді жамандайсыз ба? Онда өткен шақтың түрмесінде кісендеулі екенсіз. Шешім: өткенге салауат, өтті де кетті. Осы сәттен бастап жаңа өмір бастаңыз.

🤯“Жұмыстан шығарып жібереді; бірдеңе бүлдіріп қоямын-ау” деп қорқа бересіз бе? Қорқыныш изоляторында көзіңіз үрейге толып тұр. Шешім: болмаған нәрсені ойлап қорқып жүрсіз ғой. Ал болған жағдайда не болады екен? Бір жеріңізді кесіп ала ма? Өліп қаласыз ба? Өмір қозғалыстағы адамға көп мүмкіндік сыйлайды. Қорқынышты орындап та көріңіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊34👍26❤19🏆2🐳1👀1🤝1
ҚАЗАҚСТАН СЕНЕН БАСҚА ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕС!

Тәуелсіздік рухы күн сайын қаныңда айналып жүргені дұрыс қой. Көк туың санаңда ылғи желбіреп тұрғаны абзал. Бұл қара жер сенен басқа ешкімге керек емес. Әрине, біз елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлттарға адамзат баласы ретінде құрметпен қараймыз. Алайда бұл жерді қорғау үшін оның топырағына кімнің ата-бабасының қаны төгілді, соның ұрпақтарына ғана керек, соларға ғана қымбат. Осыдан 33 жыл бұрын желтоқсан алаңында сырттан басшы келгенде, бірнеше жыл бұрын ұлттық жер мәселесі көтерілгенде, екі жыл бұрын қаңтар айында азаттығымыздан айрылып қала жаздағанда, қазақтан басқа ұлт басын көтермеген. Себебі басқаларға бәрібір. Бастысы бір жерде тұрса болды. Ал бізге бабамыздың басы жерленген әрбір қасықтай жеріміз қымбат!

Сондықтан осынау 20 млн халықтың ішінде ең өнерлісі, ең білімдісі, ең сапалысы, ең мәдениеттісі, ең намыстысы, ең әдептісі – қазақтың өзі болуға тиіс және сол жалғасқаны жөн. Барлық адам жақсы, біз жақсырақ болуымыз қажет. Бұл жер сенің өніп өсетін жерің, бұл жерде сенің ұрпағың өседі, бұл жер үрім-бұтағыңа қалады. Ендеше неге оны тамаша орын етпеске! Ұрпағымыз ең қауіпсіз, әдемі, таза, дамыған жерде өскенін бәріміз қалаймыз. Соны қалыптастыру керек. Ал ол дұрыс білім, саналы тәрбие, еңбек, қайсарлық, табандылық, сабырлық арқылы келеді. Оған бастайтын алғашқы жол – жақсы кітаптар.

Біліммен, өнермен қаруланған еліміз өте жылдам дамиды. Біз тәуелсіз ел болу былай тұрсын, өзгеге сөзімізді өткізе алатын, қабағымен ықтыра алатын, әлемдік аренада қадірлі ел болуымыз керек. Тіпті қазақтың жат жерде қалып кеткен жерлерінің тұрғындары «Эх, Қазақстанға қайта қосылсақ қой...» деп армандайтындай өркениетті болуымыз керек. Оны болғызуға болады. Оны болдыратын – ел тұрғындары, сіз бен біз. Әрқайсымыз.

Күш – білімде. Білім – кітапта.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤34👍14👏2😁1👀1