KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
479 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Чак Паланик. «Бойцовский клуб» кітабынан алынған ойландыратын сөздер

1. "Заттар саған емес, сен заттарға тәуелді боласың. Адамдар – дүниесінің құлы. Заттар көбейген сайын, солардың құлына айналасың."

2. "Сен өміріңді өзгерткің келді, бірақ оны өзің жасай алмадың. Мен – сенің армандаған түріңмін. Сен істеуге жүрексінген нәрселерді істеймін. Сен армандағандай өмір сүремін. Ақылдымын, таланттымын және ең бастысы, сені шектеп тұрған нәрселерден азатпын"

3. "Тек бәрінен айрылған кезде ғана шынайы бостандыққа жетеміз."

4. "Міне, бұл – сенің өмірің және ол әр минут сайын қысқарып жатыр."

5. "Біз кімбіз? Жай ғана тұтынушылармыз. Жетістіктің сыртқы бейнесіне құмармыз. Соғыс, аштық, зорлық бізді алаңдатпайды. Бар керегі атақты адамдардың өмірі мен жанжалдары, 500 арнасы бар телевизор және киімнің маркасы үстімізде көрініп тұрса болды."

6. "Біз жек көретін жұмысқа барып, түкке де қажеті жоқ заттарды сатып алу үшін жұмыс істейміз."

Қазір әлі де солай емес пе? Қалай ойлайсың?
❤40😢7👍6💯4🔥2🎉1
Жыл соңына дейін уәдесін орындап үлгергісі келетіндерге

Жылдың басында берген уәделерің есіңде ме? Міне, соны орындауға небары 3 апта қалды. Масқара, иә? Уақыт деген қалай жылдам! Бірақ дым істемей, ештеңеге үлгермегендер өзін жек көріп кетпес үшін мынадай кеңес ұсынамыз.

Мақсат: өзіңді белгілі бір санға шабыттандыру. Мысалы:
- Желтоқсан біткенше 200 беттік бір кітапты бітіремін.
- Желтоқсан біткенше 3 рет саябақта 3 км жүгіремін.
- Желтоқсан біткенше 60 жаңа сөз жаттаймын (мейлі қазақша, мейлі ағылшынша).
- Желтоқсан біткенше Қадір сүресін жаттаймын.
- Желтоқсан біткенше 6 рет түнгі намазға тұрамын.
- Желтоқсан біткенше 13 пост жазып, жариялаймын.
- Желтоқсан біткенше 5 өлең жаттаймын (Мұқағалидің, Есениннің, Эминемнің, т.б.)


Мұның тек біреуін ғана орындасаңыз болады. Күшің жетсе 2-3-еуін қатар жасасаң болады. Маңызды: әрқайсысын нөмірлеп отырыңыз. Мысалы, бүгін бірінші постты жарияладым. Келесі кезек: екінші пост деген сияқты. Қадыр Мырзалиевтың бір өлеңін жаттасаңыз, оны №1 дейсіз. Енді №2 өлеңді таңдаңыз.

Осылай өзіңізбен жарыссаңыз, тым болмаса бірдеңе істеп үлгересіз. Жылдың соңында «дым істемедім» деп бармақ тістегенше, жартылай бір жеңіске жете аласыз.

Сүре жаттайм дегендерге Кітапал дүкенінен сөзбе-сөз аудармасы бар Құран Кәрім тапсырыс беріңіз. Сонымен жаттау оңай.

Кітап оқимын дегендерге, өлең жаттаймын дегендерге жақсы кітаптар бар. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤45👀1
ЕШКІМНЕН ЕШТЕҢЕ КҮТПЕ

Кімнен сұрама, бәрінің жауабы дайын. «Мұғалім анандай болуы керек, имам мынадай болуы керек, министр бүйтуі керек, әкім сүйтуі керек, элекрик былай істеуі керек, еден жуушы апай олай жумауы керек...»

Бәрі бірдеңе күтеді. Өзінен ештеңе күтпейді. Өзі кассир болуы мүмкін. Біреу «кассир деген тез-тез істеп, кезек болғызбауы керек» десе, бірден ашуланып шыға келеді.

Ешкімнен ештеңе күтпеңіз. Біреуді өзгерту үшін алдымен өзіңіз өзгеруіңіз керек. Мұғалімге «сен былай сабақ беруге тиіссің» деп айта алуың үшін өзің өз мамандығың бойынша супер адам болуға тиіссің. Сонда ғана сөзің оның жүрегіне жетеді.

Әрине, әркім өз мамандығына сай болса керемет!

Өзіңнің ең мықты нұсқаңды жасау үшін ең пайдалы кітаптар оқы. Менеджер: 8-777-572-22-33
👍33❤12👀1🤝1
Раиса Қадыр: түн ортасындағы кітапхана, балалар қарсы болған кітап | Kitapal podcast #35

Уақыты: 9-желтоқсан, дүйсенбі. 18:00

https://youtu.be/1vbx8XxzM10

Бүгінгі подкастта “STEPPE&WORLD” баспасының негізін қалаушысы, баспагер Раиса Қадыр ханыммен сұхбаттасады. Айтылған тақырыптар:

Балаларға арналған бестселлер кітаптарды басу идеясы.
Еуропадағы кітап көрмелері.
Балалар кітап оқымайды дейтін ата-ананың өзі оқымайды.
Орындықтан құлата жаздаған кітап.
Балалар комикс кітап оқыса, өздері комикс сала бастайды.
Депрессивті уақытта жылу сыйлайтын кітап шығардық.
Хәрри Поттерге көп қарсылық, хейт келді.
Кітап оқитын елдер қандай?
❤25👀5🐳1
ШАХМАТТАН АЛҒАН ӨМІРЛІК САБАҚ

Шахмат – ұлылардың ойыны дегенді жиі естиміз. Не үшін олай айтады екен? Өзім шахматты қатты ойнай алмайтындықтан жақсы түсінбейтін шығармын. Бірақ бір нәрсені ұқтым.

🦏Шахмат өмірді үйретеді. Себебі өмір – қозғалыс, әрекет. Қозғалыстың жоқтығы – өлімді білдіреді. Шахматта пешка бір қадам жасамайынша ойын басталмайды, өмір басталмайды. Яғни, алға бір қадам жасасаң, әрекет етсең, тіршілік жүреді, өмір сүресің, тырбанып бірдеңе істейсің. Аш қалмайсың. Мақсатқа ұмтыласың. Қашан алға қадам баспайсың, солай тіршілік қыста өмірін тоқтатқан жәндіктей тоқтайды.

🥷Шахматта әр пешка өте маңызды. Оны жай пешка деуге болмайды. Себебі олар алға ұмтылу арқылы бір мақсатты көздейді. Ол – уәзір болу. Яғни, өмірді мақсатсыз сүруге болмайды. Әр адамның мақсаты бар. Ол мақсатқа бойындағы қабілетімен жете алады. Әр адамда әртүрлі қабілет. Генерал болуды армандамаған сарбаз – сарбаз емес.

♟Шахматта соңғы фигура қалғанша ойын бітпейді. Бұл – өліспей беріспеуді үйретеді. Патшаның қасында бір сарбаз (пешка) қалса да, ойын жалғаса береді. Соңғы оғың қалса, оны да ат. Жеңілетін сияқтымын деп, шайқастың ортасында соғыс алаңын тастап кетпе. «Матрица» фильміндегі командир Мифунның сөзімен айтсақ: «Осы соғыста өлер болсақ, онда соңғы қанымыз қалғанша шайқасып өлеміз».

👑Патшаны аман сақтау үшін құрбандыққа бару. Патша деген әртүрлі нәрсе болуы мүмкін. Иман, ұлт, ұрпақ, білім, құндылық, дәстүр, қазақылық, жүрек тазалығы... Осының қайсысы болсын маңызды, оның аман сақтау үшін қандай құрбандыққа барар едіңіз?

Бүгін 33% жеңілдік боп жатыр 450 кітапқа. Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤30👍10🎉1
🤯Адамның ең үлкен ТҮРМЕСІ - өзінің МИЫ

Ми - ғажайып орган. Саған мықты мүмкіндіктер ашып, жаңа нәрсе үйреніп, әлемді және өзіңді тануға көмектесе алады. Немесе сенің түрмеңе айнала алады. Қалай сонда?

🧠“Мен мұны жасай алмаймын, қолымнан келмейді, маған бұйырмаған” деп айтып көріп пе едіңіз? Онда ойды шектеу түрмесіне қош келдіңіз! Ойыңды шектей беріп, өзің шыға алмайтын түрмеге кіріп алғансың. Бұдан қалай шығамыз: ойыңды өзгерт, позитивті ой ойла, пайдалы кітап оқы, жақсылармен дос бол.

🧠“Ақша тек жамандық әкеледі; Жолы болу кейбір адамдарға ғана тән нәрсе” деп ойлап көріп пе едіңіз? Сізге жаман хабар естіртуге тура кеп тұр: сенім түрмесіндесіз! Қалай құтыламыз: жоғарыдағы жауап 👆

🏌️“Мен әдемі емеспін; түрім өзіме ұнамайды; басқалар менен жақсырақ” деп ойлайтын ба едіңіз? Ойбууу! Сенімсіздік түрмесінде отырсыз. Шешім: әр жетістігіңді тізіп жүр, спортпен айналыс.

🧠“Бала кезімде травма алдым. Әкем маған жұрттың көзінше ұрысқан…” деп өзіңізді ақтап, біреуді жамандайсыз ба? Онда өткен шақтың түрмесінде кісендеулі екенсіз. Шешім: өткенге салауат, өтті де кетті. Осы сәттен бастап жаңа өмір бастаңыз.

🤯“Жұмыстан шығарып жібереді; бірдеңе бүлдіріп қоямын-ау” деп қорқа бересіз бе? Қорқыныш изоляторында көзіңіз үрейге толып тұр. Шешім: болмаған нәрсені ойлап қорқып жүрсіз ғой. Ал болған жағдайда не болады екен? Бір жеріңізді кесіп ала ма? Өліп қаласыз ба? Өмір қозғалыстағы адамға көп мүмкіндік сыйлайды. Қорқынышты орындап та көріңіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💊34👍26❤19🏆2🐳1👀1🤝1
ҚАЗАҚСТАН СЕНЕН БАСҚА ЕШКІМГЕ КЕРЕК ЕМЕС!

Тәуелсіздік рухы күн сайын қаныңда айналып жүргені дұрыс қой. Көк туың санаңда ылғи желбіреп тұрғаны абзал. Бұл қара жер сенен басқа ешкімге керек емес. Әрине, біз елімізде өмір сүріп жатқан басқа ұлттарға адамзат баласы ретінде құрметпен қараймыз. Алайда бұл жерді қорғау үшін оның топырағына кімнің ата-бабасының қаны төгілді, соның ұрпақтарына ғана керек, соларға ғана қымбат. Осыдан 33 жыл бұрын желтоқсан алаңында сырттан басшы келгенде, бірнеше жыл бұрын ұлттық жер мәселесі көтерілгенде, екі жыл бұрын қаңтар айында азаттығымыздан айрылып қала жаздағанда, қазақтан басқа ұлт басын көтермеген. Себебі басқаларға бәрібір. Бастысы бір жерде тұрса болды. Ал бізге бабамыздың басы жерленген әрбір қасықтай жеріміз қымбат!

Сондықтан осынау 20 млн халықтың ішінде ең өнерлісі, ең білімдісі, ең сапалысы, ең мәдениеттісі, ең намыстысы, ең әдептісі – қазақтың өзі болуға тиіс және сол жалғасқаны жөн. Барлық адам жақсы, біз жақсырақ болуымыз қажет. Бұл жер сенің өніп өсетін жерің, бұл жерде сенің ұрпағың өседі, бұл жер үрім-бұтағыңа қалады. Ендеше неге оны тамаша орын етпеске! Ұрпағымыз ең қауіпсіз, әдемі, таза, дамыған жерде өскенін бәріміз қалаймыз. Соны қалыптастыру керек. Ал ол дұрыс білім, саналы тәрбие, еңбек, қайсарлық, табандылық, сабырлық арқылы келеді. Оған бастайтын алғашқы жол – жақсы кітаптар.

Біліммен, өнермен қаруланған еліміз өте жылдам дамиды. Біз тәуелсіз ел болу былай тұрсын, өзгеге сөзімізді өткізе алатын, қабағымен ықтыра алатын, әлемдік аренада қадірлі ел болуымыз керек. Тіпті қазақтың жат жерде қалып кеткен жерлерінің тұрғындары «Эх, Қазақстанға қайта қосылсақ қой...» деп армандайтындай өркениетті болуымыз керек. Оны болғызуға болады. Оны болдыратын – ел тұрғындары, сіз бен біз. Әрқайсымыз.

Күш – білімде. Білім – кітапта.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤34👍14👏2😁1👀1
Сіздің диагноз: ЦУНДОКУ!

Сізде де бар шығар бұл. Кітап сатып ала беретін, бірақ оқымайтын адамдар туралы боп тұр әңгіме. Кітап көрсе, құмарлығы оянып, сатып алады. Үйіне апарып, шкафқа әдемілеп қояды. Бітті. Сол жерде кірпіш құсап қалады. Мүмкін әдемілік үшін алынды ма екен әу баста?!

Бұл көбіне жағдайы жақсара бастаған адамдарда бола ма деймін. Себебі студент кезде оқылмаған кітап қалмайды. Жаңа бір ғана кітап сатып алады. Соны оқып бітіреді. Кейін жаңасына жүгіреді💬

Ал жағдайы жақсарғанда, мысалы, жеке үйі пайда болғанда, жеке кітапханасын жасағанда, артық кітаптар пайда бола бастайды. Ізгі мақсатта ала береді, ала береді. Оқылмаған кітап көбейген сайын ешқайсысын оқымайды. Себебі бір кітап қорқынышты ма әлде 100 кітап қорқынышты ма?

💬 Жиі кітап оқитындар үшін KITAPAL ➕ қызметі бар. Кітапты үйіңізге әкетіп оқи аласыз. 30 күнге дейін. Сосын кітапты әкеліп, басқа кітапқа ауыстырып аласыз. Солай бір жыл бойы қанша кітап оқи алсаңыз, сонша кітап оқисыз. Тек жаңа кітаптар! Сондағы жылына 10 мың тг. Егер апта сайын бір кітап, демек жылына 54 кітап оқысаңыз, 250 мың тг кетер еді. Ал Kitapal ➕ арқылы 10 мың тг ғана төлейсіз. Мархабат! Толық ақпарат: 8-777-572-22-33
❤36👍16🤝2⚡1👀1
ӨМІРДІҢ МӘНІ НЕДЕ? НЕГЕ ҚИЫНДЫҚ КЕЛЕ БЕРЕДІ?

Бұл сұраққа екі-үш ауыз сөзбен жауап беру қиянат болады. Ашып түсіндірсе, пайдалы болады.

Өмірдің мәні мынадай деп, әдемі сөздер айтқанмен, ешкім сол формуламен өмір сүрмейді. Өмірдің мәні отбасы, бала-шаға, бақытты сәттер, сыйластық деуі мүмкін, бірақ оның бәрі негізгі жауап емес. Оның бәрі өмірдің мәнін тапқан адамның бастан кешетін салдары (побочный эффект) ғана. Құранда «...адамды құлшылық үшін жараттым...; ...кім жақсы амал істейді екен деп өмір мен өлімді жараттым...» деп Зарият пен Мүлік сүресінде келеді. Бірақ оны терең түсіне алмаймыз. Себебі өмірдің мәні – құлшылық десек, қатырып құлшылық істемейміз. Жақсы амал істеу – өмірдің мәні десек, қаншалықты жақсы амал істеп жүрміз? Онда өмірдің мәні неде?

Мен үшін өмірдің мәні мынау: Адам баласы – Алланың Жерге жіберген өкілі. Жерде өмір сүріп, Оның жазып кеткен үш кітабын танысын (әлем, Құран, адам), сол арқылы Мені (Алланы) танысын дейді. Әлем мен адамның күрделі әрі мінсіз жаратылыс екенін көріп, оған қоса Құранды оқып, Алланы танимыз, таңғаламыз, мойындаймыз. Оны танығанда әрбір әрекетіміз құлшылыққа айналады. Тамақ жеудегі, ұйықтаудағы, спортпен айналысқандағы, т.б. ниетің – ғибадат пен жақсы амал жасауға күш жинау – құлшылыққа айналады. Бұған дейін бес уақыт намазды ғана құлшылық десең, енді 24 сағатың құлшылыққа айналады. Тіпті некелі әйеліңмен қосылуың да құлшылық боп кетеді.

Бір жерде өзеннің көпірі құлап, адамдар арғы бетке қатынай алмаса, онда Алла Тағала құдіретімен көпірді жоқтан жасап, тұрғыза салмайды. Оны Ұлы Рахманның өкілі адам баласы жасайды. Адам сол көпірді тұрғызуға ниет етсе болды, Алла Тағала қалғанын жеңіл етіп қояды. Құрылыс материалы да, құрылысшылар да, техника да, қажетті адам да табыла кетеді. Міне, сонда Ұлы Рахимның «Бол!» деген әмірі жүзеге асып, көпір сәтімен қаланады. Бұл көпір – соған ниет еткен адамның құлшылығына айналды. Енді үстінен адам өткен сайын, соңынан үзілмей сауабы да барып тұрады. Әр амал осындай.

Ал енді сұрақ: онда неге басымызға қиындық келеді? Оның екі мақсаты бар: біріншісі, адамды тазалау үшін. Біздің қаншама күнәміз бар. Оны өзіміз дұрыстап тазаламаймыз. Тәубеміз өтірік. Тәубеміздің өзіне тәубе ету керек. Сосын, амал жоқ, қиындықтар келіп соны тазалайды. Екіншісі, адамды тәрбиелеу үшін. Алла Раббы адамды ең көркем түрде тәрбиелейді. Мысалы, бойыңда тізгінделмеген ашу болса, соны көрсету үшін, ашуланатын ситуацияға түсіре береді. Қашан ашуыңды тізгіндеп, ақылға жеңдіруге үйренгенде, ондай ситуация да тоқтайды.

Мақтаншақсың ба, онда мақтанған сәтте бір мейірім шапалағын салып жібереді. Мысалы, түп-түзу жерде келе жатып, шалқаңнан тайып құлайсың. Қашан оны түсінгеніңше, сабақ алғаныңша, мақтануды доғарғаныңша, құлай бересің, жығыла бересің, таяқ жей бересің.

Бұл тақырыпты тереңірек түсіну үшін жақсы кітаптар оқу керек. Мысалы, Имам Ғазалидің "Жүрек сырлары" кітабы. Тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
👍35❤23🔥1👀1🤝1
БІР КІТАПТЫ ЕКІ РЕТ ОҚУ, ЕКІ КІТАПТЫ БІР РЕТ ОҚУДАН ПАЙДАЛЫ

Оқыған кітабыңды бір айдан кейін сұраса, ұмытып қаласың ғой. Басты бір-екі жерлері есіңде қалған, ал жалпы ауыз тұшытып ештеңе айта алмайсың. Неге? Өйткені атүсті оқығаннан, ойымыз кітапта емес, телефонда болғаннан. Конспект жасамағаннан.

Енді не істейміз? Кітапты екі рет, үш рет оқу керек. Оған қиналма. Бабаң Әбу Насырдыкін естісең, шалқаңнан түсерсің. әл-Фараби Аристотельдің Жан туралы кітабын 100 рет, ал Риторикасын 200 рет оқып шыққан. Ал сен екі рет оқуға ерініп жылайсың.

Оның пайдалары көп.
- Есіңде кітап жақсы сақталады
- Біріншіде жалпылама идеясын түсінсең, екіншіде толыққанды түсінесің.
- Алғаш оқығанда оқиға сюжетінен ләззат алсаң, екіншіде әр кейіпкердің психологиясын, мінезін түсінесің.
- Әр оқығанда кітап жаңа қырынан ашылады. Мысалы, Абай жолын оқып көрші қайтадан. Кейбір оқиғаларды «мынау шынымен болып па еді?» деп таңғалып отырасың.
- «Жасампаз жандардың жеті дағдысын» студент кезде оқу бір бөлек, үлкейгенде немесе кәсіппен айналысқанда оқу бір бөлек.
- Дейл Карнегидің «Дос табу...» кітабын екі рет оқысаң, ендігіде әдетке айналдыра бастайсың.
Солай. Бір кітапты көп рет оқы. Пайдалы болсын.

Кітапқа тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
Немесе
@kitapal_bot арқылы осы телеграмнан тапсырыс бер.
👍27❤8🎉4👀1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
АРСЕН ШАДИ: полиглот болудың құпиясы, студент менсінбейтін супер мамандық | Kitapal podcast #36

11:25 Әр полиглоттың артында анасы тұр
22:04 Студентке қандай кеңес бересің?
30:00 Кәсіпсіз қалмайтын мамандық игер
32:30 Біз менсінбейтін мамандық
41:30 Оқимын ба, жұмыс істеймін бе?
1:06:23 Черчильдің оқиғасы
1:08:50 Қазіргі студенттерге қызығам және аяймын
1:18:57 Студент қандай кітап оқуға тиіс?
1:26:38 Мартин Иденнен дұрыс отбасы шықпайды

Арсен Шади @shadi.arsen полиглот, шығыстанушы

Уақыты: 25-желтоқсан, 18:00
Youtube Kitapal podcast

https://youtu.be/gklMANz3gtU
❤7🎉3😍3🥰2👀1
ӘДЕТ СЕНІҢ БАҚЫТТЫ СӘТІҢЕ ҚАРАМАЙДЫ

Қайғыдан қан жұтқан сәтіңде де жаман әдетің жоқ боп кетпейді. Триггер болса болды, ол оянады. Сондықтан өміріңді құртқың келмесе, оны бұзатын әдеттерді өзгерт. Өзіңді құтқарғың келсе, әр күніңді жақсы жаққа өзгертетін әдеттерді сіңіріп ал.

Қайталап айтамын, әдеттер адамның қуанышты не қайғылы сәтіне тәуелді емес, автоматты түрде іске қосылады. Қатты қуанып тұрып, біреудің оттығын көрсеңіз, бірден темекі шегуге қалау оянады. Қайғырып тұрып, біреудің телефон ұстағанын көрсеңіз, әлеметтік желіге аңсарыңыз ауады.

Жақсы жұмыс жасап, біраз табысқа жетсеңіз, стресске түскенде, әдеттегідей шылымға қол созасыз. Ал егер стресске түскен сайын шылым емес, медитация жасау, дұға оқуды әдетке айналдырсаңыз, қуаныш пен қайғыда бірден соған ұмтыласыз.

Есіңізде болсын, сіздің бүгінгі әрекеттеріңіз ертеңгі болашағыңызды қалыптастырады. Жақсы әдеттер өміріңізді жарқын етеді. Мұны мен айтып тұрған жоқпын. Біздің алдыңғы бабаларымыз айтты. Қазір де білгіштер, ғалымдар айтып жатыр. Болашақта да айта береді. Маңызды болғаны үшін.

Әдет туралы кітаптар:
- Атом әдеттер
- Әдет күші
Тапсырыс: 8-777-572-22-33
❤29👍10👏4😍1👀1
НЕГЕ ҚЫЗ ЖІБЕК ФИЛЬМІН ҚАЙТАЛАП КӨРЕ БЕРЕМІЗ?

Кім «Көшпенділер» фильмін екі рет көрді? Ондай адамды кездестірмеппін. Неге? Өйткені қызық емес, тартпайды.

Онда неге «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс» фильмдерін жалықпай көре береміз?

Әркімнің ойы әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мынадай ақиқаттар бар. Қыз Жібекте ешқандай жасанды бұйым болмаған. Әр киім қолдан тігіліп, ондағы әр моншақ асыл тастан жасалған. Киіз үйлер, текемет, сырмақтар, ат әбзелдері, ердің қарулары түгел оригинал.

Байқайсыз ба, хандық дәуірдегі қазақтар туралы киноларда ылғи үстіне шүберек, ескі матадан тігілген бірдеңе киіп алады. Көргің келмейді. Осыншалықты бейшара болды деуге қимайсың себебі. Өйткені сонау сақ заманындағы Алтын адамның киіміне қара, қандай әдемі, сәнді. Ал Қыз Жібекте дәл сондай әдемі киімдер берілген. Тек Қыз Жібектің өзі жиырмаға жуық қайталанбайтын көйлек киген.

Оның қасындағы құрбылары – Жібектің рөлін сомдауға келген 500 қыздың ішінен іріктелген 15 қыз. Көрдіңіз бе? Қазіргі беті жылтыраған әнші, блогерлерді әртіс қып түсіре салу емес. Үлкен жауапкершілікпен келген. Режиссері Сұлтанахмет Қожықов.

Ең бастысы – мұнда халықтың ұлттық генінде жатқан жасырын нәрселерді бере білген. Мысалы, қазіргі киноларда қыз ашықтан ашық «ойбай, сені сағындым, сарғайып өлуге айналдым» деп көзінен сорасы ағып жатады. Ал Жібек Төлегенді сағынғанда не істейді? Киіз үйдің босағасына сүйеніп, алысқа қарайды, ауыр күрсінеді. Үй қабырғасына сүйену – сағыну, зарығуды білдіретін қазақ халқының ишарасы. «Толик, сені сағынып еңірегенде етегім жасқа толды» демейді. Олай деу арлы қызға жараспайды.

Міне, сол үшін Қыз Жібек фильмін қырық рет көрсек те жалықпаймыз.

Ғашықтықты ту еткен қызықты кітаптар оқығыңыз келсе, онда тапсырыс беріңіз: 8-777-572-22-33
❤23👍13❤‍🔥7👀1
АДАМ САЯХАТТАСА, ҚАЛАЙ ӨЗГЕРЕДІ?

Саяхат та бір ертегі сияқты: үйретеді, қуантады, емдейді. Тек демалыс емес, өмір мектебі деуге болады. Әлемнің әр бұрышында ел мен жердің өз құпиялары мен сабақтары бар. Саяхаттағанда стресс те пайда болады. Жаңа жер, бейтаныс адамдар, бұрын дәмін көрмеген тағамдар. Ауырып қалуың да мүмкін. Адам үйреншікті ұясынан алыстап кеткенде, құстай қанатын жайып ұшады.

Бір жағынан батылдық та пайда болады. Басқа халықтардың қалай өмір сүретінін, қандай ән айтатынын, не жейтінін көресің. Ауылдан ұзап көрмеген қара басың әлемнің кең екенін, ал біз оның кішкентай ғана бөлшегі екенімізді түсінесің. Ұсақ нәрселерге қуанып үйренесің, қиындықтарға төтеп бересің. Ең бастысы, "Барлығын істей аламын!" деп еркіндік сезіне бастайсың.

Адамды саяхат кезінде не өзгертеді?

Адам африкаға барсаң да - адам. Бәрі мейірімге мұқтаж. Күлімдеп отырып, олардың әңгімелерін тыңдайсың. Адамның діні, тілі, ділі, мәдениеті әртүрлі болған сайын қызық. Табиғи әсем жерлер, халықтың құлшылық орындары, тарихи сарайлар, дәстүрлері, тағамдары - бәрі сен үшін таңсық. Таңсық көп болған сайын өз өміріңе басқаша қарай бастайсың. Бірдеңені өзгерту керектігін ұғынасың. Адам осылай өзгере бастайды.

Қаншалықты жиі саяхаттау керек?

Бәрі мүмкіндігіңе байланысты ғой. Ең бастысы, үйден кейде шығып тұру. Жылына бір рет болсын немесе бірнеше ай сайын қысқа сапарларға бару жақсы. Алматыда тұрып, тауға бармағандарға таңғаламын. Шымбұлаққа барып шаңғы тебу, Медеуге барып коньки тебу, Көкжайлауға шығу, Көлсай мен Қайыңдыға барып, қайыққа міну, Шарынды жаяу аралау - көп қой мүмкіндік. Қазақстанның әр өңірі осындай әдемі жерлерге толы. Ең бастысы — қозғал, орнында тұрма. Өмір деген өзен сияқты — ағып тұруың керек!

Қайда саяхаттау керек?

Демалыс үшін, мәдениетпен танысу үшін, шытырман оқиғаларға куә болу үшін, өз туған еліңді зерттеу үшін. Мысалы, Норвегияға Солтүстік Шұғыласын көру үшін баруға болады. Ол күн сайын көріне бермейді. Аңду керек.

Саяхат өмірді қанық етеді. Әр жаңа сапар - ертегінің жаңа беттері іспеттес. Адам өлерінің алдында көп саяхаттамағаны үшін өкінеді дейді ғой. Сондықтан арманда, жоспарла және жолға шық!

2025 жылғы жоспарыңа саяхатты енгіз.
🕊31👍24❤9👀2💊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ӘУЕЗОВТЫҢ АШУЫН БАСУ ҮШІН СТУДЕНТТЕР МЫНАДАЙ АЙЛАҒА БАРАТЫН

Жазушы Мұхтар Абайды көрген күнін еске түсіргенде жүзі жылып, қуанышпен, үлкен тебіреніспен әңгімелейді екен. Ол кісі университетте дәріс оқыған. Кейбір студенттер сабаққа дайындалмай келгенде, жазушының ашуланғанын байқаса болды, бірден: «Ағай, Абайды өз көзіңізбен көрдіңіз бе?» – деп, әңгімені басқа арнаға бұра қояды екен. Сонда жазушы көзі күлімдеп, орамалымен маңдайын сүртіп: «Ол кезде ұмытпасам төрттемін...» деп естелігін бастайды. Абай дүние саларда жазушы 7 жаста екен. Оған дейін бірнеше рет кездесіп, батасын алған.

«Абай жолы» романы жайлы дерек көп. Негізі 1920 жылдан бастап ақпарат жинап бастаса, соңғы 4-ші том 1956 жылы жарық көрген. Демек, 36 жыл жазылған еңбек деуге болады. Қарап тұрсаң, бір адамның өмірі ғой.

Кітап жарық көргенде қаншама қудалауға ұшырады. Бәріне Абай үшін көніп, соңына дейін жеткізді. Тіпті Құнанбайды озбыр адам ретінде көрсетпесең, кітабыңды шығармаймыз деп ультиматум қойды. Халық Құнанбайдың қандай адам екенін білетініне тәуекел етіп, «Түсінетін халық аман болсын...» деп, сол шартпен ақыры кітапты шығарады. Яғни, негізгі мақсаты – Абайды таныту болатын. Абай арқылы өзі де танымал тұлғаға айналды. Кітаптағы Құнанбайдың жауыз бейнесі шынайы өмірде мүлде басқа. Абайдай тұлғаны қалыптастыратын әкенің тұлғасын өзіңіз де бағамдай беріңіз.

KITAPAL дүкенінен «Абай жолы» романы ерекше дизайнмен жарық көрді. Төрт томды қатар қойсаңыз, Абайдың бейнесі шығады. Тапсырыс беру үшін жазыңыз: 8-777-572-22-33. Бағасы: 7800 тг
❤20👍11👀1🤝1
АЙСБЕРГ

Қазақша «мұзтау» дейді. Антарктикада 2021 жылы ұзындығы 170 км, ені 25 км.-лік мұзтау бөлініп шығады. Су бетіндегі биіктігі 40 метр, ал су астындағы биіктігі 400 метр. Елестету үшін Алматы мен Талдықорғанның арасы – 180 км. Сондай аралықты алып жатқан алып мұзтауды ойлап көріңіз.

Айсбергтің ерекшелігі сол – негізгі бөлігі су астында жатады. Бұл бізге көп нәрсені үйретеді. Біз әлеуметтік желіде шалқып өмір сүріп жүрген адамдарды көріп, өзімізді салыстырамыз. «Менің жүрісім мынау, айлықтан айлыққа зорға жеткізіп. Жұрттар жаңа үй алып, жаңа көлік мініп жатыр; Дубайда қыдырып, қымбат ресторанда тамақтанып жүр...» Асылында олардың қиналыстарын, жүріп өткен жолын, еңбегін білмейміз. Оның астарында ұйқысын құрбан етіп, тіл үйрену; жұрт ойнап жүргенде уақытын қадірлеп, пайдалы кітап оқу; ұялшақтығын жеңіп, түрлі мамандық иелерімен қарым-қатынас құру; ерік-жігерін арттыру үшін спортпен айналысу, т.б. жолдар жатыр.

Жазушының жазған кітабын көріп, қандай мықты деп ойлаймыз. Бірақ оның жазушылық шеберлігін шыңдау үшін қаншама кітап оқығанын, күн сайын 5000 символдан тұратын мақалалар жазғанын, бір жазғанын жүз рет өшіріп, қайта жазғанын қаперімізге алмаймыз. Біз тек мұзтаудың шыңын ғана көреміз.

Біреумен өзіңді салыстырғың кеп жатса, мұзтау туралы ойлан. Сен оның шыңын ғана, бетін ғана көресің. Астында не жатқанын білмейсің. Сол үшін адамдар жайлы тек жақсы ойла. Көркем мінезбен сөйлес.

Тұлғалық даму кітаптарына тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤27👍2🎉1👀1
АЛДАМШЫ ҚАРЛЫҒАШ

Осы посттардың себебінен бір адам кітап оқуды бастаса, онда мақсатымыздың орындалғаны. Біз ылғи пайдалы кітаптар ұсынамыз. Кітапал дүкеніне келетін кітаптарды сұрыптаймыз. Олардың ішінде ұятсыз, психологиялық тұрғыда зиянды, діни бағытымызға сай келмейтін, адамның мінезін бұзатын, ЛГБТ насихаттайтын кітаптарды кіргізбейміз. Өйткені біздің себебімізден біреудің тура жолдан адасып кеткенін қаламаймыз.

Бірақ кейде сондай кітаптар дүкен сөресінен орын табады. Жыл басында Ресейден кітап алғанымызда сыртында қарлығаштың суреті бар, көл бетінде қайықпен кетіп бара жатқан екі оқушы баланың бейнесі бар кітап келді. Әу баста оны аннотациясына қарап, балалар әдебиеті деп тапсырыс бергенбіз. Сөйтсек ЛГБТ туралы екен. Дереу жойып жібердік.

Кітапты дұрыс таңдай білу керек. Мазмұнын ашып, бір-екі тақырыпты оқып көріп, жұрттардың пікірлерін тыңдап, сапасына мән беру керек. Кітап таңдаудың арнайы критерийлері бар. «Жылдам оқы» кітабының алғашқы бөлімінде толығырақ жазылған.

Біз күресе білуіміз қажет. Елімізге, отбасымызға зиянды кітаптарды кіргізбеуге күш салуымыз керек.

Дәл қазір пайдалы кітаптарға ЖЕҢІЛДІКПЕН тапсырыс бер. 8-777-572-22-33
❤21👍12🤯1👀1
ДӘЛ ҚАЗІР ҚҰРАН ОҚЫМАУҒА СЫЛТАУ ҚАЛМАДЫ

Жұмақта Құранды түгел немесе бір бөлігін жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамға: Құран оқып, шарықтай түс. Дүниеде оны қалай нақышына келтіріп мәнерлеп оқысаң, бұл жерде де дәл солай мәнерлеп оқы. Расында, сенің пейіштегі дәрежең өзің жатқа оқитын соңғы аяттың тұсында болады деп айтылады».

Бір хадисте Құран аяттарының саны қанша болса, жұмақтағы дәрежелердің де соншалықты екендігі және Құранды жатқа білген (әрі оны әрдайым оқып, үкімдерімен амал еткен) адамдардың дәрежесінің өзге жұмақтықтарға қарағанда жоғары болатыны айтылған.

Қызық қой, адам деген неткен ұмытшақ, тәкаппар жаратылыс! Біз үйге шкаф алсақ, инструкциясына қарамай, өзімізге құрмақ боламыз. Амалымыз біткенде барып нұсқаулығын қараймыз. Алла құдай біздің өмір сүру нұсқаулығымыз – Құранды ылғи оқытқызу үшін қаншама мотивация беруде. Оны оқыған сайын сауап әрі оқыған сайын осы дүниеде қалай өмір сүру керектігін есімізге түсіріп отырамыз. Оны оқу сауап болмағанда, ешбіріміз оқымай кетер ме едік. Сөйтіп қалай өмір сүруді білмей, адасып, шұңқырға түсіп кетер едік.

Құран оқығанда аузыңнан, тіліңнен, көмейден түрлі толқындар, дыбыстар тарайды. Ол өзіңе және соны тыңдап отырғандарға шипа. Небары 600 беттік кітап 14 ғасырдан бері ойлануға азық боп келеді. Әр ғасырда жаңа қырынан ашылады. Құран – ойлану үшін, амалға асыру үшін. Бет сипап, «сауабы тие берсін» деп тұрып кету үшін емес.

Дәл қазір Құран оқымауға сылтау қалмады. Себебі KITAPAL дүкенінде Құранның барлық түрі бар. Қазақша аудармасымен, орысша аудармасымен, қазақша/орысша/арабша аудиосымен, қазақша оқылуымен (транскрипция), сөзбе-сөз аудармамен, тек қазақша (арабшасы жоқ, яғни дәрет алуға мүмкіндік болмаса, оқуға болады) Құрандар да бар.

Тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤23😢7💊2👀1🤝1
ЗИЯНДЫ СУ

Су кеменің сыртында болса ғана пайдалы. Ішіне кірсе құртады. Дүние де сондай. Ол – мақсатқа жеткізетін құрал. Мақсатқа айналмауы керек. Дүние табу мақсатқа айналғанда ішіне су кірген кеме құсап батасыз да кетесіз. Қайда батасыз? Надандықтың, тәкаппарлықтың, ғапылдықтың, арсыздықтың ұйығына.

Дүниені білім алуға, халыққа пайдасын тигізер ғимараттар салуға, елдің көзін ашатын оқу орталықтарын салуға, жастарды білім алуға ұмтылдыратын жобалар (подкаст, жарыс) ұйымдастыруға, саяхаттап ел мен жер тануға, технология үйренуге, техника құрастыруға, өнер туындысын ойлап табуға жұмсау үшін табу керек.

Басқаша айтсақ, білім деп шашыл, білімге шаш.

Дүние туралы «Ихия улумиддин» кітабында арнайы бір бөлім берілген. Қай кезде дүние адастырып жатыр, қай кезде дұрыс жолға жұмсалып жатыр, қай бөлігі адал, қай кезде арам болады, бәрі түгел жазылған.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін: 8-777-572-22-33
❤25👍11🎉2🕊1👀1
ӨМІРДІҢ МӘНІ ӘРКІМДЕ ӘРТҮРЛІ

Күніне бос болатын 3-4 сағатыңды қандай іске арнасаң, өміріңнің мәні сол боп тұр немесе өміріңде мән жоқ деген сөз. Қысқа видеолар көрумен уақыт өткізсең, кино көре берсең, бос уақытыңда не істейтініңді білмей, амалсыз смартфоныңды қолға алсаң, ондай өмірде қандай мән бар?

Рас, кейде өмірде сондай кезеңдер боп тұрады. Бірақ ол ұзаққа созылмай, адам қайтадан өзін-өзі қолға алады. Бірде көтерілесің, бірде төмен құлдилайсың. Бастысы, үйіңе қайтатын, яғни Раббыңа апаратын жолға түсіп отырсаң болғаны.

Бұл күй неден туындайды? Өзіңе есеп бермеуден. Не істеп жүргеніңе анализ жасамаудан. Кітап оқымаудан. Өйткені қалай кітап оқып бастайсың, солай ойлануды бастайсың. Адам ойлаудан шаршайды. Ойламау үшін ойынға бас қояды. Сонда да ойсыз өмір сүру дұрыс жол емес. Мағжан ақын айтпақшы: Бұл өмір абақты ғой саналыға.

Кітаптарға тапсырыс беру: 8-777-572-22-33
❤31💊3👍2😍2🐳2👀2