KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.39K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
479 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
БЕЙШАРАЛАР

Құран кәрімде қабірде және махшар алаңында құр алақан қалған адамдар туралы айтылады. Олар өз кезегінде мынадай ерекшеліктерге ие болған адамдар:
• Дүниеге келу мақсатын түсінбей, не үшін өмір сүргенін біле алмағандар;
• Дүниені жеп-ішу және ойын-сауық мекені деп қабылдағандар;
• Жамандыққа шақырушы нәпсісін түзете алмай, нәпсісінің билігі мен айласына мойынсұнып өмір сүргендер;
• Шайтанға бойсұнып, оның артынан ергендер;
• Жаман доспен бірге жүріп, күндіз дәмхана, түнде тойхана жағалап жүргендер;
• Дүниенің көз тартар әдемілігіне алданып, қыз-қырқын қуып, шәуеті мен нәпсісіне ергендер;
• Шексіз қалауларымен өмірін ғапылдықта өткізгендер;
• Тіпті Алланы танымай, Оған құл бола алмағандар;
• Әзірет Мұхаммедті (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өздеріне жолбасшы етіп, артынан еріп, оған шынайы үмбет бола алмағандар;
• Құран кәрімнің бұйрықтарымен амал-ғибадат жасамаған адамдар.
Мұндай жандар шайтанша ой-түсінікпен жүріп-тұрып, өмірін құрдымға кетіріп, бос өткізген. Бұлар қабірге қойылған уақытта «Әттең! Әттең!» деумен болады.

Осылардың қатарында болмас үшін не істеу керектігін білесіз. Барлық сұрақтың жауабы – кітапта.

Кітапқа тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍16❤6😍1🆒1
Қалай шүкір ету керек?

Бір адам Сәхлге келіп: «Үйімізге ұры кірді және тамақтарымызды алып кетті» деген кезде, Сәхл: «Аллаға шүкір ет, шайтан жүрегіңе кіріп иманыңды ұрлап кетсе не істер едің?» – деп жауап берді.

Сондықтан әзірет Иса (а.с.) дұғасында Аллаға сиынып: «Я, Аллам, дініме пәлекет берме» деді.

Әзірет Омар да (р.а.): «Тап болған әрбір пәлекетте Алланың маған төрт нығметі бар. Біріншісі, бәленің дініме қатысты болмауы. Екіншісі, одан да үлкен болмауы. Үшіншісі, разылығынан мені мақұрым қылмауы. Төртіншісі, бұның сыйын Одан күтуім» деді.
🔥26❤14👍1😍1
НЕ ҮШІН КІТАП ОҚУ КЕРЕК?

Әрбіріміз түрлі мақсатта оқимыз. Кейде оқығымыз келмей қалатыны бар. Бірде көл, бірде шөл. Біріміздің кітаптан бетіміз қайтып қалған, қайтадан кіріскіміз келмейді. Енді бірі кітаптың түріне қарамай, қолына түскеннің бәрін оқи береді. Дұрыс жол қайсы?

Мақсат
Кітап оқығанда мақсатыңыз болуы керек. Не үшін оқиын деп жатырсыз? Егер ұйқыңыз қанбай жүрсе, «Зачем мы спим?», әдет қалыптастыра алмай жүрсеңіз, «Әдет күші», уақытыңызда береке болмаса, «Тайм-менеджмент» оқыңыз.

Тіл байлығы, сөздік қор, ләззат
Осы үш мақсат үшін көркем әдебиет оқысаңыз болады. Кез келген.

Бірақ...
Бірақ өзіңізге қай жанр ұнамайтынын біліп алыңыз. Себебі ұнамайтын жанрдан бірнеше кітап оқысаңыз, бетіңіз қайтып қалады. Мысалы, біреуге махаббат романдар ұнамайды. Енді біріне трагедия ұнамайды. Ұнайтындарын көбірек оқыңыз.

Ойлану үшін
Кітапты ойлану үшін, ойлана алу үшін оқу керек. Әр кітап сізді ойға жетелеуге тиіс. Неге олай? Неге бұлай емес? Неге өзгерді? Неге өзгермеді?

Тану үшін
Кітапты өзіңізді, демек әлемді тану үшін оқу керек. Әр кітап сіздің бір бөлшегіңізді танытады. Жүрек туралы «Жүрек сырлары» кітабын оқып, жақыннан тани түсесіз. Ми туралы «Супержады» кітабын оқып, оның мүмкіндіктерін білесіз.

Постта айтылған және жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤19👍10❤‍🔥1😍1
Қазақ әдебиетіндегі ең әсерлі 8 шығарма

1. “Абай жолы” – Мұхтар Әуезов
✅ Неге әсерлі?
- Әке мен баланың арасындағы психологиялық текетірес, қарым-қатынас.
- Абайдың философиялық ойлары оқырманға терең ой салады.
- Қазақ халқының дәстүрі, тұрмысы, әдет-ғұрпы кеңінен сипатталған.

📖 Үзінді:

“Қазақтың бірлігі неге жоқ?” – деп Абай халықтың алауыздығына күйінеді.


2. “Махаббат, қызық мол жылдар” – Әзілхан Нұршайықов
Ербол мен Меңтайдың таза, шынайы сезімдері арқылы жас ұрпаққа үлгі боларлық махаббат тарихы баяндалады.

📖 Үзінді:
“Шын махаббат кешіре де біледі, түсіне де біледі.”


3. “Қилы заман” – Мұхтар Әуезов
Бұл шығарма 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы баяндайды. Патша үкіметінің қазақ халқына жасаған қысымын және халықтың әділетсіздікке қарсы күресін тарихи шындыққа негіздеп суреттеген.

📖 Үзінді:
“Халық деген – алып дария. Оның толқынын тоқтату мүмкін емес.”


4. “Ақбілек” – Жүсіпбек Аймауытов
✅ Неге әсерлі?
- Әйелдің тағдыры, теңдік мәселесі көтеріледі.
- Адамның өмірде кездесетін қиындықтарға қалай қарсы тұруы керек екенін көрсетеді.
- Қазақ қоғамының дәстүрлі өмірінен жаңа заманға көшу процесі шебер сипатталған.

📖 Естен кетпес үзінді:
“Қайғыдан қашқанмен, тағдырдан қашып құтылуға бола ма?”


5. “Гауһар тас” – Дулат Исабеков
Бұл шығарма қазақ әдебиетіндегі ең көркем махаббат хикаяларының бірі. Бас кейіпкердің сүйген жарына деген адалдығы мен тағдырдың тәлкегі оқырманды терең ойға қалдырады.


6. “Қан мен тер” – Әбдіжәміл Нұрпейісов
Бұл шығарма қазақ халқының ауыр тағдырын, өмір үшін күресін, әділетсіздікке қарсы бас көтеруін баяндайды. Трилогия халықтың қиын кезеңдерін кеңінен сипаттайды.

✅ Неге әсерлі?
- Тарихи шындыққа негізделген.
- Адам мінезінің күрделі қырлары шебер бейнеленген.
- Қазақ даласының табиғаты мен мәдениеті терең сипатталған.

📖 Үзінді:
“Өмір – күрес. Бірақ күресте әділдік болмаса, ол тек қана азап.”


7. “Ұлпан” – Ғабит Мүсірепов
Бұл роман қазақ әйелінің мықты, ақылды, қайратты бейнесін сомдаған ерекше туынды. Ұлпан – ер мінезді, елдің болашағын ойлайтын дана ана, дана тұлға.

✅ Неге әсерлі?
- Әйелдің қоғамдағы рөлі мен жауапкершілігі көрсетілген.
- Қазақ халқының салт-дәстүрлері кеңінен сипатталған.
- Шығарманың оқиғасы тарихи негізге сүйенген.


8. “Көшпенділер” – Ілияс Есенберлин
✅ Неге әсерлі?
- Қазақ хандығының құрылу тарихын баяндайды.
- Елін, жерін қорғаған батырлардың ерліктері суреттеледі.
- Тәуелсіздік жолындағы күрес шынайы сипатталған.

📖 Ерекше үзінді:
“Ердің қанымен, елдің намысымен келген азаттық – ең қымбат құндылық.”

Қайсысын оқып көрдіңіз. Қай шығарма ерекше әсер етті?

Постта айтылған және жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍18❤8💯3❤‍🔥1👀1
ҚАҢТАРҒА ҚОРЫТЫНДЫ

Ал, бір ай өтті. Қандай мақсат жазып едің осы айға? Қалай, орындалды ма?

Әлде орындалмады ма? Орындалмаса, енді оған бола өкінбе. Әрине, өкінішті, бірақ өкінгенмен іс бітпейді. Енді ойланайық, неге орындалмады? Қиын болса, жеңілдетейік. Көтере алмайтын шоқпарды белге байлап алсақ, салмағы аз, ұстауға қолайлысына ауыстырайық.

Бастысы, ары қарай жақсарту. Кешегіге қарағанда бүгін мықтырақ болу. Жоспар деген өзгермелі болғаны абзал. Құлаған жеріңнен қайта тұрып жалғастыратындай икемді болғаны жөн.

Осы айға деп бірнеше әдет қалыптастырам, бірнеше қабілетті үйренем десең, солардың біреуін ғана қалдыр. Бір айға бір іс артығымен жетеді. Әйтпесе энергия, фокус, уақыт бәріне жетпейді. Ортақ өгізден оңаша бұзау артық.

Кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤30👍2😍2🐳1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Азамат Скаков: Таңдау, заземление, еріншектіктің құпиясы | Kitapal Talks #5

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда коуч Азамат Скаков адамның психологиясы, ми, жүрек, өмірлік сынақтар, ғайбат туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.
Азамат Скаков: @azamat__skakov

https://youtu.be/kZcZjnCgMu4
❤16😍3👍2🐳1
ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ЖҮРЕКТІ ҚАРАЙТАДЫ

Адам бос болмауға тиіс. Бір істі бітірсе, екіншісіне ауысуы қажет. Сенде екі түрлі жоспар болғаны абзал. Біріншісі, қай уақытта не істейтінің жайлы. Қаласаң сағат, минутына дейін жазып қойсаң болады. Қаласаң, жалпылама түстен кейін, ұйқының алдында деген сияқты жоспарласаң болады. Екіншісі, бос уақытым пайда болса не істеймін деген тізім. Аяқ астынан қолың босап жатса, сол шаруалармен айналысасың. Мақсат – бос қалып кетпеу.

Жұмыссыз жүрген адамнан бәле шығады. Шайтан мен нәпсінің ойыншығына айналады. Бос уақыты көп адамның шағымдануға, біреуді жамандауға, өсектеуге уақыты көп. Ал жұмысбасты адамның қылтың-сылтыңмен уақыты жоқ.

Жұмыс беталды істеле бермей, жүйелі істелгені жөн. Ағашты сағаттап балталай бермей, арасында бір сәт демалып, қайрап алған дұрыс. Барлық жұмыс сенің мақсатыңа жетуге көмектескені қандай жақсы.

Айтпақшы, тақырыптың қайнаркөзі – хадис. Жүрегіңіз қараймасын десеңіз, мақсаты бар жұмыс істеңіз. Кітап оқу да бір жұмыс. Ең пайдалы кітап оқыңыз.
👍50❤18😍1🐳1
ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЛГІ

«Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты.
Құмырсқаша жабыла тынбай істесек өнеді. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұрған құмырсқа болмайды. Жұрт жұмысын да солай істесе, алға басады. Әр құмырсқа бәріне керек илеудің өсуі үшін күші жетіп көтерген шөпшегін апарып салады. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше, қарап тұрмай, кірісіп, істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы».

(с) Ахмет Байтұрсынов


Орман жап-жасыл болуы үшін әр ағаш жасыл болуға тиіс. Әрбіріміз қолдан келген, қабілетіміз жеткен істі ең көркем, жоғары деңгейде атқарсақ, бәрі жиналып, ортақ нәтиже шығарады. «Менің істегенім кімге жетеді? Жаяудың шаңы шықпас» деп қолды сілтеп қалып қоймаңыз. Біз бәріміз еліміз үшін жауапкершілік арқалаймыз.

Дамудың бір қайнаркөзі – кітап оқу.
Жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍26❤12😍3👏2🐳1💊1
☪️📚 Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бараат түнінің артықшылығы жөнінде жеткен хадистер:

1️⃣ «Бұл – Шағбан айының ортасындағы түн. Алла Тағала бұл түні пенделеріне мейіріммен қарайды, кешірім сұраушыларға кешірім береді, мейірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Алайда пиғылы жаман адамды мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да».

2️⃣ «Алла Тағала Шағбан айының ортасы болған түні пенделеріне мейірімін жаудырады. Тек қана Өзіне серік қосушы мен жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамнан басқасының барлығының күнәсін кешіреді».

3️⃣ «Бұл түнде сол жылы дүниеге келетіндер және сол жылы дүниеден өтетіндер жазылады. Ол түні пенделердің амалдары көтеріліп, ризықтары белгіленеді».

4️⃣«Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру бар ма, шипасын берейін”

(с) Ермек Көкірекбаев
❤63😍10👍7🤗2🐳1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бақнұр Зиябеков: Жасанды интеллект жоя алмайтын мамандықтар | Kitapal Talks #6

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда профориентолог, мамандық таңдау бойынша эксперт Бақнұр Зиябеков қандай мамандықтар жойылмайды және қандай мамандықтар маңыздылығын жоятыны туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

Бақнұр Зиябеков, инста: @bakhnur_ziyabekov
👍9😍7❤4🐳1💊1
ТӘЖІРИБЕ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

Тәжірибе деген – басыңнан өткен оқиға емес. Сол оқиғаға сенің реакция қандай болғаны, міне, сол тәжірибе. Әйтпесе, мына домалақ бастан не өтпейді мына өмірде?!

Аяқ астынан жұмыстан айрылдың. Жаңа жұмысқа тұрдың. Бәрін басынан бастап үйрендің. Қолымнан келе ме деп уайымдап едің, қарасаң, бір кісідей үйреніп алыпсың. Тәжірибе ме? Тәжірибе!

Көптен күткен сәбиің дүниеге келді. Қуанып, кішігірім той жасап, құдайға рақмет ретінде біршама садақа-қайыр бердің. Кейбіреулер өзі балшықтан қалап алғандай, Жаратушыға алғыс айтпайды. Оның қасында сенікі нағыз үлгілі тәжірибе!

Бір күні тұмау боп бір апта жатып қалдың. Ауырдым деп әркімнің мазасын алмай, тағдырға шағымданбай, дәрі мен лимон шайыңды ішіп, аттың сорпасымен терлеп, жазылдың. Сөйтіп ойландың: «Сау кезімнің қадірін білуім керек екен. Ауырып қалсам, ештеңе жасай алмайды екенмін». Міне, бұл да қорытудан туған тәжірибе.

«Аспанда Ай мен Күн, жерде тау мен тас, маңдайымда көз, қолымда саусақтарым онсыз да болуға тиіс» деген ойда жүр едің. Сөйтіп Kitapal-дан кітаптар алып оқыдың, мысалы, Имам Ғазалидің «Жүрек сырлары». Сөйтсең, ғаламдағы әрбір нәрсе текке жаратылмаған екен. Әрбір нәрсе нығмет екен. Адамзаттың қызметіне берілген екен. Оның шүкірін өтеу керек екен. Біреудің көзі, қол-аяғы жоқ екен, біреудің құлағы естімейді екен. «Менде осылардың бәрі бар, демек мен бай екенмін» деген ойға келдің. Жаңа кітаптан осылай тәжірибе пайда болды.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

👋🔥✏️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👍11😍7😁1🐳1
...Солай Арал тартыла бастады

...Енді «Боранды бекетті» алыңыз. Космодром. Байқоңыр. Қайтыс болған Қазанғап карт. Едіге оны бабалар бейітіне апарып қояйын десе, ете алмайды. Космодром. Амалы таусылып, енді не істерін білмей аңырып тұрған шақта аспанға шаншылып ракета ұшады. Аспан аясы от-жалын құшады. Ауа, адамзат, жан - жануар, өсімдік атаулы тұншығып бара жатады. Өйткені от-жалын оттегін шыжғырып күйдіріп жібереді. Өртенген Аспан аузын арандай ашып, оттегін, ылғалды іздейді. Айнала төңіректі, жер бетіндегі ылғалды қомағайлана сорып алады. Аспан да ажалдан үрейленеді. Ол да өмір сүргісі келеді.

Байқоңыр космодромы салынғанға дейін Арал теңізі шалқып жатар еді. Қалай космодром жұмысқа кірісті, солай Арал тартыла бастады.

Ғалымдар айтпағанды Айтматов айтты.

Шерхан Мұртазаның Шыңғыс Айтматов туралы жазбасынан. Оның еңбектерін қазақша сөйлеткен де Шерағамыз еді. Алып екі жазушының еңбектерін оқу үшін дәл қазір тапсырыс беріңіз.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
😍10❤8👍7🐳1💊1
НАМАЗДЫ ҚОРЫҚҚАНЫҢНАН ОҚЫП ЖҮРСІҢ БЕ?

Намазды не үшін оқисың?
- Біреу қарызын өтеу үшін оқиды. Тез-тез оқып құтылады.
- Біреу құдайдан қорыққаны үшін. Оқымай қалса, төбесінен мұз түсіп не тайып құлайтындай сезімде жүреді.
- Біреу жұмаққа кіру үшін. Оларды жұмақтың құлдары деп атайтын шығар.
- Біреу тозаққа кірмеу үшін. Оларды тозақтың құлдары десек жарасатын шығар.

Қарап тұрсаң, бәрі жағымсыз сезім. Ал жақсы сезім үшін оқыса ше? Алланы еске алу үшін оқыса, жақсы емес пе! Құранда «мені еске алу үшін намаз оқы» деп аяттар келеді. Алланы ойлап, қуанышты түрде намаз оқысақ, дұрыс емес пе!

Дәрігердің оқуын оқып жүрген екі студент бар делік. Біреуі стипендиядан немесе гранттан айрылып қалмас үшін, тіпті оқудан шығып қалмас үшін сабаққа дайындалады. Түріне қарасаң, шаршап жүреді. «Түүүу, әлі анау пәнді оқуым керек; мұнша тест жаттауым керек» деп қиналады.

Екінші студент супер-дәрігер болғысы келеді. Адамның тәні мен жанына ем бергенді жақсы көреді. Тезірек пациентті емдеу үшін оқиды. Әр сабақты көбірек білу, тану, дәрігер болу үшін оқиды. Әрбір жаңа кітап ауырлық емес, керісінше жаңа білім боп, энергия сыйлайды.

Екеуінің арасындағы айырмашылықты байқадың ба? Ендеше неге Алланы жақсы көріп, еске алып, бойсұнып, намаз оқымаймыз? Біз аяулы анамызды, сүйікті жарымызды, тәтті балаларымызды, ұнатқан адамымызды ойлағанда қуанамыз, жымиямыз. Бізге шаттық сыйлайды. Алланы ойлағанда бізге жүрек тыныштығы келуге тиіс. Ол – біздің арқасүйеріміз, жаратушымыз, рақымды иеміз. Соны ойлап, еске алып, намаз оқу – дұрыс амал.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤48😍15👍9🔥8💔4🐳1
ҚАЙ ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ?

— Сөз дейтін не сөз бар... Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айрылып қайтты. Жиырма төртіне қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, әліпті таяқ деп білмейтін Тоқажан қалқоз басқарма ма. Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күшкөлік баға ма. Әйтеуір артының қайырын берсін... — Көзі жасаурап сол бөгелді де қайта жалғастырды. — Сөз дейтін не сөз бар, біз баладан айрылсақ, мына алдарында тұрған — атадан айрылған жетімдер. Екі жарты — бір бүтін... — Даусы жарықшақтанып, мұрты селтеңдеп, бұдан ары сөйлей алмады.

— Тоқа! — деді сол аяғына көнетоз саптама етік, он аяғына былғары тысты жаңа протез киген сырма күртелі қарамұрт. Бұл — бригадир Берден еді. — Тоқа, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақан да, мына Тілеубай да. Өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ ет-бауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.

— Ләббай, — деді қайтадан қатайып алған басқарма, — мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі.

Тысы тозған сеңсең тымағын құлағын қайырып бір жақ шекесіне қисайта киіп, жұрттың бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде тұрған Ахмет шал қарына қыстырған құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып түсті. Қимылы ширақ.

— Таңдаған балаңызды алыңыз.

Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдыңа барды да қалт бөгелді. Қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айрылмады. Ахаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей баурына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

— Мен осы мықтының өзін қаладым.

Жұрт ду ете түсті.

Бұл Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍10❤5💔2😍1🐳1
АДАМ АРЗАН АЙЛЫҚҚА НЕГЕ ШЫДАЙДЫ?

Жұрттар жақсы ақшаға жұмыс істеп жүргенде, кейбіреу арзан айлыққа қанағаттанып жүре береді. Басқа жақсы төлейтін жұмысқа ауыссай десең, ауыспайды. Қазіргі жұмысын да қатырып істеп жүрген жоқ екенін байқайсың. Неге? Себебі оның бойында өзгеруге, дамуға, жетілуге талпыныс жоқ. Қазіргі қабілетіне, еңбегіне сай ақысын алып жүр. Басқа жерге керек емес екенін іштей сезеді. Мені кім алсын жақсы жұмысқа деп өзіне іштей бұғалық салып қойған. Өйткені бойында талпыныс жоқ, қабілеті аз. Әйтпесе сапаң артса, құның да артатыны сөзсіз.

Не істеу керек? Өмірге қажетті қабілеттерді меңгеру керек. Оған қоса, адамдардың өмірін жеңілдететін бір мамандықты үйрену керек. 6 ай немесе бір жылың кетуі мүмкін. Ары қарай тек қана өсесің.

Дамудың алғашқы кілті – кітап оқу. Ол саған ылғи шабыт сыйлап, бір орында тұрып қалмай, алға қарай қадам басуға көмектеседі.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤30👍6😍3🐳2💊2
ЖҮРМЕСЕҢ, ТҮК ТЕ ІЛІНБЕЙДІ

«Жүргенге жөргем ілінеді» деген қазақтың сөзі бар. «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда» деген де мақал бар. «Әрекетке берекет» деген де тәмсіл бар. Бәрінің айтары бір – қозғалу керек, қимылдау, еңбек ету керек.

Ньютон атамыз кезінде күшке кері күш әсер етеді деп еді. Әрекет етсең, нәтиже шығады. Бір қызығы, түк істемесең де уақыт өте береді. Ал бірдеңе бітірсең, онда да уақыт өтеді, бірақ қандай берекелі! Қазір қылған талпынысың алдағы кезде өзіңді қуантады. Үйренген нәрсе ешқашан қажетсіз боп қалмайды. Мектепте бізге қажетсіз, өмірге керексіз пәндерді оқытты дейміз. Алайда оның бәрі үйрену қабілетін қалыптастыру үшін ғана. Оңайын да, қиынын да. Себебі шынайы өмірде қажетсіз болатын нәрсе жоқ. Бәрін үйренесің.

Дамудың алғашқы кілті – кітап оқу. Ол саған ылғи шабыт сыйлап, бір орында тұрып қалмай, алға қарай қадам басуға көмектеседі.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

✅ Бөлісу
✅Реакция
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍7🤯1😍1🐳1
ШАРШАП ТҰРСАҢ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Демалу керек деп тұрған шығарсың! Армандапсың. Әбден демалып болған шығарсың. Қашан мұрнымыз қанап жұмыс істедік? Мына заманда бұрынғы әкелеріміздей кешкі тамағын ішіп отырып ұйықтап қалатындар жоқ шығар. Өліп шаршап тұрсақ та, телефон шұқылаймыз ғой. Ендеше шаршамағанбыз. Жай ғана энергиямыз басқа түрге айналып кеткен.

Кейде ұйқыдан шаршап оянасың ба? Онда жаттығу жаса.
Кейде өз-өзіңнен күшің бітіп тұрғандай сезінесің бе? Онда жаттығу жаса.
Кейде басың ауырып, желкең құрысып, шекең тырысып тұра ма? Онда жаттығу жаса.
Кейде буындарың ұстамай, әлсіреп кеткендей боласың ба? Онда жаттығу жаса.
Кейде ұйқы қысып, бойыңнан әл кеткендей боп қаласың ба? Онда жаттығу жаса.


Жаттығу жасау – энергияны бір түрден екінші түрге өзгертеді. Бойыңды езіп тұрған негативті күштер позитивке ауысады. Бұны жасап көрмей, сөзбен түсіндіру қиын болуы мүмкін. Жай ғана 5-10 минут жаттығу жасап жібер. Отырып тұр, ауаны соққыла, жерден кеудеңді көтер, секір, пресс жаса, ішіңмен жатып, кеудең мен аяғыңды қатар көтер... Артынан сондай рахат жеңілдік сезім туады.

Одан кейінгі кезек – кітапта.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤21😍18👍14🐳1
ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫСЫ — АДАМНЫҢ САНАСЫНДА ЖАСАЛЫНАТЫН ҚЫЛМЫС

Адамды жылатуға болады, ал күлдіріп отырып жылату – шеберліктің шыңы. Оның «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» деген шығармасында қазақтың ешкімге ұқсамайтын психологиясы керемет берілген. Шығарманы басынан аяғына дейін оқып шыққанша күлкіден ішегің түйіліп қала жаздайды. Күлдіру мақсатымен жазған сатирик жазушылардың әңгімелерінен де мен ондай шеберлікті көрген жоқпын. Бейімбеттегі күлдірту арқылы адамның мінезін ашу шеберлігі осы Тынымбай ағамыздың шығармаларында айқын көрініс тапқан. Жұрт байқамайтын дүниелерді байқап, күлкіге көметін тұстары көп.

Тынымбай юмордың шебері. «Жұмаға қараған түн» деген әңгімесін алайықшы. Сол әңгімесінде Пәрікүл деген кемпір ауырып жатады. Алғашында бәрі кіріп-шығып жүреді. Өледі деген Пәрікүл өмірден өтпей, ұзақ жатып қалады. Аяғында қараусыз қалып, үлкендердің айтуымен бәрі кезектесіп күзетпек болады. Іштей бәрі де Пәрікүл кемпірдің өлгенін тілеп отыр. Күзетуге келгендердің бірі: «Құдай біледі, осының түрі жаман, бүгіннен қалмайды осы кемпір», – деп қояды тіпті. Іште жасырынып жататын пенделік арам психологияны автор керемет жеткізе біледі. Өмірдің шындығы мұнда ащы сарказммен берілген.

Мысалға Төлен ағамыздың «Оң қол» немесе Тынымбай ағамыздың «Жұмаға қараған түн» әңгімелерін алайық. Екі шығармада да адамның қолымен емес, санасында жасалып жатқан қылмыс суреттелген. Қолмен істелген қылмыстың да зардабы зор, алайда, ең қорқыныштысы адамның санасында жасалынатын қылмыс.

Амангелді Кеңшілікұлы

✅ Бөлісу
✅Реакция

Kitapal дүкенінен Тынымбайдың кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13❤8😍8👍7🐳1
СУ САСЫП КЕТПЕС ҮШІН...КІТАП ОҚЫ

Адамның тұла бойы 70-80%-ы судан құралғанын талай естіген шығарсың? Енді судың қасиеттерін есіңе түсір. Ақпай, бір орында қалып кеткен су борсиды. Бетінде шаншар, шіркейлер қонып, ішуге жарамайды. Енді ойлап көрші, қозғалмаған денеңдегі суға не боп жатқанын? Жо-жоқ, сен тек бұлшықетіңді ғана ойлама. Миыңа қарашы, оның жай-күйі қандай екенін!

Басыңа дым ой келмей жатса, КІТАП ОҚЫ.

Бірдеңе жазайын деп, бірақ сөздер қашып, бір-бірінің артынан ермей жатса, КІТАП ОҚЫ.

Бір нәрсеге идея іздеп, бірақ түк таппасаң, КІТАП ОҚЫ.

Пәленнің аты кім еді, картамның коды қандай еді, приложениенің паролі қайсысы еді деп, басыңды қасып отырсаң, КІТАП ОҚЫ.

Сөйлегенде екі сөздің басын құрай алмай, «жаңағы, жәңілдегі, ыыы, сосын, тағы, не ғой, ммм» деп тұрсаң, КІТАП ОҚЫ.

Әл-Фараби пробка емес, ғалым. Абай көше емес, ақын. Шоқан костюм емес, зерттеуші. Мұхтар овчарка емес, жазушы. Бұны білмесең, бар да, КІТАП ОҚЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ!

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤41👍17🕊4💊4😍1🐳1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ең қажетті қабілет, елдің өсу мен өлу жасы қанша? | Kitapal Talks #7

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда полиглот, шығыстанушы Шәди Арсен шығыс елдерінің ерекшелігі, елдердің көркеюі мен құлдырауына қанша уақыт кетеді, қазақ жастарының шетелде тез жетістікке жету құпиясы туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

https://youtu.be/Hr15MGKyq5I
❤18😍1