KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
ҚҰМЫРСҚАДАН ҮЛГІ

«Жұрт жұмысы құмырсқаның илеуіндей жұмыс сияқты.
Құмырсқаша жабыла тынбай істесек өнеді. Бірі оны, бірі мұны істеп, илеуде қарап тұрған құмырсқа болмайды. Жұрт жұмысын да солай істесе, алға басады. Әр құмырсқа бәріне керек илеудің өсуі үшін күші жетіп көтерген шөпшегін апарып салады. Ұлтын керек қылып, халыққа қызмет етемін деген қазақ балалары қазақ жұмысына қолынан келгенше, қарап тұрмай, кірісіп, істей берсе, ұлт жұмысы ұлғайып, толықпақшы».

(с) Ахмет Байтұрсынов


Орман жап-жасыл болуы үшін әр ағаш жасыл болуға тиіс. Әрбіріміз қолдан келген, қабілетіміз жеткен істі ең көркем, жоғары деңгейде атқарсақ, бәрі жиналып, ортақ нәтиже шығарады. «Менің істегенім кімге жетеді? Жаяудың шаңы шықпас» деп қолды сілтеп қалып қоймаңыз. Біз бәріміз еліміз үшін жауапкершілік арқалаймыз.

Дамудың бір қайнаркөзі – кітап оқу.
Жалпы кітаптарға тапсырыс беру үшін:
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍26❤12😍3👏2🐳1💊1
☪️📚 Ардақты Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Бараат түнінің артықшылығы жөнінде жеткен хадистер:

1️⃣ «Бұл – Шағбан айының ортасындағы түн. Алла Тағала бұл түні пенделеріне мейіріммен қарайды, кешірім сұраушыларға кешірім береді, мейірім сұраушыларға Өзінің мейірімін төгеді. Алайда пиғылы жаман адамды мейірімсіз қалдырады әрі олар зұлымдықтан арылмаса, оларды жарылқамайды да».

2️⃣ «Алла Тағала Шағбан айының ортасы болған түні пенделеріне мейірімін жаудырады. Тек қана Өзіне серік қосушы мен жүрегінде мұсылман бауырына деген кегі бар адамнан басқасының барлығының күнәсін кешіреді».

3️⃣ «Бұл түнде сол жылы дүниеге келетіндер және сол жылы дүниеден өтетіндер жазылады. Ол түні пенделердің амалдары көтеріліп, ризықтары белгіленеді».

4️⃣«Шағбан айының жартысы толғанда түнін намазбен, күндізін ораза ұстаумен өткізіңдер. Өйткені Алла Тағала күн ұясына батқанда: «Кешірім тілеуші бар ма, кешірейін. Ризық сұраушы бар ма, ризық берейін. Ауру бар ма, шипасын берейін”

(с) Ермек Көкірекбаев
❤63😍10👍7🤗2🐳1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Бақнұр Зиябеков: Жасанды интеллект жоя алмайтын мамандықтар | Kitapal Talks #6

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда профориентолог, мамандық таңдау бойынша эксперт Бақнұр Зиябеков қандай мамандықтар жойылмайды және қандай мамандықтар маңыздылығын жоятыны туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

Бақнұр Зиябеков, инста: @bakhnur_ziyabekov
👍9😍7❤4🐳1💊1
ТӘЖІРИБЕ ҚАЙДАН КЕЛЕДІ?

Тәжірибе деген – басыңнан өткен оқиға емес. Сол оқиғаға сенің реакция қандай болғаны, міне, сол тәжірибе. Әйтпесе, мына домалақ бастан не өтпейді мына өмірде?!

Аяқ астынан жұмыстан айрылдың. Жаңа жұмысқа тұрдың. Бәрін басынан бастап үйрендің. Қолымнан келе ме деп уайымдап едің, қарасаң, бір кісідей үйреніп алыпсың. Тәжірибе ме? Тәжірибе!

Көптен күткен сәбиің дүниеге келді. Қуанып, кішігірім той жасап, құдайға рақмет ретінде біршама садақа-қайыр бердің. Кейбіреулер өзі балшықтан қалап алғандай, Жаратушыға алғыс айтпайды. Оның қасында сенікі нағыз үлгілі тәжірибе!

Бір күні тұмау боп бір апта жатып қалдың. Ауырдым деп әркімнің мазасын алмай, тағдырға шағымданбай, дәрі мен лимон шайыңды ішіп, аттың сорпасымен терлеп, жазылдың. Сөйтіп ойландың: «Сау кезімнің қадірін білуім керек екен. Ауырып қалсам, ештеңе жасай алмайды екенмін». Міне, бұл да қорытудан туған тәжірибе.

«Аспанда Ай мен Күн, жерде тау мен тас, маңдайымда көз, қолымда саусақтарым онсыз да болуға тиіс» деген ойда жүр едің. Сөйтіп Kitapal-дан кітаптар алып оқыдың, мысалы, Имам Ғазалидің «Жүрек сырлары». Сөйтсең, ғаламдағы әрбір нәрсе текке жаратылмаған екен. Әрбір нәрсе нығмет екен. Адамзаттың қызметіне берілген екен. Оның шүкірін өтеу керек екен. Біреудің көзі, қол-аяғы жоқ екен, біреудің құлағы естімейді екен. «Менде осылардың бәрі бар, демек мен бай екенмін» деген ойға келдің. Жаңа кітаптан осылай тәжірибе пайда болды.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

👋🔥✏️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👍11😍7😁1🐳1
...Солай Арал тартыла бастады

...Енді «Боранды бекетті» алыңыз. Космодром. Байқоңыр. Қайтыс болған Қазанғап карт. Едіге оны бабалар бейітіне апарып қояйын десе, ете алмайды. Космодром. Амалы таусылып, енді не істерін білмей аңырып тұрған шақта аспанға шаншылып ракета ұшады. Аспан аясы от-жалын құшады. Ауа, адамзат, жан - жануар, өсімдік атаулы тұншығып бара жатады. Өйткені от-жалын оттегін шыжғырып күйдіріп жібереді. Өртенген Аспан аузын арандай ашып, оттегін, ылғалды іздейді. Айнала төңіректі, жер бетіндегі ылғалды қомағайлана сорып алады. Аспан да ажалдан үрейленеді. Ол да өмір сүргісі келеді.

Байқоңыр космодромы салынғанға дейін Арал теңізі шалқып жатар еді. Қалай космодром жұмысқа кірісті, солай Арал тартыла бастады.

Ғалымдар айтпағанды Айтматов айтты.

Шерхан Мұртазаның Шыңғыс Айтматов туралы жазбасынан. Оның еңбектерін қазақша сөйлеткен де Шерағамыз еді. Алып екі жазушының еңбектерін оқу үшін дәл қазір тапсырыс беріңіз.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
😍10❤8👍7🐳1💊1
НАМАЗДЫ ҚОРЫҚҚАНЫҢНАН ОҚЫП ЖҮРСІҢ БЕ?

Намазды не үшін оқисың?
- Біреу қарызын өтеу үшін оқиды. Тез-тез оқып құтылады.
- Біреу құдайдан қорыққаны үшін. Оқымай қалса, төбесінен мұз түсіп не тайып құлайтындай сезімде жүреді.
- Біреу жұмаққа кіру үшін. Оларды жұмақтың құлдары деп атайтын шығар.
- Біреу тозаққа кірмеу үшін. Оларды тозақтың құлдары десек жарасатын шығар.

Қарап тұрсаң, бәрі жағымсыз сезім. Ал жақсы сезім үшін оқыса ше? Алланы еске алу үшін оқыса, жақсы емес пе! Құранда «мені еске алу үшін намаз оқы» деп аяттар келеді. Алланы ойлап, қуанышты түрде намаз оқысақ, дұрыс емес пе!

Дәрігердің оқуын оқып жүрген екі студент бар делік. Біреуі стипендиядан немесе гранттан айрылып қалмас үшін, тіпті оқудан шығып қалмас үшін сабаққа дайындалады. Түріне қарасаң, шаршап жүреді. «Түүүу, әлі анау пәнді оқуым керек; мұнша тест жаттауым керек» деп қиналады.

Екінші студент супер-дәрігер болғысы келеді. Адамның тәні мен жанына ем бергенді жақсы көреді. Тезірек пациентті емдеу үшін оқиды. Әр сабақты көбірек білу, тану, дәрігер болу үшін оқиды. Әрбір жаңа кітап ауырлық емес, керісінше жаңа білім боп, энергия сыйлайды.

Екеуінің арасындағы айырмашылықты байқадың ба? Ендеше неге Алланы жақсы көріп, еске алып, бойсұнып, намаз оқымаймыз? Біз аяулы анамызды, сүйікті жарымызды, тәтті балаларымызды, ұнатқан адамымызды ойлағанда қуанамыз, жымиямыз. Бізге шаттық сыйлайды. Алланы ойлағанда бізге жүрек тыныштығы келуге тиіс. Ол – біздің арқасүйеріміз, жаратушымыз, рақымды иеміз. Соны ойлап, еске алып, намаз оқу – дұрыс амал.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤48😍15👍9🔥8💔4🐳1
ҚАЙ ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ?

— Сөз дейтін не сөз бар... Осы ауылдан соғысқа сайдың тасындай қырық үш азамат кетіп еді. Әзірге оралғаны екеу-ақ. Дәуренбек қолдан, Берден аяқтан айрылып қайтты. Жиырма төртіне қара қағаз алдық. Хабарсызы қаншама. Тегіс жетімбіз. Жетім болмасақ, әліпті таяқ деп білмейтін Тоқажан қалқоз басқарма ма. Жетім болмасақ, жетпіске келген Ахмет күндіз мал қарап, түнде күшкөлік баға ма. Әйтеуір артының қайырын берсін... — Көзі жасаурап сол бөгелді де қайта жалғастырды. — Сөз дейтін не сөз бар, біз баладан айрылсақ, мына алдарында тұрған — атадан айрылған жетімдер. Екі жарты — бір бүтін... — Даусы жарықшақтанып, мұрты селтеңдеп, бұдан ары сөйлей алмады.

— Тоқа! — деді сол аяғына көнетоз саптама етік, он аяғына былғары тысты жаңа протез киген сырма күртелі қарамұрт. Бұл — бригадир Берден еді. — Тоқа, осы тұрған жұрттың көбі бала алғысы келеді. Мен де, ана Ақан да, мына Тілеубай да. Өзіңіз де құр қалмассыз. Тегіс сәби жасындағы кішкентай балалар көрінеді. Шыққан жерін ұмытып, ертең-ақ ет-бауырымыз боп кетеді. Өз қолыңызбен үлестіріп беріңіз.

— Ләббай, — деді қайтадан қатайып алған басқарма, — мен бөлмеймін, өздерің таңдаңдар. Тек ретін айтайын. Реніш-өкпе болмасын. Ақа! Жол сіздікі.

Тысы тозған сеңсең тымағын құлағын қайырып бір жақ шекесіне қисайта киіп, жұрттың бәрінің басынан аса қарап, ат үстінде тұрған Ахмет шал қарына қыстырған құрығын лақтырып тастап, жерге ырғып түсті. Қимылы ширақ.

— Таңдаған балаңызды алыңыз.

Ахмет ысырыла жол берген жұртты киіп-жарып балалардың алдыңа барды да қалт бөгелді. Қайсысын алсам екен деп ойланғандай. Жетімдерді жағалай шолып шықты да, ең баста тұрған ағайынды қазақ балаларының қасына келді. Екеуі біріне-бірі тығыла құшақтасып тұрған. Қолдарынан тартып еді, айрылмады. Ахаң тізесін бүгіп, екеуін бірдей баурына басты. Кезек-кезек маңдайларынан сүйді. Содан соң орнынан көтеріліп, балаларды жағалай бастарынан сипап өтті де, ең шетте тұрған неміс баласының қолынан ұстады.

— Мен осы мықтының өзін қаладым.

Жұрт ду ете түсті.

Бұл Кітапқа тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👍10❤5💔2😍1🐳1
АДАМ АРЗАН АЙЛЫҚҚА НЕГЕ ШЫДАЙДЫ?

Жұрттар жақсы ақшаға жұмыс істеп жүргенде, кейбіреу арзан айлыққа қанағаттанып жүре береді. Басқа жақсы төлейтін жұмысқа ауыссай десең, ауыспайды. Қазіргі жұмысын да қатырып істеп жүрген жоқ екенін байқайсың. Неге? Себебі оның бойында өзгеруге, дамуға, жетілуге талпыныс жоқ. Қазіргі қабілетіне, еңбегіне сай ақысын алып жүр. Басқа жерге керек емес екенін іштей сезеді. Мені кім алсын жақсы жұмысқа деп өзіне іштей бұғалық салып қойған. Өйткені бойында талпыныс жоқ, қабілеті аз. Әйтпесе сапаң артса, құның да артатыны сөзсіз.

Не істеу керек? Өмірге қажетті қабілеттерді меңгеру керек. Оған қоса, адамдардың өмірін жеңілдететін бір мамандықты үйрену керек. 6 ай немесе бір жылың кетуі мүмкін. Ары қарай тек қана өсесің.

Дамудың алғашқы кілті – кітап оқу. Ол саған ылғи шабыт сыйлап, бір орында тұрып қалмай, алға қарай қадам басуға көмектеседі.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤30👍6😍3🐳2💊2
ЖҮРМЕСЕҢ, ТҮК ТЕ ІЛІНБЕЙДІ

«Жүргенге жөргем ілінеді» деген қазақтың сөзі бар. «Ер азығы мен бөрі азығы – жолда» деген де мақал бар. «Әрекетке берекет» деген де тәмсіл бар. Бәрінің айтары бір – қозғалу керек, қимылдау, еңбек ету керек.

Ньютон атамыз кезінде күшке кері күш әсер етеді деп еді. Әрекет етсең, нәтиже шығады. Бір қызығы, түк істемесең де уақыт өте береді. Ал бірдеңе бітірсең, онда да уақыт өтеді, бірақ қандай берекелі! Қазір қылған талпынысың алдағы кезде өзіңді қуантады. Үйренген нәрсе ешқашан қажетсіз боп қалмайды. Мектепте бізге қажетсіз, өмірге керексіз пәндерді оқытты дейміз. Алайда оның бәрі үйрену қабілетін қалыптастыру үшін ғана. Оңайын да, қиынын да. Себебі шынайы өмірде қажетсіз болатын нәрсе жоқ. Бәрін үйренесің.

Дамудың алғашқы кілті – кітап оқу. Ол саған ылғи шабыт сыйлап, бір орында тұрып қалмай, алға қарай қадам басуға көмектеседі.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

✅ Бөлісу
✅Реакция
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍7🤯1😍1🐳1
ШАРШАП ТҰРСАҢ, НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?

Демалу керек деп тұрған шығарсың! Армандапсың. Әбден демалып болған шығарсың. Қашан мұрнымыз қанап жұмыс істедік? Мына заманда бұрынғы әкелеріміздей кешкі тамағын ішіп отырып ұйықтап қалатындар жоқ шығар. Өліп шаршап тұрсақ та, телефон шұқылаймыз ғой. Ендеше шаршамағанбыз. Жай ғана энергиямыз басқа түрге айналып кеткен.

Кейде ұйқыдан шаршап оянасың ба? Онда жаттығу жаса.
Кейде өз-өзіңнен күшің бітіп тұрғандай сезінесің бе? Онда жаттығу жаса.
Кейде басың ауырып, желкең құрысып, шекең тырысып тұра ма? Онда жаттығу жаса.
Кейде буындарың ұстамай, әлсіреп кеткендей боласың ба? Онда жаттығу жаса.
Кейде ұйқы қысып, бойыңнан әл кеткендей боп қаласың ба? Онда жаттығу жаса.


Жаттығу жасау – энергияны бір түрден екінші түрге өзгертеді. Бойыңды езіп тұрған негативті күштер позитивке ауысады. Бұны жасап көрмей, сөзбен түсіндіру қиын болуы мүмкін. Жай ғана 5-10 минут жаттығу жасап жібер. Отырып тұр, ауаны соққыла, жерден кеудеңді көтер, секір, пресс жаса, ішіңмен жатып, кеудең мен аяғыңды қатар көтер... Артынан сондай рахат жеңілдік сезім туады.

Одан кейінгі кезек – кітапта.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤21😍18👍14🐳1
ЕҢ ҚОРҚЫНЫШТЫСЫ — АДАМНЫҢ САНАСЫНДА ЖАСАЛЫНАТЫН ҚЫЛМЫС

Адамды жылатуға болады, ал күлдіріп отырып жылату – шеберліктің шыңы. Оның «Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс» деген шығармасында қазақтың ешкімге ұқсамайтын психологиясы керемет берілген. Шығарманы басынан аяғына дейін оқып шыққанша күлкіден ішегің түйіліп қала жаздайды. Күлдіру мақсатымен жазған сатирик жазушылардың әңгімелерінен де мен ондай шеберлікті көрген жоқпын. Бейімбеттегі күлдірту арқылы адамның мінезін ашу шеберлігі осы Тынымбай ағамыздың шығармаларында айқын көрініс тапқан. Жұрт байқамайтын дүниелерді байқап, күлкіге көметін тұстары көп.

Тынымбай юмордың шебері. «Жұмаға қараған түн» деген әңгімесін алайықшы. Сол әңгімесінде Пәрікүл деген кемпір ауырып жатады. Алғашында бәрі кіріп-шығып жүреді. Өледі деген Пәрікүл өмірден өтпей, ұзақ жатып қалады. Аяғында қараусыз қалып, үлкендердің айтуымен бәрі кезектесіп күзетпек болады. Іштей бәрі де Пәрікүл кемпірдің өлгенін тілеп отыр. Күзетуге келгендердің бірі: «Құдай біледі, осының түрі жаман, бүгіннен қалмайды осы кемпір», – деп қояды тіпті. Іште жасырынып жататын пенделік арам психологияны автор керемет жеткізе біледі. Өмірдің шындығы мұнда ащы сарказммен берілген.

Мысалға Төлен ағамыздың «Оң қол» немесе Тынымбай ағамыздың «Жұмаға қараған түн» әңгімелерін алайық. Екі шығармада да адамның қолымен емес, санасында жасалып жатқан қылмыс суреттелген. Қолмен істелген қылмыстың да зардабы зор, алайда, ең қорқыныштысы адамның санасында жасалынатын қылмыс.

Амангелді Кеңшілікұлы

✅ Бөлісу
✅Реакция

Kitapal дүкенінен Тынымбайдың кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥13❤8😍8👍7🐳1
СУ САСЫП КЕТПЕС ҮШІН...КІТАП ОҚЫ

Адамның тұла бойы 70-80%-ы судан құралғанын талай естіген шығарсың? Енді судың қасиеттерін есіңе түсір. Ақпай, бір орында қалып кеткен су борсиды. Бетінде шаншар, шіркейлер қонып, ішуге жарамайды. Енді ойлап көрші, қозғалмаған денеңдегі суға не боп жатқанын? Жо-жоқ, сен тек бұлшықетіңді ғана ойлама. Миыңа қарашы, оның жай-күйі қандай екенін!

Басыңа дым ой келмей жатса, КІТАП ОҚЫ.

Бірдеңе жазайын деп, бірақ сөздер қашып, бір-бірінің артынан ермей жатса, КІТАП ОҚЫ.

Бір нәрсеге идея іздеп, бірақ түк таппасаң, КІТАП ОҚЫ.

Пәленнің аты кім еді, картамның коды қандай еді, приложениенің паролі қайсысы еді деп, басыңды қасып отырсаң, КІТАП ОҚЫ.

Сөйлегенде екі сөздің басын құрай алмай, «жаңағы, жәңілдегі, ыыы, сосын, тағы, не ғой, ммм» деп тұрсаң, КІТАП ОҚЫ.

Әл-Фараби пробка емес, ғалым. Абай көше емес, ақын. Шоқан костюм емес, зерттеуші. Мұхтар овчарка емес, жазушы. Бұны білмесең, бар да, КІТАП ОҚЫЫЫЫЫЫЫЫЫЫ!

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤41👍17🕊4💊4😍1🐳1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ең қажетті қабілет, елдің өсу мен өлу жасы қанша? | Kitapal Talks #7

Kitapal Talks - Ted Talks-тың қазақша нұсқасы. Бұл шығарылымда полиглот, шығыстанушы Шәди Арсен шығыс елдерінің ерекшелігі, елдердің көркеюі мен құлдырауына қанша уақыт кетеді, қазақ жастарының шетелде тез жетістікке жету құпиясы туралы ойын бөліседі. Блокнот пен қаламыңызды дайындаңыз. Бұл видеодан түртіп алар түйіндер көп болмақ.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

https://youtu.be/Hr15MGKyq5I
❤18😍1
МЕН ҚАЛАЙ БІР ЖЫЛ БОЙЫ ТОЙМАЙ ТАМАҚТАНДЫМ

Рамазан – Алла Тағаланың бір аты екен. Сондықтан «Рамазан келді» деп айтуға болмайды, «Рамазан айы келді» деу дұрыс екен. Былтырғы отыз күн оразада нені тәрбиеледің? Биыл нені тәрбиелейсің? Әйтпесе құр ішіп-жеуден тыйылудан келетін пайда аз. Әр Рамазан айы – өрлейтін баспалдақ болуға тиіс. Сен үшін.

Мен, мысалы, былтырғы Рамазан айынан бастап, тамақты тыңқия тоймай ішуді үйренем дедім. Отыз күн бойы соны қадағаладым. Ауызашарда тамақты асықпай ішіп, ішке ел барды-ау деген кезде тоқтаттым. Негізі тағы бір тәрелке палау тауысуға тәбетім бар. Бірақ оны жесем, артынан ырсылдап қалатынымды білемін. Олай тойған соң жатқың келеді, жатқан соң ұйқың келеді.

Ал сәл тоя бастағанда тоқтатсаң, өзіңді жеңіл сезінесің. Артық жүкті беліңе байлаған сезім болмайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, тамаққа тою сезімі 20 минут кешігіп келеді екен. Яғни, сол уақыт ішінде тағы артығымен жеп қоямыз. Сол үшін шығар «асқазанды үшке бөліп, бірін тамаққа, суға, ауаға толтыр» дегені.

Осылай бір жыл бойы жасадым. Нәтижесі тамаша!

Енді биыл тоймай тұрып, тоқтатуды үйренсем бе екен деп ойлаймын. Әрине, тамақты аз ішіп, азып тозып кету дегенді білдірмейді. Қарның ашқанда тамақ ішесің, бірақ аз-аздан. Аз тамақты асықпай жесең, ләззаты сезіледі. Хазіреті Әлидің «күніне бір рет тамақтану жеткілікті» деген сөзі бар. Біз енді оған шыдамаспыз. Болашақта көрерміз. Оған да мықты тақуалық керек шығар.

Мен КТЛ бітіргендердің және жедел жәрдем көлігінде жұмыс істейтіндердің тамақ жегенін көргем. Олар бір дөнерді 25 секундта тауысады. КТЛ-де кілең ұлдар таласып жеп үйренген. Жедел жәрдемнің фельдшері «қазір вызов кеп қалады» деп асығады. Тамақ шайналмаған, кесек күйінде асқазанға барады. Бір фура қорапты сортталмаған күйі қоймаға аудара салғанмен тең. Әйтпесе, бір дөнерді әбден шайнап, дәмін алып, 15 минут жеу керек қой орташа.

Солай. Биылғы Рамазан айынан не күтесіз демеймін. Ол онсыз да бүкіл берекесін аямай төгеді. Бастысы сіз Рамазан айында нені үйренесіз, мақсат етесіз?

Иманды арттырар кітаптарға тапсырыс беріңіз.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤50👍5😍1🐳1
МЕНІ СЫНАЙТЫНДАЙ КІМСІҢ СЕН?

Бірде мешітте қасыма көк шапан киген ақсақал келді. Кірі жылтыраған ескі шапаннан қолқаны қабар иіс шығып тұр. Қарасам, нәпсім мұрнын тыржитып отыр. Бірдеңе дегісі келеді. «Фу! Шапанын жумай ма? Мешітте басқа адамдарға кедергі ғой» дегісі келген шығар. Ол ләм-мим дегенше «Оны сынайтындай кімсің? Оған баға беретін мен емес» деп едім, бірден басылып қалды. Ол кісінің өмірін сүріп көрген жоқпын, басында қандай тағдыр жүріп өткенін білмеймін, дәл қазіргі жағдайы нешік екенінен хабарым жоқ. Ендеше бірдеңе айтуға қақым бар ма? Жоқ!

Бұрын бойдақ кезімде қари кісіге жаттаған Құран сүрелерімді тексерту үшін бірнеше автобус ауыстырып баратынмын. Ол сонда маған қарап: «Мен сияқты көлігі барлар автобустағыларға қарап шүкір етуі керек» деген еді. Сосын маған қарап жымиып: «Алла қаласа бәріне қол жеткізесіз. Асықпаңыз. Міндетті түрде болады: үй де, көлік те, басқа да» деді. Соның айтқаны айдай келді. Бүгінде бәрі бар. Алматының аяздарында кешке аялдамада автобус күтіп тұрған адамдарды көріп, көлігім үшін шүкір етемін. Іштей «бұл адамдар жаурамаса екен, үйіне аман-есен жетсе екен, бұлар да жайлы көлікке ие болса екен» деп көңіл дұғасын жасаймын.

Кептелісте қатар келіп қалғанда автобуста сығылысып тұрған адамдарға қараймын. Сөйтіп нәпсімді тыңдаймын не дер екен деп. Мүмкін өзін артық көретін шығар? Үндемейді. Дұрыс! Үндейтіндей мен кіммін?

Көшеде олпы-солпы киінген, түрі күнге күйген не аяз қарыған, өз бетімен кетіп бара жатқан адамдарды көремін. Өзім таза, сәнді, ұқыпты киінген соң, санаң салыстыруға бейім. Нәпсім не айтар екен деп тың тыңдаймын. Сұрасаң тәкаппар бір жауап айтады. Ол айтпас үшін алдымен өзім жауабын айтамын. «Жер бетінде мен жүрегін танитын адам жоқ. Алла Тағала қаншама әулие құлдарын адамдар арасына жасырған: жүзін шаң басқан, киімі қырық жамау, ешкіммен жұмысы жоқ. Бірақ олар дұға етсе, сол заматта қабыл болады. Мейлі әулие болсын, басқа болсын, біреуді бағалайтындай мен кіммін сонша? Қайдан білесің, ол сенен артық шығар?» Нәпсім басын изегендей мақұлдайды.

Kitapal дүкенінен нәпсі туралы, иманды күшейтетін кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤49👍10😍3🐳1
Кім ерте тұрмаса, денсаулығым нашар деп ренжімесін🔔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😍28❤14🐳1
МҰҢ БОЛМАСА, ЖЫР ҚАЛАЙ ШЫҚСЫН!

2020 жылы вирус келіп, қаралы күндер көбейді ғой, сол кезде радиодан ауыр музыкаларды естіп отырдым. Қаза болғандарды замандастары ғана емес, XVII-XIX ғасырлар да жоқтады деп есептеймін. Халықты сол арғы ғасырлардың музыкалары жұбатып отыр. Ал өнерді құдіретті емес деп қалай айтасың? Қазақ елі, қазақ ұлты XIX ғасырға борыштар. Сол ғасыр бізге тілді де, музыканы да беріп кетті. ХХ ғасыр сол қордың бәрін жинады.

Біздің музыкалық мәдениетіміз өте дамыған. Затаевич 1925-1926 жылдары біздің елге келіп музыка жинап қайтқан соң, Горький мен Репинге: «Сіздер қазақ музыкасын тыңдаңыздаршы», – деген өтініш жасаған екен, олар ол кезде қазақты аса біле бермейтін кезі болса керек, немқұрайды қарайды. Кейін 1936 жылы екінші рет қазақ музыкасын жинап барғанда Горькийге тағы айтады. Ол кезде Репин қайтыс болып кеткен. «Тыңдаңызшы, мен сізге тегін айтып жүргенім жоқ», – дейді. Сонда: «Ой, сен айтып қоймадың ғой, бір реті келгенде тыңдасақ, тыңдайықшы», – деп жүргенде, Горький де қайтыс болып кетеді. Осыны оқып отырып, мен қатты таңғалдым. Затаевич – бүкіл әлемнің музыкасынан хабардар адам. Қай елде қандай музыка барын, қай елдің өнерінің деңгейі биік екенін жақсы біледі. Сонда оның қазақ музыкасын анадай белгілі адамдарға ұсынуы тегін жайт емес. Олардың қазақ музыкасына риза болатынына, оларды қанағаттандыра алатынына көзі жетіп отыр.

Осыдан біраз бұрын Мәди туралы хабар тыңдап отырғанымда, қазақ музыкасына тәнті болған басқа халықтың өкілдері: «Олардың ұрыларының өзі ән шығарады екен. Оны бүкіл халқы орындайды екен», – депті-міс. Ол жетіскеннен ұры болды ма, соған күлесің. Егер ол зорлықты, қуғынды көрмесе, ондай әндер тумауы мүмкін.

Біз кейде Мұқағали туралы айтсақ, «Оның ойындағысы болмады», «Таршылық көрді» деп жатамыз. Егер ол бір журналдың бас редакторы немесе бір баспаның директоры болса, мынадай ұшан-теңіз поэзия туар ма еді? Жаратушы оған сондай қуатты өлеңдер жазатын күш әрі мұңлы тағдыр беріп отыр. Бір өлеңінде: «Сыбағам қайда, сыбағам?» – дейді. «Сыбағам» дегені, тамақ емес, Мемлекеттік сыйлықты айтып отыр. Мұқағалида мұң болмаса, мынадай деңгейдегі жырлары дүниеге келмес еді.

Тынымбай Нұрмағамбетов

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз:
https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤18👍2😍1🐳1🆒1
НЕГЕ ОРАЗАНЫҢ САУАБЫН АЛЛАНЫҢ ӨЗІ БЕРЕДІ?

Ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мынадай керемет хадисі бар: «Раббымыз айтады: Адам баласының тек оразадан басқа амалының барлығы өзі үшін. Ал, ораза – Мен үшін, оның сауабын Өзім беремін» (Бұхари, Муслим). Мұның мағынасы не болды екен? Сонда оразадан басқа намаз, зекет, қажылық Алла үшін ұсталмай ма?

Бұған ғалымдар былай жауап беріпті. Байқасаңыз, адам баласы басқа адамға, патшаға, билік пен байлық иесіне құрмет ретінде бас иіп, тіпті кейбіреуі белін бүгіп, одан зорлары сәждеге жығылғандай басын жерге тигізіп жатады. Ол қазіргі кезде де бар. Тура бір намаздағыдай қимыл жасайды. Бірақ ниеті – басқаның көңілін табу.

Дәл солай бір кісі басқа біреуге құрмет, сый ретінде ақша, байлығын беріп, көңілін аулап жатады. Тура бір зекет бергендей. Бірақ ниеті – кісінің көңілінен орын алу.

Тура сол сияқты кейбір адамдар бір жерді не затты қасиет тұтып, оны сипап, шүберек байлап, айналып, табынғандай әрекет жасайды. Дәл бір қажылықта жүргендей. Бірақ ниеті – затқа құлдық ұру.

Ал оразаның жөні бөлек. Біреуге құрмет ретінде ауыз бекіте алмайсың. Біреуге барып: «Сен үшін ораза ұстап жүрмін» десең, ол өзін ешбір құрметті немесе қадірлі сезінбейді. «Айналайын, мен үшін жаныңды қинамай-ақ қой, аузыңды аша сал» деуі мүмкін. Ал оған басыңды иіп, тиын-тебен беріп, қолындағы қаламын «тәбәрік» деп жабысып алып қалсаң, оған «қой» демеуі мүмкін, себебі нәпсісіне жағады емес пе? Сол үшін ораза тек Алла үшін ұсталады. Тек Алла үшін, ол жерде адамның қатысы жоқ.

Бір жағынан оразада рия жоқ. Себебі сенің ауыз бекіткеніңді үйіңдегілер, жұмыстағы әріптестер, туыстар біледі. Сол үшін ауызашарға да шақырады. Сені біреу балағаттап жатса: «Мен оразамын» деп айта аласың. Одан оразаның сауабы түк кемімейді. Әрине, ешкім сұрамаса да «мен ауыз бекіткенмін» деп әлемге жар салудың жөні басқа. Ал садақа-зекет беріп жатсаң, рия кіріп кетуі өте оңай. Жеке өзің 200 тг мұқтажға садақа беріп жатып, танысыңды көріп қалсаң, «ұятты» деп 1000 тг беруің мүмкін. Сол сияқты түнде оқыған намазыңды күндіз айтқың кеп тұруы мүмкін. Қажылыққа барғанда түскен суретіңді әлеуметтік желіге жариялағың кеп тұрады.

Міне, сол үшін оразаның сауабын Алланың Өзі ғана береді. Мұсылманның алғашқы қуанышы – ауыз ашарда болса, екінші қуанышы – құдаймен жолыққанда. Бірінші қуанышты бәріміз сезінеміз, енді екінші қуанышқа аман жеткізсін.

«ТЕРЕҢ ОЙ» кітабынан үзінді

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤42😍5👍3🐳1👀1💊1
РАМАЗАН АЙЫНА ҚАНДАЙ ЖОСПАР ҚҰРСАМ ЕКЕН?

Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға шүкір. Енді барынша пайда алудың қамын жасайық.

Әр күнді қалай өткіземін? Жалпылама былайша үлгі жасауға болады. Ары қарай әркім өзіне қарай ыңғайлап алар.

📌 Сәресі (04:30 - 05:00) – Тамақтану, су ішу, таң намазы
📌 Құлшылық (05:00 - 06:00) – Құран оқу, дұға жасау
📌 Жұмыс/оқу (09:00 - 17:00) – Күнделікті міндеттер
📌 Бір мызғып алу (13:00 - 15:00) – минимум 20 минут, максимум 90 минут
📌 Демалу, жаттығу (17:00 - 18:00) – Жеңіл жұмыстар
📌 Ауызашар (18:30 - 19:00) – Құрма, су, дұға, намаз
📌 Құлшылық (19:00 - 20:00) – Құран оқу, зікір
📌 Тарауих намазы (20:30 - 21:30)
📌 Отбасы уақыты (21:30 - 22:30) – Әңгіме, кітап оқу
📌 Ұйқы (23:00 - 04:30)

Бұл енді идеал кесте. Әрдайым дәл орындала бермейді. Арасында шаршап демалып алатынымыз бар. Қонаққа шақырса, кеш қайтамыз. Бірақ максимум орындауға тырыссақ, отыз күн дегенің көрген түстей тез өтіп кетеді.

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤44👍10🐳3😍2💊1
ЖҰРТТАР не жеп ПЫСЫҚ болады-ей осы?

✅ Біреу құр Құран оқымай, мағынасын қосып оқимын дейді.
✅ Біреу ауызашарда тыңқиып тоймай, жеңіл тамақтанамын дейді.
✅ Біреу сәресінен кейін ұйықтамаймын. Құраным мен кітабымды сол уақытта оқып аламын дейді.
✅ Біреу күн сайын сыйлық жасаймын дейді. Біреуді қуанту үшін түрлі идеялар іздейді.
✅ Біреу салауат пен зікірді көбейтемін. Әдеттегіден 10 есе көбірек жасаймын дейді.
✅ Біреу нәпіл намаздарды көп оқимын. Сосын сол намаздарда жаңадан жаттаған сүрелерді қайталаймын дейді.
✅ Біреу ілімімді арттыратын кітаптарды күн сайын оқимын дейді.
✅ Біреу күн сайын азды-көпті садақа беріп отырамын дейді.
✅ Біреу күн сайын түнгі намазға тұрамын дейді бір ай бойы.
✅ Біреу күн сайын дұға етемін дейді. Отбасына, туыс-туғандарға.

Сіз не істегелі жатырсыз?

Kitapal дүкенінен кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤48👍14🔥8❤‍🔥4🎉1😍1🐳1