Бұл өмірде қандай да бір сынаққа тап болуың сенің күш-қуатыңды тексеру үшін емес. Керісінше қаншалықты дәрежеде Алладан көмек сұрап, Оған сыйынатыныңды сынау үшін беріледі.
Ұлылар ұлағаты
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤74🔥13👍4😍2🐳1
Өзіңнен есеп алудың нәтижесі екі есікке апарады: не шүкір еткізеді, не тәубе еткізеді. Абай айтқандай, күніне бір, жұмасына бір, айына бір есеп алып тұрсаңыз, өміріңізге сапа кіреді. Күнделікті ағыспен жүре бермей, бір сәт тоқтап, нені қалай істеп жатқаныңызды байқайсыз.
Егер күнделікті өмірде стрессте жүрсеңіз, депрессияға түссеңіз, басыңыз ауырса, бірдеңені дұрыс істемей жүрсіз деген сөз. Демек оны өзіңнен есеп алу арқылы таба аласың.
Жаман істеріңді тапсаң, тәубеге келесің. Құдай берген жақсылықтарға шүкір етесің.
Толық оқу үшін Ихия Улумиддин кітабынан оқыңыз.
Кітапқа Тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33

❤39😍3🐳1
Ертең өлесің десе, бүгін нені өзгертесің | Кедей елде неге бала туу көп | Kitapal podcast #40
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов 40 жаста өкінбеуге жоспар, тарих, даналық, демография мен кедейлік, ұлы тұлға тәрбиелеу, қазақ әлемі, өзі таппаған адамдар, т.б. жайлы сұхбаттасады.
https://youtu.be/DbWgDri2Atc

😍17❤9👍4❤🔥1🐳1
Сәресіне дейін жылатқан кітап
(Оқырман хаты)
Kitapal podcast-ты 2 жыл бұрын 2023 жылдың Қаңтар-Ақпанынан бастап көріп келе жатырмын. Сол кезде ішкі күйзелісте жүрген кезім болатын, подкастты “случайно” көріп қалып, Аллаға шүкір, жұмыс уақытында тыңдап бастадым. Тым қатты ұнады, подкастағы әрбір ойларыңызға үлкен мән беріп, өзіме сабақ алып, қуанышым қойныма сыймай жүретін. Подкастта айтылған кітаптарды жазып алып, сатып алып оқып жүрдім. Мирас ағаның “Қазір күйзелісте жүрген адамдарға қандай кітап оқуға кеңес бересіз” деген сұраққа “Адамзаттың асыл тәжі” деп жауап бергеннен кейін кітапты алу керек тізімге қосып қойып, Рамазан айында сатып алып оқыдым. Қадір түні болатын, Ораза ұстаған болатынмын, сәресіне дейін осы кітапты оқып, тоқтамай жыладым, біздің дініміздің бізге оңай келмегенін түсіндім (оқымай тұрып, басқаша түсінетінмін). Сол уақыттан кейін секілді… өмірім қатты өзгерді.
2 жыл бұрын Шымкент қаласында менеджер болып жұмыс жасадым, 98 000 тг болды айлығым. Рамазан айы біткеннен кейін, Шымкенттен кету керек секілді көңіліме сезімдер келді. Аллама сеніп, тәуекел жасап, жұмыстан шығып, Алматыға келдім. 40 күннің ішінде жақсы компанияға жақсы жалақыға , data analyst дәрежесіне жұмысқа алды. 1 жыл жұмыс жасап, тәжірбие жинап, кейн басқа компанияға data scientist ретінде жұмысқа орналастым. Қазір сол жерде жұмыс жасап жүрмін программист болып, одновременно IELTS -ка дайындалу барысындамын. Америкадағы Калифорния штатындағы университеттердің біріне түсуге дайындалып жүрмін. Мықты білім алып, келесі ұрпаққа жақсы білім қалдырып кетуім керек деген ойлар жетелейді.
Сіздерге алғысым шексіз, әлі күнге дейін подкасттарыңызды қалдырмай көремін🎉🙌. Өмірім жақсы жаққа қарай өзгеруде, Аллаға шүкір, сіздердің бағыттаған жолдарыңыздың арқасында деп білемін. Рахмет!!!💗
Көркейе беріңіздер, өсе беріңіздер, жемісін көре беріңіздер✨
Сіздердің ұлғайып жатқандарыңызға шын жүректен қуаныштымын🎊
"Адамзаттың асыл тәжі" кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

❤🔥42❤23👍12🐳2😍1
Ризықтың иесі Алла деп білгендер ғана садақа бере алады
Оны Алланың атынан береді. Қалтаңда 100 мың тг болса, соның 5 мың теңгесін садақа беру туралы ой келсе, бірден беріп таста. Жақсы ойды тек періштелер салады. Байқасаң, артынша шайтаннан ой келеді: «Ой, неғыласың, өзің жетісіп жүрген жоқсың. Байыған соң бересің ғой. Бере берсең қайтіп ақша жинайсың?»
Сонда сен сол ақшаны берген Әр-Раззаққа тәуекел етесің бе, әлде сол 5 мың теңгеге, яғни өзіңе тәуекел етесің бе? Көп ретте мән бере бермейміз, бірақ артынша сол ақша жоспарда жоқ нәрсеге кетіп қалады. Айыппұл келеді, ауырып қаласың да дәрі аласың, бір жерді жөндеу керек боп қалады, т.б. Бәрібір шықты.
Садақа бергеннен адам кедейленбейді дейді хадистерде. Ол қайта айналып келеді және артығымен, еселеніп. Дәл сол ақша күйінде келмесе де, ризық, денсаулық, идея, жұмыс, мүмкіндік, шабыт боп келе береді. Оны тек сезіну керек, түйсіну керек.
Қарыздарың болса, кредитің болса, аз-аздан садақа беріп жүргенге не жетсін. Ал ешкімге берешегің болмаса, аямай Алла жолында бергенге не жетсін. Ондай адамды қызғануға болады.

❤34👍8💊2🐳1💔1
БАЛАҢА БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТПА
Бізде, байқайсыз ба, қоғамда ұлттық құндылықтарға қатысты ылғи бір шу болады. Ол шуды бір адам көтереді. Оған бүкіл халық қосылып, рухын бір сілкіп алады. Енді соны соңына дейін жеткіземіз, бүлінген құндылықтарды қалпына келтіреміз дегеннің ертесінде әлгі адам арызын қайтарып алады. Бітті, шу аяқсыз қалды. Қоғам түсінбей әлек. Не боп кетті? Жұрт ойлайды: «Еее, оған едәуір ақша ұсынып, аузын жауып тұр ғой, соңынан қорқытқан да шығар. Бірақ жігіт деген соңына дейін тұрмай ма?» деп. Неге жігіттер өз құқығын талап етпейтін тұрлаусыз, ұлттық құндылық үшін күресте соңына дейін бармайтын төзімсіз?
Себебі...
Себебі оған ата-анасы батырлықтың тұқымен екпеген. Бойында жоқ нәрсені пенде қалай шығарсын? Балшықтан адам жасай алмайсың ғой. Ал батырлықты жас баланың бойына қалай егу керек? Батырлар жырын оқыту арқылы.
Кез келген батырлар жырын алып оқыңызшы. Арқаңыз қозып, жауынгерлік рухыңыз аттандап, бір орында отыра алмай кетесіз. Сіздің ұлттық кодыңызда, геніңізде жауынгер бабалардың өмір салты әлі тұр. Оны оятатын әлгіндей жырлар. Қазір көптеген ата-ана бала-шағасына батырлар жырын оқытуды қажет деп таппайды. «Хәрри Поттерді» оқытуы мүмкін, «ойбай, әлемдік бестселлер ғой» деп. Бірақ ұлттық жырымызды емес.
Батырлар жырын оқыған балада намыс, рух, батылдық, өжеттік, асылды құрметтеу, қымбатыңды сақтау, жақыныңды қорғау деген түсінік қалыптасады. Ондай бала өскенде мылтық ұстап кетеді деген сөз емес. Қаламмен, технологиямен, жеке тұлғасымен, сөзімен, әрекетімен, медиамен, кітаппен, кәсіппен, идеологиямен де батырлық жасайды.
Енді шешім өзіңде қалды:
1) Балаң, інің ынжық болсын десең, БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТПА!!!
2) Балаң кез келген салада батыр, алғыр болсын десең, БАТЫРЛАР ЖЫРЫН ОҚЫТ!!!

❤11😍11🐳1💊1
ЕҢ МАҢЫЗДЫЛАР СОҢЫНДА КЕЛЕДІ
Ең маңыздылар ең соңынан жаратылады. Қарап тұрсаң, алдымен әлем жаратылды: жұлдыздар, қара құрдымдар, газ тұмандықтары, галактикалар. Сосын барып Жер планетасы жасалды. Онысы былқылдап сілкінбесін деп тауларды қазық қып қадады. Демалсын деп орманды, шөлін бассын деп бұлт пен мұхитты және жерасты суларын ретке келтірді. Жан-жануарды, аңдар мен құстарды, қыбырлаған жәндіктерді өргізді. Бәрі кім үшін?
Соның бәрі ең соңында келетін адам үшін. Мына сен үшін. Ең соңында Адам жаратылды. Сен өте маңыздысың. Өзіңді басқа адам тарапынан құрметсіз, қажетсіз сезінуің мүмкін. Бірақ ең кемел, көркем жаратылыссың.
Үй салғанда да ең маңызды нәрсені айта аласың ба? Іргетас, цемент, кірпіш, шатыр деуің мүмкін. Бірақ ең маңыздысы – ең соңынан келетін адам ғой. Сол үйде тұратын адам санына орай бөлмелердің орнын келістіресің. Бәрі адам үшін.
Мынадай ойлар да туады. Пайғамбарлардың ең соңынан Мұхаммед пайғамбар (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) келді. Үмбеттердің ең соңынан соның үмбеті, яғни біз келдік. Кітаптардың ең соңынан Құран түсті.
Істің басынан соңы қайырлы.
Тұлғалық даму кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

👍24❤13😍2🐳1💊1
ПАЙҒАМБАРЫМЫЗДЫ ТІСІ КӨРІНЕТІНДЕЙ ЖЫМИЮҒА СЕБЕП БОЛҒАН ОҚИҒА
Сахаба Әнас (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз Мұхаммедпен (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) бірге отырғанбыз. Әлден уақытта тісі көрінетіндей ғана сәл жымиды. Себебін сұрағанымызда былай деп түсіндірді:
О дүниеге барғанда үмбетімнен екі кісі Алла тағаланың құзырына әкелінеді. Біреуі екіншісін көрсетіп:
- Уа, Раббым, менің мына пәленшеде кезінде ақым кеткен, сол ақымды алып бер, – деп өтінеді. Алла Тағала:
- Ей, пәленше, ақысын өзіне қайтар, - дейді. Жеген ақысы үшін өз сауаптарынан бөліп берген екіншісі:
- Я, Алла! Менің сауаптарымнан ештеңе қалмады ғой? - дегенде, Алла тағала бірінші адамға:
- Қарашы, мынаның сауабынан дым қалмады, бұған не дейсің? – деп сұрайды. Сонда бірінші адам:
- Олай болса, менің күнәларымнан өзіне алсын, - дейді.
Дәл осы тұсқа келгенде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) көзі жасаурады. Сөйтті де: «Ол күн – аса ауыр күн болмақ. Адам өз күнәсінің алынғанын қалайды» - деп, сөзін ары қарай жалғастырды.
Сол кезде Алла тағала ақысы кеткен адамға:
- Басыңды көтер де, жұмаққа қара! - деп дауыстайды. Сонда бірінші кісі:
- Я, Алла! Алтынмен апталған, күміспен күптелген, жібекпен тоқылған небір сән-салтанаттарды көріп тұрмын. Бұған қай пайғамбарлар мен әулие-шейіттер иелік етеді? – деп сұрайды. Алла Тағала:
- Бұл - маған өтемін төлегендер үшін, - деп жауап береді.
- Бұлардың өтеуін қайтіп төлейді? - деп сұрайды әлгі адам. Алла Тағала:
- Қаласаң, сен де бұған ие бола аласың, – деп жауап береді.
- Қалай?! – деп таңырқағанда, Алла тағала:
- Егер сен ақың кеткен мына жолдасыңды кешірер болсаң, - деп жауап береді.
- Олай болса, мен оны кешірдім, – деп жауап береді әлгі кісі.
- Ендеше жолдасыңды ал да, екеуің де жаннатқа барыңдар! – деп бұйырады Алла тағала.
Сосын Алла елшісі (с.а.с.): «Алладан қорқыңдар! Алладан қорқыңдар да, ара қатынастарыңды түзеңдер! Себебі Алла тағаланың өзі қияметте мүминдердің арасын жарастырады», - деді.
Сира кітаптарына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

❤48😍4👍3🐳1🤝1💊1
Ішсем, жесем, ұйықтасам – тән құмары. Білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен – жан құмары.
(с) Абай
Біріншісі көбірек мал, аң, жануарға келеді. Екіншісі саналы адамға тән. Қай топта екенімізді шатастырып алмау керек. Ол үшін Абайдың өзі айтқандай есеп алып отырған жөн. Салық органынан келіп, кәсіпкердің есеп бөлімін бүге-шігесіне дейін тексереді ғой. Анау қайдан келді, мынау қайда кетті деп. Адам тәннің құмарын орындаған сайын жанның қалауы көлеңкеде қалып қояды.
«Абай жолына» тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
(с) Абай
Біріншісі көбірек мал, аң, жануарға келеді. Екіншісі саналы адамға тән. Қай топта екенімізді шатастырып алмау керек. Ол үшін Абайдың өзі айтқандай есеп алып отырған жөн. Салық органынан келіп, кәсіпкердің есеп бөлімін бүге-шігесіне дейін тексереді ғой. Анау қайдан келді, мынау қайда кетті деп. Адам тәннің құмарын орындаған сайын жанның қалауы көлеңкеде қалып қояды.
«Абай жолына» тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤32👍5💊2🐳1
ТАМЫРДАН АЛҒАН ТҮЙІН
Аулада өскен арам шөпті талай көрген боларсың. Ауылдық жерде бақшаны содан тазартамыз деп, қара күзге дейін адамдар дамылдамайды. Жұлып тастасаң да қайта өсе береді. Жаңбыр жауса артынан қаулап өседі. Таусылмай қайдан шыға беретін бәле өзі?
Сол арам шөпті жұлып отырып, қызық нәрсені байқадым. Түбінен тартып жұлсаң, ылғи бел ортасынан үзіледі. Яғни, тамырымен жұлынбайды. Сосын оның тамырын қазып отырасың ба, ары қарай кете бересің. Сол тамырдан қайтадан жаңа өскін өседі. Және ол көп ұзамайды.
Ал жаңбыр жауғанда жұлсаң, топырақ лайланып, жұмсарған соң, тамырымен шығады. Сондағы байқағаным – тамыры жуан әрі ұзын, топыраққа тереңдеп енген. Құрғақ топырақта суырылмай қалатынындай бар екен.
Ал кәдімгі көкөністердің тамыры жіңішке, қысқа, сәл тартсаң, жұлынып қалады. Оған күтім керек. Түбін қопсытып, уақытылы суын құйып, арам шөптен тазартып отырмасаң, өспейді де.
Бұдан не түйдім?
Тамыры тереңге кеткен ел қай кезде де өседі. Тамыр дегенің – тарих. Біздің тарих бастауын сонаааау сақтардан алады, шамамен қазірден 3000 жыл бұрын. Дәлел керек десең, ұлттық мұражайда анау Алтын Адамың тұр жарқырап. Бастысы тарихыңды біл. Сонда Сұлтанмахмұт құсап, Күнге ұмтылып, тез өсесің. Тарихсыз ел – тамырсыз өсімдік сияқты. Тез қурайды, өледі де қалады. Тамыры әлсіз ел азықсыз қалған өсімдіктей солғын тартып, солып қалады.
Тамырға шектен тыс су құйса, яғни халық нығметті аста-төк пайдаланып, ысырап қылса, онда түбірімен жұлынуы, шіруі оңай. Жайлы өмір әлсіз ұрпақты қалыптастырады дегендей.
Ендеше, еліміздің тарихын білейік, білмесек оқиық. Құр оқымай, жадымызда сақтап, соған лайық өмір сүрейік. Тарихымызбен мақтанайық. Кезінде Назарбаев атамыз әлі байлықпен ауырмай тұрғанда айтып еді «Біздің тарихта біз ұялатын нәрсе жоқ. Ешкімді жауламадық, жерін тартып алмадық» деп.
Тарихи кітаптардың бір сыпырасы:
Өзбекәлі және мәдени майдан
Қаныш және ғылыми майдан
Қазақтың ауызша тарихы. Ақселеу Сейдімбек
Қазақ тарихының әліппесі. М.Мағауин
Ұлы Дала Хандары
Ұлы Дала Батырлары
Дарабоз
Тарихи кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Мына постты бөліспесе болмайды. Дәл қазір бөлісіп жібер♾

Мына постты бөліспесе болмайды. Дәл қазір бөлісіп жібер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍23❤14😍1
БҮКІЛ ЕСІКТІ АШАТЫН КІЛТ
Сенің әрбір ісің Бисмилләмен басталуы керек. Демек әрбір ісің жақсы іс болуы керек. Себебі жаман іске бисмиллә айтылмайды. Сонда мұсылманның әр сәті позитивке толы деуге болады. Неге? Өйткені жақсы істің бәрі позитивті энергиядан тұрады. Бір әжеге ауыр сөмкесін 5-этажға көтеріп берсеңіз де шаршамайсыз. Жақсы істің күші шаршауды басып кете береді. Әшейінде жаяу 5-этажға көтерілудің өзінен қалжырап қалатын едіңіз.
Бүгініңді бақылап көрші, қанша рет бисмиллә деп айтады екенсің.
Бисмилләнің қуаты орасан. Оны бағаламай жүрген өзіміз. Ол бір кілт сияқты, бүкіл есікті ашады. Су қалай тасты жарып ағады? Нәзік өсімдік қалай тасты жарып өседі? Өсімдік үш ай жаз бойы күннің астында тұрса да неге күйіп кетпейді? Жарты сағат жалаңбас далада жүрсек, басымыздан күн өтіп, талып қаламыз. Өйткені әрбір жаратылыс өз тілінде бисмиллә дейді. Яғни, мағынасы – Алланың атымен бастаймын. Алланың атынан өкілдік еткенде бүкіл әлем бағынады.
Иманды күшейтетін кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

❤41👍5😍2
ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ БОЛУ
Бір кітапты оқыдың, ішінде не ғаламат кеңестер бар екен. Соны алдың да, өміріңде пайдаландың. Ісің алға басып, ақылың толысып, жұрттан оздың. Бұның – пайдаланғаның. Енді одан да зоры – пайдалы болу. Яғни, сол кітаптан алған кеңесті жұртпен бөлісу. «Пәлен кітапта түген автор осылай да осылай депті. Соны күнделікті әдетіме айналдырып едім, пайданың астында қалдым. Сендер де солай жасаңдар. Білім – бөліссе көбейетін нәрсе. Пайдаланыңдар» десең, енді қаншама мың жанға шуағыңды бөлістің. Күннің сәулесі айнадан айнаға түскен сайын қуаты бір азаймайды, бәрін жарқыратып әкетеді. Сен де бір күндей болдың.
Бір оқиға есіме түсіп кетті. Қысқаша мазмұнын айтайын. Пайғамбарымыздың (Алланың сәлемі мен игілігі болсын) отбасына бір қойдың еті келеді. Айша анамыз шетінен кесіп, садақа етіп тарата бастайды. Бірін көршіге, бірін білім алып жүрген студенттерге, бірін міскінге дегендей. Кешке таман пайғамбарымыз:
«Әлгі қойдан не қалды?» деп сұрайды. Сонда Айша анамыз:
«Бір сирағы ғана қалды» дейді. Сонда Алла елшісі:
«Бір сирағынан басқасы бізге қалды десеңші» деген екен.
Сондағы меңзегені – өзгеге пайдалы болам деп таратқаның ғана сенің есебіңе сауап боп жазылды. Ал өзің пайдаланғаның – сенен басқа ешкімге пайдасы жоқ нәрсе. Бір қойдың етін өзің пайдаланып жеп қоюға болады. Немесе нағыз қажетті жерге жұмсап, сенен гөрі мұқтаж адамдарға пайдалы болуға болады.
Садақа, зекет, қайырымдылық жасау жайлы кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

👍19❤6😍2🔥1🐳1
Арын Құнанбайұлы: жауыр кітаптар неге қымбат? | Kitapal podcast #41
Бүгінгі подкастта кітап авторлары: Данияр Жігітбек, Мирас Кесебаев, Шразаддин Каниязов филолог, оқытушы, кітапсүйер Арын Құнанбайұлы @aryn.qunanbai мырзамен сұхбаттасады. Сұхбат барысында жазғанды оқу, оқығанды жазу, сөз ұғу, Жасанды Интеллектімен күрес, терең ойға жетелейтін кітаптар, баяу оқу үшін не істеу керек, ауыр және тәуір кітаптар, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

😍12🔥5❤4🐳2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Арын Құнанбайұлы: жауыр кітаптар неге қымбат? | Kitapal podcast #41
🔥17👍6❤🔥2🐳2😍1
РИЗЫҚ ДЕГЕН ТЕК ТАМАҚ ЕМЕС
Ризық деген тек тамақ емес. Олай деу тарлық етеді. Ризықтың құрамына: жақсы ойлар, денсаулық, инсайттар, мүмкіндік, кеңес, азық, сусын, идея, жаңа таныстық, т.б. кіреді. Күн шыққан соң ұйықтасаң, ризығың азаяды десе, осылардан айрылғаныңды сезін.
Бейуақытта ұйықтаған адамның басы ісіп кеткендей мең-зең боп оянады. Яғни, денсаулығының бір бөлігін жоғалтты. Ризық кетті ме, кетті.
Күн шыққан кездегі уақыт өте берекелі. Сол кезде ұйықтап жатсаң, қаншама тамаша ой, идея, мүмкіндіктен айрылдың. Ризық азайды ма, азайды.
Ризық іздеп, көшеге шықсаң, адамдармен танысасың, араласасың. Біреудің шаруасын бітіруге сенің қабілетің дөп түсе қалды. Ризығың келді ме, келді.
«Алма піс, аузыма түс» деп үйде ризық күту сау адамның тірлігі емес.
Құрманғазы ұстаздың «Ризық» кітабына тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3

❤31👍7🔥1😍1
Бір жұтым суға шөлің қанбас. Бірақ ағзаң өзіне керегін алды.
Бір үзім нанға қарның тоймас. Бірақ ағзаң оны қажетіне жаратты.
Бір дана қызанақ пен қияр жегенге ағзаңдағы витаминдер толып кетпес. Бірақ бір жыртығын жамауға кетті.
Дәл сол секілді бір кітап оқығаннан ақылың толып, сөздік қорың артып, білімің жетіліп кетпес. Бірақ миың және жүрегің өзіне керегін алды. Ендеше кітап оқуды тоқтатпа. Бір күн отырып бір кітап бітіргенше, күн сайын бір беттен бастап оқып отыр. Оған дымың да кетпейді.
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Бір үзім нанға қарның тоймас. Бірақ ағзаң оны қажетіне жаратты.
Бір дана қызанақ пен қияр жегенге ағзаңдағы витаминдер толып кетпес. Бірақ бір жыртығын жамауға кетті.
Дәл сол секілді бір кітап оқығаннан ақылың толып, сөздік қорың артып, білімің жетіліп кетпес. Бірақ миың және жүрегің өзіне керегін алды. Ендеше кітап оқуды тоқтатпа. Бір күн отырып бір кітап бітіргенше, күн сайын бір беттен бастап оқып отыр. Оған дымың да кетпейді.
Кітаптарға тапсырыс беру үшін сілтемені басыңыз: https://clck.ru/3B7ie3
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤36👍12🕊2😍2🤝2🐳1
Арын Құнанбайұлы: жауыр кітаптар неге қымбат? | Kitapal podcast…
Kitapal
Арын Құнанбайұлы: жауыр кітаптар неге қымбат? | Kitapal podcast #41
❤19😍4🐳1
Ескендір Бестай: Ең қауіпті нәрсе – сүйікті ісіңмен айналысу | Kitapal podcast #42
https://www.youtube.com/watch?v=I7klLJH-IXc
Бүгінгі подкастта резиденттер педагог, ментор Ескендір Бестай мырзамен мамандықты ұнату, балаға қарым-қатынасты үйрету, мақсатты қате қою, баланың ұятын ояту, т.б. тақырыптарға әңгіме өрбітеді.

🔥13❤3😍2

😍14👍3❤2🐳2