KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.41K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
🤔Айқайлаған уәдеден үндемей біткен іс артық.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏆41❤35👍15💯11❤‍🔥3🔥3😁1🍓1
🫶Шұңқырға түсіп кетіп, шыға алмай жатсаң, уайымдама, бұл шұңқырдан шыққанда сен әлдірек боп шығасың. Өмір өзі солай.

(с) Роджер Федерер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤90🔥11👏3🏆2👍1🥰1
Мың сөзден бір іс артық. Мың сөздің ізін бір әрекеттің ізі басып кетеді. Кісіне сөзіне емес, ісіне қарап таниды. Сөйлеу оңай, істеу қиын. Сөйлеу үшін ойланудың да қажеті жоқ. Істеу үшін – ойлану, жоспарлау, істеу, өлшеу, ұйымдастыру, үйрену керек. Сөзі мен ісі сәйкесетін адамның сөз өтімді. «Қазаққа сөзің өтуі үшін билігің немесе малың болуы керек» деген сөздің астарында іскер адам деген ұғым жатыр.

Ендеше сөзді қойып, тірлікке кірісейік. Мықтылығыңды іспен көрсет.
👍51❤24🏆4🍓2😁1
Бірер жылдан кейін Сәбеңмен кездесіп, ойламаған жерден әңгімелесіп те көрдім. Ыңғай білдірген де мен емес, Сәбеңнің өзі. Ол кезде мен университетті бітіріп, жақында ғана ашылған "Балдырған” журналында қызмет істеп жүргем. Жазушылар одағына жиі барам. Бұл жолы да сол жерде жүргенмін. Екінші қабатта Сәбеңмен жолыға кеттім. Сәлем бердім.
— Сен осы қай баласың? - деді Сәбең маған жылы жүзбен.
- Қадыр Мырзалиев деген балаңызбын!
- Е, Қадыр Мырзалиев деген ақын сен бе едің? - деді ол. Мен сені сыртыңнан жақсы білемін. Қазақ балалар бақшасына баратын немерем сенің өлеңдерінді жатқа біледі. "Сөзін жазған Қадыр Мырзалиев" дейді тақылдап. Өлеңдеріңді ғана емес, сын мақалаларыңды да үзбей оқып тұрамын. Сен өзің, байқаймын, высокий штильмен жазады екенсің. Мысалы, Ілияс Омаровтың кітабы туралы жазған "Еркін серпінің" сондай! - деді ол. Үлкендердің аузынан мұндай жылы сөз естіп көрмеген сорлы басым сасып қалсам керек.
- Сен неге үндемейсің? Менің "стиль" демей "штиль" дегеніме таң қалып тұрсың ба? Таң қалма! Ломоносов заманында көбіне-көп "штиль" деп жазған.
❤17👍3💘2🔥1
Қандай дарын, талант болса да, кітаппен тез өседі. Кітапсыз бір орында айналып, тасбақадай баяу жылжиды. Кітап оның дарынына тікелей әсер етпеуі мүмкін, бастысы сананың ізгілікке толуына себеп болады. Ілгеріде өткен данышпандардың өмірлік тәжірибесін сіңіреді. Мидың жойқын жылдамдықпен дамуына көмектеседі.
❤44👍11🔥3🥰1
Бізге көп жұмыс істеуіміз керек. Не үшін? Өйткені біздің даму деңгейіміз, санамыздың сергектігі, мінезіміздің көркемдігі тым төмен. Оны қайдан білдік? Инстаграм мен тиктоктағы видео/посттардың астындағы пікірлерді оқып көріңіз. Олардың дені - көреалмаушылық, қызғаныш, өзгеге жаны ашымау, мейірімсіздік, дөрекілік, ғапылдық, “менде болмаса, өзгеде де болмасын” деушілік, “ешкім менен әулие емес” деушілік. Яғни, біреудің үйі өртеніп жатса, соның отына шашлық пісіру іспеттес.

Көп жұмыс істеуіміз керек дегенде нені меңзейміз?
1. Көп оқу, оқығанды көңілге ықыласпен тоқу;
2. Өзіңнен есеп алу. Кіріс пен шығысты бір тиынына дейін қалдырмай есептегендей, өзіңнің қасиеттеріңді екі бағанға бөлу. Жақсыны көбейту, жаманынан жирену.
3. Жақсылық жасау. “Не толқытса, соның мұңын тартасың” демекші, жақсылық істеген сайын соның нұрына шомыласың. Жақсылық істейтін адамда депрессия, күйзеліс, торығу деген атымен болмайды.
4. Мінезді көркемдеу. Ол әдептен басталады. Әдептен әдебиет, мәдениет туады. Адамның көңіліне қарау, бүкіл әлемге, әрбір жаратылысқа әдеппен қарым-қатынас жасау.
5. Бір істің маманы, жұмысбасты болу. Жұмыссыздық - адамның бақытының жауы. Қолы қимылдағанның аузы қимылдайды. Елге бір мамандықтың иесі боп, соны ең әдемі деңгейде жасап, паңда тигізу.
👍32❤21🔥5🥰1😍1
ҰСАҚ ДЕТАЛЬДАН ҮЛКЕН ШЫНДЫҚТЫ КӨРУ

Бұл кітапты не үшін оқу керек? Жауабы:

Артур Конан Дойлдың кітабын ашқанда сіз тек оқиғаның бел ортасында ғана жүрмін деп ойламаңыз, осы тұстан өзіңіздің ішкі дүниеңізге де саяхат жасайсыз. Қылмыскер кім деп аласұрасыз. Шерлок Холмс хикаяларын оқыған жанда зеректік пен табандылық пайда болады.

Холмс ұсақ-түйекке мән беріп, кішкентай ізден үлкен шындықты табады. Бұл – бізге күнделікті өмірде де қажет қасиет. Өмірдің әр сәті бізге белгі береді, тек байқап үйренсек жеткілікті.

Шерлокты оқу – тек қылмыс шешу емес. Ол – ойды шыңдау, әділетті қорғау, сабыр мен төзімге дағдылану. Әр әңгіме – адамды ойлануға, терең сезінуге, адалдықты бағалауға шақырады.

Холмстың жанында өзіңіз де бірге болып, өміріңізде шешілмейтін жұмбақ жоқ екенін аңғарасыз.
Кітаптан түйін: ақылды шыңдасаң – белгілерді көре аласың.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤18👍3🔥2
Дүниенің қайсыбір нәрсесіне көңілі қуанған кісі данышпандықтан ажырайды. Асау тілектерін жеңе алған пенде шайтанды көлеңкесінен аулақтатқан болады. Жасаған істері нәпсісіне үстемдік қылған адам жеңіске жетеді.

(с) Уәһб ибн Мунаббиһ

"Жәбірейіл маған ризығын тауыспай тұрып ешкім өлмейтінін білдірді. Демек, Алладан қорқыңдар және адалдан табуға әрекет етіңдер"

(с) Хадис

"Жүрек сырлары" кітабынан
Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤24👍2🔥1🥰1
АЛЛАНЫ ОЙЫНШЫҚ ҚЫЛУ

• Егер адам күнә жасап тұрып: «Қойшы, Алла кешіреді ғой, істей берейін» деп әдейі күнәні жоспарлап істесе, тәубені жай «сақтандыру полисі» сияқты пайдаланса – бұл Алланы ойыншық етуге ұқсайды.

• Бірақ егер адам күнәға түсіп қойып, кейін шын өкінсе, әрі шын ниетпен «қайталамаймын» десе, бірақ әлсіздігіне байланысты тағы сүрінсе – бұл ойыншық ету емес, бұл – нәпсімен күрестегі әлсіздік.

• Тәубе еткен күнәсін қайта істеп, қайта тәубе ету, яғни көп қайталау тәубенің жарамсыздығын білдірмейді, қайта адамның әлсіздігін көрсетеді.
• Әр тәубе – Алланың мейірімінің белгісі.

• Бірақ адам тек тәубеге сеніп алып, амал етпесе – ол шынында Алланы ойыншық қылады.

• Сонда да, күнәні қайта-қайта жасай беру жүректі қатайтып, тәубенің әсерін жоғалтуы мүмкін. Тәубе бұрынғыдай шынайы емес, көзден жас шықпай, жүрек ғапыл күйде, ар-ождан отқа түсіп жанбаған күйде жалғасуы мүмкін.

• Шынайы тәубеден кейін кірден тазаруды сезінесің. Жеңілдейсің. Жүгіңді жерге қойғандай, беймаза күй жоғалғандай, жүрегің тыныштық табады.

Толығырақ «Тәубе» кітабынан оқи аласыз. Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤28👍5🔥1😢1
Көз - күнәнің қақпасы. Көзің тыйым салынғанға түсіп кетсе, көңілің лайланады. Көзің түспейінше, нәпсің тып-тыныш жатады. Қашан жанарың харамға түсті, ішіңде алапат дауыл тұрып, тыншымайды. Имам Ғазали айтпақшы, күнәға қарап қойғаннан кейінгі өкініштен гөрі қарамай қойғанның өкініші әлдеқайда аз. Қазақта “Тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді” деген сөз бар. Қысқаша айтқанда, көзіңді “қысып” жүрсең, тыныш жүресің.

Оқуға ұсынатын кітаптар:
“Көзді күнәдан қалай қорғаймыз?”

Тапсырыс беру:
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤24👍4🔥1
Талайлар көз майын тауысып оқыған кітап

💛 «Ал енді не айтасың?» дегендей, жазық маңдай, қыр мұрын, аққұба, аққу мойын, аршын төс, қара торы қиғаш қас, ақ сары қыздар əлі маған жаудырап қарап отыр.
Енді не айтарымды өзім де білмедім.

Алма ағаштың бұтақтарын қайыстырып, «өзіме кім қол созар екен?» деп жерге телміре қарасып, сабағында самсап тұрған хош иісті, піскен алма секілді осынау тəтті қыздардың қасынан ілгері қарай үндемей, одыраңдап, бос орын іздеп өте беруді орынсыз көрдім бе, білмеймін:

— Рұқсат па кіруге? — деппін тағы да сасқалақтап.

Есік жақ қатарда екінші партада отырған шашы көмірдей қара, жазық маңдай, қызыл шырайлы қыз күлкі қысып, теріс айналып кетті де, танадай көзін жалт еткізіп, қайтадан маған қарады.

— Рұқсатты кірмей тұрып сұрамаушы ма еді? — деді ол жалпақтау біткен күрек тісі жарқ-жұрқ ете көзге шалынып.

Содан соң ол анқаусып, арт жағында отырған қыздарға бұрыла қарап қойды.
Əлдекім мырс ете түсті.
Мен қызарып кеттім.

Тапсырыс беру: https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20🤔1😍1
"Барлық амал ниетке байланысты" деген. Әрбір ісіңді Алланың разылығы үшін жасасаң, онда береке болады.

Тамақ ішкенде қарын тойдыру үшін емес; жұмыс істегенде еңбекақы табу үшін емес; бала өсіргенде кейін мені асырар деп емес - «Алла разылығы үшін» деп ниет етсең, күнделікті тіршілік ғибадатқа айналады.

Толығырақ "Бақыт формуласы" кітабынан оқи аласыз.
❤61👍10🔥3🥰1😁1
«Бір күні əкем географиядан беретін Жаңыл апайдың сабағының үстінде кіріп келді. Есік қақпай кіргеніне қысылып, өліп барамын. Әкем басындағы бөркімен, қолындағы қамшысымен апайдың дәл қасына келіп тұрды да:
– Шырағым, басыңдағы орамалың қайда? – деді. Жаңыл апай қып-қызыл болып кетті.
– Сыртқа шыққанда тартамыз ғой, – деді күмілжіп.
– Аяқ-қолың неге жалаңаш? – деді әкем онымен қоймай. Апай қысылып не дерін білмейді.
– Өзің қай баласың?– деді әкем бір кезде апайға алыстан мал қарағандай, қолын көлегейлеп қарап.
– Сапабектің жолдасымын ғой.
– Не дейді, ойбай! Сапабек дейсің бе?
–Иә.
– Мына өзіміздің жаман жырық Жақанның ба?
–Иә.
– Көксау? – деді әкем тағы бір аурудың шетін шығарып. Жаңыл құлағына шейін қызарып, жерге қарады. Әкем Жаңылды қойып, алдыңғы партада отырған балаға шұқшиды.
– Сен кімнің баласысың?
– Қойшығұлдың.
– Не дейді? Әкең оннан әрі сипыр білмейді. Саған қайдағы данышпандық келіп қалған?... Балалар ду күлді. Әкем тағы бір-екібаланың шығу тегін жамандап болғаннан кейін, менің қасыма келді.
– Ой, танауыңнан айналайын, – деді үйде отырғандай еміреніп. Класс тағы да ду күлді. – Қойсайшы, әке, – деймін сыбырлап.
– Биттеп кеткен жоқсың ба? – дейді әкем басымнан сипап. Кластың іші гу-гу.
– Әке, қойшы енді, - деймін жаным шыға сыбырлап. Қою қайда?
– Ұйықтар алдында шешеңнің мамасын ұстап жатушы ең, жалғыз өзің елегізіп ұйықтай алмай жүрген шығарсың. Осы оқуы құрғыр-ақ өлтіретін шығар баламды, – дейді. Жерге кіруге шақ қалдым. Тіпті Жаңыл апай да күліп жіберді. Әкемнің жырына да кірмейді.
– Ішің ауырмай ма? Ішіңнің желі бар еді ғой, – дейді маған. Айналып-толғанумен кластан шықты. Сол күні кешке дейін балалар мені мазақ қылумен болды».

Төлен Әбдіктің "Әке" еңбегінен алынған үзінді.

Жазушының "Оң қол", "Қонақтар" кітабына тапсырыс беру үшін уатсапқа жазыңыз: 8-777-572-22-33
😁21❤12👍3💊2🔥1
Ашуланып, артынша "Сабыр...сабыр" деу - сабыр емес. Нәпсіңді ашуландыратын ситуация туғанда, түріңді өзгертпеу - міне, осы - сабыр. Мысалы, біреу "сен ақымақсың" деп айтты. Біреу айтты екен деп, ақымақ боп кетпейтінің анық. Сол үшін ашулануға жол бермейсің. Сабырың есікті күзетіп тұрады.

Ал ақиқат үшін ашулану дұрыс. Мысалы, біреудің мүлкін залымдықпен тартып алып жатса, қылмыскерге ашуланып, жәбірленушіге ақысын қайтарып беру.

Толығырақ "Ихия улумиддин" кітабынан оқи аласыз.
❤41👍4🔥1🥰1
Әйелдің сұлулығы да суық қару.

Бексұлтан Нұржекеұлы, “Ерлі-зайыптылар” кітабынан үзінді

Жазушының "Бейтаныс әйелдің құпиясы" кітабына тапсырыс беру үшін https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤10👍2
Адамның терең ойланар үш-ақ кезеңі бар. Сіз оған түсінбепсіз. Олар:
а) жалғыздық, қайдан келдім, қайда барамын!?
б) қайдан шықтым, кімге өсиет айтамын?
в) насихат айту үшін ақылым жете ме, жетпей ме, айтқаныма түсінер ұрпақ бар ма, қай жерімнен қателестім...


Бауыржан Момышұлы

Кітаптары:
Арпалыс
Волоколамск тас жолы
Офицердің күнделігі
Қанмен жазылған кітап
Москва үшін шайқас
Ақиқат пен аңыз
Ұшқан ұя

Халық қаһарманының кітаптарына тапсырыс беру үшін https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤24👍2
Бақыт – оны қуғанға емес, сезінгенге қонатын қонақ

Әркім өзін бақытсыз сезінгенде ғана бұған дейін бақытты болғанын түсінеді. Ауырған адам дені сау кезінде, кедей бай кезінде, баласынан айрылған ата-ана оның тірі кезінде, жұмысынан қуылған қызметкер жайлы жұмысы бар кезінде, көзі көрмей қалған пенде көзі жақсы көретін кезінде, бос уақыты жоқ адам уақыты бар кезінде бақытты болғанын кеш ұғады.

Толығырақ «Мұңайма» кітабынан оқи аласыз.
❤36🔥3👍2
ТЕСІК ШЕЛЕК

Бәріміз күмәнсіз қабылдайтын ақиқат – тесік шелекке қанша су құйғанмен, толмайды. Біздің мақсат – қайткен күнде шелекті суға толтыру. Бірақ оның түбінде тесік бар-жоғын анықтамағандықтан, құйған судың қайда жоқ боп кетіп жатқанын білмейміз. «Мүмкін суды аз құйып жатқан шығармыз?» деп, қайта-қайта үстіне құя береміз. Ол бәрібір толмайды. Күннің аяғында «Неге су тез бітіп қала береді?» деп таңғаламыз.

Бұл мысалды не үшін айтып отырмыз?

Бәріміз күн сайын ұйқыдан оянғанда тұла бойымыз күшке толып тұрады. Тау қопарардай құлшыныспен іске кірісеміз. Бірақ түстен кейін қуатымыз бітіп қалады. Қалайша? Ол түнге дейін жетуге тиіс еді ғой. Демек, біздің денеміз бір шелек іспетті. Оның тесіктерінен энергиямыз толассыз ағып кетіп жатыр. Негізгі күшіміз қайда кететінін білеміз. Бәрін құртатыны – майда тесіктер. Яғни, күн тәртібімізде бір ұсақ істер бар, оларға мән бермейміз. Бірақ солар бәрі жиыла келе, күшімізді едәуір жеп қояды.

Енді ойланып көріңіз: қай іс немесе әдет сіздің күшіңізді сорып жатыр? Мысалы, ол мынадай болуы мүмкін: телефонға келетін push-уведомления, WhatsApp, Telegram, Instagram, TikTok-ты жиі ашу. Әр тексеру – миға кішігірім стресс, фокус үзілсе, қайта оралуға орта есеппен 23 минут кетеді. Бітпеген істер («Жууды ұмытпадым ба?», «Біреуге звондауым керек еді...»), өзін-өзі кінәлау және кек алуды ойлау, мағынасыз әңгімелер мен шағымдар, шашылған үй, реттелмеген жұмыс орны, т.б.

Оқуға кеңес береміз:
- Тайм-менеджмент. Шынар Әділова
- Миссия выполнима. Марғұлан Сейсембай


Кітапқа тапсырыс беру үшін https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤18👍5🔥1🤔1🆒1
НЕГЕ БӘРІ БАЙ БОЛМАЙДЫ?

Сен қазір А нүктесіндесің. Жағдайың бір қалыпты. Бірақ бұдан да жақсы болса екен дейсің. Көбірек ақша, көбірек комфорт қалайсың. Ал ол Б нүктесінде бар. Бірақ Б нүктесінде қандай өмір шарттары бар екенін білмейсің. Белгісіздік. Ми осы белгісіздіктен қорқады. «Нәләсің онда барып? Қазір де жағдайың жаман емес. Ол жаққа барсаң, қазіргі тыныш күйіңнен айрылып қалуың мүмкін» деп, орныңнан қозғамауға тырысады.

Б нүктесіне баруың үшін жаңа жауапкершілік алуың керек. Жаңа жауапкершілік – көп жұмыс істеу дегенге тең емес. Мысалы, бір жобаны іске асыру, жаңа тіл үйрену, көбірек оқу, т.б. Аз-аздан. Үздіксіз. Себебі үлкен өзгерістен ми қорқады.

Жаңа жауапкершілік алмайынша, бай болуды ойлама. Бола да алмайсың. Қазіргі күйіңмен жүре берсең, қазіргі күйіңнен артық ақша таппайсың. Жаңа жауапкершілік көтеріп алсаң, міне, сенің ойың өзгереді, әрекетің өзгереді. Байлық та біртіндеп келе бастайды. Амалдар ниетке байланысты.

Оқуға кеңес береміз:
- Ризық
- Табыс
- Неге бәрі бай болмайды?
- Қаржы қағидалары

Кітапқа тапсырыс беру үшін https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
👏12❤7👍5
Жетістіктерімізді қайта саралап отыруымыз керек. Әйтпесе ескі әдеттер мен ескірген даналық бізден жаңа мүмкіндіктерді жасырып қояды.

(с) М.Чиксентмихайи

Мысал: «диплом – жақсы жұмыстың кепілі» деген ұстаным ескірді. Қазір практика, онлайн-курс, софт скилз, портфолио рөл ойнайды.

Немесе бұрын табыс деген мансап, награда, титул арқылы өлшенетін. Қазір адамға әсер ету, еркіндік, креатив арқылы бағалаймыз.

Тағы бір мысал, Ньютон заңдары физикада Эйнштейн мен кванттық теория келгенге дейін 200 жылдан астам уақыт бойы үстемдік етіп келді.

Демек, қазір ойланып көріңіз. Қай ұстанымдарыңыз, әдеттеріңіз ескірді? Қандай ойларыңыз дамуға кедергі жасап жатыр?

Ойды жаңартудың, жаңа ой табудың ең жақсы кілті – кітап оқу.

Оқуға кеңес береміз:
- Терең ой
- Миссия выполнима
- Ихия-улумиддин
- Хадистер жинағы. Имам Науауи

Кітапқа тапсырыс беру үшін
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
❤9👏4😁3🤔1