KITAPAL - Мотивация, рухани және пайдалы кітаптар туралы канал
6.4K subscribers
1.12K photos
53 videos
21 files
478 links
Миссия - Қазақстанды кітап оқитын елге айналдыру!

Kitapal дүкені ресми парақшасы
📚Кітапқа тапсырыс беру үшін:
🔸сайт www.kitapal.kz
🔹уатсап 8-777-572-22-33
Download Telegram
Бүгін және ертең! Жеңілдікпен кітап алып қалыңыз. Ары қарай акция жасайтын мерекелер жоқ екен желтоқсанға дейін)

Студентерге пайдалы кітаптар алып, сыйласаңыз қандай жақсы. Оны жеңілдікпен алып қалуға жақсы мүмкіндік боп тұр. Кітаптар тізімін мына сілтемеден көре аласыз.

Тізімде жоқ кітаптарға 10 пайыз жеңілдік бар.

Толық ақпарат: wa.me/77775722233
🔥12❤4🤔1🎉1
Меңтайдың анасы айтқан өсиет

💜Ешкіммен барқылдап ұрыспа, бағыңды жоясың.

💜Кемшіліксіз кісі болмайды, оны көруден оңай жоқ. Кісі кемшілігін тез көруге емес, тез түзетуге көмектес.

💜Ешқашан ешкімді жамандама. Ең жаман деген адамның да өз жақсылығы болады.

💜Баласы арақ ішсе, шешесі у ішеді. Маскүнем жаман бала жақсы ананы ажалынан бұрын көрге кіргізеді.

💜Көшеде көлденең тұра қалып, бірінің ернін бірі жұлып жердей боп жалмап, жұрт көзінше сүйісіп жатқан қыз бен жігітте ар да, ұят та болмайды. Ондай әдеттен без, ондай құрбыдан аулақ бол.

💜Шошаңдаған қыз шешенің атына кір келтіреді.

💜Әйелдің жалаңаш денесі еркектің құмарлығын қоздырады. Сондықтан әйелдің еркек құмарлығын қоздыратын ашық–шашық жерді көбейтпей жауып, жария етілмейтінін қымтап ұстауы абзал. Сонда еркек елеңдемейді, әйел алаңдамайды.

💜Үміт күткен ұлы оңбаған боп кетсе – әке сорлы; қызы күйеуге өтпесе – шеше сорлы; сұлу деп алғаны сүйкімсіз боп шықса – жігіт сорлы; қыран деп тигені жапалақ боп шықса – жар сорлы.

💜Қызға қатты күлудің қажеті жоқ. Жігіттерге оның жымиғаны да жетіп жатыр.

«Махаббат, қызық мол жылдар» кітабынан.

Кітапқа тапсырыс беру үшін
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38❤‍🔥3👍1🥰1🤔1
...Көздері қып-қызыл. Зәйкүл ымдап шақырды. Қалтасынан алып бір қағазды ұсынды. Хат екенін білдім. Жүрегім елжіреп жылап жібердім. Әбдірахман да сезіп тұр екен, оңашарақ шығып оқыдық. Әбдірахманның көзінің жасы сорғалап хатқа тамумен болды.

Сондағы Шұғаның өлерде жазған хаты:

«... Әуре боп неге біткен ажар-көрік,
Ішіңе от түсірдің қалқам көріп.
Гүлдену жас өмірде мақсұт боп ед,
Серттесіп, қол алысып, уәде беріп.

Жолыңа құрбан қып ем жан мен тәнді,
Дариға, айтылған серт болмай қалды.
Көре алмай ақтық минут дидарынды,
Арманда жан тапсырған мен бір зарлы!..

Хаты деп ақтық жазған ғашық жардың,
Есіңе ал, дұғаңа мен ынтызармын.
Қош, сау бол, ойнап-күліп жолығармыз,
Астында ақ туының пайғамбардың!..»

Шұғаның сүйегін бұрынғы ескі қорымдарына қоймақ болып, Есімбек көшін түйеге теңдеп жөнелді. Келер жыл «Өгіз сойғанның» басына келіп қонған соң ел жиып асын берді. Сонда тұрғызған белгі еді... деп сөзін бітірді.
Әңгіменің қызығына түскен соң қаракер аты қамшыдан құтылып жолы болып келе жатыр еді. Бір-екі тебініп шаужайлап қатарласты.

Алдымыздағы белеске шыққанда үлкен көлдің аңғары көрініп, құбыла жағында бір обашық мұнарланды.

- Әне, - деді жолдасым, - әне, Шұғаның белгісі көрінді...өй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!.. -деп қойды.
❤16😭2👍1😍1
- Татарстанға бардым, бес мыңға жуық адам жиналды. Минскіде он мыңнан аса адам келді. Кәдімгі әртіс сияқтымын. Жақында онлайн интенсив өткіздім, он бір мың адам көрді. Ұнамайтыны, арасында қазақтар аз. Олар өзгергісі келмейді. Ал орыс тілді аудитория білімге қатты құштар, әрдайым бақылап, барлап отырады.

- Ал қазақа аудиториясын ұйқысынан ояту үшін не керек?

- Уақыт. Барлығы әп-сәтте бола салмайды. Алдымен тіл мәселесіне көңіл бөлу керек, көкжиекті кеңейту үшін көбірек тіл білген дұрыс. Жан-жақты білімді болуға ұмтылу қажет. Бірақ негізгі мәселе – аудиторияның өз ұмтылысында. Егер адамдар іштей өзгеруге тырыспаса, талпынбаса, ешбір мотивациялық сөз, дәріс, үгіт-насихат оны өзгерте алмайды. Дегенмен, қуантарлық нәрсе бар, қазақы орта қазір ақырындап алға жылжып келе жатыр, даму байқалады.

Марғұлан Сейсембай
❤26🤝9💯4👍2🤔1
Қиял-ғажайып ертегінің пайдасы

Ертегіні оқып бергеннен гөрі айтып берген пайдалы. Айтқанда да рөлге еніп, әртістік қабілетіңді көрсетіп айтқан дұрыс.

Ертегі оны айтушының жағдайына қарай өзгере береді. Ертегі айтушы өзінің аудиториясына қарап, ертегінің сюжетін өзгертуі мүмкін. Мысалы, 7 жастағы балаларға айта отырып, олардың сұрақтарына жауап беріп, ертегіні соған сай бұруы мүмкін. Тіпті кейде ертегі айтушы өз проблемаларына қарай өзі маңызды деп санайтын ертегіні айтады. Сол арқылы өзін тыныштандырады, ал оны тыңдаушы, егер мән берсе, айтушының қандай күйде екенін бағамдай алады.

Мысалы, әйелінен ажырасайын деп жүрген еркек балаға ертегі айтқанда залым мыстан кемпірге құлдыққа түсіп қалған батыр туралы ертегілерді бейсаналы күйде таңдайды екен. Яғни, өз күйінен хабар береді.

Кейде танымал ертегінің оқиға желісін өзгертетіндер бар. Мысалы, мыстан кемпірдің тұзағына батыр емес, ханшайымды түсіріп, оны батыр арқылы құтқарады. Сол арқылы тыңдап отырған балдырған ұл балада батылдық, жауапкершілік сезімін оятады.

Балаңызға ертегі айтып бересіз бе?
❤13👏9😁2🤔1
Қызырмен кездескен сахаба әйел

Зәйдә (р.а.) баяндайды: Бір күні Алла Елшісіне жолығуға барсам, қасында әзірет Айша отыр екен. Сосын оған былай дедім:

- Әссәләму әләйкум уа рахматуллаһ, уа, Расулалла! Отбасым үшін қамыр илеп, отын жинауға шығып едім. Жолда алдымнан бірден жүзі ай секілді дөңгелек, иіссу себініп киінген, маңдайы мен аяқтары аппақ бір атқа мінген біреуді жолықтырдым. Ол маған:

- «Әссәләмуәләйкум, Зәйдә» - деді, мен де: «Уағалейкумәссәләм» - дедім. Ол маған:

- «Менің айтқандарымды менің атымнан Алла елшісіне жеткізесің бе?» - деп сұрады. «Иә, иншалла» - дедім. Сосын ол былай деді:

- «Алла елшісімен кездескеніңде, оған Қызырға жолыққаныңды айтып, менің сәлемімді жеткіз. Оған Қызыр былай деді де: «Сенің пайғамбар болып жіберілгеніңе қуанғанымдай ешбір пайғамбар келгенде бұлай қатты қуанған емеспін. Өйткені Алла саған рақым етілген үмбет пен қабыл болатын дұға берді. Сосын саған жәннатта бір өзен жаратты».
❤39👍1🔥1😁1😢1
📢 Ертең қаламайтын нәрседен бүгін арыл. Ертең қол жеткізгің келген нәрсені бүгін алуға кіріс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍11🔥2🤔2
📚Өмірді өзгелерге өмір сыйлау үшін сүру керек.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰21❤15🤔2🔥1👏1😁1
Ашу - боран секілді. Біраз уақыттан кейін басылады. Бірақ оған дейін көп бұтақты сындырып үлгереді.

(с) Мәулана.

Жақында Мәулананың "Көңілдің сұлтаны" деген кітабы жарыққа шығады, бұйырса.

Ақыл ашудың алдында жүрсе, адам сабыр етеді. Керісінше болса, алдымен сындырады, сосын барып "сабыр...сабыр" дейді. Бұл енді сабыр емес.
❤32👍6🤔3😢2👏1
Бүгін сенің мүмкіндігіңді іске асыратын күн! Ол үшін қарапайым әдіс - 2 минут ережесін қолданайық. Екі минут ережесі – бүгін кез келген істі созбай, екі минуттан бастап көр!

Ағылшын үйренгің кеп жүр ме еді, ендеше 2 минут текст оқы. 2 минут кітап оқы. 2 минут жаттығу жаса. 2 минутта 20 затты есте сақтап үйрен. 2 минут бойы жақсы тілек айт ішіңнен. 2 минут ата-анаңа хабарласып сөйлес.

2 минуттан асып жатса, ештеңе етпейді. Өзің қанағаттанған кезде тоқтарсың. Бастысы - бір істі бастадың.
❤35🔥7🤔1
Құранда есектің ақырғаны неге ең жағымсыз делінген?

Мәуләнә хазірет бір күні медресесінде дәріс беріп отырған кезде шәкірттеріне былай деп сауал тастайды: «Алла Тағала Құран Кәрімінде: «Дауыстардың ішіндегі ең жиіркенішті дауыс – есектің даусы» деген. Осынша жануардың арасынан неге дәл есек таңдалды деп ойлайсыңдар? Мұның хикметі неде?»

Шәкірттері бұл сұрақтың мәнін түсіндіріп беруін өтінеді. Сонда Мәуләнә былай деп жауап береді:

«Әрбір жануардың өзіне тән зікірі, тәсбихі, ішкі жан дүниесінен шыққан үн-дыбысы бар. Мәселен, түйенің боздауы, арыстанның ақырып күңіренуі, жыртқыш аңдардың ыңырсуы, шыбын-шіркейдің ызыңы, араның уілі бұлар барлығы өз дәрежесінде зікір болып саналады. Адамдардың да зікірі мен тәсбихы бар, тіпті көктегі періштелердің де өздеріне тән тәсбихы бар. Ал есек ше? Бейшара есек тек екі жағдайда ғана ақырады: бірі жыныстық жақындықты қалағанда, екіншісі қарны ашқанда.

Демек есек өз құмары мен қарнының құлы. Жүрегінде Аллаға қатысты бір мұрат, бір сағыныш, бір рухани ділгірлік жоқ, тек асқазаны мен құмарын ғана ойлайтын адамның үні Алла құзырында есектің үні тәрізді, тіпті одан да төмен болуы мүмкін».

Нәпсіні тәрбиелеп, жақсы амалға бойсұндыру үшін Имам Ғазалидің "Ихия улумиддин" кітабын оқуға кеңес береміз.

Тапсырыс: 8-777-572-22-33
❤35❤‍🔥7👍2🤔2
Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім өскен алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті.

«Абай жолы» 4 том комплект – 8400 тг
Кітапқа тапсырыс беру үшін
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot арқылы телеграмнан шықпай тапсырыс беру
сайт
www.kitapal.kz
уатсап 8-777-572-22-33
😍13❤4🕊3🤔1💊1
✍️ ЖАСТАР – ЕСКІШІЛ, ҚАРТТАР – ЖАҢАШЫЛ

Байқасақ, көптеген жастар: «Ата сөзі – ескінің көзі», «Заман басқа, заң басқа» деп, атасының үгіт-насихатын тыңдамайды. Жастар өзін жаңашылмыз, ал қарттарды ескішіл деп қарайды. Әсілі, олай емес. Жастар – ескішіл, қарттар – жаңашыл. Себебі қариялар тіршіліктің дәм-тұзын татып, ащы мен тұщыны айырып, өткен өмірінен сабақ алып, қарттыққа жақындаған сайын жаңаша ой түйеді. Ал жастар қариялардың жүріп өткен ескі сүрлеуіне қайта түседі.

«Қабуснама» кітабынан үзінді. Кітапқа тапсырыс беру https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot

💛 Жазбаны бөлісіп жіберіңіз, пайдалы болсын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤33👍4🔥2🥰1🤔1
Бір күнде өміріңді өзгерту үшін бір шешім жеткілікті.” – Джим Рон

👉 Өмірді өзгертетін сәт – бүгін қабылданған шешім. Жақсы әдеттер бірінің артынан бірін тартады. Мысалы, бүгін түнде мақсатсыз телефон қараудан өзіңді тыйып, ерте ұйықтадың. Соған сай ертеңіне ерте оянып, асықпай таңғы ас ішесің. Кішігірім физикалық жаттығу жасайсың. Тәнің оянады. Дұға оқып, күніңді рухани қуатпен бастайсың. Кітап оқып үлгересің. Мүмкін 3-4 нәрсеге шүкір ететініңді күнделікке жазарсың. Жұмысқа уақытында барып, күніңді өнімді өткізуге кірісесің. Соның бәрі – бүгін түнде телефонды басқа бөлмеге қойып ұйықтаудан басталады. Дәл бүгін өміріңді өзгертуге қажет бір шешім – осы. Қарапайым, бірақ қуатты шешім.

Әдет туралы, тайм-менеджмент жайында кітаптар оқығың келсе:
- Әдет күші. Мирас Кесебаев
- Әдет. Әбілқайыр Мадиұлы
- Сен. Азамат Скаков
- Атом әдеттер. Джеймс Клир
- Тайм-менеджмент. Шынар Әділова

Кітапқа тапсырыс беру
https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot

Жазбаны бөлісіп жіберіңіз, пайдалы болсын.
❤22👍7🔥4
Сәттілік – дайындық пен мүмкіндік кездескенде пайда болады.

Мүмкіндік туды делік, ал сен дайынсың ба? Фотошопты шашатын дизайнер іздеп жатады. Ағылшынша, қытайша, немісше мықты сөйлейтін аудармашы іздеп жатады. Ұйымдастыру қабілеті ерекше операциялық директор іздеп жатады. Эксель кестені жақсы білетін әрі анализ жасай алатын аналитик іздеп жатады. Сантехник, электрик, механик, сварщик, СММ, дәрігер, мұғалім іздеп жатады. Кино сияқты түсіре алатын бесаспап видеограф іздеп жатады. Жұрттың алдында сауатты, шешен сөйлейтін жүргізуші іздеп жатады. Мұның бәрі мүмкіндік. Ал сенде осы қабіеттер бар ма? Дайындалуға, үйренуге не кедергі?
❤31👍6🎉2😍2🔥1
ҚИЯЛЫҢДАҒЫ ӨМІРДІ СҮРСЕҢ, БӘРІ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ ДЕП ОЙЛАЙСЫҢ БА?

«Әттең! Кезінде спортты тастамай, соңына дейін қуалағанымда ғой. Қазір әлем чемпионы боп отырар едім».

«Ақымақ басым-ай! 7-сыныпта анам ағылшын курсына бергенде бармай, қашып едім. Сол кезде тастамай оқығанымда қазір судай ағып тұрар едім. Аудармашы боп, әлемді аралап, видео түсіріп жүрер едім»

«Өзіме де обал жоқ! Әкем «хирургтың оқуын оқы, Ануар көкең главрач, кез келген жерге жұмысқа кіргізіп береді» дегенде, «ойбай, дәрігер болғым келмейді. Экономист болам» деп қоймап едім. Қазіргі жүрісім мынау, жұмыс жоқ, қарыз бастан асады. 9 жылымды бекерге кетірмей, хирург болғанымда ғой, әкең...»


Бәрімізде осындай өкініштер бар екеніне күмәнім жоқ. Бірақ шынымен ең ғажап өмірді уысымыздан шығарып алдық па? Сол өкініштер орындалғанда, дәл қиялымыздағыдай әдемі орындалар ма еді? Енді екінші шанс жоқ па? Неге сол екінші мүмкіндік жоқтай өкіне береміз?

Сізге «Түн ортасындағы кітапхана» кітабын оқуға кеңес береміз. Өкініштен бармағын тістеп жүрген Нора есімді қыз ғажайып кітапханаға тап болып, арманда қалып кеткен сол өмірдің бәрін сүріп көреді. Сонымен қай өмірі нағыз ертегіге айналады екен? Әлде қиялдаған өміріміз өтірік пе?

Кітапқа тапсырыс беру https://clck.ru/3MdbNy
@kitapal_bot

Жазбаны бөлісіп жіберіңіз, пайдалы болсын.
❤25👍7🔥2🥰1
Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы...

«Халқымыз «қасықтап жинағанды, шөміштеп төкпе» дейді. Кейде парасатты ағаның үйіне бара қалсаң, суық жанарлы жеңгемізді көріп, көңілдің пәс түсіп қалатыны бар. Сондайда орыс жазушысы Л.Толстой тағдырын еске аласың...

Жазушының отбасылық өмірі шын мәнінде қайғылы еді. Күйеуі елге танылған сайын ол мен-мен, өзімшіл, көкірек бола бастады. Сән-салтанатқа құмар әйел жоқ жерден ұрыс шығаратын. Бар есіл-дерті байлық пен ақша еді... Ыза болған жазушы баспалардан шығарған кітабы үшін қаламақы бермеуді сұранды.

Қазымыр, әдепсіз әйелдің іс-әрекеттері жүрегі нәзік жанның жанын жаралайтын...

...Ақыры шыдамады. 82-ге келген жасында яғни 1910–шы жылдың қазан айының ақ қарлы түнінде 46 жыл отасқан өз әйелінен қашты. Ақ қар көк мұзда суықты бетке алып, қараңғылыққа қарсы кете барды, кете барды...

Тек он бір күн өткен соң ғана шағын темір жол станциясы маңынан әбден аяз сорып тастаған әлсіреген денесі табылды. Кірпіктері ғана әлсіз қимылдағаны болмаса, тірі жан деуге келмейтіндей еді. Қиналып, бар күшін жинап, әзер тілге келгенде айтқаны:

– Әйелімді қасыма жақындатпаңдаршы...

Лев Толстойдың өмірден өтіп бара жатқандағы ең соңғы сөзі осы болды.

«Таудың басын көр де, түбіне барма, жақсының өзін көр де, үйіне барма» дегеннің астары аз емес-ау.

Әкім Ысқақ, "Жүректегі жазулар" кітабынан.
👏29❤26👍3🤔2🆒2🔥1
Әрқайсысы 3000-4000 тг тұратын мына кітаптарды 200 теңгеден беріп жатырмыз. Алып қалыңдар, әй! Кітапал Алматы дүкендерінде тұр.

Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
❤27👍11😍3🔥1🤝1
Мақсат + уақыты белгіленбеген = қиял;

Мақсат + нақты уақыты қойылған = міндет, мәселе;

Мақсат + уақыт + жоспар = ниет;

Мақсат + уақыт + жоспар + әрекет = жетістік, табыс.

Қай этапта жүрсің? Кітап оқып, табысқа апаратын даму жолын таңда. Тапсырыс беру: wa.me/77775722233
✍20👍12❤10🔥3🥰1